рефлексия – ғылыми зерттеу – практика – рефлексия.
5.Тақырып: Педагогиканың философиялық негіздемесі
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
2. Педагогиканың философиялық негіздемесі
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дəріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік – өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мəні оның субъектті сипатта болуына тəуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды. Сырттай дүние əр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына жəне т.б.себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар əр адамның өзін-өзі кемелдендіру əрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тəрбие, білім беру.
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім құндылығы мен қажеттілігі əр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тəрбие материалын игеруде оқушыға толық еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мəнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.
Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған əдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дəлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.
Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сəйкестендіре қолдануға мəжбүр болып отыр. Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан жəне рухани. Заттасқан болмыс- ең төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мəні жоқ дүние – оны зерттейтін ғылым. Эмпирикалық деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мəнін ашуда қауқарсыз, себебі ол мəн Алланың қолында. Сондықтанда анайы шындық, неотомистердің пікірінше, Жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында ғана пенде санасына қонады.
Адам – екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан жəне рухани дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мəңгі өмір берген Алла тартуы.
Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тəуелділігін (рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір мəнінің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша оқу жəне тəрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет.
XIX-XX ғ.ғ. тоғысында химия, биология жəне т.б. жаратылыстану ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа – позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пəндері мен оларда қолданылатын əдістерді əсіре дəріптеп, сандық зерттелген дəйектерді ғана дұрыс та дəлелді деп таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, əлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мəнді ғылымдар – бұл математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа сиыспайтын ертегі.
Неопозитивизм мəндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып, қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дəуір философиясында елеулі орын иеледі. Педагогика əлсіздігін, неопозитивистер, оның шынайы деректермен іс-əрекеттерге орынды мəн бермей, пайдасыз идеялар мен абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға емес, əдістерге елеулі мəн беріп, оқу мен тəрбиеде негізгі нəрсе «білім емес, ал оны ұғу мен игеру əдістері» - деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі- ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері – Дж. Конант. Оның «Бүгінгі Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.
Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- «тəжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, əсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, əлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тəрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы «тəжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-əрекеттік тəжірибесінде болатынын уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жəне т.б.) инабаттылық тəрбиесі мəселелерін де осы жекеленген тəжірибе тұрғысынан қарастыруды дəріптейді. Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл – тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.
Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет.
3. Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы
Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тəжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дəстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.
4. Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
6.Тақырып: Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы және
әдіснамалық қағидатары
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен
тығыз байланыста беріледі. Сондықтан да, бұл ретте педагогика әдіснамасының
педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты
бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы
білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының
бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалауды негіздеуге
бағытталған әрекетінің жүйесі екендігі басшылыққа алынады.
Соңғы уақытта педагогикадан жазылған ғылыми еңбектердің сапасын
бағалауға арналған басылымдарда олардың әдіснамалық сараптамасына
сипаттамалар берілген. Ғалымдардың анықтауы бойынша, әдіснамалық
сараптамалар казіргі ғылыми тұжырымдамаларда қалыптасқан ғылымның даму
жағдайынан туындайтын, зерттеу жұмысының нысанасын, ғылыми ізденістің
негізгі бағыттарын, зерттеудің тірек ұстанымдарын белгілеуге мүмкіндік
туғызады. Сондықтан, әдіснамалық сараптама зерттеу мәселесінің өзектілігін,
оның тақырыбын, нысанасы мен пәні негіздеуде, яғни мамандығына сәйкес өз
зерттеуінің зерттеудің мәселелік кеңістігіндегі «орнын табу» кезеңінде қажет.
Бұл жағдайда әдіснамалық негіз зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеудегі
жауапкершілікті көтереді, яғни философиялық әдіснама, педагогикалық
әдіснаманың, сонымен қатар барлық зерттеу үрдісіндегі зерттеудің міндеттері
шешу ұстанымдарының, әдіснамалық тәсілдерінің өте айқын емес көрінісі болып
қалады. Келтірілген ойлардан кейін педагогикалық зерттеудің әдіснамалық
негізін құрастырудың қисынды тізбегі туындайды: мәселенің өзектілігі –
тақырып – нысана – пән – мақсат – болжам –міндеттер – жетекші идея –
әдіснамалық негіз.
Әдіснамалық негіз өзіне зерттеу құбылысын талдауға объективті ыңғай
тауып, одан шығатын білім берудің теориясы мен практикасына ұсыныстар мен
қортындылар жасап, алынған нәтиженің ғылыми құндылығы мен дәлелділігі
шынайы ғылыммен қамтамасыз ететін автордың зерттеу тұжырымдамасы мен
көзқарас сипаттамасын енгізеді.
Әдіснамалық негізді жеткілікті анықтау үшін әдістамалық дәлелдеу
жүргізіледі. Ю.К. Бабанскийдің пайымдауы бойынша, дидактикалық
зерттеудің әдістамалық дәлелденуі автордың тұжырымдамасының қоғамдық-
саяси негізінен, қабылданған педагогикалық мәселелерге сыни көзқарастан,
зерттеу тұжырымдамасының философиялық негізін ашудан (мәселені тарихи-
қисынды талдауы, зерттеу пәнінің диалектикалық жүйелі-құрылымдық
талдау, оның сипаттамасына тұтастай жақындау жолдары, осы
аталған
педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын жетекші қарама-
қайшылықтарды айқындау, зерттеліп жатқан педагогикалық құбылыстар мен
үрдістерге қатысты заңды байланыстарды айқындаудың
әдістамалық
сипаттамасынан), аталған педагогикалық тұжырымдаманың
(әлеуметтік,
психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық және т. б. ) негізінде жатқан
аралас ғылымдар деректерінен тұруы керек, Осыдан барып, педагогикалык
зерттеудің әдістнамалық дәлелілен қисынды тізбек шығады: педагогикалық
(тарихи-педагогикалық) факторға, құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге
нақты әдіснамалық тәсілдерді анықтау сияқты қорытынды шығады: әдіснамалық
үрдістерді нақтылау; зерттеу мәселесіне сыни көзқарас; зерттеу мәселесінің
(генезисі және даму эволюциясы) тарихи қисынды талдауы; зерттеу пәнінің
жүйелі-құрылымдық талдануы (зерттеу пәнінің ғылым
мен білім беру
жүйесіндегі
орнын,
маңызын,
құрылымын,
мазмұнын
анықтау, яғни жүйелі тұғыр бұл бірлікті ғылымның өзі тұратын бөлшектері
мен элементтерді талдау арқылы, осы аталған байланыс жүйесінде олардың
атқарған кызметі мен элементтері (құрылымы) арасындағы байланысы
арқылы ашылады; зерттеу пәнінің сипаттамасына тұтастық тұғыр. Тұтастық
ұғымы жүйелі және жинақы ұғымдарымен тығыз байланысты. Тұтастық –
нысананың ортадан және оның ішкі бірлігінен бүтін шығуын көрсететін
философиялық тәртіптегі ұғым. Тұтастық нысананы өз бөлшектерінің өзара
байланысы аркылы құрылған жаңа қасиеттерді қамтамасыз етіп, зерттеу
үдерісінің дамуын көрсететін зерттеу құбылысының ішкі қайшылықтарын
ашуды, олардың жетістіктері мен заңдылықтарына сүйене отырып, зерттеу
жүйесін педагогикамен аралас ғылымдар көзқарасы бойынша қарастыруда,
жүйені басқаруда көптеген жан-жақты амалдармен қамтамасыз етеді.
Педагогикалық зерттеу үдерісінде айқындалған заңды байланыстар (яғни,
зерттеу құбылысындағы байланыстардың арнайы талдауы: әмбебап, заңды, себеп-
салдар, қызметтік) мүмкін нәтиженің жоғары жетістіктері негізінде
заңдылықтарды ескере отырып, жаңа жүйені дайындап шығару мүмкіндік
туғызады. Көп кездерде педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі
теориялық негіз бен дерек көздерімен тығыз өзара байланысымен
сипатталады.
Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері – педагогикалық факт,
педагогикалық теория, педагогикалық заңдылық.
Теория – педагогикалық
құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдістеменің
көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным үдерісінің
нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып
табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы
тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді.
Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен
жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Педагогикалық зерттеудің теориялық негізі туралы білім көптеген оқу
құралдарының «Идея, жетекші ой және болжам зерттеудің теориялық ядросы»
деген тармақшаларында беріліп жүр. Зерттеуші болашақтағы нәтижеге қол
жеткізу үшін қандай жолмен жүру керек, ненің көмегімен жоспарланған нәтиже
алынатынын тек болжам жасау арқылы пайымдай алады.Алдын ала жобалау
мақсатында магистрант әуелі өзінің санасында болжамды қалыптастырып алады.
Логикалық тұрғыдан қолданыстағы теория түсіндіріп бере алмайтын ғылыми
фактілерді талдаудан жетекші идеяға, одан кейін болжамға айналатын объектіні
қайта жаңартып құруға қажет жаңа ой жүйесіне қарай ұмтылысты қозғалыс
басталып, іске асырылады. Осыған орай ғылыми факт туралы мәселеге оралу
керек болады. Бірақ, факт құбылыс емес. Факт дегеніміз – көптеген
құбылыстардың және байланыстардың көрінісі. Демек, педагогикалық факт орта
жағдайлары мен тұлға дамуы факторлары арасындағы белгіленген көп рет
қайталанған және тіркелген байланыстарды атауға болады.
Фактілердің
жиналуына қарай іске асырылуының жетекші идеясы бар жаңа теорияға
қажеттілік туындайды. Идеяның тууы және оның іске асуы болжам түріндегі
теориялық ядроны құрайды. Бастапқы фактілерді талдап және бағалап алғаннан
кейін нақты зерттеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі қағидалары
бөлініп көрсетіледі. Бұндай теориялық тұжырымдаманың негізіне барынша
тексерілген, бірақ бұл зерттеуде тексерілмейтін қағидаттар алынады. Мысалы,
«денсаулық мектебін» құру немесе реабилитациялық-балалық орталығын құру
идеясы туралы сөз болғанда, ең жоғары адами құндылық ретіндегі денсаулық
жайлы бастапқы қағидалар алынады.
Енді осы бастапқы қағиданы бірнеше рет «елегіштен» өткізіп, қағиданың
келешекте керек, яғни өзімізге ұнайтын қалпын ойша елестетіп көру қажет. Осы
әрекеттің шарттары, тетіктері, құралдары іздестіріледі. Мұнда, қайта жаңғыртып
құру идеясы өмірге келеді. Сонымен, бастапқы ұстанымды жаңарту тізбегі
былайша көрініс табады: бастапқы факт (объектінің өзекті хал-жайы) – негізі
теориялық қағидалар (тұжырымдамалық платформа) – идея – құралдар – ой –
болжам (идеяны, ойдша жүзеге асыру) – жаңа қажет факт (объектінің қажет,
ұнамды жай-күйі). Әрине, бұл сатылар баламалы, басқаша да құрылуы мүмкін.
Зерттеуші үнемі теориялық және эмпирикалық талдауға қайта-қайта оралып
отырады.
Осының
ішінде
ең
бастысы
–
болжам.
Егер
зерттелетінбайланыстардың, олардың ішкі байланыстарын қамтыса, онда болжам
теориялық сипатқа ие болады. Айталық, дидактикада және педагогикалық
психологияда соңғы жылдары ұстанымдық деңгейде жаңа болжамдар жасалды:
оқытудағы теориялық жалпылаудың жетекші рөлі (Д.Б. Эльконин,
В.В. Давыдов), мектепте адами мәдениеттің барлық элементтерін меңгеру
қажеттігі (И.Я. Лернер) туралы болжамдар.
Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа болжамдар жасау күрделірек.
Бұл жерде бұрынғы болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы турасында
айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі ұжым (Л.И. Новикова,
В.А. Караковский және т.б.), жеке тұлға тәрбиесінің құралы ұжымдық
шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), мектеп пен ортаның бірлігін
талап ететін кең көлемді әлеуметтік (Л.И. Новикова, В.Г. Бочарова және т.б.).
Сонымен, зерттеудің теориялық платформасыны құрамына ұғымдық-
терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы),
тұжырымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.
7.Тақырып: Педагогикалық зерттеулер ұйымдастыру
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы. Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады. Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды. Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды. Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема. Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары. Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді. Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында. Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді. Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді. Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау. Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады. Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Сараптамалық. Зерттеу нысаны туралы жалпы түсінік. Бұл оқыту мен тәрбие амалдарының тиімділігі немесе тиімсіздігінің деректері туралы, оқушының белгілі бір оқу материалын игерудегі қиындықтары туралы, оқытушылар жұмыстарының жетістігі немесе сәтсіздігі туралы білім болуы мүмкін. Ғылымның әр саласынан жиналған білім негізінде таңдалған зерттеу нысаны туралы теориялық түсінік жасалады. Реформаны, жаңалап, жаңғыртуды қажет ететінін анықтау үшін педагогикалық жүйені жан-жақты тексеріп сапасын бағалау. Зерттеу мәселесі бойынша теориялық зерттеулердің жан-жақты сараптамасын жасау.
Жобалық. Нысанның ғылыми негізделген түсінігі болуы үшін онымен қандай жұмыс атқару керектігін іздестіру. Жобалау үлгісінде педагогикалық іс-әрекеттің жаңартылған салалары қандай болу керек, бұл іс-әрекетті жақсарту үшін не істеу қажет деген білімдер қарастырылады. Көнерген, тиімсіз үлгілердің орынын басатын жаңалықтарды пайдалануға болатын педагогикалық шешімдердің үлгісі іздестіріледі.Педагогикалық жүйенің жаңартылған саласының инновациялық үлгісін жаңалау, жаңалықты іске қосудың тәртібін құрастыру, болашақ тиімді үлгіні нобайлау.Реформаны қажет ететін педагогикалық жүйенің жай күйінің өлшемдік аппаратын және өлшеуіштерді жасау жүзеге асады.
Эксперименттік. Жобалау үлгісін оқу үрдісі жағдайында экспериментті өткізу, алынған нәтижелерді математикалық өңдеуден өткізе отырып, тәжірибиешілер үшін іс-әрекеттің нақты ережелері, мәліметтер мен нұсқауларды, мұғалімдер, әдіскерлер, ғылыми қызметкерлер үшін ұсыныстар дайындау осы кезеңге сәйкес келеді. Бұл кезеңде сондай ақ жаңалық нәтижесінде оқытушы еңбегінің сапасының өсуі дәледенеді. Кәсіби лексикаға жаңа ұғымдарды енгізу және барларын нақтылау, зерттеу нәтижелерін іс-жүзінде қолдану сияқты әрекеттер жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |