Орындаушы: Кенжеғали Әлібайұлы


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері



бет9/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,34 Kb.
#116050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2) теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашылады, бұрын зерттеліп
ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық
құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.
Ғылыми зерттеудің компоненттері және зерттеу логикасы.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.
Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі 0ырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол
қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.
Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі,
элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және
заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау,
қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және
практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеу болжамы егер…, онда…, өйткені… деген ұғымдармен байланысып құрылады. Ғылыми зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, оң дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Педагогикалық ізденістер нәтижесі білім беруді
дамыту жоспарын жасақтауға пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметін атқаруға міндетті.
Мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті төмендегідей логикалық байланыста құрылады: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет