Орындаушы: Кенжеғали Әлібайұлы



бет6/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,34 Kb.
#116050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Педагогикалық теориялар: тұлға теориясы адамды қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі деп қарастырады. Тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму
заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты.
Іс-әрекет теориясы.
Құндылықтар теориясы.
Басқару теориясы.
Әлеуметтендіру теориясы.
Педагогикалық зерттеудің түрлері.
Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды.
Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды
дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді.
Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады.
Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді:
1) зерттеу міндеттері — ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің
алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады.
2) зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін
көрсетеді.
3) зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның мекен-жайы – ғылыми және
тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды.
4) құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет