Орындаушы: Кенжеғали Әлібайұлы


Педагогикалық зерттеу әдістеріне мыналар жатады



бет3/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,34 Kb.
#116050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Педагогикалық зерттеу әдістеріне мыналар жатады.
♦ Педагогикалық тұрғыдан бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.
♦Зерттеу мақсатындағы әңгіме — Мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі.
Мектеа құжаттарын зерттеу -мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары және ғылыми мақалалар және т.б.
♦ Оқушылардың жұмысын зерттеу _ жазба, бақылау және графикалық жұмыстар, суреттер пәндер бойынша дәптерлер, баяндамалар, рефераттар.

2.Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.



  1. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл — теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізгі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тісілдерін іздестіру.

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты — ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснамның философиялық және нақты — ғылыми деңгейлері теңестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндікткрі мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлаудың шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістерінің мен олардың өзара байланысынң сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектігі және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.
Ғылыми зерттеулердегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейтесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінң бірі-ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайиын бірнеше компоненттерден тұрады: а) факторологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомолардан, болжамалардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теоияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелген объектіні құрастыруды кез- келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптешілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін құрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру қажет. Сонымен, зерттеу әдіс дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тісілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттерінің бір түрі.
Педагогканың өзіне тән ғылыми-педагогикалық әдістерінің бірі бақылау әдісі. Ол зерттеуде жиі қолданады бақылау деп педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылау мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурция, табороториядағы, шеберханадағы, оқу- тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көтерілуі мүмкін. Оны жоспарлау зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Бақылау нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығы мен мәдениеттілігіне байланысты.
Педагогикалық бақылау-белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.
Жаппай бақылау әдісі- сабақ үстінде оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылардың зейін белсенділігін, балалар іс- әрекеті т. б. арқылы жүргізіледі.
Ішінара бақылау әдісі-кейбір оқушының кітаппен жұмысы, картамен жұмысы, мінез-құлқын бақылау.
Әңгіме әдісі- бақылауында алынған мәліметтерді толықтырады. Ол үшін арнайы жоспар жасалып онда негізгі және жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаліммен сынып жетекшілерімен, мектеп басшыларымен, ата-аналармен және адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді.
Әңгіме протоколға жазылады, магнитафон арқылы жазып алуға болады. Әңгіме әдісі эксперимент, бақылау т.б.әдістермен ұштастырла жүргізіледі

  1. Мектеп құжатарын зерттеуде кейбір күнделікті нәрселерді құжатарға сүйеніп зертеуге болады. Архив мәліметері, сынып жұрналдары, оқушы күнделіктері, сыныптық оқу-тәрбие жоспары үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп; үйірме баяндамалары, педкеңестің протолколдары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізінде әдістемелік және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына, жазылған байандамалармен ғылыми мақалалар жатады.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары мен және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбеке көз қарасын, практикалық даярлығың, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық проблемалардың қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперменттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, түрлері мен мазмұнын тексереді. Сондықтан эксперимент мәліметтерін алмастыру үшін екі объекті алады. Олардың бірі-экспериментті, екіншісі-бақылау объектісі деп аталады. Эксперимени объектісінде-зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша, ал бақылау сыныбында — әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Эксперимент нәтижелі болу үшін екі топ тең болуы керек. Мұғалімдер де бір-біріне шамалас болғаны жөн. Активті экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе оны енжар деп атаймыз.
Табиғи эксперимент. Эксперименттің бақылаудан ерекшелігі-оның зерттеуді арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүргізуді көздейтіндігінде. Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әр түрлі жағдайдағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи эксперимент — бұл сыныпта бүкіл ұжымда оқу — тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайда жүргізіледі.
Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру экспериментті қолданады.Мылалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент дейді.
Кейде жасанды жағдайда бақылау мен тексерудің нітижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Педагогикалық құбылысты ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымының бір топ бала бөлініп алынады да олармен арнайы эксперимент жүргізіледі. Оны лабороториялық эксперимент деп атайды. Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды.
Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды
дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді.

3.Тақырып: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.




  1. Бұл бөлімде негізгі бөлімде қаралады-жеке ғылыми жұмыстардың жеке жүргізілуіне, негізінде бір адаммен кішкене топ пен зерттеу. Олар ішінде нормадағы қатарларда көрсетілмеген және сондықтан міндетті түрде емес, бірақ бұл ереже, ондаған жылдардың созылуына байланысты мыңдаған ғалымдардың тәжірибесінде және олардың әр бір зертеулерінің сақталуы көптеген адасуларына және қателер жіберулеріне байланысты қысқаша жолымен жақсы қорытындыға келеді.

Ғылыми жұмысты талдаған да, белгілі бір жағдайда ғылыми жұмысты талқылағанда, жұмыстарды толығымен, жақсы жағдайда жаңалау. Бұндай жағдайда да бізге белгілі ғылыми жұмыстың жоғары дәрежеде, жаңалық енгізілуі эвристикалық бағалануда ішке істерінің келісіміне керек.

  1. Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын ойластыру-бұл еш ережесін жүйелеу қабілеті және олардың шешу міндеттері.Ойлау жұмыстары-ең бірінші міндеті.

Ойлаудың ең бастысы-зерттеуші немесе анықтау керек, қандай қабілетпен алға ұмтылу, қабілетін қалау қорытындылау керек, қандай дәежеде жету керек,ғылыми білімді қандай жағдайда жұргізу керек. Өз өзіне ”мен не алуым керек” деп талап қою керек. Сондықтан жұмысын ең соңғы қорытындысын, көрсете білу керек, жинақтау құқығын өзгерту тиіс, қысқаша жолмен мәселелерді шешуін анықтау керек.
Анық түсінікпен ойлау қабілетін анықтау жолдарымен оны іске асару, жойылып кетпеуіне жол бермей, терең зерттеулерді жобалау.
Ойластыру зерттеулерін қандай жолдары бар?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет