Список литератур:
1. Образовательная программа курсов повышения квалификации руководителей общеобразовательных
организаций в рамках обновления содержания среднего образования Республики Казахстан. Первое издание, 2015
год.
2. Инструктивно- методическое письмо "Об особенностях организации образовательного процесса в
общеобразовательных школах Республики Казахстан в 2016-2017 учебном году"
3. "Педагогический диалог" №2 /16/ 2016год. Информационно- методический журнал.
4. Руководство для учителя по программе третьего /базового/ уровня в рамках уровневых программ
повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан.
5. 9 сыныпта физика сабағынан лабораториялық практикумда PASPORT Xplorer CLX
есептегіш құралды пайдалану (әдістемелік құрал). Орал, 2015жыл.
6. Творческая разработка«Реализация технологии развития критического мышления
посредством чтения и письма на уроках физики»Климова И.Н.,учитель МОУ Истринской СОШ № 3
Жас мұғалімдермен жұмыс жүйесін ұйымдастыру тәжірибемнен
Тілеубергенова А. Т.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа
келдік. Сол білімді қажетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуі мен бағаланады. Инемен
құдық қазғандай қиын да күрделі, орасан қажыр – қайрат пен ерік – жігерді талап ететін
білімсіз өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі. Ақыл – ой – азаматтығымыздың
алдараспаны. Жаңа ғасырда жаңа өмірге аяқ басқан жас мамандар, әсіресе жас ұстаздар
заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Осы бағытта мектебімізде
жастардың өмірге өз үлесін қосып, орнын табуы ерекше ықпал ететін дүниетанымдық
көзқарасының қалыптасуына, олардың да мәдени – әлеуметтік іс – әрекетін, кәсіби
мамандығын жетілдіруіне барлық жағдай жасалған. Мектепте «Жас мұғалімдер» клубы
құрылған. «Жас мұғалімдер» клубының мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың
психологиялық ерекшеліктерін меңгерту. Жаңа сабақты меңгерту барысында тиімді
әдістерді пайдалануды үйрету болса, міндеттері: мектептің жалпы ішкі жұмыс жүйесіне
дағдыландыру, әр жұмыс уақытын мақсатты тиімді пайдалауға баулу кәсіби жағынан
толысып және әдістемелік жағынан шеберліктерінің жетілуіне бағытталған шараларды
мазмұнды да тиімді өткізу. «Жас мұғалімдер» клубына жас мамандар мүше болып,оларға
тәлімгерлер тағайындалып, жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасайды. Жас мамандарға
әрдайым әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогикалық щеберлігін шыңдау мақсатында
жоспарға сәйкес педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, шебер сынып,
коучинг, конференциялар өткізіліп отырылады. «Жас мұғалімдер» клубы мектептің
кітапханасымен, психология кабинетімен байланыс жасайды.
Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы мынадай
үш кезеңнен тұрады:
I. Бейімделу
83
II. Өзіндік анализ
III. Нәтиже
Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл –
күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтаймын. Қандай да болмасын жұмыс түрін
алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқаймын.
Сонымен қатар жас маманның баламен қарым - қатынасын және ұстазбен қызметтестік
болуға деген қабілетіне орай аша білдім. Міне, енді осылар арқылы тестер, диагностика,
сауалнамалар әзірлеймін.
Әрі қарай жас маманға жұмысымды былай ұсынамын: бақылау, екі жақты қатынас,
сұрақ - жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.І,ІІ жарты жылдық бойынша жас мұғалімдердің
өзін-өзі бағалау парағын толтыртамын: [5]
Бағалау парағы
№ Уақыты
Балл -І жарты жылдық
Балл -ІІ жарты жылдық
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
1
Мен оқушымен жеке жұмыстар
ұйымдастыруды білемін
2
Мен сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыра білемін
3
Оқушылармен тәрбиелік шараларды
ұйымдастыра білемін
4
Мен әріптесімнің сабағына талдау
жасай аламын
5
Мен педагогикалық зерттеу әдістерін
меңгергенмін
6
Педагогикалық
зерттеу
әдістерін
меңгергенмін
7
Менің
«нағыз
ұстаз»
болуға
дайындығым
8
Сабағымды
жаңа
педагогикалық
технологиямен ұйымдастырамын
Білім беру жүйесінде яғни жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне
зияткерлік даярлығы бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және
қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында
пайдалануын қадағалау басты жұмысым. Әрбір жоспарын, алынған іс әрекеттің аяқсыз,
нәтижесіз қалмауын қадағалаймын, бағыт бағдар беріп отырамын.Жас маманның жеке
дамуына «Жан дүниеңе үңіл» тақырыбында семинар -тренинг өткізіп, өз ой -пікірлерін еркін
жеткізе білуіне мүмкіндік туғыздым.
Тренингтің жас мамандар үшін мектеп өміріне бейімделуі, оқушы психологиясын
жетік меңгеру мен эмоцияны сабырға жеңдіру, педагогикалық тактиканы сақтай білуге
бейімдеуде өзіндік ролі болды деп ойлаймын. Семинар
-тренинг
соңында
психодиагностикалық тест бердім. 45-50 ұпай жинап бала тәрбиесіне жан- тәнімен берілген
ұстаз екендігін дәлелдеген 8 мұғалім болса, екі мұғалім 21-30 ұпай арасында жинап әлі де
іздену керектігін көрсеткен.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен сан қырлы шығармашылық
қызмет пен өзін-өзі басқару жайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі арнаулы
және жоғары оқу орнын бітірген жас буын-еліміздің келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- саяси –экономикалық және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,-
деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.
Жас маманның бойындағы педагогтік шеберлік-дарынды талант емес, үйрену, ізденудің
нәтижесі.Осы орайда жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп отырудың маңызы зор.
84
Әдістемелік жұмыс дегеніміз – ғылым мен озат тәжірибе жүйесінің тұтас жетістігі, бір
– біріне қатысты жан – жақты білімі жетілген өз ісінің маманы, шебер ұстаз ісіне
бағытталған, мектеп ұжымының шығармашылық деңгейде болуына және дамуымен тығыз
байланысты.
Әдістемелік жұмыста бастысы:
1. Мұғалім жұмысындағы қиындықты анықтау.
2. Өз уақытында көмек беру.
3. Ғылыми жетістіктерімен таныстыру.
Алдымен жас мұғалімдерді перспективалық жоспар барысында біліктілік курсынан
өткізіп отырдым. Қазіргі таңда 15 жас мұғалімнің бесеуі біліктілік арттыру курсынан өткен
жоқ. 10 мұғалімді біліктілік арттыру курсынан өткіздім. Курстан келген жас мұғалімдермен
пікіралысу мақсатында дөңгелек үстел өткізіп, мұғалімдердің курстан үйренгендерін,
тәлімгерлер мен тәжірибелі ұстаздар сабағына қатысқанда үйренген жайттарды ортаға
салады.
Сондай-ақ, апталықтар, тәжірибе алмасу күндерін яғни семинарлар өткіземін. Жас
мұғалімдер клубы жетекшісі ретінде 10-сыныпқа Абайдың қарасөздерінен өзім ашық сабақ
өткіздім. «Теориялық білім мен методикалық шеберлік ұштасқанда» дөңгелек стол,
«Инновациялық технология әдістерін қолдану барысында оқушылардың ой белсенділігін
арттыру» деген тақырыпта семинар өткіздім. «Сыни олау арқылы топтық жұмыстың
тиімділігі» тақырыбында коучинг, «Көшбасшылық» тақырыбында шебер сынып
өткізіп,тәжірибелі мұғалімдерге ашық сабақтар қойып, жас мұғалімдердің сабаққа қатысуын
қамтамасыз еттім. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы жас мамандар
сабақ үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын үйреніп отырды.
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімге көшуді көздейді.
Білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта
болса, оны жалғастырып сабақтастыратын жас мамандар болмақ. Ол үшін жас маманға
қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілік, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, зерттеушілік, әлеуметтік тұлғалы ақпараттық құзіреттіліктердің жоғары
деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілігі, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға болу [2]. Егер жас маман ізденуден жалықпайтын шығармашыл тұлға
болса, ол сабақты түрлендіріп, тұлға жүрегіне жол таба біледі.Сондықтан олардың
функционалды сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге
бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру
қажеттілігі туындайды. «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей
әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыруда мұғалім жұмысын жаңашыл педагогтар
еңбектерімен таныстыру жұмыстары жас мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа
педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу,
оқу танымын ұйымдастыруда кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес,
іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра
алады.
Жас мұғалімдер жұмысына мониторинг, рейтинг жасай отырып, мектебімізде жас
мұғалімдер тұрақтылығын, білім дағдыларының қалыптасу барысындағы жетістіктерін
аңғарамыз.
Жеке тұлғаның жан-жақты жетілуіндегі басты ерекшелік өз бетімен іздену,
ғылыми жұмыспен айналысу болса, мектептегі жас мұғалімдерді «Дарын» орталығымен
тығыз байланыс жасату негізінде біршама игі істер жүзеге асты. Биология пәнінің
мұғалімі Г. Сабырованың жетекшілігімен 10- сынып оқушысы А. Төлегенова «Вирусты
ісіктер және одан қорғану жолдары» тақырыбындағы ғылыми жұмысы аудандық ғылыми
жобалар байқауында І орынға ие болса, тарих пәні мұғалімі Л. Сүлейменованың
жетекшілігімен 8- сынып оқушысы Д. Жалғасова «Р. Қарамановтың ерлікке толы
ғұмыры» жұмысы І орын, қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Төлегенованың жетекшілігімен оқушы
85
Н.Көшербаев «С.Мұратбеков шығармаларындағы адамгершілік» тақырыбындағы жұмысы ІІ
орынға ие болды. «Зияткер І» республикалық сырттай ғылыми жоба байқауынан да жас
маманда жетекшілігімен жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар бар.
Педагогикалық технология жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету
жолындағы іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін
арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық
қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтық тәжірибесі дамуының
алғышарты болып табылады. Бұл орайда, жас ұстаздардың атқарған істері өз
нәтижелерін көрсетіп келеді. Математика пәнінің мұғалімі Т. Ерболатова математика пәні
панорамалық сабақтар байқауынан ІІ орын, биология пәнінің мұғалімі Г. Сабырова
биология пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІ орын, «Интерактивті тақтаны озық
пайдаланушы» байқауынан І орын, жаратылыстану- математика пәні мұғалімдері арасында
өткен «Полиглот-2016» байқауына қатысқан екі мұғалім де жүлделі орындарға ие болып,
үш тілді еркін меңгерген жан-жақты жетілген маман ретінде таныта білдіА. Құрманиязова
«Нашақорлық бекеті» байқауынан аудан бойынша І орын, облыстан ІІІ орынды иемденді.
Қорыта айтқанда, жас мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыруда әдістемелік
жұмысты жүйелі жүргізудің мәні зор. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: -Білім сапасын арттыруда
заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың
маңыздылығы жоғары [6],-деп жас мамандарға артылар сенімнің жоғары екендігін айтқан
болатын. Олай болса, ел сенімін ақтар жас мамандарды білікті маманетіп шығару жолында
жұмыстанып келемін. Менің болашақтағы жоспарым:
1.
Он-лайн режиміндегі сабақтарға қатыстыру
2.
Ғылыми жұмыспен шұғылдануға баулу
3.
АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануды тәжірибеге енгізу
4.
Ата-анамен байланысты нығайту
5.
Баспасөз беттеріне сабақтарын енгізу.
6.
Деңгейлік курстарда өткізу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Білім бастауы А.Б. Сарсекенова
2.
Құзіреттілікті қалыптастырудың жолдары. Г.Құдайбергенова
3.
Қазақстан мектебі журналы 2013 ж. №6
4.
Мектеп директорының орынбасары журналы. 2013ж. №5,6
Ата-ана социумымен ынтымақтастық
Нұржанова Ш.Ө.
М.Жұмабаев атындағы
№39гимназия, Қарағанды қаласы
Сынып жетекші жұмысы оқушы 12-14 жас аралығында болғанда күрделі ме?- деп
ойлаймын. Балалар 5 сыныпқа келгенде бала қылықтарымен тартымды болады. 6 сыныпта,
жасөспірім 12 жасқа толғаннан бастап балалардың мінез-құлықтары өзгере бастайды.
Биылғы жылы 7 сыныпта балалардың жасөспірім шағында ата-аналар социумымен
ынтымақтасып, тәрбие жұмыстарын жүргізуге жоспар жасалынды. Тәрбие жұмысы оқу
процесімен бірге жүргізілді. Ата-аналармен «Ғаламторға тәуелділік» тақырыбында жиналыс
өткізілді. Бұл тақырыпты таңдау себебім, өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі
өрелі жаңалықтардың бірі- ғаламтор техникасы екені баршамызға аян. Қазіргі таңда осы
техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-
86
ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі
тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан
ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Тіпті мектеп оқушыларының өзі осы ғаламтор
мүмкіндіктерін бір күн де пайдаланбауы мүмкін емес. Жиналыста ата-аналармен топтық
жұмыс өткізілді. Онда «Ғаламтордың оқушы өміріндегі маңызы», «Ғаламтордың бала
өміріне зияны» туралы ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Ата-аналар ғаламтор
туралы құнды пікірлер айтып,жағымды ойларымен бірге оқушы денсаулығы мен оқу
үлгеріміне тигізетін әсері жайлы да пікірлерін ортаға салды.Ата-аналармен бірігіп баланы
ғаламторға тәуелділіктен құтқарудың жолдарын қарастырып, «Ғаламторға тәуелсіз бала»
моделін жасадық. Нәтижесінде: балалардың ғаламторды мөлшерден тыс пайдалануына
шектеу жасайды. Әдеби кітап оқуларына ықпал етеді. Демалыс күндері балаларымен
табиғатта серуендеу ұйымдастырады. Күн сайын баласымен әр түрлі тақырыпта әңгімелесуді
қолға алады. Ата-аналармен бірігіп жасаған «Ғаламторға тәуелсіз бала» модельі
оқушылардың оқу үлгерімінің жақсаруына әсері болды. I тоқсанда оқу үлгерімі 37% болса,
II тоқсанда 46% болды.
Келесі жиналыста ата-аналармен «Жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі тәрбиенің
маңызы» тақырыбында жұмыс ұйымдастырылды. Күтілетін нәтиже: жасөспірімнің өтпелі
кезеңінде ата-ана баласын қолдау, оны жақсы көру, сыйлап, пікірімен санасу, сыртқы
ортаның ықпалына тез ұшырайтын өтпелі кезеңде жасөспірімге түсіністікпен қарау, балаға
өмірге керекті дұрыс ақыл-кеңес беріп, салдары ауыр болатын жаман әдеттерден
сақтандыру.
Өтпелі кезең бұл жеткіншектің балалықтан ересектікке қадам басқан күрделі
психологиялық кезең. Әр елде сол елдің мәдени және діни салтына байланысты өтпелі кезең
әр түрлі анықталады. Бұл жас жеткіншектің жыныстық жағынан жетілу, биологиялық
жағынан шұғыл өзгерісті бастан кешетін кезең. Әр түрлі елдерде өтпелі кезең 12-16 жас
аралығында көрініс табады. Психологиялық жағынан алғанда әр адамда өтпелі кезең әр түрлі
болады. Сондай-ақ өтпелі кезең жеткіншекте жүріс-тұрыста тәуелсіздікке ұмтылу, қоғамда
өз орнын табуға тырысу, өзін көрсету, кейде өз ортасын өз талғамына бейімдету ретінде
байқалады. Ата-аналық тұрғыдан өтпелі кезең өте бір алаңдаушылық тудырады. Бұл уақытта
баланы бақылауда ұстау қиындап, ата-анасының әсіре қамқорлығынан арылып, бала өз
бетінше шешім қабылдағысы келеді, өзіне психологиялық жағынан жақпаған істерге
жақамаушылығын білдіреді. Бұл уақыттарда жастардың барлық нәрсені татып көрсем деген
әуестігі артып, бұзықшылықтарға қосылып кету, ішімдік, анаша, есірткі секілді нашар
қылықтарға еріп кету қаупі зор. Бұған қоса, өтпелі кезеңде жасөспірімдердің романтикаға
деген құмарлығы күшейіп, ол ойындағыдай болмай қалған жағдайда салдары өз өзін өлімге
қиюға дейін апаратын жайттар кездеседі. Жасөспірім бұл шақта өзінің дене бітіміне мән бере
бастайды. Биологиялық жетілу барысында дене бітімінде кемістік болса, мазасызданады.
Жасөспірімдерде өзін салыстыра бастайтын өз сұлулық эталоны болады. Көпшіліктен
ерекшеленіп, көзге түсуге тырысады. Қыз балалар мен ұлдардың арасындағы қарым-қатынас
та қалыптылығын сақтай алмайды. Бұл кезеңде қыздар мен ер балалар арасында өзіндік
айырмашылықтар да кездеседі. Қыздарда жасөспірімдік дағдарыс ұлдарға қарағанда ерте
басталып, тезірек аяқталады. Қыз балалар үшін өтпелі кезеңде жыныс гормондарында үлкен
өзгерістер орын алып, сол өзгерістер оның жүйке, қан тамырлары, эндокринді жүйесінде
ауытқулар, қимыл қозғалыстарында ебедейсіздіктер тудырады. Қыз бала әсіресе өзінің жеке
бой күтіміне ерекше мән береді. Ұл балаларда бұл кезде қарсыласу, бұзықтық, тілазарлық
жиілеп, ересек болып көрінуге көбірек талпынады. Физиологиялық жағынан иықтары
кеңейіп, белдері жіңішкереді. Дауыстары тұрақсызданып, нәтижеде жуандай түседі. Әке-
шешесіне талап қоюы жиілейді. Отбасындағы жайсыздықтарға қатты намыстанып, ата-
анасына да сын көзбен қарайды. Тез өкпелегіш, көңілге алғыш, тыз етпе ашуланшақ мінезге
тап болады. Психолог мамандар бұл уақытта жасөспірімдердің өмірден түңіліп, айналадағы
құбылыстардың барлығын жағымсыз қабылдайтынын айтады. Жасөспірімдер түрлі арман
87
мен қиялға беріліп, өзіндік өмірдегі таңдауын жасауға талпынады. Бұл кезеңнің балалардың
тәртібі мен сабақ үлгеріміне кері әсері бар. Кейбір балалар қоғамды жатсына бастайды.
Ағзада болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жасөспірімдер өмірінде сезімге
берілгіштік, түрлі мазасыздықтар көбейеді. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар үшін ең
басты нәрсе: бұл күйзелісті әрі сыртқы ортаның ықпалына тез ұшырайтын өтпелі кезеңде
жасөспірімдерге түсіністікпен қарап, оларға өмірге керекті дұрыс, басалқы ақыл-кеңес беріп,
салдары ауыр болатын жаман әдеттерден сақтандыру.«Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер»
бейнефильмі ұсынылды. Әр ата-ана бейнефильм туралы ойымен бөлісті.Топтық жұмыстар
ұйымдастырылды. «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне отбасының ықпалы», «Өтпелі
кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне мектептің ықпалы», «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің
тәрбиесіне достарының ықпалы», «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне қоғамның
ықпалы» Топтар өз тақырыптары бойынша презентация жасады.Мектеп психологы мен
дәрігер ата- ана өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар балаларының өтпелі кезеңіндегі тәрбиенің
маңызы туралы мол ақпарат алғандары туралы кері байланыста жазды. Ата-әжесі мен әке-
шешесімен бірге тұратын баланың тәрбиесінде осы кезеңде жауапкершіліктің жоғары
болатынын
жас
ата-ананың
жазған
ойынан
білдім.
Балалармен « Отбасындағы әдет-ғұрыптар» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Жанұяда
қандай әдет-ғұрыптарды ұстанасыңдар? деген сұраққа. Біздің үйде әке,ана және балалар
бірге отырып ішкен ас тәтті болады дейді, сондықтан біз үстел басына барлығымыз
жиналғанда
тамақ
ішеміз.
Отбасындағы
өздерінен
кіші
балаларға
көмектесетіндерін,үлкендердің айқандарын тыңдайтындарын айтты.Отбасында қандай күнді
атап өтесіндер?- деген сұраққа балалар туған күндерін, жаңа жыл, 8 наурыз, наурыз
мерекелерін айтты. Балаларды бір-бірімен жақсы араласып,танымдық ойындармен
қызығушылықтарын арттыруға, мерекелік дастархан басына жинауды ата-аналармен бірігіп
жоспарладық. Жаңа жыл, 8 наурыз, 7 мамырда мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Әр
отырыста балаларға ұнайтын түрлі танымдық ойындар ойналып, қызықты көріністер
көрсетілді.
Тәрбие сағатында оқушылардың жақсы қасиеттерін, ұнамайтын қасиеттерін, жақсы
әдеттерін, жаман әдеттерін анықтадым да ата-аналарлармен балалардың жағымсыз
қасиеттерін, жаман әдеттерін тыю үшін «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында
жиналыс өткізілді. Балалардың жақсы қасиеттері: еңбекқорлық, мейірімділік,ақ көңілділік,
адалдық,кішіпейілділік. Ұнамайтын қасиеттері: тез ашулану, қызғаншақтық, қырсықтық,
ұмытшақтық, жеңілтектік. Жақсы әдеттері: ерте тұру,сөзінде тұру, жауаптылық, ұқыптылық.
Жаман әдеттері: жалқаулық, көп ұйықтау, кеш жату, интернетте ұзақ отыру, қатты сөйлеу,
сөз қайтару, еркелік,өтірік айту. Жиналыста «Менің балам фразасын 10 рет жазыңыз. Енді
осы фразаны өз балаңыздың мінезімен байланыстырып, жазбаша осы нұсқаларды
жалғастырыңыз деген тапсырма берілді. Мысалы: «Менің балам ұқыпты», «Менің баламның
зейіні төмен». Ата-аналаржазған мінездемелерді екі топқа бөлді.1.Баласының бойындағы
жағымды қасиеттері 2. Өзгерткісі келетін қылықтары Енді ата-аналарды күнделікті
тәжрибелеріне жүгінуге шақырдым. Елестетіңіз, заманауи үлкен супермаркеттің алдында
тұрсыз. Онда үш қабат бар:
1-ші қабатта сапасы төмен ақауы бар заттар сатылады.
2-ші қабатта орташа сапалы және орташа бағадағы заттар
3-ші қабатта ең сапалы,жақсы заттар сатылады
-Сіз қай қабаттан заттарды сатып алғыңыз келеді? Ата-аналар кезекпен жауап берді.
Отбасымызда бала өмірге келгеннен бастап біз оның «3-ші қабатқа» сәйкес келгенін
ақылды, ақкөңіл болып, музыкалық мектепке немесе шет тілдері мектебіне барғанын
қалаймыз. Мүмкін қиял арманымыз орындалар....
Өкінішке орай, өмірде бәрі керісінше. Әр бала өзінше бір әлем. Оның бойында 1,2,3
қабаттардан бір нәрсе болады.Сіздің балаңыз да одан тыс емес,оған көзіңіз жетеді. Оның
бойында сізге ұнайтын жағымды қылықтармен қатар,өзгерткіңіз келетін қылықтар да
88
болады. Мен сіздерге осы мінездерді сату үшін жарнамалауларыңызды ұсынамын. Сол
жағымсыздың ішінен жағымды қылықтарымен ерекшелеп, басқалар сатып алғысы
келетіндей етіп жарнамалауларыңызды сұраймын. Мысалы : «қисықтық, себебі ол
қайсарлықпен ұқсас. Баланың бойына қисықтық емес қайсарлықты қалыптастыру керек.
Қайсар адам еңбекқор,тәуекелшіл сияқты жарнама жасау тапсырылды.
Топтарға қызғаншақтық, ашуланшақтық, жалқаулық,еркелік мінез-қылықтарды
жарнамалау берілді. Мінез- құлықты атайды,түсіндіреді.
1.Бұл жұмысты орындау жеңіл болды ма? Не қиындық туғызды?
2. Бұл мінез-құлықтардың жаңа жағын байқадыңыз ба?
3. Бұл мінез-құлықтардың өмірде қажетті екенімен келісесіз бе?
4. Атқарылған жұмыстан кейін оларды қаншалықты қабылдайсыз?деген сұрақтар
арқылы қорытындыланды. Ата-аналар мен балаларға берілген жұмыстардан бала
бойындағы жағымды,жағымсыз қасиеттер мен әдеттердің сәйкес келгені таңқалдырды.Ата-
аналар баласының бойындағы қасиеттерін, әдеттерін толық білетіні анықталды.Бала
бойындағы қызғаншақтық, жалқаулық, ашуланшақтық, еркелік мінез-қылықтарды тыюға
жұмыс жасалынды. Ата-аналар социумымен жасалынған жұмыстар арқылы жыл соңында
сыныптың білім сапасы 54%-ке көтерілді. Оқушылардың арасында достық қарым қатынастар
жақсарды. Жыл басында ортақ тіл табыса алмаған Қазбек пен Алан дос болды.Исаның мінезі
жақсарды. Аружан мен Ажардың білімге қызығушылықтары артып, жыл соңында
екпінділер қатарына қосылды. Оқу жылының басымен салыстырғанда сынып балаларының
арасында ұйымшылдық қалыптасты. Әр түрлі спорттық сайыстарға қатысып жүлделі
орындар алды және бірін-бірі қолдаушылықтары артты. Мектеп бойынша «Жыл сыныбы»
сайысына қатысып 3 жүлделі орынды жеңіп алды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Философия и методы RWCТ в действии С.Мирсеитова. А., 2004ж.
2. Жарықбаев Қ.Ж. Психология Алматы 2002ж.
Достарыңызбен бөлісу: |