«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ


Білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмысты



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37

Білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмысты  
инновациялық бағытта ұйымдастыру 
 
Есмагамбетова С.А. 
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы 
Жаңаөзен мектеп-гимназиясы 
мектеп директорының әдістемелік 
 жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
Мектептегі  әдістемелік    қызметтің  жаңа  моделіне  өту  жағдайында  білім  берудің 
қазіргі  жаңа  құрылымы  мен  оқу-әдістемесінің  мазмұнының  өзгеруі-  мұғалімдердің  кәсіби 
шеберліктерінің    жаңаруын,  шығармашылық  ізденістерін  қажет  етуде.  Мұғалім  біліктілігі 
мен  кәсіби  құзырлылығын  көтеру  -  білім  беру  үрдісінің  барлық  деңгейінде  өзекті  мәселеге 
айналып  отырғандықтан,  бүгінгі  күні  өзінің  жұмыс  мазмұнын  жетілдіруге,  ғылым  мен 
педагогикалық  тәжірибе  жетістіктерін  қолдануға  және  оны  шығармашылықпен  игеруге 

 
 
141 
 
бейім  ұстаздарға  қойылатын  талаптар  күннен  күнге  өсіп  отыр.  Ұстаздар  алдында 
ақпараттарға  бағыттау  және  оны  таңдау,  жеке  тұжырымдамасын  қайта  қарау,  жұмысының 
түрі мен әдісін жаңалау мәселесі шығып отыр.  
Білім  мазмұнындағы  өзгерістер,  тұлғаға  бағытталған  оқытуды  жүзеге  асыру, 
инновациялық  педагогикалық  технологияны  сынақтан  өткізу  және  оқу-тәрбие  үрдісіне 
ендіру    бойынша  әдістемелік  жұмысты  инновациялық  бағытта  қайта  қарауды, 
ұйымдастыруды  талап  етеді.  Әдістемелік  қызметтің  қалыптасуына  әр  қызметкер  өз  ісіне 
кәсіби  маман  ретінде  қарауы,  оқытудың  мазмұнын  игеруі,  өзіне  шығармашыл  және  үнемі 
даму мен өсуге дайын тұлға ретінде қарауы үлкен роль атқарады.            
Осыған  орай,  мектеп-гимназиясы  әдістемелік  қызметінің  басты  міндеті  –  педагог 
мамандардың  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыру  мен  біліктілігін  үздіксіз  арттыруды, 
ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашыл түрлері  мен әдістерін іздестіруді  қамтамасыз  ету, 
әрі үйлестіру болып табылады.  
Осы  талаптарды  ескере  келе,  алдымен  мектеп  әдіскері  ретінде    өзімнің  алдыма 
“Әдістемелік  қызметті  инновациялық  тұрғыдан  ұйымдастыру  жолдары”  әдістемелік 
зерттеу    тақырыбымды  алып,  мақсат-міндеттерімді  анықтадым.      Мектептегі  әдістемелік 
қызметтің жаңа жүйесін әзірлеу мақсатын ала отырып, төмендегідей міндеттерді алдым: 

 
Ғылыми-әдістемелік  қызметтің  құрылымына,  жұмысына  өзгерістер  енгізу, 
жетілдіру, оны жүзеге асыру; 

 
Мектептегі  инновациялық  іс-әрекеттерді  (жаңалықты  іздеу    және  меңгеру, 
тәжірибелік-зерттеу,  ізденіс  жұмыстарын,  авторлық  оқу  бағдарламалары  мен  жаңа 
педтехнологияларды сынақтан өткізу) ұйымдастыру, іске асыру, бағалау; 

 
Өз  білімін  жетілдіру  арқылы  педагогтардың  кәсіби  шеберліктерін  арттыру, 
инновациялық іс-әрекеттер бойынша кеңес беру. 
Осы  мақсат-міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  инновациялық  қызметімнің  негізгі 
бағыттарын айқындадым: 
1.   Ақпараттандыру  (әдістемелік мәліметтер жүйесін құру).  
2.  Қамтушылық        (оқу-тәрбие  үрдісіне  қажетті  материалдармен  қамтамасыз    ету 
дидактикалық, әдістемелік, педагогикалық-психологиялық  материалдармен қамту). 
3.  Жаңашылдық  және  эксперименттік    (эксперименттік  тәжірибе  жұмыстарын  
жүргізуді ұйымдастыру, авторлық бағдарламалармен нұсқауларды  дайындауға жетелеу). 
4.  Кәсіби  біліктілікті  көтеру,  білім  жетілдіру  (курстан  кейінгі  жұмыстарды   
ұйымдастыру). 
5.  Диагностикалық  (ұстаздардың  шеберлік  пен  шығармашылығын,  біліктілігін   
диагностикалау). 
6.    Мұғалімдерді  еңбегіне  қарай  марапаттау,  аттестациялау  жұмыстарын   
ұйымдастыру.  
Мектептегі әдістемелік жұмысты жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыру арқылы 
мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  қалай  дамытамын,  неден  бастауым  керек  деген 
сұрақ туындады. Ең алдымен:  

 
Барды жүйелеп, кедергілер мен қиындықтарды саралау қажет; 

 
Қиындықтардан шығу жолдарын іздестіру керке; 

 
Мұғалімдердің  шығармашылық  белсенділігін  дамыту  бағытында  іс-шаралар 
ұйымдастыруым қажет. 
Осы  бағытта  SHOT  талдау  жүргізу  арқылы  мектептегі  әдістемелік  жұмыстың 
жүргізілуіне талдау жүргізіп, бағалау арқылы әлсіз және мықты тұстарын анықтап алдым.  
(SWOT талдау : мықты жағы- әлсіз жағы; мүмкіндіктер-қауіп-қатерлер) 
 
            Күшті жақтары 

 
Мұғалімдердің  үйренген  әдіс-тәсілдерін  өз 
тәжірибесінде қолдануы

 
Түрлі 
деңгейдегі 
сайыс, 
байқаулардан 
              Әлсіз жақтары 

 
Мұғалімнің  өзгерсем  деген  ниеті  мен  кез  келген 
мәселеге 
ойлана 
қарауы; 
өз 
педагогикалық 
қызметінде өзгерістерге дайындығы;  

 
 
142 
 
жетістіктердің болуы; 

 
Әдістемелік    жұмыс  нәтижесі  (рейтингісі) 
бойынша қалалық көлемде І орынға ие болуы. 
 

 
Жаңа  жүйе  негізінде  оқу  мен  оқыту  жайлы 
мұғалімде қалыптасқан тәжірибенің болмауы; 

 
Жас  маман  мен  тәлімгерлер  арасындағы 
байланыстың әлсіздігі; 

 
  Мектептің 
жұмыс 
тәжірибесін 
жарияланымдарда 
жеткілікті 
деңгейде 
таныстырылмауы. 
               Мүмкіндіктер 

 
Педагогтарды 
қолдау 
 
және 
олардың 
кәсіпқойлығын қолдау жүйесін құру; 

 
Ұжымның  шығармашылық  әлеуетінің  даму 
деңгейінің  өсуін  ынталандыратын  мәселелерді 
жоспарлауға және әзірлеуге, экспериментттер мен 
инновацияларды 
апробациялауға 
қатысатын 
шығармашылық педагогикалық ұжым құру;  

 
Педагогтардың 
кәсіби-тұлғалық 
дамуын 
зерттеуге  арналған  диагностикалық  материалдар 
банкін қалыптастыру; 

 
Педагогтардың өзін шығармашылық дамытуға 
және  рефлексияға; олардың кәсіби өсуіне  жағдай 
жасау.  
                        Қауіп-қатерлер 

 
Педагогикалық  кадрлардың 
  жетіспеушілігі;  

 
Мектептің  материалдық-техникалық    базасының  
әлсіздігі. 
 
 
Әдістемелік  жұмыстың  жүргізілуіне  талдау  жасай  отырып,  әдістемелік  жұмыстың 
дамуын басқару құралы- ол нақты  жоспарлау қажеттілігін түсіндім. Нақты ойластырылған 
жұмыс жоспары болғанда ғана әдістемелік қызметінің тиімді,  ұтымды ұйымдастырылуына, 
әрбір  ұстаздың  өз  қызметін  сапалы  атқаруына  жетуге  болады.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев 
«Мәңгілік  ел  –  2050»  Қазақстан  халқына   жолдауында    «XXI  ғасырда  стратегиялық 
жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады, егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, 
ешқандай  жел  оңынан  соқпайды»  деп  атап  көрсетті.  Мектеп  осы  кезде  және  келешекте 
табысқа  жетуі  үшін,  ал  түлектердің  білім    сапасы  уақыт  талабына  жауап  беру  үшін  оған 
өзгерістер  қажет.  Осы  талаптарды  ескере  келе,  гимназия  мектебінің  әдістемелік  қызметінің 
2015-2018  жылдарға  арналған  ұзақ  мерзімді  жоспарын,  2016  жылға  арналған  орта  мерзімді 
жоспарын  және  әр  айға  қысқа  мерзімді  жоспарын  жасақтадым.  Жоспар  әдістемелік 
қызметінің  бес  бағытын қамтиды. Олар:  

 
Оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастыру. 

 
 Мұғалімдерді үздіксіз кәсіби дамыту. 

 
 Талантты  және  дарынды  оқушылармен  жұмыс  жүргізуде  мұғалімдердің 
құзыреттілігін арттыру. 

 
«Жас маман» және «Тәлімгерлер мектебінің» жұмысын жаңа үлгіде ұйымдастыру.  

 
Әдістемелік 
пән 
бірлестіктерінің, 
шығармашылық 
топтың, 
желілік 
қоғамдастықтың  жұмысын  инновациялық  бағытта  ұйымдастыру.    (әдістемелік  қызметті 
дамыту жоспары қоса тіркелді
Әдістемелік  қызмет  «Мұғалімнің  кәсіби  құзырлығын  арттыру  арқылы  мектеп 
дамуының жеке тұлғаға бағытталған ұстанымын  жүзеге асыру» тақырыбымен жұмыстанып 
келеді.  
Мақсаты:  Қазақстан  Республикасы    білім  беруді  дамытудың    2011-    2020  жылдарға   
арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  басшылыққа  ала  отырып,  әдістемелік    жұмыстар 
мазмұнын жаңартудың жаңа әдіс- тәсілдерін, педагог  кадрлардың   үздіксіз білім алуының, 
кәсіби  біліктілігін  арттырудың,  әдістемелік    бірлестіктің  жұмысын  ақпараттандырудың  
тиімді  жүйесін құру және оны жүзеге асыру. Осыған орай төмендегідей міндеттер алынды: 

 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңын  жүзеге  асыру  мақсатында  жеке  
тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;  

 
 
143 
 

 
Тәрбие,  білім  берудің  жаңа  бағдарламаларын,  оқу  жоспарларын,  мемлекеттік 
білімстандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру  жұмыстарын 
ұйымдастыру; 

 
Әдістемелік    бірлестіктердегі,  шығармашылық  топтағы    әдістемелік  жұмыстың  
инновациялық  тұрғыда  жүргізілуін  жалғастыру;  педагог  қызметін  ғылыми-әдістемелік 
тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету,  өзара тәжірибе алмасу   әрекетін, өзін өзі бағалау, 
кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;  

 
Педагогтардың  жаңа  педагогикалық  технологияларды  игеруі,  табысқа  қол  жеткізу 
мотивациясын модельдеу бойынша әдістемелік деңгейін жетілдіру;  

 
Мұғалімдер 
мен 
оқушылардың 
 
ғылыми-зерттеушілік, 
шығармашылық   
жұмыстармен айналысуын жандандыру; 

 
Жас  мамандардың  кәсіби  тұлғасын  қалыптастыру,  педагогикалық  -әдістемелік 
бағытта көмек көрсету; 
  Оқу- 
тәрбие  үрдісіне  инновациялық  технологияны    жаңаша  тұрғыда 
ұйымдастырылған  «Іскерлік  ойын»,  «Шебер  сынып»,  «Ұжымдық  жоба»,  проблемалық 
семинар, коучинг  өткізу  арқылы ендіріп келеді. Осы орталықтарды басқару, ұйымдастыру, 
үйлестіру  әдістемелік  орталықта  рейтинг  жүйесі  арқылы  іске  асырылады.  Бұл  жүйенің 
тиімділігі: 

 
Бәсекелестік жағдай тудырады да жұмыс қарқынын күшейтеді; 

 
Жұмыстың нәтижесіне ұмтылдырады және мерзімінде орындауға бейімдейді; 

 
Өз іс- әрекеттерінің қорытындысын көре алады.  
  Әдістемелік  орталық    9  адамнан:  мектеп  директоры,  орынбасарлары,  бірлестік  
жетекшілері,  шығармашылық  топ  жетекшісінен  құрылған.  Мектептегі  пәндер  9  пән 
бірлестіктеріне  біріктірілген.  Мұғалімдердің      кәсіптік    деңгейін      көтеру    мақсатында,   
олардың  ғылыми – педагогикалық   білімін  тереңдетіп,   іскерлік   шеберлігін,   белсенділігі 
мен  ізденістерін  арттыру      мақсатында    мұғалімдердің      проблемалық  /шығармашылық/  
топтары   құрылды.  
Шығармашылық  топ  мүшелерін  анықтау  мақсатында  диагностикалық  жұмыстар 
жүргізіліп,  шығармашылықпен  жұмыстанып,  оқушыларының,  өзінің  жетістіктері  бар,  іс-
тәжірибесі зерттеліп, таратылған ұстаздар «Шеберлік мектебіне», сертификатталған ұстаздар 
«Даму»  қоғамдастығына  топтастырылды.  Бұл  ұстаздардың  картотекасы  жасақталып,  озық 
педагогикалық  тәжірибенің  мекені  көрсетілді.  Онда  озық  тәжірибелі  мамандардан  нені 
үйренуге  болатыны,  қандай  жаңа  технологияны  қолданатыны,  мұғалім  тәжірибесі  қандай 
түрде  таратылғаны  көрсетілген.  Шеберлік  мектебінің  мүшелері    тоқсанына  2  рет  үздік 
шеберлік  сынып  сабақтарын  өткізіп  отырады.  Бұл  сабақтарда  қолданған  жаңа  технология 
әдістерінің нәтижесі мен  тиімділігі анық көрініп, мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен 
жетістіктері  айқын  көрінеді.  Инновациялық   бағытта    жұмыс      істейтін      мұғалімдер    саны  
ұжымның    67  пайызын,  жоғары,  бірінші,  екінші  санатты    мамандармен  қамтылуы  79  
пайызды, авторлық  жеке   бағдарламалар  жасақтап, оны  қолданып  отырған  мұғалімдер 
саны – 31 пайызды құрайды 
Осындай  шығармашылық  топтардың,  пән  бірлестіктерінің  нәтижелі  жұмыс  жасауы 
нәтижесінде  білім жетілдіру арқылы шеберлікті дамытуда  мектеп мұғалімдерінің жұмысы 
дұрыс  жолға  қойылған.  Ұстаздардың  педагогикалық  шығармашылық  жұмыстарын 
ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын жинақтап, насихаттау, бірлестік  
жұмыстарына жетекшілік жасау, инновациялық  технологияларды игеруде түрлі  іс-шаралар, 
семинарлар, конференциялар өткізуде әдістемелік  қызметтің түйінді мәселелері анықталып, 
оны  жүзеге  асыруда  нәтижелі  жұмыстар  атқарылып,оқу  жылының  қорытындысымен  қала 
бойынша  әдістемелік  жұмыстың  рейтингісімен  І  орын,  «Үздік  білім  беру  ұйымы» 
байқауының облыс бойынша І орынға иеленді.     
Әдістемелік  қызметтің  даму  жоспарына  сай  мектептің  талантты  да  дарынды 
мұғалімдеріне  өз  құзыреттілігі   шеңберінде  жауапкершіліктер  жүктеліп,  жұмыс  аясы 

 
 
144 
 
анықталды.  Негізгі  идея  педагогтарды  заман  талабына  сай  жұмыс  жасауға  ынталандыру 
болғандықтан,  негізгі  жұмысымыз  сыныптың  көшбасшысы  ретінде  мұғалімнің  кәсіби 
құзыреттілігін  дамытуға,  сындарлы  оқыту  теориясы  негізінде  сыныптағы  сабақ  барысын 
ұйымдастыру,  жоспарлау  және  басқару  шараларына  бірінші  кезекте  көңіл  аударылды. 
Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа, олардың жұмысының 
мойындалуына  қатысты  шараларға  басымдық  берілді.    «Мінсіз  мектеп»  болудың  алғы 
шарты  ретінде  мұғалімдер  арасында  ынтымақтастық  орта  және   «мектеп  мәдениетін» 
қалыптастыру  мәселелері  басты  назарда  болды,  сынып  деңгейіндегі  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізу  жоспарланды.  Ата-аналардың  белсенділігін  арттырып,  ынтымақтастық  карым-
қатынас   қалыптастыруға  арналған  іс-шаралар  жоспарланып,  әсіресе,  қызығушылықтарын 
арттыру  мақсатында  ата-аналар  жиналыстарын  жаңа  форматта  өткізу,  серіктестік 
шараларына басымдық берілді. 
Әдістемелік жұмысты осылай жүйелі атқарудың нәтижесінде мектеп ұстаздары оқыту 
мен  тәрбиелеу  үдерісінде  жаңашыл  тиімді  әдіс-  тәсілдерді  игеруде,  шығармашылықпен 
еңбек етуде ұмтылыстары артқанын байқадым.  
Дамудың жаңа  сатысына бағыт алған гимназияның ең негізгі  өзегі- мұғалімнің жеке 
басының ізденімпаздығы мен білімділігі.   
Мектеп    жұмысының    басым    бағытының    бірі    ретінде      гуманитарлық      пәндерді   
тереңдетіп  оқыта  отырып: 
-
 
мектептің  гуманитарлық  білім  беру  моделін  кеңейту
-
 
инновациялық  процесті  ғылыми – әдістемелік  жағынан   қамтамасыз  ету.   
-
 
авторлық    бағдарлама,    оқу    жоспарын,    оқу    әдістемесін    жасау,    оны    жүзеге  
асырудың  технологиясын  жасау,  енгізу; 
-
 
жаңашылдық    бағдарламаны      облыс,    республикаға    тарату    мәселелерін      алға  
қойып  отырмыз. 
    Гимназия    мектебінің      мектеп    басқарудағы,    мектептегі  ғылыми-әдістемелік  
жұмысын    жаңа    бағытта      ұйымдастырудағы      мақсаты-            шығармашылық    ізденістегі  
ұстаздар  қатарын   толықтыру,   білім беру мен  оқыту  әдістемесін   қазіргі  талап  деңгейіне 
көтеру болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға экологиялық тәрбие беру 
 
Алиева С.С. 
Ақмола облысы білім басқармасының  
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің методисі 
Көкшетау қаласы 
 
Табиғатқа деген мұқият қарым-қатынасты бала кезден бойға сіңіру қажет. Сондықтан  
шағын  орталықта  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  экологиялық  тәрбие  беру  бойынша 
жұмыстар тұрақты түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіліп тұрды: 
- педагогтармен әдістемелік жұмыс; 
- балалармен жұмыс; 
- ата-аналармен жұмыс-экологиялық ағарту. 
Экологиялық-педагогтық жұмыстың міндеттері: 

 
 
145 
 
-экология  проблемаларын  шешуге  мүдделілік,  оларды  оң  шешуге  әркімнің 
қатысуының  қажеттігін  түсіну,  экологиялық  білім  мен  өздігінен  білім  алу  қажеттілігін 
қалыптастыру; 
- педагогикалық ұжымның балаларға экологиялық  тәрбие берудің мазмұнын, нысаны 
мен әдістерін меңгеруі; 
- балаларға экологиялық тәрбие берудің нақты технологияларын игеру. 
Іс-шаралар жоспары: 
- «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруді іске асыру жолдары» 
тақырыбына тәрбиешілермен сауалнама жүргізу; 
-  педагогикалық  кеңестер,  консультациялар  өткізу,  экология  туралы  мәселелерді, 
өңірдегі қоршаған ортаның ластануы проблемаларын талқылай отырып журналдар оқу; 
-  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  экологиялық  тәрбие  беру  бойынша  тәрбиешілер 
жұмысын жинақтау және жалпылау; 
- педагогтардың «Табиғат достары» шығармашылық тобын ұймдастыру; 
- «Қанаттылар досы», «Адам өміріндегі судың мәні», «Табиғат әліпбиі» үйірмелерінің 
жұмысы; 
-  әр  педагогтың  жұмыс  бағытын  белгілей  отырып,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға 
экологиялық  тәрбие  беру,  педагогтардың  балалармен  тәрбие  және  білім  беру  бойынша 
жүргізетін  жұмыстарының  моделін  құру.  Бұл  бағыт  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік университетінің магистранты  А.Р. Кәрімовамен  бірлесе әзірленді. 
Мектеп жасына дейінгі  балалармен жұмысты бастай отырып, педагог   
мектеп жасына дейінгі ересек балаға қандай экологиялық білім  беру   қажеттігін 
белгілеп алуы тиіс.  
Экология – кешенді ғылым. Мектеп жасына дейінгі балаға  жеткілікті және қызықты 
түрде  қандай  қарапайым  экологиялық  білім  беруге  болады?  Ол  қандай  дағдылар  мен 
машықтарды игере алады? 
Экологиялық тәрбиенің мазмұнын  (оқытуды, білім беруді, баланы дамытуды) іріктеу 
кезінде мына ережелерді ескеру қажет:  
-  Экологиялық  білім  берудің  мақсаты  -  жаңа  үлгідегі  жаңа  экологиялық  пікірі  бар 
адамды қалыптастыру. 
-  Экологиялық  білімнің  мектепке  дейінгі  және  мектептегі  кезеңдердегі  үздіксіздігі. 
Балалардың кіші жастағы алған қарапайым экологиялық білімдері  олардың алдағы  уақытта 
экологиялық бағыттағы пәндерді меңгеруіне  көмектеседі. 
- Білім-өздік мақсат емес, ол тек балалар бойында табиғатқа деген белгілі бір қарым-
қатынасты, экологиялық сауатты және қауіпсіз мінез-құлықты, белсенді өмірлік ұстанымды 
қалыптастыруға көмектеседі. 
-  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  танымдық,  оның  ішінде  табиғатқа  деген  
қызығушылық дамыған. Дәл осы жаста олар әлемді тұтас қабылдайды, оның өзі экологиялық  
дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Осы танымдық қызығушылықты қолдау қажет.  
-  Мазмұн  ғылымилығымен  ерекшеленуі  тиіс.  Балалар  осы  жасына  қарамастан, 
қоршаған орта, әсіресе табиғат туралы ғылыми ұғымдарды жеткілікті түрде алулары тиіс.  
- Экологиялық білім-жалпы білімнің бөлігі,  ол пәнаралық сипатқа ие, ой-өрісті, тілді, 
эрудицияны,  эмоциялық  ортаны,  адамгершілік  тәрбиені  дамытуға  –  яғни  тұтастай  алғанда 
жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. 
-  Балалар қарапайым экологиялық білім кешенінің және табиғаттағы себеп-салдарлық 
байланысты  ұғыну  негізінде    экологиялық  сауатты  қауіпсіз    мінез-құлық  нормаларын 
түсінуге және өз бетінше  қалыптастыруға үйренуі тиіс. 
-  Бала  өзін  табиғаттың  бөлігі  ретінде  сезінуі  тиіс,  экологиялық  тәрбие  балалардың 
бойында  табиғатқа деген белгілі  бір қарым-қатынасты (әсіресе тұтынушылық тәсілден бас 
тарту)  қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар табиғатты ұтымды қолдану дағдыларын 
да сіңіреді.  

 
 
146 
 
Тәрбиеші,  экологиялық  мәдениет  иесі  бола,  экологиялық  тәрбие  беру  әдістемесін 
меңгере  келе,  балалар  қызметін  мазмұнды,  эмоциялы  қанық  болатындай,  табиғат  туралы 
қажетті ұғымдар мен тәжірибелік машықтарды қалыптастыруға ықпал ететіндей   және оны 
балалардың  үйреншікті  мінез-құлқына  айналатындай    етіп  ұйымдастырады.  Бұл  үдерісте 
ересек  адам  мен  баланың  бірлескен  қызметі  жетекші  болуы  тиіс.  Бұл  идея  Абай 
Құнанбаевтың,  Ыбырай  Алтынсариннің,  К.Д.  Ушинскийдің,  Л.Н.  Толстойдың,    П.Ф. 
Каптеревтің,  кеңес  заманының  педагогтары    В.А.  Сухомлинскийдің,    А.С.  Макаренконың, 
Ш.А.  Амонашвилидің    және  т.б.  көзқарастарынан    айқын  байқалады.  Экологиялық 
мәдениетті  қалыптастыру  кезінде  қажетті,  сол  арқылы  өзара  түсіністік  дамитын 
ықпалдастық,  ортақ  мақсатқа  қол  жеткізуде  күш  біріктірген  тәрбиешілер  мен  балалардың 
тұрақты бірлескен қызметінде тиімдірек көрініс табуы мүмкін. 
Бірлескен қызметке тән ерекшеліктерге мыналар   жатады: 
-
 
Оған  қатысушылар  арасындағы  әрекеттер  мен  ақпараттар  алмасуды  қамтамасыз 
ететін байланыс; 
-
 
қызметтің мағынасын, оның соңғы нәтижесін барлық қатысушылардың түсінуі; 
-
 
бірлескен  қызметтегі  ұйымдастыратын,  оған  қатысушылардың  мүмкіндіктеріне 
қарай міндеттерді бөлетін басшының болуы; 
-
 
қызмет  барысында  сипаты  соңғы  нәтижеге  әсерін  тигізетін  жеке  адамдар 
арасындағы қарым-қатынастың пайда болуы  және көрініс табуы. 
Шағын  орталықта  тұрақты  экологиялық  орта  құру-топтық  шағын  орталықтарды, 
табиғат  бұрыштарын  және  т.б.  ұйымдастыруды  өсімдік    және  жануарлар  әлемінің  
толыққанды  тіршілік  етуі  үшін  қажетті  жағдайларды  қолдауды  қамтитын    үздіксіз 
педагогикалық  үдеріс.  Бұндай  қызмет  балаларды  ойлауға,  «кіші  бауырлар»  туралы  жүйелі  
және нақты қамқорлыққа үйретеді.  
Мектепке  дейінгі  балаларға  экологиялық  тәрбие  беру  мәселесін  шеше  отырып, 
педагогтар бала бойында экологиялық мәдениетті  толыққанды  оңынан қалыптастыру,  тек 
ата-аналармен  ынтымақтастық,  өзара  түсіністік,  байланыс,  достастық  кезінде  ғана  мүмкін 
екенін  түсінеді.  Экологиялық  ағарту    «тәрбиешілер-ата-аналар-балалар-табиғат»    жүйесінің 
аясында құрылады.  
Ата-аналармен жұмыс біртіндеп және үздіксіз жүргізіледі,  балалар мен ересектердің 
бірлескен қызметіне (табиғатты қорғау акцияларына, экскурсияларға, ойын-сауықтарға)  баса 
назар  аударылады.  Осыған  байланысты  балаларды  табиғатқа,  отбасына  тарту  үшін 
жағдайлар жасауға бағытталған ұсынымдар әзірленеді, ата-аналарға, оларды қызықтыратын 
экологиялық  сипаттағы  мәселелер  бойынша  кеңестер  беріледі,  байқаулар  өткізіледі,  ұсақ-
түйектер, гербарийлер көрмесі, «Экологиялық пошта» ұйымдастырылады.  
Атқарылған  жұмыстарды  қорытындылай  келе,    мынадай  тұжырымдар  жасауға 
болады: 
-
 
 Педагогтар    топтарда  табиғат  ортасын  құруға  жауапкершілікпен  қарайды, 
тәжірибеге  жаңа  технологияларды  енгізеді,  экологиялық  тәрбие  берудің    әдістемелерін 
біледі,  балалармен эксперименттік жұмыстар жүргізеді,  кіріктірілген сабақтарды әзірлейді, 
ата-аналарды экологиялық тұрғыдан  ағартумен айналысады. 
Мектеп жасына дейінгі балалар 
- табиғатпен кездескеніне қуанады; 
- табиғат әлемінің алуан түрлілігін көреді; 
- өмірдің құндылығын таниды; 
- табиғат арасындағы мінез-құлық ережелері туралы ұғымға ие болады
- бастапқы экологиялық мәдениет қалыптасады. 
Ата-аналар 
-
 
бірлескен акцияларға; 
-
 
балаларды табиғат әлеміне тартуға қатысады. 

 
 
147 
 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  экологиялық  тәрбие  берудің  нәтижесі  –  жеке 
тұлғаның қалыптасқан экологиялық  мәдениеті. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский:  «Адам 
әрқашанда  табиғаттың ұлы болған және болады да және оны табиғатпен  жақындастыратын 
нәрселердің барлығы оны табиғатқа, рухани мәдениеттің байлығына тартуға пайдаланылуы 
тиіс.  Баланы  қоршаған  әлем,  бұл  өлшеусіз  әсемдікке  ие,  шексіз құбылыстарға    бай  табиғат 
әлемі. Бұл арада, табиғатта бала санасының мәңгілік көзі бар»- деп жазды.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет