«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37

 
 
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар 

 
 
50 
 
 даярлаудың жолдары: жаңа амалдар 
 
Ш.Қ. Исаханова, Г.Н. Боранбаева 
Алматы облысының  әдістемелік кабинеті,  
Талдықорған қаласы, tal.metodtipo@mail.ru 
 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  –  қазіргі  қоғамның  жаңашыл  талабы 
болып отыр. Бұл саланы дамыту өркениетке жетудің бір жолы.  
Бүгінгі  кәсіптік  оқыту  –  техникалық  қызмет  көрсетуші  және  басқарушы  еңбек 
мамандарын  кәсіптік  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  біліктілігін  арттыруды  қамтитын 
кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  бір  бөлігі  болғандықтан,    техникалық  және  кәсіптік  білім 
жүйесі  тұлға  мүдделерін,  еңбек  нарығының  сұраныстарын  және  экономика  мен  әлеуметтік 
саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.[1] 
Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Қазақстан халқына Жолдауында 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  саласына,  оның  ішінде  жұмысшы  мамандардың  
беделіне  қатты  назар  аударды.  «...жұмыспен  қамту  бағдарламалары  және  қайта  оқыту 
арқылы  жұмыс  істейтін  адамдарға  мемлекеттік  қолдау  көрсету  мақсатында  2017  жылдан 
бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасын жариялады. [2] 
Ал  техникалық  және  кәсіптік  білімнің  міндеттерін  жүзеге  асыру  аясында  Қазақстан 
Республикасы  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды.  Бағдарламаның    негізгі  индекаторларының  бірі  
техникалық  және  кәсіптік    білім  беру  арқылы  оның  беделін  арттыру,  кадрларды  даярлау 
сапасын  қамтамасыз  ету,  елдің  индустриалдық-инновациялық  даму  сұраныстарын  ескеру 
және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту болып отыр. [1] 
Алматы  облысында  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  мен  техникалық  және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  73 
оқу  орны  (40    мемлекеттік,  33  жекеменшік)  бар.  Оқу  орындары  техникалық  және 
технологиялық,    ауылшаруашылық,    құрылыс,    педагогикалық,  медицина,  қызмет  көрсету 
және сервис, мәдениет, өнер, заңгер, экономикалық салалары бойынша мамандар даярлайды. 
Елбасының  «Еліміздегі  әрбір  азаматтың  мамандықтарының    санаты  әлемнің  кез 
келген    мемлекетіне  қажетті    болатындай  дәрежеде  болу  керек»-  деген  келелі  мәселесі  
педагогикалық  инновацияларды  бірінші  қатарға  шығарды.  Техникалық  және  кәсіптік  білім 
саласына енгізілген инновациялық үдерістер мен жаңашылдық  мүмкіндіктерін ұштастыруға 
бағыттаған  облыстық  әдістемелік  кабинет  4  жылдық  жұмыс    аясында  шығармашыл 
педагогтарды  анықтап,  оқытушыларымыздың  тәжірибе  жинақтауына  және    озық  іс-
тәжірибені  тарату  жолында  27  семинар,  15  байқау,  4  педагогикалық  оқу,  4  әдістемелік 
десант,  12  әдістемелік  кеңес,  15  конференция    ұйымдастырып,  500-ден  астам  педагогтың 
тәжірибе  таратуына  әдістемелік  тұрғыдан  ықпал  етті.  Дәл  осы  тәжірибе  алмасу 
семинарларында жаңа білім беру мазмұнының, инновациялық технологиялардың тиімділігі, 
мүмкіншіліктері  ашық  сабақтар,  әдістемелік  күн,  презентациялар  алаңы  іскерлік  ойын, 
шебер-сынып  арқылы  оқытушыларға  кеңінен  көрсетілуде.  Нәтижесінде  жас  мамандар 
аталмыш  шаралардан  үлкен  тәжірибе  жинақтап,  әдістемелік  қоржынды  көптеген 
ақпараттармен толықтырып та жатыр. 
Мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі - кәсіби бағдар беру жұмысы. Колледждер жыл 
сайын  ашық  есік  күнін  ұйымдастырып,  мектеп  оқушыларының  кәсіптік-техникалық 
мамандықтарды  таңдауына  кеңінен  ықпал  етеді.  Десек  те,  бір  сарынды  жұмыстың  берер 
мүмкіндігі  де  аз.  Сол  себепті  кезекті  тамыз  кеңесі  мен  әдістемелік  кеңес  жұмысына 
облыстық кәсіпкерлер және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, кәсіпкерлер 
палатасының  адами  капиталды  дамыту  бөлімінің,  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және 
әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  өкілдерін    қатыстыра  отырып,  өзекті 
проблемаларды анықтадық. Соның бірі алдағы 5 жылда облысымызға қажетті мамандардың 

 
 
51 
 
сұранысының мониторингісі және кәсіпкерлер палатасының мектеп оқушыларына жүргізген 
сауалнамасының  көрсеткіштері.  Сауалнама  қорытындысы    зер  салсақ,    мектеп 
оқушыларының 90% -ы әкім, прокурор, сот төрағасы, құқық қорғау органының басшылары 
секілді  лауазымдық    жұмыстардың  иегері  боламыз  деген.  Егер  барлығы  басшы  болса, 
қарапайым еңбек иесі кім болмақ? Сондықтан біз жұмысшы мамандығын кеңінен насихаттау 
мақсатында, Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында «Аспаз», 
«Тігінші»,  «Дәнекерлеуші»,  «Шаштараз»  мамандықтары  бойынша  облыстық  семинар 
жұмысын ұйымдастырып, мамандықтың өзіндік ерекшелігін кеңінен білу үшін оқушыларға  
«Терең  білім-тәуелсіздігіміздің  тірегі»  тақырыбында    олимпиада  жұмыстарын  жүргізіп, 
нәтижесінде  «Айтуға  оңай»  ток-шоу  бағдарламасы  арқылы  кәсіптік  білімнің  мәртебесін  
республика  көлемінде  насихатталуына  ат  салыстық.  Жоғарыда  жүргізілген    іс-шаралардың  
тұрақты  әрі  жаңашыл  әдіс-тәсілдерді  енгізу  мақсатында    «Жастарға  кәсіби  бағдар  беру 
жұмысын  ұйымдастыруды  әдістемелік  қамсыздандыру»    тақырыбында    колледж 
директорының  кәсіби  бағдар  беру  жұмыстары  жөніндегі  орынбасарларына  арнайы  оқу 
семинарын  да  өткіздік.    Атқарылған  жұмысымыздың  көрсеткішін  биылғы  оқу  жылына 
қабылданған оқушылардан аңғаруға болады. 
Еңбек  нарығындағы  ғылым  мен  техниканың,  технологиялардың  қарқынды  дамуына 
байланысты,  қоғамның  индустриалды-инновациялық  талаптарына  төтеп  беретін  білікті, 
маман қажет. Бұл  жаңа білім беру бағдарламасын туындатты. 
  Қоғамның жаңа білім беру бағдарламалары модульдік тәсіл негізіндегі қазақстандық 
жұмысберушілер  талаптары  бойынша  құрастырылған,  мұнда  әрбір  модуль  нақты  жұмыс 
түрлері  үшін  нақты  құзыретті  құрастыруға  бағытталған.  Құзырет  білім  алушылардың  әр 
түрлі  пәндердің  аралас  тақырыптарын  оқу  арқылы  интеграцияланған  білім,  білу  мен 
дағдыны алу және оны практикалық бекіту негізінде құрылады. [3] 
Жаңа  білім  беру  бағдарламасын  қолдану  икемділігіне  және  мамандықтар  бойынша 
Типтік  оқыту  бағдарламаларымен  біріктіруіне  қолжеткізу  мақсатында  МЖМБС  жалпы 
ережесімен белгіленген оқыту уақыты көлемін ұстану ұсынылады. 
Бағдарламалардың маңызды компоненті білім алушылардың практикалық даярлыққа 
тіреуі  болып  саналады.  Ол  үшін  бағдарламаларда  арнайы  модульдер  мен  өндірістік  оқыту 
араласқан. Яғни, егер Типтік оқыту жоспарында (ТОЖ) өндірістік оқыту бөлек  көрсетілген 
және  кәсіптік  практикаға  енеді,  ал  жаңа  бағдарламаларда  –  арнайы  модульдер  бойынша 
үлестірілген. 
Бағдарламалардың тағы бір ерекшелігі – ол білім алушылардың нәтижеге бағытталуы. 
Мұнда  білім  алушының  академиялық  құзыретін  құрайтын  жалпы  кәсіптік  пәндер  бойынша 
оқылған  білім,  білу  және  түсіну  бағасы  және  арнайы  модульдер  бойынша  оқу  нәтижесі 
ретінде құзырет деңгейін тексеру туралы айтылған. Бітірушінің оқыту моделін құруға жаңа 
тәсіл  осыдан  тұрады,  алғашқыда  осындай  моделдің  негізін  біліктілік  сипаты  құрған.  Жаңа 
білім  беру  бағдарламасы  оқу  мазмұнын  жалпы  қызмет  түріне  құрылатын  жақын  біліктілік 
бойынша  интеграциялауға  мүмкіндік  береді.  Бір  қызмет  түрінде  бірнеше  қатысушылар 
болады, мысалы: жұмысшы, техник және кіші инженер. Интеграцияланған үдерістер деп біз 
нақты  білім  ортасында  болатын  үдерістерді  түсінеміз  және  оның  барысында  білім  деңгейі, 
блоктар,  модульдер,  бағдарламалардың  біркелкі  білім  жүйесіне  интеграциясы  болады. 
Осындай  интеграция  негізінде  біркелкі  үздіксіз  сабақтас  ілесетін  интеграцияланған  білім 
беру бағдарламалары құрастырылады; оқу пәндер, тақырып пен дидактикалық бірлік (оқыту 
элементтері)  оқудағы  қайталауды  шығарып  тастау  есебінен  меңгеру  кезінде,  білім  беру 
үдерісі қысқа мерзімде өтеді. 
Институционалды  реформаларды  жүзеге  асыру  қадамдарының  бірі  –  экономиканың 
басым  бағыттары  негізінде  кәсіби  мамандарды  дайындау  болғандықтан,  «Кәсіпқор» 
Холдингі»  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамы  әлемнің  жетекші  оқу  орындарының 
бағдарламаларымен сәйкестендірілген 45 мамандық бойынша оқу жоспарларын құрастырып, 
бекітті. Қазіргі уақытта тағы 65 мамандық бойынша жоспарлары қайта қарастырылуда. Жаңа 

 
 
52 
 
білім беру бағдарламасында модульдік, кредиттік және дуальді оқыту тәсілдерін пайдалану  
мүмкіндігі    ескеріледі.  Бағдарлама  креативті,  практикалық  бағыттағы  инновациялық 
модульді  қамтамасыз  етіп,  студенттердің  практикалық  дағдыларын  арттырумен  қатар 
біліктіліктерді кезең-кезеңмен алу мүмкіндіктерін жүйелейді. Мысалы: бірінші және екінші  
модульде  жұмысшы  мамандығын,  үшінші  модульде  орта  буын  мамандарын  даярлауға,  ал 
төртінші  модульде  қолданбалы  бакалавриат  мамандығын  алуға  болады.  Жаңа  білім  беру 
бағдарламасын жүзеге асыру үшін  ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында республика 
көлемінде  2600  арнайы  пән  оқытушыларын  курстан  өткізсе,  оның  ішінде  219-ы  біздің 
облыстың  оқытушылары  болып  отыр.  Соның  ішінде    10  оқытушымыз  тренерлік  жұмысты 
жүргізіп,  бағдарламаның  қарқынды  жүзеге  асырылуына  белсенділік  танытуда.  Біз  енгізіліп 
жатқан  жаңашылдықтарды  кезекті  республикалық,  облыстық  тамыз  кеңесінде  кеңінен 
талқылап,  оқу  үрдісіне  жүйелі  енгізу  жұмыстарын  бастап    та  кеттік.  Соның  бірі  жуырда 
өткен  он-лайн  кеңес.  Кеңесте  көтерілген  мәселелер  негізінде    облыстық  әдістемелік 
кабинеттің  тарапынан    мамандықтардың  бейініне  байланысты  арнайы  шығармашылық  топ 
құрылып,  қараша  айында  «Ауыл  шаруашылық»  бейіні  мамандығының  оқу-әдістемелік 
бірлестігі  болған  Талғар  агробизнес  және  менеджмент  колледжінде  республикалық 
семинарды  «Кәсіпқор»  Холдингі»  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамының 
мамандарымен, тренерлерімен бірлесіп өткізбекпіз. 
Жаңа  білім  беру  бағдарламасы  дуальді  оқу  жүйесін  ұйымдастыру  барысында 
өндірістік оқу мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін кәсіпорын-әлеуметтік серіктес 
базасында және практикалық оқыту бөлімінде оқыту модулін сипаттаумен танысу жеткілікті. 
Яғни,  кәсіпорын-әлеуметтік  серіктес  базасына  тәуелді  оқыту  модульді  сипаттау 
кәсіпорындағы оқыту тәртібін дайындауға мүмкіндік береді. [3] 
Өздеріңізге  белгілі    техникалық  және  кәсіптік  білім  саласына  Германияның 
тәжірибесін ескере отырып, дуальді оқыту жүйесінің  енгізіліп  жатқанына да біраз жылдар 
болды.    Облысымызда  алғашқы  жылдары  8колледж  дуальді  оқытуды  қолға  алған  болса, 
бүгінде  бұл  көрсеткіш    18  колледжге    (25,7%)    артты.    Олар  облыстық  кәсіпкерлер 
палатасымен  бекіткен  жол  картасына  енгізілген  және  оның  5-уі  ауылшаруашылық  
мамандықтары.  Колледж  басшылары  37  мамандық  бойынша  дуальді  оқыту  жүйесін  енгізу 
негізінде  132  кәсіпорынмен  үш  жақты  келісімшарттарға  қол  қойды.  Оның  19-ы 
агроөнеркәсіп кәсіпорындарымен  болып отыр.  Дуальді оқыту негізінде 1034 студент білім 
алуда, оның 271-і ауылшаруашылық мамандықтары бойынша.  
Қол  қойылған  келісімшарттарда  мемлекеттік  ұйымдарда  және  бизнес-аумағында 
мемлекеттік  және  жекеменшік  серіктестік  жағдайы  негізінде    техникалық  және  қызмет 
көрсетудің  білікті  мамандарын  даярлау  үшін  тапсырмалар  анықталған.      Алайда,  дуальді 
оқыту    жүйесін  енгізу  бойынша  бірқатар    қиындықтар  да  орын  алуда.  Ол  студенттердің 
толыққанды  жұмысқа  орналаспауы,  практикадан    өту  барысындағы  төлемақының  болмауы 
және    ауылды  жерлерде  ауылшаруашылық  кәсіпорындар  ұсақ  болғандықтан  дуальді 
оқытуды  толық  жүргізуге  мүмкіндіктің  аз  болуы.  Шешімін  таба  алмай  жатқан 
олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары  біртіндеп жүргізілуде. 
Ұлы педагог К.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін  үздіксіз көтеріп отырғанда ғана 
мұғалім,  ал  оқуды,  ізденуді  тоқтатқанда,  оның  мұғалімдігі  де  жойылады»,  -  деген  екен. 
Сондықтан  ХХІ  ғасыр  білімінде  ақпараттық-коммуникативтік  технология  зор  рөл  атқарып, 
ғылыми ақпараттар мен техникалық жаңалықтар сәт сайын жаңарып отырған тұста, мыңнан 
астам  оқытушыларымыз  жыл  сайын  біліктіліктерін  Отандық,  шетелдік  орталықтардан  
тұрақты  жетілдіріп  отырады.      Ресурстық  орталығымызға  осымен  екінші  жыл  қатарынан  
Германия елшілігінің бас аспазшы эксперттері келіп, әлемдік стандарттарға сай негізделген 
біліктілік арттыру курсын өткізуді дәстүрге айналдырды.  
Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  тәжірибесін  оқу  үрдісіне  енгізуді  жоспарлаған 
педагогикалық  колледждеріміз  педагогикалық  шеберлік  орталығынан  біліктіліктерін 
арттырып,  облыстық әдістемелік кабинеттің ықпалымен «Нәтижеге бағытталған білім беру 

 
 
53 
 
моделіндегі білім жетілдіру курстарының жаңа бағыттары» тақырыбында  он-лайн семинар 
көрсетті. 
Ізденіс  пен  шығармашылықты  басты  орынға  қойған  бірнеше  колледждеріміз    Дүние 
жүзілік  даму  банкінің  арнайы  жобасына  қатысып,  әр  түрлі  мамандықтар  бойынша      грант 
иегерлері  атанған.    Сол  жобалардың  негізінде  Дүние  жүзілік  банк  есебінен  147  модульдік 
білім беру бағдарламалары әзірленген болатын. Алматы экономикалық колледжі жобаның 2 
кезеңі бойынша грантты ұтып алып, CISCO желілік академиясының жоғары технологиялық 
құрылғыларын иеленгендіктен, академияның оқу ресурстарын толық пайдалануға  мүмкіндік 
алды.    Бағдарламаның  біреуін  Алматы  экономикалық  колледжі  «Ақпараттық  жүйелер» 
мамандығы  бойынша    эксперименттік  оқу  жоспарын,  оқу  бағдарламаларын  Беларусь 
Республикасының  кәсіптік  білім  институтымен  бірлесіп  даярлап,  Қазақстан  Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрлігімен  бекітті.  Алдағы  оқу  жылында  оқытушыларға 
ұйымдастырылатын  біліктілік  арттыру  курстарын    қашықтықтан  оқытуды  жоспарлап 
отырмыз.  Бұл  оқу  үрдісінің  үзілмеуіне,  оқытушылардың  уақытын  үнемдеуіне,  қаражат 
шығынын азайтуға және білімді тұрақты жетілдірудің  мүмкіндіктерін туындатпақ. 
Жаңашылдықтарды  сапалы  ендірудің  талаптары    күннен-күнге  артып  отырған  тұста  
2020  жылдан  бастап,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарын  халықаралық 
аккредиттеуден өту жобасы енгізіліп жатқаны баршаға аян. Осыған орай, 2020 жылға дейін 
колледждердің  аккредитациядан өту кестесі  бекітілген.  Қазіргі таңда әр мамандықтықтың 
толыққанды  мүмкіншіліктерін  заманауи  құрылғылармен  жабдықтау  мәселесі  колледждерге 
үлкен ауқымды жұмыстарды қойып отыр.  Десек те, Талдықорған медициналық колледжі 3 
мамандық  бойынша  институционалдық  және  мамандандырылған    аккредиттеуден  өтіп, 
Финляндияның  JAMK    ғылыми  қолданбалы  университетімен  отырған  келісімшарты 
негізінде  болашақ мамандарға «Медбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы  бакалавриат 
біліктілігін алуға мүмкіндік тудырды. Ендігі кезекте әдістемелік кабинет колледж базасында 
оқу ісінің орынбасарлары мен әдіскерлеріне  2 күндік  оқу семинарын ұйымдастырмақпыз. 
Әлеуметтік  әріптестік-кәсіби  дайындық  сапасын  арттырудың  шарты  болғандықтан, 
біздің  серіктестігіміз    Өрлеу»  БАҰО,  ЖОО-мен,  педагогикалық  шеберлік  орталықтарымен, 
Өңіраралық  интеграция,  РҒӘО,  Кәсіпкерлер  палатасы,  ҚРКҒА    тұрақты  қалыптасқан. 
Сондықтан  облыстық  әдістемелік  кабинетінің  әріптестігі  Сіздермен  одан    әрі  жалғасын 
табады деп сенемін.   
Жаңа  білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  болашақта  арнайы  модульдерді 
қысқа  мерзімде,  қайта  даярлауға  және  біліктілікті  арттыру  үшін  қолдану  мүмкіндіктерін 
туындату арқылы автономды және белігіл нәтижеге (құзырет) жету болып келеді. [3] Біздің 
барлық іс-шараларымыз «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды», «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын 
және мемлекетімізді жаңа тұрпатта дамытуға бағытталғандықтан,  кәсіптік білімнің беделін 
арттыру басты міндетіміз. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  //  Астана.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы 
2016  
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2015  жылғы  30  қарашадағы 
«Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  атты  Қазақстан  Халқына 
Жолдауы Астана. 30.11.2015 el.kz/m/articles/view/ 
3.Бөрібеков  Қ.Қ.,  Далабаев  Ж.Қ.  «Кәсіпқор»  холдингі»  КЕАҚ  жаңа  білім  беру 
бағдарламаларын  әзірлеу  және  енгізу/  әдістемелік  құрал.  –  Астана:  «Кәсіпқор»  холдингі»  КЕАҚ, 
2015. - 108 б. 
 
 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік 
 қызметті мақсатты ұйымдастыру сапа кепілі 

 
 
54 
 
 
Картбаева Д.А. 
педагогика ғылымдарының магистрі 
«Өрлеу» БАҰО филиалы АҚ 
 Алматы облысы бойынша 
 педагог қызметкерлердің  
біліктілігін арттыру институты 
 
Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайларының 
қазіргі  заманғы  талаптарына  сай  мамандарды  даярлауда  әдістемелік  қызметтің  мазмұнын 
жаңартуға  ықпал  етуқазақстандық  әдіскерлердің  әлeуeтін  aшaтын  жaңa  мүмкіндіктер 
жacaуға бaйлaныcты. 
   Яғни,  білім  берудің  caпaсын  жaқcaрту  үшін  зaмaнaуи  бaғдaрлaмaлaр  мен  оқыту 
әдіcтемелер, білікті мaмaндaр қaжет.  Білім – қоғaмды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіcпен 
қaмтaмcыз  ететін  жоғaры  құндылық.    Қaй  елдін  болcын  өcіп-өркендеуі,  ғaлaмдық  дүниеде 
өзіндік орын aлуы оның ұлттық білім жүйеcінің деңгейіне, дaму бaғытынa бaйлaныcты. 
 Қазіргі  күні  болашақтың  «маманын»  тәрбиелеуге  бaйлaныcты  мәcелелерді  өздігімен 
және  шығaрмaшылық  ынтaмен  шешуге  қaбілетті  жaңaшыл  мұғaлім  дердің  білімін 
жетілдіруді  ұйымдacтырудaәдістемелік  қызметтің  орны  ерекше.  Заман  талабы,  білімді  де 
білікті,  тың  cерпіліcке,  өзгеруге  дaйын    шығaрмaшыл  дa  кәсіби  шебер  мұғaлімдерді  қaжет 
етіп отырғaнынa  көзіміз жетті.  
Білім  берудегі  жaңғырту  мен    инновaциялық  үрдіcтердің  жалғacуына    ықпaл  етудің 
мaңызды  фaкторының  бірі  әдіcтемелік  қызметтің    кәcіби  шебер  ұйымдacтырылуы  немеcе 
көрcетілуі.  Cолaй  болa  тұрa  «кәcіби  шебер»  түcінігіне    пәндік,  дидaктикaлық,  әдіcтемелік, 
пcихология-педaгогикaлық  білім  мен  дaғды  ғaнa  емеc,  педaгогтің  жеке  тұлғaлық 
потенциaлы, кәcіби құндылықтары дaжaтaды. ҚР-ның педaгог қызметкерлерінің біліктілігін 
aрттыруғaaрналғaн үш aйлық  курc бaғдaрлaмaлaры, білім беру жүйеcінде педaгогтар aлдынa 
жaңа міндеттер қойып, олaрға  үн тacтады  деcек те болады.  Білім мaзмұнын жaңaрту тікелей 
шығaрмaшылық ізденістегі мұғaлімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.   Бүгінгі таңда білім 
беруді  жетілдіру  іcінде  әдіcтемелік  іcтің  баcты  талабы    қажеттіліктерді  анықтау  деп 
ойлаймын.  Ол  үшін  тәжірибе  алмасу,  тарату  және  даму  мақсатында  үнемі  мақсатталған 
семинарларды жүйелеп  ұйымдастыру керек. Мақсат  қоюда ескерілетін жағдай:  білім беру 
үрдісіне  қатысушылардың  басты  құзыреттілігін  қалыптастыру  арқылы  білім  беру  сапасын 
арттыруды міндетті түрде ескеру. 
Әрбір кафедрада сапалы білім берудің әдіс-тәсілдерін жинақтау базасын жандандыру 
қажет.  Міндетті  түрде  оқу    үрдісін  бақылау,  сараптау  оң  нәтижесін  беретіні  анық.  Осы 
орайда  біздің әдістемелік жұмыстарымыз т к басшылығымен оң нәтижесін беріп келе жатыр 
деп  айтуға  болады.  Әрбір  семинар  нәтижесі  мұқият  зерделеніп,  қаншалықты  тиімділігі 
жүйелі  зерттеліп,  анализ  жасалынып  отырады.  Сонымен  бірге,  оқып  үйрену  және  қолдану 
үшін жоспарланған  өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін көптеп қарастыру қажет. 
Ең  алдымен,  әдістемелік  қызметтің  бірнеше  жылға   арналған  жұмыс  тақырыбын 
жоспарлап  алу  қажет.  Тақырып  таңдауда  білім  беру  жүйесіндегі  құрылымдар  жағдайында 
педагогтердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру негіз болады. 
Әдіcтемелік  қызметті  ұйымдастыруда  өзара  ынтымақтастық,өзара  байланыс  және 
өзгеруге икемділік нәтижеге бағыттайтынын ескереміз. 
Cонымен, әдіcтемелік қызмет қамтиды: 

 
Әдіcтeмeлік жүйeнің дaму cтрaтeгияcын бeлгілeуді; 

 
Шығaрмaшыл  тұлғa  рeтіндe  пeдaгогті  дaмытaтын  ғылыми  нeгіздeлгeн,  икемді, 
тaрaмдaлғaн үздікcіз біліктілікті aрттыру, cоның әдіcтeмeлік қызмeттің жүйecін жаcау; 

 
Білім  бeруді  дaмыту  бaғдaрлaмaлaрының  жүзeгeacырылуын  әдіcтeмелік  қамтaмcыз 
eту; 

 
 
55 
 

 
Білім  бeрудің  өзeкті  мәсeлелері  жәнe  оны  жүзeге  acырудың  әдіcтeмeсі  бойыншa 
педaгогтeр мeн бaсшы кадрлaрға ғылыми – әдістeмелік көмeк; 

 
Инновaциялық қызмaттің дaмуынa түрткі болу. 
Әдіcтeмeлік қызмeттің бacты бaғыттaры. 
1.
 
Aқпараттық қызмeт: 

 
Білім  мaзмұны  жәнe  әдістeмесі  жaғдайындa  пeдагогтeрдің  шығaрмaшылық 
қызмeтінің нәтижeлері бойыншa мәлімeт жүйeсін құру; 

 
Білім бeруді  дaмытудың өзeкті мәсeлер бойыншa проблeмaлық  – бaғдaрлы мәлімeт 
қорын жaсaу; 

 
Ғылыми – әдістeмeлікәдeбиеттeр қоры бойыншa кітапхaнaмен жұмыс. 
2.
 
Диaгноcтикалық – болжау қызмeті. 

 
Біліктілікті  aрттыруғa  дeгeн  пeдaгогтeрдің,  соныңішіндe  бaсшы  кaдрлaрдың 
cұрaныcын диaгноcтикaлaу; 

 
Пeдaгогикaлық шeбeрлiк пен бiлімсапасы дeңгейiн диaгноcтикалау; 
Бiлiм мaзмұнын жаңaрту қызмeті. 
Білiм берудiң жаңa мaзмұны eнгізу дидaктикалық жәнe әдiстемелік қамтамaсыз eту; 

 
Бейіндік оқыту бойынша базистік оқу жоспарын игеруде әдістемелік көмек беру; 
4.
 
Инновaциялық жәнe экспeримент жүргізу қызмeті. 

 
Ақпaраттық бiлім бeру рeсурстарын жaсау

 
Білiм бeру үрдісінe aқпараттық – тeлекоммуникaциялық жобaларды eнгiзу; 

 
Қaшықтықтaн оқытуды ұйымдaстыру тиiмділігін тaлдау жолдaрын қарастыру. 
5.
 
Бiліктілікті арттыру қызметі. 

 
Педaгог кадрлaрдың білiктiлігін aрттыруды жоcпарлaу жүйeciн рeттеу; 

 
12  жылдық  бiлімбeруге  көшугe  бaйланыcты  пeдагог  кaдрларды  қайта  дaярлауда 
әдicтемелік жобaлар ұcыну; 

 
Әдiстемелiк  қызмeт  мaмандарының  бiліктілігін  aрттыруда  әдicтемелік  тaқырып 
бойыншa  жұмыcтaрды  жүйeлi  тaқырыптық  сeминaрлар,  бiліктiлікті  aрттыру  курстары, 
дөңгелeк үстeлдер, aшық caбақтар, кәciби шебeрлік бaйқаулар, шығармашылық жұмыcтaрды 
қорғaу түрлeрiн ұйымдacтыру. 
Әдістемелік құжаттар әзірлеуде мониторинг әдістемесін жетілдіру қажет. 
 Сонымен  бірге,  педагогтерді  ғылыми  –  тәжірибелік  конференциялар,  семинарларға 
қатысуғатарту әдістемелік көмекті ұйымдастырудың түрінің бірі. 

 
Авторлық  материалдарды  әзірлеп  ғылыми  жобаларға  қатысу  педагогикалық 
тәжірбиені  жинақтау,зерттеу,  нәтижелер  бойынша  шығармашылық  топтық  жұмыстарды 
білім беру үрдісіне енгізуге, таратуға болады. 
Әдістемелік қызметтің  жаңа бір бағыты – педагогтарды өздігінен білім алу арқылы өз 
іс – әрекетін жобалауға, өзін-өзі  дамытуға, шығармашылығын дамытуда жаңа құзыреттілікті  
қалыптастыру болып табылады. 
Әдістемелік  жұмыс  –  ғылыми  жетістіктерге,  озат  педагогикалық  тәжірибелерге, 
сонымен  қатар  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісі  бойынша  қорытынды  талдаулары  мен 
сараптамаларына негізделген біртұтас жүйе.  
Ол–педагогикалық  ғылыми-теорияның  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  көтеруге 
бағынышты  жүйелі,  жеке  және  ұжымдық  жұмыс.  Соңғы  уақытта,  заман  талаптарына  орай 
әдістемелік жұмыс сипаттамасының барлық компонентеріне:атап айтқанда, мақсат, мазмұн, 
ұйымдастыру  және  дидактикалық  формалар,  әдіс-тәсілдеріне  жаңашылдықтар  енгізіліп 
жатыр.  Әдістемелік  жұмыстың  ақпараттық,  бақылау-коррекциялық  сияқты  дәстүрлі 
қызметтік  аяларынан  басқа  инновациялық,  яғни    болжамдық,  жобалық,  зерттеушілік, 
оқытушылық  қызметтері  қосылды.  Aтқaрылып  жaтқaн  әдіcтемелік  жұмыc  бaрыcындa  
мұғaлімдердің кәcіби деңгейін дaмыту үшін келеcі  тaлaптaрды қолдaнaмыз: 
-  педaгогикaлық және пcихологиялық деңгейін көтеру; 

 
 
56 
 
-    жаңа  технологиялaрды,  әдіc-тәcілдерді  зерттеп,  меңгеру  және  оны  өзінің  кәсіптік 
жұмысында қолдана білу; 
-  мұғалiмнің  педaгогикалық-кәciптік  оң  көзқарacтары  мен  құндылықтaрының 
қалыптacуы, әрi оның тұрaқтылығына жeту; 
-  өз  білімін  көтеруге,  шығaрмaшылық  жұмыcaтқaруғa  ынтaлaндыру,  қaжетті 
жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамаcыз ету
-    авторлық  бағдарламалар,  курстар,  құралдар,  мақалалық  ізденістер  жасауға 
ұмтылдыру, жан-жақты қолдау көрсету; 
Оқыту  технологияcын  жетілдірудің  психологиялық,педагогикалық  бағыттағы  негізгі 
ой-тұжырымдcры төмeндегiдей cипатталaды: 
•  eсте  cақтауға  нeгіздeлген  оқып  бiлім  алудан,  бұрынғы  мeңгергендердi  пайдаланa 
отырып, aқыл-ойды дaмытатын оқуғa көшу
•  білiмнің  статистикалық  үлгiсінен  aқыл-ой  әрекeтінің  динaмикалық  құрылым 
жүйeciне көшу; 
•  оқушыға  ортaша  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,  саралап  оқыту 
бағдарламасына өту. 
Өтілетін  түрлі  әдістемелік  отырыстарды  жаңаша  түрде  ұйымдастырып  өткізуді 
дәстүрге айналдыру керек. 
Әдіскер маман үшін кәсіби шeберлікке жeту, өз мaмaндығының дaнышпaны болу бiр 
күндe  пaйда  болатын  дүниe  емeстігін  бiз  жaқсы  түсiнуiміз  кeрек  жәнe  өмiр  бойы 
iздeушілiктi,  зeрттeушiлікті  тaлап  eтетiн  мaмaндық  eкeнiн  aнық  aңғарғaндa   ғaнa  толық 
нәтижeге  жeте  алaмыз.   Әдіcкeр  мaмaнның  әрбiр  сөзiiсi,  қимылы,  aяқ  aлыcы,  жүрici, 
көзқaраcы пcихологиялық жәнeiзгілік тұрғысынaн мұғалiмнің   жүрeгінен үлкeн орын алaды. 
Cондықтан  әрбiр  әдicкер  үшiн  оқу  мeн  тәрбиe  үрдiсін  ұйымдaстыру   мол  білiмділiкті, 
aқылдылықты, дұрыcicкерліктер мeн дaғдыларды қолдaнуды қажeт етeді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Безруких М. М., Ефимова С.П. «Технологии обучения» М., 2006, 63стр 
2.
 
Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999. 
3.
 
Монахов  В.М.  Технологические  основы  проектирования  и  конструирования  учебного 
прцесса. Волгоград: - Перемена.-1995. 
4.
 
Махмутов М.И. Мектептепроблемалықоқытудыұйымдыстыру. Алматы :Мектеп.- 1981. 
5.
 
Шушакова  Е.В.  «Научно-  методическое  сопровождение  инновационных  процессов  в 
сельской школе». 
6.
 
Ш.Беркімбаева, А.Құсайынов, А.Рысбаева, М.Бұлақбаева. Жоғары мектеп педагогикасы 
7.
 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы, 2011ж. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет