«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

Түрлері 
Әдіс - тәсілдер 
Көңіл  –  күйдің    алуандығын    білдіретін 
әртүрлі суреттер, түрлі- түсті  карточкалар 
«Бағдаршам»  әдісі,  «Күн  сәулесі»  әдісі,  «Алма  ағашы» 
әдісі, «Көңіл күй шыршасы» 
Бет әлпетті бейнелейтін  карточкалар 
«Күлегештер 
бейнесі», 
«Басбармақ», 
«Оймақтар», 
«Автопортрет»  
Көңіл-күйді   бояу  түстерімен  анықтауға 
болады 
«Түрлі  түсті  стакан»,  «Көңіл  күйлі  жапырақтар»,  «Алты 
қалпақ», «Түрлі түсті сулықтар» 
Кері байланыстың түрлерін: 
1. Көңіл-күй  мен  эмоциялық  жағдайдың рефлексиясы 
2.Сабақтағы іс-әрекеттің  рефлексиясы (іс-әрекеттің  нәтижесіне  талдау).  
3.    Оқу    материалының    мазмұнына  рефлексия  деп  үш  түрге  бөлуге  болады.Кері 
байланысты ауызша және жазбаша түрде аламыз.  
 
Қолдану кезеңі 
Әдіс - тәсілдер 
Үй тапсырмасын тексеру кезінде 
«Табыс  баспалдағы»,  «Табыс  ағашы»,  «Вагондар», 
«Белгілер», 
«Автопортрет», 
«Айнымалы 
бекет», 
«Шынайылық»,  «ия»,  «Қасиеттер  аллеясы»,  «Ашық 
жәрмеңке» 
Материалды бекіту кезінде 
Жоба қорғау кезінде 
Қолдану кезеңі 
Әдіс - тәсілдер 
Сабақты қорытындылау 
«Тегов»  бұлттары  стратегиясы,  «Графикалық  карта», 
«Сауалнама»,  «3К»,  «+,-,  қызықты»,  «БББ»  кестесі, 
Рефлексиялық  экран,  «Кубик»  әдісі,  «Асық»  әдісі,  «ҚҰС 
(қостым, ұсыныс, сұрақ)», «Кеше, бүгін, ертең» 
 Бағалау  
Кері байланыс 
 
Жазбаша  кері  байланысқа  қарағанда  ауызша  кері  байланыс  арқылы  көп  жетістікке 
жетеміз.  Ауызша  кері  байланыс  арқылы  нәтижеге  қол  жеткізуге  болады.  Уақытты  ұтымды 
пайдалану  үшін  осы  түрін  қолданған  абзал.  Кері  байланысты  қолданғанда  мынандай 
жәйттерді есте ұстаған дұрыс: 
-  Кері  байланыстың  үйренудің  ең  тиімді  әдісі  екендігін  ұмытпаңыз,  өзіңізге  қажетті 
екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың, өз 
олқылықтарымызды  түзетудің  ең  тиімді  нысаны  деп  қабылдау  керек.  Сол  себепті  кері 
байланысты сабырлықпен және іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек.  
Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі. Осы 
тұрғыдан  алғанда  кері  байланысты  ақиқат  деңгейіне  шығарудың  қисыны  жоқ  шығар.  Оны 
басқа  адамның  бағасы  деп  қабылдап,  оның  еш  міндетті  емес  екендігін  естен  шығармаған 
абзал.  
Мүмкін  кері  байланыстың  ең  құнды  жағы  бізге  ұнамайтын  бөлігі  болатын  шығар: 
айтылған  сын  мен  ескертпелер,  айқындалған  кемшіліктеріміз  бен  қателеріміз.  Алайда  мен 
сіздерге  кері  байланыс  бергенде  тым  қатал  сыншы  болмауды  ұсынамын.  Сондықтан  да 
кемшіліктерді  тіке  бетке  баспай,  оларды  жанамалай  жеткізген  жөн  болар?  Мысалы, 
мынандай  сұрақтар  арқылы:  «Неліктен  Сіз  бұлай  жасадыңыз  (айттыңыз,  жаздыңыз, 
ұйғардыңыз,  т.б.)?  Мүмкін  олай  емес,  былай  болар?»  немесе  «Егер  мына  жерге  мынандай 
өзгертулер енгізсе, не болар еді?» 
Негізінен  кері  байланыстың  үш  негізгі  қызметін  ажыратуға  болады:  әрекеттерді 
түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның 
мазмұны  жағымды,  позитивті  болу  керек.  Кері  байланыстың  негізгі  идеясы  жасалған  істі 
бағалау  емес  (оның  жақсы  не  жаман  жасалынғандығын  анықтау),  керісінше,  не  жасалуы 
керектігін көрсету. 
Сонымен,  кері  байланыс  оқу/оқыту  мен  үйренудің/үйретудің  қалай  жүріп 
жатқандығын,  оның  сапасын  анықтау  мүмкіндігін  береді.  Кері  байланыс  арқылы  оқу  мен 

 
 
103 
 
оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап 
немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады. 
Оқыту  мен  оқуды  кері  байланыс  арқылы  оқушы  жетістігін  бақылау  құралы  ретінде 
кері байланыс жасау арқылы мұғалім рефлексиялау дағдысы қатар дамып жатады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана. 2013 жыл 
2. Мұғалімдердің рефлексиялық дағдыларын қалыптастыру жолдары: Астана 2015 
3. Кері байланыс. Көрінетін оқу.  
 
 
Математика сабақтарында оқушыларды 
шығармашылыққа тәрбиелеу 
 
Султанова Ж. М. 
Жаңақала ауданы, «Д.Нұрпейісова»  
атындағы ЖОББМ, математика пәнінің  
жоғары санатты мұғалімі 
 
«Шеберліктің  белгісі  -  әртүрлі  әдісті  біліп,  сабақта  қолдана  білу»  А.Байтұрсынұлы. 
Елімізде  білім  саласында  айтарлықтай  өзгерістер  болды.  Соның  бірі  -  Қазақстан 
Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының  Кембридж 
университетінің  халықаралық  бағдарламасы  бойынша  оқытуы  деп  есептеймін.  Оқытуда 
оқушынының жеке тұлға ретіндегі келешегі, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынас 
нәтижесі  көзделеді.  Кембридж  университетінің  сарапшылары  ұстаздарға  білім  беру 
үдерісінің  тиімділігін  жақсарту  және  сапалы  біліммен  қамтамасыз  ету  үшін  тұлғаның  өз 
ойын  еркін  жеткізе  алу  қабілетін,  сыни  тұрғыдан  ойлауын  арттыру,  сабақта  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  жүйелі  қолдану,  оқытуды  жеке  тұлғаға  бағыттаудың 
тәсілдерін,  балалардың  өздігінен  білім  алуы  мен  дамуын  дәлелдейтін  бағалау  жүйесін 
кеңінен жүргізу қажеттігін ұсынған. Бұл курс енгізіліп жатқан жаңартылған бағдарлама үшін 
маңызды  қадам  боп  табылды.  Бұл  курсты  оқыған  мұғалімнің  тәжірибесі  жаңартылған 
бағдарламамен жұмыстануға жетерлік. 
Білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберіндегі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамытып, шығармашылыққа тәрбиелеу үшін кәсіби білімі жоғары жаңа заман ағымына сай 
жұмыстанатын шығармашыл ұстаз керек. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев:  «Біз  қазір  «білім-ғылым-
инновация»  атты  үштік  үстемдік  құратын  постиндустриялық  әлемге  қарай  бағыт  алып 
барамыз»,-деген екен. [3] 
Қазақстанның  әлемдік  үрдістерге  кіруі,  дамыған  елдердің  стандарттарына  деген 
ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өтуіне әкелді.  
Орыс  педагогі  К.Д.Ушинский  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  өз 
білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 
технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 
қонымды, тиімді болары сөзсіз.   
Тәуелсіз  еліміздің  келешек  ұрпағы  үшін  мұғалім  кәсіби,  шығармашылық,  мәдени 
деңгейін  арттырумен,  оқыту  үдерісінде  жаңа  әдіс-тәсілдерді  іскерлікпен  ұштастыруға  тиіс. 
Әрбір педагог әдістемелік қызметінің бүгіні мен болашағына жұмыстануы қажет. Сабақ беру 
әдістерімен қатар, қосымша  зерттеушілік жұмыстарымен айналысуы керек.   
Мен ғылыми зерттеу жобамның тақырыбын«Математика сабақтарында сыни ойлауды 
дамыту жолдары» деп алдым. Өйткені, мұғалім оқушылардың сыни ойлауын туғызу арқылы 
өзі  де  дамиды  және  танымдық  қабілеттерін  арттыру  арқылы  шығармашылық  деңгейге 

 
 
104 
 
жеткізеді.  Сыни      ойлау  дағдыларын  дамытудағы  маңызды  әдіс  -  Блум  таксономиясының 
деңгейлік сұрақтары. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір  деңгейінен 
екінші  деңгейіне,  яғни  қарапайымнан  күрделігі  біртіндеп  өтеді  деп  саналады.  Сыныпта 
осындай  сұрақтар  қою  арқылы  оқушылар  үйреніп  қана  қоймайды,  сондай  орта 
қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі. Блум таксономиясы - жеке 
тұлғаға  бағытталған  шығармашылығын  дамытушы  және  білімді  толық  меңгертудің  әдісі 
болып табылады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір түкпірінен жиылған 
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис 
С.Мередит,  Чарльз  Тэмпл.  Жобаның  негізін  салушылар  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский 
теорияларын басшылыққа аламын. [3] 
Күтілетін  нәтиже:  Сыни  ойлау  арқылы  оқушылардың  белсенділігі,  өзіндік  сана-
сезімі  мен  пайымы,  шығармашылығы  және  дарынды  тұлғаның  эмоционалдық  сферасы 
дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады.  
Зерттеу  жаңалығы:  Интербелсенді  әдістерді  қолдана  отырып  тұлғаның  сыни 
ойлауын  дамыту  арқылы  шығармашылыққа  тәрбиелеу  және  дарынды  тұлғаның 
шығармашылық әлеуетін дамыту.  
Қорытындысы:Сыни  ойлау  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамытып,  оларды  оқу 
мен  өмірде  туындайтын  проблемаларды  өздігімен  шешуге  бағыттайды.  Осы  арқылы  сыни 
ойлау  оқушыларды  ақпаратпен  жұмыс  жасауға,  өзбеттерімен  түсінуге,  шешім  қабылдауға 
үйретеді.  Сыни  ойлау  әр  адамды  табиғатындағы  менмендіктен  және  ортаға  тәуелділіктен 
арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, ортақ шешім, ортақ ой түйеді. 
Сабақта  сыни  ойлауларын  дамыту  мақсатында  Блум  таксономиясының  деңгейлік 
сұрақтары  қолданылады,  сұрақ-жауап  арқылы  бір-бірімен  тиімді  диалогқа  түседі. 
Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа өтеді, тақырыптың мәнін ашады, 
сабақты жан-жақты талдайды, жинақтайды және оның болашағын бағалайды. Оқуды бағалау 
және оқыту үшін бағалау жүзеге асады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылықпен 
жұмыстанады  және  топтық  жұмыста  ұжымдық  іс-әрекетке  тәрбиеленеді.  Нәтижесінде 
дарынды және талантты тұлғалар өсіп жетіледі. 
«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге 
жетелейді»  -деп  неміс  педагогі  А.Дистерверг  айтып  өткендей  бүгінгі  таң  мұғалімдері  жаңа 
әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тұлғаны алған білімін сыныптан тыс қолдануға жетелейді. 
Мен  сабағымды  оқушының  көңіл-күйін  білуден,  міндетті  түрде  танысу,  сәлемдесу, 
көңіл-күй немесе логикалық ойлауға негізделген ойсергектерінен бастаймын. 
Топқа  бөлінуді  өткен  тақырыптармен  байланысты,  немесе  өткен  сабақ  пен  бүгінгі 
сабақты  байланыстыратындай  етіп    құрамын.  Алдымен  оқушы  суырған  шиырмасына  не 
жазылғанын  қарап,  ол  туралы  1  секунд  болсада  ойлау  керек,  сосын    құрдастарымен  тез 
қарым-қатынасқа түсіп өзінің қай топқа жататынын тауып қосылу керек. Топ құрылған соң 
аттарын  соған  байланысты  қойып,  қорғау  қажет.  Бұл  жерде  «Ұйымшыл  топты»  бағалау 
болады.                      
8-сыныптағы  «Биквадрат  теңдеу»  тақырыбында  шиырмада  толық  квадрат,  толымсыз 
квадрат  және келтірілген квадрат  теңдеулерге мысалдар жазылып,  оқушылар сол мысалдар 
бойынша 3 топқа бөлініп, топқа мысалдарға сәйкес ат қойып, «неге олай аталды?» сұрағына 
жауап  беріп,  анықтамаларын  айтып  топ  аттарын  қорғады.  «Не  білгім  келеді?»  арқылы 
квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеу биквадрат теңдеу тақырыбына келеді.  
6-сыныпта  «Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу»  тақырыбында  шиырмаға  ах=в 
түріндегі  сызықтық  теңдеу,  санды  теңдік  және  ах+в=сх+d  түріндегі  бір  айнымалысы  бар 
сызықтық теңдеу мысалдары жазылды. Оқушылар алдыңғы екі топқа тез бөлінді де, 3- топ 
аттарын қалай атарын білмей тұрып қалды. Мен сұрақтар қойдым: «Берілгенін оқы?», «ах=в 
түріндегі    теңдеумен  салыстыр,  сонда  не  байқадың?»,  «Неге?»,  «Қандай  теңдеу  деп 
ойлайсыздар?» Бұл бүгінгі бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу екен. 

 
 
105 
 
10-сыныпта  «Жазықтықтардың  перпендикулярлығы»  тақырыбында  топтың  атын  топ 
басшылары  суырды,  «бұл  атаулар  нені  білдіреді?»  деген  сұраққа  кеңістіктің  негізгі  3 
ұғымына  байланысты  атау  деп  тапты.  «Бұл  ұғымдарға  анықтама  беріле  ме?»  деген  сауалға 
жауап берді.Үш ұғымның өзара байланысын түсіндірді. 
«Адасқан әріптер» әдісі бойынша жаңа тақырыпты жазып, «Атаулар туралы 3 сұрақ» 
әдісімен  жаңа  тақырыпта  кездесетін  терминдерге  сипаттама  береді.  «Жазықтықтардың 
перпендикулярлығы»  тақырыбындағы  жазықтық  ұғымы  негізгі  ұғым,  анықтама  берілмейді, 
ал  перпендикуляр  терминіне  төмендегідей  сұрақтар  қойылып,  оқушы  пікірлері  тыңдалады. 
Бұл  терминді  бұрын  қайда  және  қандай  мағынада  кездестіріп  едіңіз?  Қалай  қолдандыңыз, 
мысал келтіріңіз? Осы сабақта бұл атау қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Мұғалім 
сұрақтарды  шығармашылық  тұрғыда  әр  сабақта  тақырыпқа  байланысты  өзгертіп  отыруы 
тиіс. 
Үй  тапсырмасын  тексеруді  немесе  өткен  сабаққа  шолуды  кластерлер  арқылы, 
«Шаттық  шеңберде»,  «Шынжыр»,«Бұл  кім?»  немесе  «Мен  кіммін?»  ойындары  негізінде 
сұрақ-жауап  арқылы  бір-бірімен  диалогқа  түcіріп  ұйымдастырған  тиімді.  Бұл  жерде  сабақ 
басында  оқушылардың  сыни  ойлауын,  белсенділігін  арттыру  үшін  кіріспе  сұрақтар  немесе 
Блум таксономиясының деңгейлік сұрақтары қамтылады.  
6-сыныпта  «Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу»  тақырыбында  өткен  сабаққа 
шолуда ах=в жазуын суырған оқушы басқа оқушылармен диалогқа түседі:  
- Мен кіммін? 
- Сен теңдеусің. 
- Қандай теңдеумін? 
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеусің. 
- Неге? 
-  Себебі, құрамыңда бір ғана айнымалы х бар, анықтамасын айтады. 
- Менің қандай қасиеттерім бар? 
- Менің түбірімді қалай табуға болады? 
- Маған мысал келтіріңдер.  
- Менің санды теңдіктен ұқсастығым, айырмашылығым неде? 
- Болашақта менің қандай көмегім бар, пайдам бар?  
Бұл  жерде  оқушының  деңгейі  де,  білімі  де  көрініс  табады  және  жоғары  деңгейде 
диалогқа түседі. Диалог арқылы баланың сыни ойлауы, сөйлеу мәдениеті дамиды. 
10-сыныпта  «Жазықтықтардың  перпендикулярлығы»  тақырыбында  үй  тапсырмасын 
тексеруге оқушы төмендегідей деңгейлік сұрақтар қойды: Екіжақты бұрыш деген не? Оның 
элементтерін атап, сызбадан көрсетіңдер? Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деген не? 
Екіжақты бұрыш моделінен сызықтық бұрышы 30
0
,  45
0
,  90

болатындай етіп бүктеңдер. Не 
айтуға  болады?  Екіжақты  бұрыш  пен  жалпы  бұрыш  ұғымдарының  айырмашылығы  неде? 
Өмірде,  күнделікті  тұрмыста  қолданылуына  мысалдар  келтіріңдер.  Бұл  ұғымдардың 
болашақта қолданыста қажеті бар ма?  
Балаларды  ойлауға  итермелейтін  ашық    деңгейлік  сұрақтарды  сабақта  қолдану 
арқылы  олардың  сыни  ойлау  деңгейлерін,  белсенділігін  арттыруды  көздедім.  Сұрақтарды 
оқушылар өздері әзірлейді, жауап береді. 
Негізгі  бөлімде  жаңа  сабақты  өзбеттерінше  түсіну  үшін  «Биквадрат  теңдеу» 
тақырыбында топта алгоритм құрса, «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуде» оқулықтағы 
алгоритм  бойынша  топтық  жұмыс,  «Жазықтықтардың  перпендикулярлығы»  тақырыбында 
«Үш  қадамды  сұхбат»  әдісімен  жұптық  жұмысы  жүргізілді.  «Ойлан,  Жұптас,  Пікірлес» 
интербелсенді әдісі арқылы берілген уақыт ішінде өз тобында не жұбында қағазға түсіреді, 
талқылайды, пікірлеседі, содан соң тақтаға жазып көрсетеді, геометрияда постерде қорғады. 
Танымдық  қабілетін  аша  білетін  деңгейлік  тапсырмаларды    пайдалану  арқылы 
шығармашылыққа жетеледім. 8-сынып оқушылары әлем, квадрат теңдеу, биквадрат теңдеу, 
тазша бала тірек сөздері  арқылы ертегі құрса, 6-сынып  «Теңдеуге»  өлең шығарды, өмірден 

 
 
106 
 
мысал есептер келтірді, 10-сынып оқушысы  «Перпендикуляр ұғымы» деген өлең шығарды. 
Сабақтағы  әдіс-тәсілдерге  байланысты  топтық,  жұптық,  өзін-өзі  және  Блум  жүйесімен 
бағалаулар оздырылады. 
Қорытынды  бөлімінде  «Алты  қалпақ»,  «Бес  саусақ»,  «Кемпірқосақ»,  «Шеңбердегі 
доп», «Бір ауыз сөз», «Білемін, білдім, білгім келеді», «Гүлдер», «Смайликтер», «Баспалдақ» 
тәсілдерінің бірі арқылы рефлексия жасап, кері байланысқа түседі. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» 
айтылады. 
Математика  сабақтарында  интербелсенді  әдістерді  қолдану  арқылы  оқушылардың 
сыни ойлауларын дамыту жолдары жетіледі, шығармашыл тұлға тәрбиеленеді.  
Мен  сабақтарымда  Блум  таксономиясын  қолдануды  және  бағалауды  қолға  алдым. 
Сабақтың өн бойын немесе кейбір бөлімдерін (үй тапсырмасын тексеру, негізгі және бекіту) 
Блум  жүйесімен  құрдым.  Деңгейлік  сұрақтарды    Блум  түймедағына  орналастырып,  жауап 
беруді дағдыға айналдырдық.  
Блум жүйесімен құрылған деңгейлік тапсырмаларды сабақта жиі қолдандық. 
Математика сабақтарында интербелсенді әдістерді және Блум таксономиясын қолдану 
оқушылардың сыни ойлауларын дамытады, шығармашыл тұлға тәрбиеленеді. 
Мектебімде  интеллектуалды  дарынды  жасөспірімдерге  арналған  қосымша  сабақтар 
ұйымдастырылды.  Ондағы  бағдарламада  қаралатын  тапсырмалар  қиындатылған  түрде 
танымдық  қабілеттерін  дамытуға  арналды.  Шынайы  өмір  мен  ғылымның  байланысын 
қарастыруға  көп  уақыт  бөлінді,  бұның  өзі  олардың  тапсырмаға  деген  қызығушылығын 
арттырып, оны шешуге ұмтылысын күшейтті. Әртүрлі сайыстар, семинар, шебер сыныптар 
жаңа әдіс-тәсілмен өтуде.  
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала 
бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – 
бүгінгі заманның талабы. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.      Бірінші  деңгей    «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  » 
ДББҰ ,  2012 
2.
 
Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. А.Әлімов, Алматы-2015. 
3.
 
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2014 ж. 
4.
 
www.zkoipk.kz сайтындағы жаңалықтардан, баяндамалар 
5.
 
ЖОО-да интербелсенді әдістерді қолдану.  А.Әлімов, Алматы-2015. 
6.
 
Педагогикалық ізденіс.  Алматы, Рауан , 1990 
7.
 
Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы», Ақтөбе-1999 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушылардың тиімді басқарудың көмегімен өз оқуын 
 ұйымдастыра білу жолдары 
 
Алдабергенова Г. Ш. 
Тараз қаласы,№54 орта мектебі,  
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
Егеменді  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  отыз  мемлекеттің  қатарына  қосылуға 
табандылықпен  жылжу  саясаты  қоғамымыздың  барлық  саласында  түбегейлі  өзгерістер 

 
 
107 
 
енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім 
беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнің  өз  сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін 
дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай  ұйымдастыруын  талап  етеді.  Бұндай  міндеттер 
оқушылардың  оқыған  тақырып  бойынша  білімдерін  өз  деңгейінде  көрсетіп,  кейбір 
болжамдар  бойынша  күмәнді  ойларын  білдіре  алатындай,  пікір-көзқарастарын  нақтылап, 
жаңа  ұғым-түсініктерін  өрістетуге  орайластырылып  құрылады.Заманауи  тәсілдің  ең  негізгі 
ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде 
қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – 
жекелеген  оқушылардың  тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін,  оқушылардың  түсінігін 
жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-
ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете 
түсінуі.  Сындарлы  оқытудың  жоғарыдағыдай  сипатталып,  түсіндірілуі  мұғалімнің  ой-
пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарастарға қатысты бірқатар баламалы 
шешімдерді де қамтиды.[1] 
ХХІ  ғасырда  білім  берудің  мақсаттары  мен  міндеттерін  түбегейлі  өзгерту  кезек 
күттірмес  мәселеге  айналып  отыр.  Кез  келген  оқыту  белгілі  мөлшерде  адамды  дамытады. 
Оқитын  пән  қаншалықты  жаңа,  бағалы  болса  да,  мұғалімнің  шеберлігі  қандай  жоғары 
болсын,  берген білім  күткен нәтиже бермейді. Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын 
басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел 
тағдырын  шешетін  азаматтар.    Олардың  сапалы  білім  алуын  бүгін  қамтамасыз  ету  –
мұғалімнің  басты  міндеті.Өйткені  қазіргі  кезеңдегі  ақпараттардың  толассыз  ағыны  
педагогтардың  қазіргі  таңдағы  басты  міндеті  -  оқушыларға  білімді  үйіп-төгіп  беру  емес, 
берген білімді өз бетінше тиімді игеру үшін оқушыларды қажет құралдармен жарақтандыру 
болып отыр. 
Оқу  машығы,  яғни  «оқығанды  тоқи  білудің»    мәселесі  барлық  педагогикалық  
тұжырымдамаларда  қарастырылған,  дегенмен    оған    педагогикалық  біліктілікте  және 
Еуропалық біліктілік жүйесінде (2006ж.) айрықша ден қойылған.  
«Оқу машығы» -  бұл оқумен шұғылдану қабілеті және оқудағы табандылық. Адамдар 
уақытты  ұтымды  пайдалану  арқылы  және  өзін  жеке  немесе  топ  ішінде  тиімді  басқарудың 
көмегімен өз оқуын ұйымдастыра білуі тиіс. Бұл біліктілікке жеке оқу үрдісін, қажеттілікті 
түйсіну,  қол  жетімді  мүмкіндіктерді  анықтау,  жемісті  оқуға  бөгет  болар  кедергілерді  жоя 
білу  жатады.Бұлардың  барлығы  жаңа  білім  мен  білікті  игеріп,  өңдеп,  сіңіруді  сондай-ақ  
ұмтылысты  білдіреді.  Оқу  машығы  оқушыларды  білім  мен  біліктерін  түрлі  жағдайларда  – 
үйде,  жұмыста,  білім  мен  тәрбие  үрдісінде  қолданып  пайдалану  үшін  алған  білімдері  мен 
өмірлік  тәжірибелерге  сүйенуге  баулиды.  Мотивация  мен  сенім  (өзіне  сенімділік)  жеке 
біліктіліктің шешуші шарты болып саналады [2] 
Оқу  машығы,  ең  алдымен,  сауаттылықты  және  әрі  қарай  оқуға  қажетті  біліктерді 
айыра  білу  сияқты  машықтарды  игеруді  талап  етеді.  Оларға  сүйене  отырып  әр  адам    жаңа 
білім  мен  машықты  тауып,  қорытып,    бойына  сіңіре  білуі  керек.  Адамдар  өздігімен  оқуға, 
өзіндік  тәртіпке,  сондай-ақ  топпен  бірлесіп  жұмыс  жасау  үшін  уақыттарын  бөлуге  дайын 
болуы қажет. Оқу үрдісінің  ажырмас бір бөлігі болып саналатын ұжымдық оқуда олар түрлі 
топтармен пікірлер алмасып, өзінің және өзгелердің білгендерімен бөлісуді,  қажетін алуды, 
өз жұмысын бағалауды, кеңес сұрауды, ақпараттар мен қолдау іздеуді білуі тиіс. 
Өмірде  игі  табыстарға  жету  үшін    шұғылданып  жатқаныңа  сенімді  болу  және 
мотивация қашанда оң ықпал етеді. Түйінді мәселелерді шешуге деген жігерлілік оқуға және 
кедергілер  мен  өзгерістерге  өздігіңмен  төтеп  беруге  қолдау  көрсетеді.  Алған  білім  мен 
өмірлік тәжірибелерді қолдануға ынталы болу, оқуға мүмкіндік табуға және біліміңді өмірдің 
түрлі  жағдайларында  қолдануға  ұмтылыс  жасау  –  бұлар  әрдайым  оң  жолға  бастайтын 
бағдаршам  іспетті.Енді  тиімді  оқудың  тәсілдеріне  тоқталатын  болсам,білімді  мәтіннен  алу 
үшін  мәтінді  оқығандаақпарат  көздеріне  нұсқайтын  негізгі  сөздердің  астын  сызып  отыру 
керек.Негізгі  сөз  мәтін  талдаудағы  мәтіннің  мазмұнын  білдіретін  сөздер  жиынтығы.  Олар  

 
 
108 
 
мәтінде  жиі  ұшырасады  ,  көбінесе  мәтіннің  тақырыбы  болып  келеді.Одан  әрі  қарай 
тақырыптың  мазмұнын  сұрақ  түрінде  жазып  немесе  әр  абзацтағы  негізгі  ойды  сөз  немесе 
сөйлеммен  жазу  қажет.Оқу тапсырмаларын оқып шығып, оқу тапсырмасын орындау үшін 
өзіңнің  нені  білетініңді  және  жаңадан  нені  меңгергеніңді  анықтайсың.Егер  тапсырмаларға 
жауабың толық болмаса, сабақтың мәтінін қайта оқып шығу қажет. Сабақ барысында оқудың 
тиімділігін арттырудың жолы өз қызметіңді жоспарлау болып табылады. Мәтін – белгілі бір 
тәртіппен  орналасқан  және  тұтас  күйінде  қаралатын  сөйлемдер  мен  сөздерден 
тұратындықтан,бізжоспарлауда төмендегі қағидаларды ұстанамыз: 

 
Мәтінді бөліктерге бөл (әдетте,әрбір бөлік мәселенің әр қырын көрсетеді). 

 
Әр  бөлікті  нөмірле  және  әрқайсына  тақырып  қой  (жоспардың  бірнеше  нұсқасын 
жасауға) 

 
Мәтіндегі түйінді толымды мазмұндауға мүмкіндік беретін нұсқаны таңда. 

 
Жоспарды  мұқият  сарала.  Оның  мәтінді  кіріспеден  қорытындыға  дейін  толық 
қамтитындығына көз жеткіз.  
Жоспар құрылып болған соң, мәтінді оқып шығып, бірінші пунктте не айтылатынын, 
екінші  пунктте  не  айтылатынын  және  т.с.с.  нақтылау  қажет.  Содан  соң  оқулықты  жауып, 
жадыңда сақталғанын жоспарға қарап отырып (оқулыққа емес), дауыстап айтып көру керек. 
Кейін  айтылғанда  ұмытылып  қалғандарын  белгілей  отырып,  есте  қалғандарын  дауыстап 
қайталап айтып, мәтінді  тағы бір оқып шығу қажет.      
Мәтіннің негізгі идеясын айқындау үшін алдымен мәтінмен танысамыз.Ондаавторға, 
басылым  жылына,  автор  пайдаланған  библиографиялық    дереккөздерге  назар  аударамыз 
және  мәтіннің  құрылымымен  танысып(тақырыбы,  тақырыпшалар,  кіріспе,  мазмұны, 
қорытындылар), мазмұндаудың сипатын анықтаймыз (ақпараттық немесе проблемалық). 
Содан соң мәтінді  мұқият оқимыз.Ол былайша жүзеге асады: 
Негізгі ұғымдардың астын сызу. 
Бұл  ұғымдарды,  сөздердің  мағыналарын  білетін-білмейтініңді  тексеру  (білмесең  – 
сөздікке  жүгін)Ал  негізгі  идеяларды  анықтау  үшін)  маңызды  емес  ақпаратты  (қажетсіз 
қайталаулар,  мысалдар)  алып  тастап,  қажетті  терминдерді  ғана  қалдырамыз.Содан  кейін 
реттілікті  сақтап,  жоспарды  пункт  түрінде  дәптерге  жазамыз  және  мәтін  жазуға  көмекші 
құрал  ретінде  құрылған  жоспарды  пайдаланып,жоспардың  әр  пунктін  қажетті  ақпаратпен 
толықтыра отырып мәтін құрастырамыз.  
а)  Әр  бөлімде  кім  туралы  (немесе  не  жайында)  және  не  айтылатыны  түсінікті  болу 
үшін жоспардың пунқтерінде негізгі ойларды білдір; 
 Мәтінді  оқығанда  маңызды  емес  мәселелер  де  кездеседі,мұндайда  маңызды  емес 
мәселерді оқудан аулақтанғың келсе, сұрақтарды оқып шыққан жөн.Соңында ақпараттардың 
ойдағыдай жүйелі баяндалғанын, сөйлемдердің анық және дұрыс құрылғанын тексеріп оқып 
шығамыз. 
Мәтінді оқу үшін мынаны есте сақтаған дұрыс:  
а)  Мәтінді  алдын  ала  бөліктерге  бөлшектемей  тұрып,  материалды  оқу  барысында 
негізгі  ойларды  ажыратып  ал.  Мәтіндегі  негізгі  ойлар  бір  бастаудан  тараған  «жылғалар» 
сияқты  тұтас  мағыналық  байланыста  болуы  керек.  Негізгі  ойлар  төңірегінде  бөліктер 
өздігінен құрылады. 
б)  Айқындалған  ойлардың  негізінде  қысқа  әңгіме  құрастыр(«кім  туралы,  не  туралы 
айтылады?»  және  «Ол  туралы  не  айтылады?»).  Егер  жазған  сөйлемдерінің  қайсы  бірі 
басқаларына сйкес келмесе, онда негігі ой айқындалмаған, сондықтан мәтінннің сол жеріне 
қайта оралу қажет. 
Бүгінгі  жаһандану  заманында  жас  ұрпаққа  әлемдік  стандартқа  сәйкес  білім  беру 
мәселелері  мемлекетіміздегі  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  әлемдік  жинақталған 
тәжірибені  және  отандық  озат  тәжірибен  ісаралай  отырып,  оқытумен  тәрбиелеуде  заман 
талабына сай жаңашыл ұстаз, жаңашыл, құзырлы тұлға қалыптастыра алады. 

 
 
109 
 
   ХХІ  ғасыр-ғылымғасыры.  Сондықтан    жаұрпаққа,  жасбуынғажаңашабілім  беру 
жолындатүбегейліөзгерістержүріпжатыр. 
Жеке 
тұлғаяғни, 
дарынды, 
шығармашылықтұлғақалыптастырубілім  мен  тәрбиеберудегімемлекеттікістіңеңмаңыздысы. 
Мақсаттыбілім 
беру 
– 
тұлғадамуынжүзегеасыратынмәселе. 
Ендеше,адамзатбаласыныңөзұрпағыноқытутәрбиелеудегіеңозықтиімдіізденістерін, 
тәжірибелерінжалғастырып,  тыңжолдаріздеу,  жаңашыләдіс-тәсілдер,озықүлгілеріндамытуда 
ұстаздарымыздың еңбегі жанып, мәртебесі биіктей берсін.  
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткелік мектебі» ДББҰ, 2014 
2.
 
Рудик Г.А. Оқудың 101 техникасы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет