«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37

5-мысал. Сым резистор арқылы өтетін ток күшінің тәуелділігін зерттеу үшін ондағы 
кернеуден  2-суретте  көрсетілген  электр  тізбегі  жиналды.    Сұрақ.  0,22А  ток  күшін  көбейту 
үшін кернеуді қаншаға жоғарылату қажет?    

 
 
125 
 
2-сурет 
6-есеп.  Құты.    Табанының  ұзындығы  48  см  болатын  цилиндр  тәрізді  құтының  ішкі 
қабырғасында  жоғарғы  ернеуінен  3,5  см  жерде  бір  тамшы  бал  жабысып  тұр,  ал  оған 
диаметрлік  қарама-қарсы  сыртқы  қабырғасында  шыбын  отыр  (3-сурет).  Шыбынның  балға 
дейін жылжып бара алатындай ең қысқа жолдың ұзындығын табыңдар.    
3-сурет 
Шығарылуы:  Цилиндр  тәрізді  құтының  бүйір  бетінің  жазбасын  қарастырамыз  (4-
сурет).    А  нүктесінен  В  нүктесіне  дейінгі  ең  қысқа  жол  ұзындығы  АВ
І
  кесіндісінің 
ұзындығына  тең  болатын  АСВ  жолы  болып  табылады.    АВВ
І
  үшбұрышының  АВ  катеті 
шеңбердің  ұзындығының  жартысына  тең,  ал  ВВ
І
  катеті  7  см-ге  тең  екенін  ескерсек,  онда 
іздеп отырған ең қысқа қашықтық 
 
4-сурет 
7-есеп.  Жас.    Әкесі  және  баласының  жасын  бірге  қосқанда  –  34  жас,  баласы  мен 
атасының жасын бірге қосқанда – 65 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 85 жас.   
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста?   
Жауабы: ___________.    
8-есеп. Қозғалыс.  Екі пойыз υ
1
=36 км/сағ және υ
2
=54 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне 
қарсы  жүріп  келеді.  Бірінші  пойыздағы  жолаушы  екінші  пойыздың  жандарынан  t  =  6  с 
уақытта өткенін байқады.  
Сұрақ. Екінші пойыздың ұзындығы қандай?   
Жауабы: ___________.    
9-есеп.  Қашықтық.    Мағжан  үйге  велосипедпен  қайтып  келе  жатыр.  Оның  үйінің 
жанында отырған ит Мағжанды көріп оған қарсы 10 м\с жылдамдықпен жүгірді. Мағжанды 

 
 
126 
 
орта  жолда  кездестірген  соң  қайтадан  кері  үйге  ғарай  жүгірді.  Сонан  соң  ол  тағы  қарсы 
жүгірді де оны жолдың -де кездестіріп кері бұрылып үйге ғарай қайта жүгірді бұл арада ол 
тура 50 м қашықтықты жүгіріп өтті [4] 
1-сұрақ. Ит Мағжанды қандай қашықтықтан көріп қалды?   
А. 98 м  В. 200 м  С. 120 м  D. 320 м   
Жауабы: ____________.   
2-сұрақ. Ит барлығы қанша метр жүгірді?  
 А. 300 м  В. 270 м  С. 400 м  D. 200 м   
Жауабы: ____________.   
3-сұрақ. Ит қанша секунд жүгірді?   
Жауабы: ____________.   
4-сұрақ. Мағжан мен иттің жылдамдығын салыстырыңдар?   
Жауабы: _________. 
Сөзімді  топшылайтын  болсам,  жоғарыдағы  келтірілген    іспеттес  тапсырмалар  мен 
есептерді  орындату  арқылы  келешек  буынды  теориялық  тұрғыда  болса  да  жағдаяттық 
мәселелерді  шешуге  даярлай  алатынымызға  сенемін.  Осы  арқылы  егеменді  еліміздің 
ертеңіне қажетті ұлттық кадрларды (инженерлер, сәулетшілер(архитекторлар), дизайнерлер, 
энергетиктер, өнертапқыштар, т.т.) қалыптастыруға ықпал ету әрбір педагогтың борышы деп 
білемін. Ол үшін оқушылардың ой қиялдарына ерік бере отырып, олардың алдарында жаңа 
көкжиектер бар екеніне иландырсақ болғаны. 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.
 
«Математика және физика»  №2, 2015 жыл 
2.
 
PISA-2015  зерттеуінің  әлеуетті  қатысушылары  –  15  жастағы  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  курсының  оқу  бағдарламасы.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы. Алтынсарин  атындағы 
ҰБА, 2014. – 36 б.  
3.
 
http://www.inform.kz/ru/kazakstanda-oku-zhetistigin-bagalaytyn-timss-2015-pisa-2015-zhane-pirls-
2016-zertteuleri-ayaktaldy_a2772748 
4.
 
PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз 
ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.  
 
 
Білім беру мазмұнын жаңартуда ағылшын тілін оқытудың  
мазмұны мен әдістемесі 
 
Немеребаев Е. С. 
Алматы облыстық әдістемелік  
кабинетінің әдіскері 
 
Әрбір  мемлекеттің  ең  басты  байлығы  –  адам  болса,  сол  елдің  келешегі  үшін 
жасалатын  игі  істер  мен  үміт  болашағының  иесі  бүгінгі  өскелең  ұрпағы  екені  даусыз. 
Мемлекетіміздің  қарқынды  дамып,  алға  қадам  басқан  тұста  білім  берудегі  әдістемелік 
жұмыстардың  рөлі  артып,  әлемдік  жаңалықтарды  жатсынбай  қабылдап,  жеке  тұлғаға  білім 
нәрін түрлі жаңа әдіс – тәсілдер арқылы сіңірту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстандық 
білім  беру  жүйесіндегі  үлкен  реформаларды  жүзеге  асырудағы  басты  міндеттердің  бірі 
жалпы орта білім беру ұйымдарында үш тілді тиімді меңгеруге бағытталған ағылшын тілін 
оқыту. 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Мен  бүгінгі  ұрпақтың  үш  тіл  білуін 
қолдаймын.  Мемлекеттік  тіл  –  мемлекетті  құрушы  ұлттың  тілі,  ал  орыс  тілін  білу  –  ұлы 
байлық.  Ағылшын  тілі  ілгерілеушілік  пен  технологиялардың  тілі  болғандықтан  біз  оны 
үйренуге  тиіспіз»  деді.  Яғни,  Елбасы  келешек  заманның  кілті  көп  тіл  білу  мен  керекті 
мамандыққа  еркін  қол  жеткізу  мүмкіндігінде  екендігін  болжап  отыр.  Себебі,  қазіргі  заман 

 
 
127 
 
талабы  –  жас  ұрпақтың  барынша  көп  тіл  білуі.  Тілдерді  меңгерген  сайын  өмірдің  қай 
саласында болса да жас буынның өрісі кеңейеді.  
Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін еліміздің индустрия, ғылым салаларын 
дамытуға бар күшімізді салуымыз қажет. Осы орайда, жас ұрпақтың ағылшын тілін меңгеріп, 
мектеп   қабырғасынан-ақ  әлемдік  ғылым-білімнің  тілін  іс  жүзінде  қолдана  алатындай  даяр 
маман болып шығуы үлкен жетістік.  
Бүгінгі  күні  үш  тілді  білім  беру  бағытында  балабақшада  тәрбиеленіп  жатқан 
бүлдіршіндердің тақпақты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мүдірмей жатқа айтуы, қай 
тілде  білім  беретін  мектеп  болса  да  үш  тілдің  қатар  жүргізілуі,  өзге  ұлт  өкілдері 
балаларының  мемлекеттік  тілді  меңгеруге  талпынысы,  тіптен  барлық  оқушылардың 
ағылшын  тілін  меңгеруге  деген  ықыластарының  күшеюі  сияқты  маңызды  шаралар  іске 
асырылуда. 
Жасөспірімдердің  тілге  деген  қызығушылығын,  оқу-зерттеу  қабілеттері  мен 
интеллектуалдық  мүмкіндіктерін  ашуға,  оқушыларды  шығармашылық  ізденіске  баулу 
арқылы  тілді  білуге,  құрметтеуге  «Тілдердің  үштұғырлығы»  мәдени  жобасын  іске  асыру 
аясында  «Туған  елге  тағзым»акциясын,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  меңгерген 
жасөспірімдер  (12-17  жас)  арасында  «Мәңгілікке  сүйікті  туған  өлке»  облыстық  сырттай 
олимпиада дәстүрлі түрде жүргізілуде. 
2015-2020  жылғы  үштілді  білім  беру  Жол  картасын  жүзеге  асыруда  облыс 
мектептерімен  өзара  ынтымақтастық  байланыста  тәжірибе  алмасуды  ұйымдастыратын, 
педагогикалық тың идеялар өзегі мен тартушы  нысан болып саналатын тірек (№25,14,9 ОМ)  
және  базалық  (№20,24  ДБАЛ,  ОМГ)  мектептер,  НЗМ  тілдік  ортаға  енгізу  тәжірибесін 
таратуда Талдықорған қаласындағы №11, №7 тірек балабақшалары жұмыс жасайды. 
ХХІ  ғасыр  –  интеграция  ғасыры.  Интеграция  –  ел  тәуелсіздігіне  еш  қауіп 
тудырмайды, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті 
арттырады,  бәсекелік  қабілетімізді  шыңдайды.  2014  жылдан  бері  облыстық  әдістемелік 
кабинеті  мен    Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  Университеті  арасында 
ынтымақтастық  байланыс  орныққан.    Көптілділікті  дамыту  стратегиялық  жоспарын  іске 
асыруда  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  Университеті  мамандарымен  дарынды 
балаларға  арналған  үш  тілде  оқытатын  мектеп  лицейлері,  гимназиялары,  жалпы  орта  білім 
беретін  тірек  мектеп  педагогтеріне  «Организация  обучения  языковым  и  неязыковым 
предметам в школе по технологиям полиязычного образования» тақырыбында өткен оқыту 
семинары, Жетісу Мемлекеттік университетінің шет тілдері кафедрасымен бірлесіп «Сөйлеу 
дағдыларын  дамытудағы  тиімді  әдіс  –  тәсілдер»  тақырыбында  өткен  семинар  –  тренинг 
педагогтердің тәжірибе алмасуы мен кәсіби өсуіне серпіліс берді. Жоғары оқу орындарымен 
серіктестіктің жемісі ғылым мен білімді бірлесе дамытудың көрінісі. Сондықтан келешекте 
ағылшын  тілін  оқытудағы  оқу  бағдарламаларын  жасау,  пән  мұғалімдерінің  ғылыми  іс-
тәжірибелерімен  бөлісу,  әдістемелік  қолдау  көрсетуде  бірнеше  инновациялық  жобалар 
жоспарлануда.  
Көптілде  білім  беретін  мектеп    мұғалімдерін    дайындау  мәселесіне  келетін  болсақ,  
Қарағанды    қаласының  Букетов  атындағы  мемлекеттік  университетінің  мол  тәжірибесіне 
сүйене  отырып,  болашақта  тәжірибе  алмасу  мақсатында  іс-шаралар  ұйымдастыруды 
жоспарлап  отырмыз.  Облысымызда    жоғары  оқу  орындарымен  өзара  ынтымақтастық 
байланыс  арқылы  білім  мен  ғылым  саласындағы  бәсекелестік  қабілетті  арттырып,  маман 
даярлау  ісіндегі  мол  тәжірибені  бірлесіп  игеруге  қолжетімді    мүмкіндіктердің пайда  болуы 
сөзсіз. 
Жоғарыда  атап  өтілген  білім  беру  саласындағы  басым  бағыттарды  айқындауда 
облыстық  әдістемелік  кабинет  тарапынан    білескен  іс-шаралар    өткізу  дәстүрге  айналды. 
Атап  айтсақ,  1-11  сыныптарға  арналған  ағылшын  тілін  оқыту  бағдарламасына 
сәйкес Назарбаев зияткерлік мектебі  Британдық  кеңестің тренерімен бірлесе ағылшын тілі 
пәні  мұғалімдеріне Digital  Resorses тақырыбында семинар тренинг, облыстағы жалпы білім 

 
 
128 
 
беретін  мектептердегі  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдерінің  біліктіліктерін,  оқыту  әдістемесін 
жетілдіруде Маcmillan Publishers баспасының Қазақстандағы өкілдігімен бірігіп «Motivating 
teenage  learners»  тақырыбында  оқыту  семинары,  «Үш  тұғырлы  тіл»  бағдарламасының 
мектепке  дейінгі,  орта,  кәсіптік  –  техникалық  білім  беру  мекемелерімен,  жоғары  оқу 
орындары  арасындағы  ынтымақтастықты  дамытуда  «Күншуақ»,  №15  балабақшаларында,  
Қазақ-түрік жасөспірімдер, №24 Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын лицейлері, 
сондай-ақ  «Білім»  гуманитарлық-техникалық  және  Бизнес,  құқық,  жаңа  технологиялар 
колледж  базаларында  екі  күндік  «Тілдің  үштұғырлығы  көпмәдениетті  тұлға 
қалыптастырудың негізі»  тақырыбында облыстық ғылыми  – әдістемелік семинар өткізілді.    
Аталған  шара  көптілді  білім  беру  тәжірибедегі  жетістіктерімізді  ортаға  салып,  ой  бөлісуде 
ұйымдастырылған  «Билингвальді  және  көп  тілде  білім  беру:  мәселелер  мен  күтілетін 
нәтижелер»тақырыбында  Алматы,  Қарағанды,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  облыстарымен 
бірлесіп өткен өңіраралық семинарда жалғасын тапты.  
Облыстағы  жалпы  орта  білім  беру  мекемелеріндегі  нәтижелі  шығармашылық 
жұмыстардың  үлгісін  іріктеп  алу  арқылы  шығармашылықпен  еңбек  ететін  шетел  тілі  пәні 
мұғалімдерінің тәжірибесін насихаттауда кабинет тарапынан «Үздік инновациялық шет тілі 
сабағы» сырттай байқауы өткізіліп отырады. 
Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын 
жылжыту, фунционалды сауатты  мектеп оқушыларын өмірге даярлау  – жаңа  әлемде нақты 
қос  не  көптілділік  болып  табылады.  Дегенмен,  дарынды  балаларға  арналған  білім  беру 
ұйымдарында ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын іске асыруда және жалпы орта 
білім  беру  ұйымдарында  ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқыту  үрдісінде  бірқатар  мәселелер 
туындады: 
-
 
жаңартылған білім беру мазмұны аясында облыс бойынша тек 29,5 %  ағылшын тілі 
пәні мұғалімдері біліктіліктерін жетілдірді;  
-
 
көптілде  білім  беру  мекемелері  арасында  ағылшын  тілін  тереңдетіп  оқыту 
бағдарламасын іске асыруда бірыңғай жұмыс жоспарын құру; 
-
 
ерте жастан ағылшын тілін оқытуда тілді жетік меңгерту әдістемесін жетілдіру. 
Аталған мәселелерді шешуде жаңартылған білім беру мазмұны бағдарлама бойынша 
ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен мобильдік топ құру арқылы әдістемелік десант, семинар-
тренинг,  әдістемелік  күндер  өткізу  жоспарлануда.  Сонымен  қатар,  Назарбаев  Зияткерлік 
мектептерінің  тәжірибелерін  жалпы  білім  беру  мекемелеріне  енгізу  мақсатында 
экспериментті  алаңдар  құрылып,  әдістемелік  тұрғыда  түрлі  шаралар  жүргізуде,  шалғай 
жатқан  мектептермен  байланыс  орнатуда  виртуалды  кабинеттер  арқылы  семинарлар, 
сабақтар өткізіледі.  
Қорыта  айтатын  болсақ,  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  аясында  үштілді  меңгеру 
тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Ол үшін пән мұғалімдері  өзара 
кәсіби  әрекеттестікте  ғылыми  байланыстарды  нығайтып,  шетел  тілдеріндегі  ақпараттық 
ресурс  көздерін  тиімді  пайдалануға  қол  жеткізуі  тиіс.  Көптілділік  заман  талабына  айналып 
отырған  кезеңде  ана  тілімізді  ардақтай  отырып,  өзге  тілдерді  білгеніміз  әлемдік  жаһандану 
үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. 
Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру, Біздерге қойылып 
отырған талап. Олай болса жас ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен 
ұштастырған сапалы білім мен тәрбие беру біздің міндетіміз. 
Сапалы біліммен мектеп оқушыларын қамтамасыз етуде әдістемелік кабинеттің 
педагогикалық ұжыммен жаңашылдық іс-әрекеті 
 
Керімбекова Л.М., аға әдіскер 
Нургазинова Н.Ы., әдіскер 

 
 
129 
 
Көксу аудандық әдістемелік кабинеті 
 
Әдістемелік  кабинет  тақырыбы:  «Инновациялық  оқыту  технологияларын  меңгерген 
білікті маман – бәсекеге қабілетті қоғамның  негізі»  
Мақсаты  –  аудан  мұғалімдерінің    кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыра  отырып 
әдістемелік шеберлігін, шығармашылығын дамыту. 
Міндеттері:  
-
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңын,    Қазақстан  Республикасында 
«Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын»  және 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Білім  және  ғылым  Министрлігінің    құқықтық-
нормативті құжаттарын басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз ету. 
-  педагогтардың оқыту технологияларды толық меңгеруі  арқылы әдістемелік деңгейін 
жетілдіру, жетістікке қол жеткізуіне ықпал ету
 -    интеллектуалдық  деңгейі  жоғары  оқушылармен  жұмыстарды  жетілдіру  және 
жүйелеу; 
 -    педагогтардың  озық  іс-тәжірибесін  жинақтау  және  тарату  жұмысын    түрлі 
деңгейде жалғастыру; 
-  педагогикалық ұжымның даму жетістіктерін жүйелеу мониторингтерін   жүргізу; 
-  педагогтардың  жаңа  жүйе  бағдарламасы  бойынша  білімін  жетілдіру  курстарынан 
өтуін,  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  мамандардың    білімін  жетілдіруін 
ұйымдастыру; 
-  мұғалімдерге 
көмек  ретінде  әдістемелік  кабинетте  қажетті  ақпараттық 
материалдарды жинақтау, толықтыру. 
Әдістемелік қызметтің   циклограммасының іс-шаралары төмендегідей жүйеленген: 
Әдістемелік кабинет жұмысы. 
Нормативтік құжаттармен жұмыс. 
Әдістемелік Кеңес.   
Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс. 
Жалпы педагогикалық өзекті мәселелер бойынша аудындық іс-шаралар. 
Пәндардің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша әдістемелік көмек, әдістемелік күн.   
Педагогтардың кәсіби байқаулары. 
Жас мамандармен жұмыс. 
Педагог мамандардың білімін жетілдіру. 
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. 
Оқушылармен өткізілетін іс-шаралар. 
Дарынды  балалармен  жұмыс  (пәндік  олимпиада,  ғылыми  жоба  жарысы, 
интеллектуалды ойындар, байқау, сайыстар). 
БАҚ-мен  жұмыс. 
Жылдық  жоспарды  жоспарлау  барысындағы  іс-шаралардың  қорытындысын  қарау, 
шешімдер  мен  ұсыныстарды  қарастырудағы  ауданның  әдістемелік  кабинетінің  әдістемелік 
кеңесіне  шығарылатын  мәселелер  белгілі  бір  тақырып  аясында  жүйеленіп,  жинақталынып 
қаралады.  
Атап  айтсақ,  қаңтар  айында  «Оқу-тәрбие  жұмысын  жүйелі  ұйымдастыру  –  сапалы 
білім негізі» тақырыбында 2015 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы және 2016 жылға 
арналған  әдістемелік  жұмыс  жоспарын  бекіту,  әдістемелік  пән  бірлестігі  жұмысын 
жоспарлау,  жинақтау  және  жүргізу,  оқушыларды  ҰБТ-ға  дайындаудағы  аралық  тестілеу 
көрсеткіштеріне  талдау  жасау  жолдары,  мектептердегі  ҰБТ-ға  дайындығын  І  жарты 
жылдықтағы қорытындысы, облыстық пән олимпиадасы және ғылыми жоба жарыстарының 
қорытындысы,  аудан  мектептерінің  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалауға  дайындық 
жұмыстырының  ұйымдастырылуы,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 
2016-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  үш  тілді  білім  беруді 

 
 
130 
 
дамытудың  негізгі  бағыттары  мәселелері  көтерілген.  Ал  келесі  әдістемелік  кеңесте  наурыз 
айында  «Оқыту  үрдісіне  жаңа  әдіс-тәсілдерді  енгізу  –  нәтижеге  бағытталған  білім  беру 
кепілі», маусым айында «Білім беру мазмұнын жаңарту  жағдайында педагогикалық үдерісті 
ұйымдастыру,  тамыз  айында  «Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 
мазмұны мен түрлері»,  қараша айында «Қазіргі оқу үрдісінде тұлға қалыптастыру мәселесі 
мен  сыныптан  тыс  шаралардың  үйлесімділігі»  тақырыбы  аясында  мәселелер  жоспарланып 
қарастырылды. 
Ауданның  әдістемелік  кабинетінің  педагог  мамандермен  жүргізілетін  іс-шаралары 
«Педагогикалық шеберлік керуені» континуумының 4 алаңдарының жұмыс жүйесінде:  
1-алаңда - «Сындарлы оқыту теориясы және тәжірибесі»  алаңы  
2-алаң алаңда -   «PR – технологиясы» 
3  алаңда -    «Әдістемелік  топтар 
4 – алаңда - «Оқу мен оқытудағы жетістіктер» 
Осы  алаңдарда  жүйеленген  әдістемелік  іс-шаралар  төмендегідей  бағыттарда 
жүргізілуде.  
1.«Сындарлы оқыту тәжірибесі»  алаңы 
(білім берудің озық тәжірибелері бойынша тренинг, семинарлар, ой бөлісу) 
Аудандық  “Жаңару»  – кәсіби желілік қоғамдастығындағы  жаңа жүйе бағдарламасы 
бойынша  біліктілік  арттыру  курсынан  өткен  педагогтар  басқарушы  кеңестегі    Текелі 
қаласындағы  №2 орта мектебіндегі құзырлы орталықтың 2-ші тобында 2 жетекші мектепке 
жинақталған,  олар    Қ.Жалайыри  атындағы  орта  мектеп-гимназиясында  -  13  мектеп, 
Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінде – 12 мектеп.  
Менторинг – мұғалімнің кәсіби өсуінің құралы.  
Мақсаты:  Тәлім    алушыға  шынайы    мақсат  қоюға  және  оған  жету  жолдарын 
жоспарлауға көмектесу 
Міндеті:   Оқу мен оқытудағы белсенді  әдіс-тәсілдерді  таныстыру, кәсіби біліктілігін 
арттыруда  іс-тәжірибесімен бөлісу  
Менторинг  циклі: 
Түсіндіру,  көрсету; Жоспарлармен танысу; 
 
Ұсынымдарды түсіну; Рефлексия;     Іс-тәжірибе; 
Тиімділігіне баға береді;  
Тәжірибелер жинақталады;   
Блум негізінде сабақты талдайды;  
7 модульді  қолданады;    
Ынтымақтасқан іс-әрекетке бейімделеді. 
Күтілетін нәтиже: кәсіптік даму,  
өзін-өзі жетілдіру, өзін іс жүзінде таныту. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
Жаңаша 
көзқарас
 
Формативті бағалау
 
Топтық жұмыс
 
Кері байланыс
 

 
 
131 
 
Ментор  күрделі  міндеттердің  шешімін  және  өзара  қарым-қатынасты  сенімділікке, 
серіктестікке, шынайылық пен адалдыққа негізделе отырып, бағыныстыларға кәсіби қолдау 
көрсетуді ұсынады. Менторинг үдерісі дербес дамуға деген ұмтылысқа, өзін-өзі қабылдауға, 
ары қарайғы кәсіптік және дербес дамуын жоспарлау машығына шоғырланады. 
2-алаң  -  «PR  –  технологиясы»  -  педагогтардың  өзара  және  қоғаммен  байланыс 
қызметі, екі жақты өзара түсіністік арқылы үйлесімділікке қол жеткізу болса, ауданда жаңа 
форматта жұмыс жасайтын ауданның шығармашылық топтары: 

 
“Шабыт ” озық іс-тәжірибе алмасу  тобы, 

 
“Айқын” білім мазмұнын жаңарту тобы

 
“Жаңару” кәсіби қоғамдастығы, 

 
“Зерде  ”  жас  мамандар  тәжірибесін  шыңдау  бағыттарындағы  жұмыстары  арқылы 
тәжірибе алмасады. 
Осы шығармашылық топтардың жұмыстарынан күтілетін нәтижелері:  
-
 
Мұғалімдер арасында құнды диалог  құрылады. 
-
 
Алқалық пен кәсіби даму мәдениеті тәрбиеленеді. 
-
 
Мұғалімдер жақсы тәжірибесімен бөлісе алады. 
-
 
Барлық  мұғалімдер зерттеу сабағын өткізеді. 
-
 
Оқушылардың білім сапасы артады. 
Жаңа форматтағы зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағының мақсаты - бірлескен  
жұмыс арқылы  оқушылардың   сыни ойлау дағдысын, білім сапасын арттыру. 
Ауданның  әдістемелік  кабинеті  мен    мектептердің  бірлескен  жұмыстары  арқылы:  
Зерттеу  сабағы    -  өткізілген  мектеп  саны  –  25,  қамтылған  сыныптар  саны  –  40,  зерттелген 
сабақ саны – 120, мектеп жетекшілерімен және әдіскерлердің  коучингі -  36, зерттеуші топ 
отырысы- 120 өтті. 
3    алаң  -        «Әдістемелік    топтар»    жұмысы  жоспарланып,  нәтижелі  жұмыстар 
жүргізіледі. 

 
Аудандық әдістемелік жұмыс жүйесі таратылды 

 
Сабақта тиімді технологияларды  колданды 

 
Оқушының тақырыпты меңгеру  деңгейі қадағаланды  

 
Есеп шығаруда  уақытты  үнемдеп, ең тиімді әдіспен есептің дұрыс  жауабын  таба  
білуге дағдыланды 

 
Оқушы  білімі  іс- жүзінде колдана  білуі  бақыланды 

 
АКТ толық мәнінде қолданылды 

 
Бақылау  жұмыстарын өткізу  арқылы оқушылардың білім деңгейлері анықталды. 

 
Тест жинақтарымен жұмыс жүргізілді 
1.1.  «Пәндік енгізуде»  -  тақырып бойынша пән мұғалімдері  білім мазмұнын физика, 
химия,  биология,  математика,  тарих  ғылымдары  аясында  түсіндіріліп,  жан-жақты    талдап, 
оқушылардың    функционалдық  сауаттылығын  арттыру  мақсатында  қолданыс  аясы  кеңінен 
ашылады.  
1.2.    “Үштік  одақ”  бағытында  бір  пәннен  үш  мұғалім  тақырыпты  түсіндірудегі, 
мысалы  математикадан    есептерді    шығарудың    әртүрлі        әдіс  –тәсілдерін    қарастырады, 
осыған орай оқушылар  өз қабілетіне қарай тиімді   әдіс  –тәсілді   таңдайды, сол арқылы өз 
білімін бекітеді.  
1.3.  Жаңа    модификациялық  кабинеттердегі  құрал-жабдықтарды    пән 
мұғалімдерінің  тиімді  қолдануы  -  сапалы  білім  негізі.  Аудан  мектептеріндегі  физика    -17, 
химия  -17,    биология    -  9,  лингофонды-мультимедиялық    -  13  кабинеті,  98  интербелсенді  
тақта  оқушыларға  сапалы  білім  беру  мақсатында  қолданылуда.  Ауданның  әдістемелік 
кабинетінің  ұйымдастыруымен  осы  бағытта  оқу  жылында  4  оқыту  семинары,  3  тәжірибе 
алмасу семинары, 1 облыстық семинар-тренинг, 6 шебер сынып өткізілді. 
2.  “Шуак”  мектеп  тренерлері  жұмысында  мұғалімдердің  әдістемелік  білімін 
жетілдіру,  тақырыптық  әдістемелік  десант  жұмысы  жоспарланып  жүргізілді.  Атап  айтсақ 

 
 
132 
 
облыс  бойынша  Н.Алдабергенов  атындағы  орта  мектебінде,  аудан  бойынша  –  3  рет,  Ақын 
Қабан жырау атындағы, Қызыларық, №12 орта  мектептерінде  «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді 
жолдарын ұсыну» тақырыбында  жүргізілді.  
Әрекеттестік    жұмыс  –ЖЕТІСТІККЕ  бастар  жол  дегендей,  аудандық  әдістемелік 
кабинеттің  ұйымдастыруымен  “Жаңа    бағыттағы    әдістемелік    қызметтің    рөлі”  облыстық   
әдістемелік  күн  өткізіліп жоғарыда аталған шаралар таныстырылып, аудан педаготары мен 
әдіскерлер іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет