«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ


-алаң   «Оқу мен оқытудағы жетістіктер» шаралары



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37

4-алаң   «Оқу мен оқытудағы жетістіктер» шаралары «Білім, біліктілікке жеткізер 
баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп                    А.Байтұрсынов 
айтқандай  үстіміздегі  жылы  ауданымыздың  білім  саласы  облыстық  рейтингте  барлық 
көрсеткіш  бойынша  үздік  нәтиже  көрсетіп,  3  орынды  иеленді.Облыстық  «Жыл  мұғалімі»  
байқауында  Н.Алдабергенов    атындағы    орта    мектебінің  география  пәнінің  мұғалімі 
С.Ж.Аринов      «Зерттеуші    мұғалім»    номинациясы  ие  болды.  «Педагогикалық    олимп» 
облыстық  байқауында  Қ.Жалайыри  атындағы  орта  мектеп-гимназиясының  математика 
пәнінің  мұғалімі  З.Темірғали    1-орын,  Жапсарбаев  атындағы  орта  мектептің  биология 
пәнінің  мұғалімі  Н.Рустемова  2-орын,  Жетіжал  орта  мектебінің  физика  пәнінің  мұғалімі 
Б.Күренов «Жаңашыл» ұстаз»  номинациясын жеңіп алды. Облыстық «Үздік  тарих пәнінің  
мұғалімі» байқауында Мұқаншы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Жексембекова 3-
орын,  облыстық  жас  мамандардың  «Педагогикалық    дебют»    байқауында  Мұқаншы  орта 
мектебінің  химия  пәнінің  мұғалімі  Ж.Усимбаева  3-орын,  облыстық  «Үздік  шағын 
жинақталған  мектеп  мұғалімі»  байқауында  Қызылтоған  орталау  мектебінің  география 
пәнінің  мұғалімі          Сейсебай  Ф.  3-орынды  иеленді.    Жапсарбаев  атындағы  орта  мектептің 
математика  пәнінің  мұғалімі  Ж.Сабырқұлова  «Облыстың  үздік  математика  пәні  мұғалімі» 
сырттай  байқауда  3  орын  алды.  Мамыр  айында  Алакөл  ауданы  Жыланды  орта  мектебнің 
базасында  «Қазақстандық  математика  пәні  мұғалімдерінің  ассоциациясы»  мен  Алматы 
облысының  білім  басқармасының  ұйымдастыруымен  облыстық  математика  мен  физика 
пәнінен  жас  пән  мұғалімдерінің  шығармашылық  байқауында  Мұқаншы  орта  мектебінің 
математика  пәні  мұғалімі  Талдаубек  Нұрдыбек  пен  Егінбаев  атындағы  орта  мектептің 
физика  пәні  мұғалімі  Қызырхан  Азат  ІІІ  орынды  иеленіп,  аудан  командалық  ІІІ  дәрежелі 
Дипломмен  марапатталды.  Осы  оқу  жылында  №  12  Айнабұлақ  орта  мектебінің  алғашқы 
әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  Ақжолов  Ұлан  Сүлейменұлы  Қазақстан  республикасы 
Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  өткен  республикалық  байқауға  қатысып,2  орынды 
иеленді және «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» төсбелгісімен, «Қазақстан 
патриоты» медалімен марапатталды.    
Жуырда ғана осы оқу жылының басында ауданның музыка мектебі облыстық «Үздік 
қосымша білім беру мекемесі -2016» байқауында жүлделі І орынды иеленіп қайтты. 
 
Деңгейлік оқу бағдарламасының іс-тәжірибесін 
 ұйымдастырудағы әдістемелік кабинетің рөлі 
 
Ынтыбекова Н. А. 
Үштөбе қаласы, Қаратал аудандық білім бөлімі 
 әдістемелік кабинет әдіскері 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Елімізді  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті  30  мемлекеттің  қатарына  кіргізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Бұл  мәселені 
жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады. 
  Бүгінгі таңда оқу сапасын арттыруда білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының 
ең  үздік  білім  ресурстары  мен  технологияларына  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету; 
оқушылардың  алған  білімдері  тез  өзгеретін  әлемде  табысқа  жеткізетіндігінен  қанағаттану; 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  және 

 
 
133 
 
рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру  қажеттігі  бәрімізге  мәлім.  Осындай  заманға  сай 
ұрпақ  тәрбиелеуде  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  дербес  білім  беру  ұйымына  қарасты 
Педагогикалық  шеберлік  орталығы  Кембридж  университетінің  білім  беру  факультетімен 
бірлесіп  әзірлеген  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 
курсының деңгейлі  бағдарламасы бойынша сертификатталған, педагогтік шеберлігі  жоғары 
жаңа форматтағы ұстаздарымыздың білім саханасына шығуын заңдылық десек те болады. 
5-қыркүйек  2012  жылы  Назарбаев  Университетінің  студенттері  алдында  «Қазақстан 
білім  қоғамы  жолында»  сөйлеген  сөзінде  Елбасы  «...бүгінде  халықаралық  стандарттар 
негізінде  Назарбаев  Университеті  мен  Зияткерлік  мектептер  табысты  жұмыс  істеуде... 
Олардың  тәжірибесін  бүкіл  қазақстандық  білім  беру  жүйесіне  таратып,  барлық  білім  беру 
мекемелерін  солардың  деңгейіне  тарту  қажет»  деп  атап  айтты.  Осыған  байланысты  ортақ 
мақсатпен  бірлескен  педагогтердің  кәсіби  қоғамдастығын  құру  тәжірибесі  мен  идеясы 
Кембридж университетімен бірлесе отырып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО 
әзірлеген  Қазақстан  Республикасы  педагогикалық  кадрларының  біліктіліктерін  арттыру 
курстарының  жаңа  деңгейлік  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  жолымен  бүкіл  Қазақстанға 
таратылды. 
Деңгейлік  бағдарламаны  іске  асырудың  тұжырымдамалық  негіздері  мен  деңгейлік 
қағидаттарын  оқып  шыққан  сертификатталған  мұғалімдер  халықаралық  білім  беру 
жүйесімен  танысады,  әріптестеріне  коучинг  пен  менторинг  процесі  арқылы  оқытудың 
тәжірибесін  өзгертуге,  желілік  педагогикалық  қоғамдастық  қызметі  ХХI  ғасырда 
оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлау,  өзін-өзі  ынталандыру,  өзін-өзі  реттеу,  оқи  білу 
дағдыларын  белсенді  әрі  табысты  қолдану  дайындығын  қалыптастыруға  ықпал  ететін 
қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту 
деңгейіне өз мектептерін жеткізу жолында еңбек етеді, қызмет жасайды. 
Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру, өресі кең, рухы биік, 
тілін  ұлтымның  үні  деп  сезінетін,  патриоттық  сезімі  қалыптасқан  арманы  асқақ,  мұраты 
асқар,  ортақ  Отаны    -    Қазақстанды  құрметтейтін    жүрегі  мен  тілегі    бір,  адамгершілік 
қасиеттері  мол    оқушыларды  тәрбиелеудегі  ең  негізгі  сын  да,  салмақ  та  ұстаздарға 
бағытталғаны  түсінікті.  Осы  жолда  ұстаздарға  бағыт-бағдар  беріп,  әдістемелік  дайындығы 
мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында әдістемелік қызметті қайта қалыптастырып, оған 
қойылатын  талаптарға  сай  бағыттауда  аудандық  әдістемелік  кабинеттерге    зор  міндеттер 
жүктеліп  отыр.  Әдістемелік  қызметтің  мазмұнын  үнемі  жандандырып  отыру    -  білім  беру 
ұйымдары  қызметкерлерінің  кәсіби  деңгейін,  біліктілігін  арттырудың  негізгі  құралы  болып 
табылады. 
Қаратал аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2012-2016 
жылдар  аралығында  197  мұғалім  (1-деңгей-57,  2-деңгей-43,  3-деңгей-97)  деңгейлік  оқу 
бағдарламасы  бойынша  сертификатталды.  Бұл  аудан  ұстаздарының  22  пайызын  құрайды. 
Сонымен  қатар  биылғы  2016-2017  оқу  жылында  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 
ПШО  мен  Кембридж  университетінің  білім  беру  факультеті  бірлесіп  жасаған  ҚР  педагог 
қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  Бағдарламасы  аясында  "Мектеп  тренерлері"  курсын 
аяқтаған  1,  2-деңгей  бойынша  сертификатталған  23  ұстазымыз  әдістемелік  кабинеттің 
ұйымдастыруымен  деңгейлік  бағдарлама  бойынша  курстан  өтпеген  мұғалімдерді  процеске 
тартуды  қамтамасыз  ету  үшін  мектепішілік  курстар  өткізуде.  Педагогтардың  кәсіби  дамуы 
мақсатындағы  аталған  курс  100  академиялық  сағат  көлеміндегі  «Тәжірибедегі  рефлексия» 
білім беру  арнайы бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі  күні  23 мектеп тренері 
ауданның  547  ұстазының  біліктілігін  арттыруда.  Бұл  аудан  мұғалімдерінің  65,8  пайызын 
құрайды.     
Деңгейлік оқу бағдарламасының курсы басталған 2012 жылы 23 ұстазымыз 3-деңгей 
бағдарламасы  бойынша  сертификатталды.      Осы  сертификатталған  23  ұстазымыздың 
жұмыстарын  үйлестіру  үшін      білім  бөлімі  әдістемелік  кабинеттің  ұйымдастыруымен 
шығармашыл  мұғалімдерді  анықтау  және  қолдау,  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  орта 

 
 
134 
 
мерзімді жоспарлау барысында педагогикалық тәжірибені жетілдіру және кәсіби шеберлігін 
шыңдап,    мұғалімдердің  шығармашылық  жұмыстарын  ұсынуға  бағыт  беру,  жұмыстарын 
порталға  салу  мақсатында  және  педагогтарды  ізденістерге  және  педагогикалық  шеберлікке 
тарту  және  олардың      шығармашылық  белсенділігін  қолдау;  мұғалімдердің  әдіскерлік 
мәдениет  деңгейін  және  кәсіби  құзіреттілігін  арттыру;  мұғалімдерге  көмек  ретінде 
әдістемелік  жұмыстардың  электронды  қорын  жинақтау;  мұғалімдердің  қалыптасқан 
дағдыларын  айқындау  т.б.  міндеттерді  орындау  барысында  іс-шара  жоспары  бекітіліп, 
төмендегідей жұмыстар жүргізілді. 
 «Оқу үдерісінде деңгейлік бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің тәжірибеде 
табысты  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  ету»,  «Бағдарламаның  түйінді  идеяларына  сәйкес 
рефлексивті  ойлау»,  «Жеті  модульді  ықпалдастырған  тізбектелген  сабақтар  топтамасын 
оқыту  үдерісін  жоспарлау»,  «Оқушылардың  оқыту  үдерісіне  белсенді  қатыстырылуын 
қамтамасыз  ету»,  «Оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  тиімді  бағалау,  оны  жазылған 
есептерінде  дәлелді  көрсете  білуі»  тақырыптарында    аудандық  оқу  және  практикалық 
семинарлар,  сертификатталған  ұстаздардың  кәсіби  тәжірибесінде  орын  алған  сапалы 
өзгерістерді анықтау мақсатында   «Сертификатталған мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі оң 
өзгерістерді    маниторингілік  зерттеу  жолдарымен  бөлісу»,  «Сертификатталған  ұстаздар 
қызметінің мониторингін ұйымдастыру» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілді.  
Қаратал  аудандық  білім  бөлімі  әдістемелік  кабинеті  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру 
ұлттық  орталығы»  акционерлік  қоғамының  филиалы  «Алматы  облысы  бойынша  педагог 
қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты»  деңгейлік  бағдарламалар  орталығымен 
тығыз  қарым-қатынас  орната  отырып,      «Сертификатты  растауға  негізделген    құжаттарды 
жинақтау мен талдау жолдары»  атты аудандық семинар өткізе отырып, зерттеу жүргізудің 
негізгі  тәсілі  оқушы,  ата-ана,  мектеп  әкімшілігінен  алынған  сауалнамаларға  сәйкестендіру 
сараптамасын  тәсілі  (жалпылау,  талдау)  жасап,  нәтижесін  шығарып  отырды.  Атап  айтсақ, 
2012-2013  оқу  жылының  4-тоқсанында  сертификатталған  ұстаздарымыздың  сабақ  беретін 
сыныптарындағы  білім  сапасының  артқанын  байқасақ,  оқу  жылы  соңындағы  әр  түрлі 
педагогикалық байқауларда ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие бола бастады. 
2013  жылы  21  ұстазымыз  3-деңгей,  7  ұстазымыз  2-деңгей,  32  ұстазымыз  3-деңгей 
барлығы  61  педагог  деңгейлік  бағдарлама  курсы  бойынша  сертификатталғаны,  әрине, 
ауданымыздың білім саласының дамуына өзінің үлкен әсерін тигізді деп толық айта аламын. 
Өйткені, осы жылы американдық өнертапқышы Генри Фордтың «Бірге жиналу – істің басы. 
Бірге  қалу  –  прогресс.  Бірге  жұмыс  істеу  –  жетістік»  деген  сөзін  басшылыққа  ала  отырып 
деңгейлік  курс  бітірген  ұстаздардың  «Зият»  кәсіби  қоғамдастығын  құрдық.  Кәсіби 
қоғамдастыққа  алғашында  деңгейлік  курс  бітірген  ұстаздардың  барлығы  тартылды. 
Қоғамдастық  құрудағы  негізгі  мақсатымыз  педагог  қызметкерлердің  деңгейлік 
бағдарламалар  бойынша  біліктілігін  арттыруды  сапалы  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ету 
болып  табылса,  міндеттері:  педагог  қызметкерлердің  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 
ДББҰ Кембридж университетімен бірлесіп дайындаған деңгейлік бағдарламалары бойынша 
біліктілігін  арттыру  курстарын,  мектеп  тәжірибесіне  деңгейлік  бағдарламалардың 
тұжырымдамалық  идеяларын  енгізу  жөніндегі  курсаралық  шараларды  өткізу  болды. 
Қоғамдастықтың  жұмыс  жасау  бағыттары:  Педагогтердің  кәсіби  дамуы;  НЗМ  тәжірибесін 
тарату;  педагогтердің  кәсіби  қызметтеріне  ғылыми-әдістемелік  жетекшілік;  мұғалімдердің 
желілік 
қоғамдастықтармен 
жұмысы, 
ақпараттық-әдістемелік 
жұмыс. 
Құжаттар 
портфолиосында басшылыққа мәлімет үшін бағытталған ҚР нормативтік-құқықтық актілер, 
қоғамдастық  отырысының  хаттамалары,  жылдық  жұмыс  жоспар,  жылдық  есеп, 
тыңдаушылар тізімі және қоғамдастықтың басқарушы, дамытушы, үйлестіруші топтарының 
лауазымдық міндеттрі мен нұсқаулықтары жинақталды. 
Қоғамдастыққа  тартылған  үшінші  (базалық)  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқып 
шыққан ұстаздарымыз  жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын 
іске  асырып,  аудандық  оқу  және  практикалық  семинарлар  арқылы  бір-бірімен  іс-

 
 
135 
 
тәжірибелері  арқылы  алмасса,  екінші  (негізгі)  деңгей  бағдарламасыбойынша  оқып  шыққан 
мұғалімдер ауданның білім беру ұйымдарында менторинг мен коучинг ұйымдастыру арқылы 
мектептегі  әріптестерінің  жұмыс  тәжірибесін  жетілдірсе,  бірінші  (жетік)  деңгей 
бағдарламасы  бойынша  оқып  шыққан  мұғалімдер  мектепте  және  оның  сыртындағы 
мұғалімдердің  кәсіби қоғамдастығы  жұмысын,  білім  беру  саласында  мұғалімдердің  зерттеу 
жүргізу  әдістерін  түсіндіруді  дамытуы,  мектеп  көлемінде  іс-әрекеттегі  зерттеуді  жоспарлау 
және  өткізу  әдістерімен  бөлісті.  Сертификатталған  ұстаздардың  ұранындай  болған  Луций 
Анней  Сенеканың  «Басқаларды  үйрете  жүріп  біз  өзіміз  үйренеміз»  дегендей  қоғамдастық 
мүшелерінің  қажырлы  еңбегінің  арқасында  жалпы  ауданымыздың  ұстаздарының  деңгейлік 
курс  бағдарламасына  деген  қызығушылықтары  артып,  курсқа  сұраныс  беруші 
ұстаздарымыздың  саны  күн  сайын  артып  отырды.  Нәтижесінде  2014  жылы  33  ұстаз,  2015 
жылы 42, 2016 жылы 27 ұстаз 1,2,3-деңгей бойынша курстардан өтті.  
Баяндамамның  басында  атап  кеткендей,  аудан  бойынша  сертификатталған 
ұстаздарымыздың саны 200-ге тақап, «Зият» қоғамдастығының жұмысы аудан ұстаздарының 
кәсіби дамуына және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге зор ықпал ете бастады. Себебі, бүгінгі 
күні  ұжымда  ұжыммен  жұмыс  істей  білу  кәсібиліктің  маңызды  құрамды  бөлігі  болып 
табылады.  Өйткені,  біз  құрған  қоғамдастық  жоғарыда  аталған  ортақ  мұрат,  мақсат  және 
міндеттермен  біріккен,  ортақ  проблемаларды  бірлесіп  шешетін,  өз  құзырын  дамытатын 
креативті  ойлайтын  мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастығы.  «Жаңа  нәрсе  біле  алмаған  және 
біліміңді  толықтыра  алмаған  күнді  немесе  сағатты  бақытсыз  деп  біл»  деп  Ян  Амос 
Коменский  айтқандай  «Зият»  мұғалімдер  кәсіби  қоғамдастығының  ұйымдасқан  еңбегінің 
арқасында жоспар бойынша аудандық  «Оқытуға заманауи тәсілдерді енгізу мәселелері мен 
келешегі»,  «Шеберліктің  алтын  кілті»,  «Сапалы  білім  беру  және  тәрбиелеу  –  Қазақстан 
саясатының  басымдылықтары»,  «НЗМ  тәжірибесін  тарату  бағыттары»,  «Топтық  жұмыс 
барысында ойлаудың танымдық деңгейі арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерінің дамуына 
қолдау  көрсету»,      «Сабақ  –    білім  сапасының  негізі»,  «Оқушылар  білімін  инновациялық 
жүйемен бағалаудың әдіс-тәсілдері»,  «Үздік сабақ-2015»,  «Үздік портфолио»,  «Үздік эссе», 
«Ең  үздік  әдістемелік  әзірлеме»,  «Ең  үздік  рефлекциялық  есеп»,  «Пән  бойынша  кездестін 
қиындықтарды  шешуде  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдану  жолдары»,  «Топтық  жұмыс 
барысында кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары», «Кедергілерден  сүрінбей өту 
жолдары»,  «Көпіршелер  қою  әдістері»    тақырыбында  іс-шаралар  іс-тәжірибе  алмасу 
семинарлары, оқу семинарлары, нұсқаулық семинарлары, коучингтар мен менторинг, әдіскер 
десант,  дөңгелек  үстелдер,  конкурстар,  шебер  сыныптар,  фотогалерея,  он-лайн 
конференциялар,  интернет-форум  өткізіліп,  әр  іс-шара  соңынан  сауалнамалар  мен  кері 
байланыстар  алынып,  рефлексия  жасалынды.  Жасалынған  рефлексияның  қорытындысы 
келесі  ұйымдастырылған  іс-шара  барысында  ескеріліп  отырды.  Мәселен,  іс-шара  мақсатын 
қолжетімді  етіп  қою,  нақты  нәтижеге  жетуді  талап  ету;  инновациялық  әдіс  түрлерін  тиімді 
қолдана  отырып,  сапалы  білімге  қол  жеткізуді  көздеу;  іс-шараларды  заман  талабына  сай 
түрлендіру; шараларды аймақ, облыс көлемінде өткізіп, іс-тәжірибе тарату, жинақ шығару. 
Әр  жұмыстың  соңынан  кейін  шығарылған  қорытындының  нәтижелі  болуы 
ұстаздарымыздың  педагогикалық  шеберлік  орталығында  үлгілі  коучингтер  өткізуі,  аудан 
мектептерінің  базасында  деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  облыстық,  аймақтық 
«Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  деңгейлік  бағдарламаның 
рөлі»,  «Деңгейлі  курс  бойынша  сертификатталған  мұғалімдердің  тәжірибесін  жетілдіру», 
«Жаратылыстану  пәндерін  оқытуда  критериалды  бағалау    жүйесін  енгізудің  теориялық-
әдістемелік аспектілері», «Білім беруді модернизациялау: ізденіс және болашағы», «Оқу мен 
оқытудағы жаңа тәсілдер – оқушының функционалдық сауаттылық дағдысын қалыптастыру 
кепілі» тақырыбында  семинарлардың өткізілуі  және ауданымыздың сертификатталған жаңа 
форматтағы  ұстаздарының  басқа  аудандарда  өткен  іс-шараларға  белсене  қатысып, 
сертификаттарға ие болуыдеңгейлік оқу бағдарламасының іс-тәжірибесін ұйымдастырудағы 
әдістемелік  кабинет  жұмысының  дұрыс  жолға  қойылғанын  көрсетеді.  Сондай-ақ,  Алматы 

 
 
136 
 
облысы  білім  басқармасы  жанындағы  облыстық  әдістемелік  кабинетінің  ықпал  етуімен 
бастауыш білім беру және негізгі пәндер бойынша облыс көлемінде озық іс-тәжірибе тарату 
мақсатында  шығарылған  «Оқыту  мен  оқу  үрдісінде  жаңа  СТО  элементтерін  тиімді 
пайдалану»,  «Оқушылардың  білім  сапасын  көтеру  мақсатында  зерттеушілік  әңгімені 
жүргізудегі  АКТ-ны  қолдану»,  «Мұғалімнің  кәсіби  дамуындағы  көшбасшылықтың  рөлі», 
«Мұғалім  –  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  жетілдіру  жұмысының  көшбасшысы» 
тақырыбындағы  шығарылған  жинақтар  да  мұғалім  жұмысының  жетістігі  деп  білеміз. 
Аудандық  «Жылдың  үздік  мұғалімі»,  «Үздік  жыл  сынып  жетекшісі»,  «Үздік  бастауыш 
сынып  мұғалімі»,  «Үздік  педагог»,  «Үздік  математика  мұғалімі»,  «Үздік  панорамалық 
сабақ»,  «Сындарлы  оқыту:  бүгіні  мен  келешегі»,  «Мұғалімнің  үздік  портфолиосы» 
байқауларында  қатысқан  сертификатталған  ұстаздарымыздың  облыстық  конкурстардан 
жүлделі  1,2,3  орындар  алуы  жаңа  форматтағы  ұстаздардың  білім  сахнасына  шығуының 
көрінісі  деп  айтсақ  қателеспейміз.  «Тиыннан  сом  жиналса,  оқу  түйіршіктерінен  білім 
жиналады»  -  деп  Владимир  Даль  айтқандай  ауданымыздың  ҰБТ  көрсеткішінің  де  сатылап 
өсуі 2012 жылы орташа балл 65,6; 2013 жылы 69,3; 2014 жылы 72,1; 2015  жылы 72,8; 2016 
жылы  орташа  балл  86,8  болуында  деңгейлік  бағдарлама  бойынша  сертификатталған 
ұстаздарымыздың еңбегі жатқаны айдан анық деп айта аламын. 
 
 
Әдiстемелiк жұмыс – шеберлiктiң шыңдалу мектебi 
 
Қарабалаева Р. А. 
Панфилов аудандық білім  
бөлімінің әдіскері  
 
Қазiргi  таңда  елiмiздiң  әлеуметтiк-экономикалық  даму  стратегиясы  Қазақстан 
Республикасының  «Бiлiм  туралы»  Заңында,  Қазақстан  Республикасында  бiлiм  берудi 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттiк  бағдарламасында,  Мемлекеттiк 
«Балапан»  бағдарламасында  және  Қазақстан  Республикасы  Бiлiм  және  ғылым  министрiнiң 
бұйрығымен  бекiтiлген  «Оқу-әдiстемелiк  жұмысты  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру 
Ережесiнде»  көрсетiлген  кәсiптiк  бiлiм  беру  саласындағы  басым  бағыттарды  анықтайды. 
Сондықтан,  мектеп  қабырғасындағы  ғылыми-әдiстемелiк  жұмыс  қызметi  қазiргi  заманның 
талаптарына сай өзiнiң әдістемелік әрекетiнiң барлық түрлерiн жүзеге асыруда және сапалы 
кадр, педагогикалық қызметкерлердi, даярлау үшiн ақпараттық-коммуникациялық, ғылыми-
әдiстемелiк,    материалдық-техникалық ,  шығармашылық  ізденіс  басты  негiз  болып 
табылады.  
Ғылыми-әдiстемелiк  жұмыс  ғылым  мен  бiлiмдi  интеграциялау,  оқу  және  тәрбие 
процесiн  сапалы  қамтамасыз  ету  және  оны  жан-жақты  жетiлдiру,  оқытудың  жаңа 
педагогикалық    технологияларын  енгiзу,  бiлiм  беру  ұйымдарында  және  тиiстi 
инфрақұрылымда  педагог  қызметкерлердiң  бiлiктiлiгiн  арттыруды  қамтамасыз  ету 
мақсатында жүзеге асырылатыны белгiлi. 
Бiлiм  берудi  модернизациялау  –  тұрақты  алға  ұмтылу  мақсатында  бiлiм  берудi 
бiртiндеп  жүзеге  асыра  отырып,  алынған  нәтиженi  нақты  талдау  және  iс  жүзiнде  қолдану. 
Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы  – бәсекеге қабiлеттi,  бүгiнгi күнi 
әлеуметтiк және экономикалық жағдайда өмiр сүруге бейiм жеке тұлға қалыптастыру.  
Бүгiнгi  заманғы  бiлiм  беру  мазмұнын  жүзеге  асыруда  және  жас  ұрпақты    кәсiптiк 
бағыт  бойынша  даярлау  жолында  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен  тың  идеяларды, 
инновациялық  дамудың  соңғы  жаңалықтарын  пайдалану  мектеп  мұғалімдерінің    әр  оқу 
жылындағы басты бағыты болуда.  
Қазіргі таңдағы орта мектептің білім мазмұны  «Қолжетімділік»,  «Ғылымилық»  және 
оқушылардың  жас  ерекшеліктерін    ескеру  ұстанымдарына    басымдық  беру  арқылы  

 
 
137 
 
анықталады.  Бұл ұстанымдар қажет, дегенмен дайын ақпарат беру түріндегі қолжетімділік 
пен мазмұнды күрделендіретін  ғылымилықтан арылу қажет.Себебі,  «ақпараттық  білімнен» 
«құзіреттілікке»  бірден  көшу    оқушылардың    функционалдық  сауаттылығын  дамытуы 
екіталай. Сол себепті де  қазіргі таңдағы білім мазмұны  әлемдегі озық тәжірибеге сай қайта 
жасақталуда.  Атап  айтсақ,  бір  ғана  мысал,  мұғалімдердің  деңгейлік  курс  бағдарламасы 
бойынша білім жетілдіруі – осы іске айғақ. Сонымен қатар, әдістемелік жұмыстың  қандай да 
болмасын  бағытының   басты  мақсат  -  міндетін  орындау  мүмкіндігін  ескере  отырып,  нақты 
айқындап алу қажет.  
Осы  орайда:  «Мақсаттарын  нақты  сипаттап  алмай,  педагогтар  бірден  оқу 
жоспарларын  бағдарламаларды,  оқулықтар  мен  оқу  әдістемелік  құралдарды    құрастыруға 
ұмтылады,  бұл  оқыту  мен  тәрбие  беру  көптеген  мәселелерін  шешусіз  қалдырады»,  -деп 
В.П.Беспалько әділ сын айтқан. 
Жалпы  педагогикалық жүйе  –  әдістемелік  жүйе  мен  дидактикалық үдерістің    бірлігі 
деп танып жүрміз.  Демек, әдістемелік жүйеміз мақсатты толығымен іске асыратын мықты 
жүйе болуға тиіс.  
Ауданымыздағы  «Х.Хамраев  атындағы  орта  мектеп  мектепке  дейінгі  шағын 
орталығымен»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде  2015  жылы  1  қыркүйекте  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014  жылғы  06  қарашадағы  №  455 
бұйрығымен,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014  жылғы  21 
тамызында  №358  бұйрығымен  бекітілген  2014-2017  жылдыққа  көшу  іс  жоспарына  сәйкес 
мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты мен орта білім беру мазмұнын 
жаңарту  бойынша  апробация  басталды.  1  қыркүйекте  апробациялық  1-сыныпқа  38  оқушы 
қабылданды.  1  «А»  сыныпта  дайындық  сыныбында  білім  алған  23  оқушы,  1  «Ә»  сыныпта 
дайындық  сыныбында  оқымаған  15  оқушы  мектеп  партасына  отырды.  Жыл  соңында  1 
сыныпты 39 оқушы тәмамдады. 
Қыркүйек  айында  1-сыныпқа  қабылданған  оқушылардың  денсаулығы  толық  және 
мұқият  тексерілді.  Балалардың  бойына,  салмағына,  қойылған  диагнозға  үлкен  мән  берілді. 
Сонымен  қатар  мектеп  психологтары  психоәлеуметтік  даму  деңгейін  бақылау  мақсатында 
С.А.Банковтың  тестік  әңгімесі  жүргізілді.  Мектепке  дайындығын  анықтау  үшін  Керн-
Иерасик әдісі бойынша зерттеу жүргізілді.  Оқушылардың темперамент типтері анықталды. 
Қыркүйек  айында  тест  координаторы  Г.О.Иманбаева  және  әдістемелік  кабинеттің 
басшылығымен  бақылау  мектептің  бірінші  сынып  оқушылары  мен  апробациялық  бірінші 
сыныптардың  білім  деңгейін  салыстыру  мақсатында  1-сынып  мұғалімдерінің  қатысуымен 
тест алынды және де сәуір айында бір жылғы білім сапасын анықтау мақсатында қайта тест 
алынып,мониторингісі шығарылды. 
Эксперимент  алдында  ережеге  сәйкес  оқушылардың  ата-аналарына  апробацияның 
мақсаты жөнінде түсініктеме жүргізіліп, семинар өткізілді.  
Балаларының  болашағына  бейжай  қарамайтындықтан  апробациялық  сыныпта 
оқытуға  келісетіні  жөнінде  қолхат  алынды.  Ата-аналардың  білімі,  жұмыс  орны  жайлы 
деректер алынып, мониторинг жүргізілді.  
 
 
 

 
 
138 
 
 
 
 
Мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  М.А.Асанова  «Смак» 
үйірмесін  ұйымдастырып,  ата-аналардың  бір-бірімен  танысуына  мүмкіндік  туғызды.Ас 
әзірлей  отырып,  балаларының  білімдері,  жетістігі,  кездескен  кедергілерді  қалай  жеңгендері 
жайлы  әңгіме  дүкен  құрды.  Жыл  бойы  мектеп  алдында  хабарландыру  тақтайшасына 
оқушылардың күнделікті білімі туралы ақпарат ілініп отырылды. 
 
 
 
 
Апробация  бойынша  мектептің,  Талдықорған  қаласындағы  «Назарбаев  зияткерлік 
мектептері»  және  Астана  қаласындағы  Педагогикалық  шеберлік  орталығымен  бірлескен 
жоспар  жасалып  бекітілді.  Жоспар  бойынша  белгіленген  іс-шараларды  өз  уақытында 
орындап отырды.  
1-сыныпқа  білім  беретін  мұғалімдер  Білім  және  ғылым  министрлігі  бекіткен  оқу 
бағдарламасымен,  оқыту  әдістемелік  кешендермен  (көрнекі  құрал,  постер,  суреттер  т.б.) 
қамтамасыз етілді. Әсіресе көп көмегін тигізген ShowPen ақылды сөйлейтін қаламды айтып 
өтпесек  болмас.  1–сыныптар  үшін  «Мектеп»,  «Атамұра»,  «Алматы  кітап»  зерттеу, 
салыстыру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектептері» баспаларынан оқулықтар, жұмыс 
дәптерлер,  бағдарламалар  берілді.  «Атамұра»  корпорациясы  апробациялық  сыныптарға 
сабақ  беретін  ұстаздарға  2  күндік  семинар  ұйымдастырды.  Семинар  барысында  оқулықтар 
туралы  пікір  алысты.  «Атамұра»  корпорациясы  апробациялық  сыныптарға  сабақ  беретін 
ұстаздарға  2  күндік  семинар  ұйымдастырды.  Семинар  барысында  оқулықтар  туралы  пікір 
алысты. 
Әр  пәннен  үздік  әдіс-тәсілдерінің  үлгісі  көрсетілді.  Ұстаздарға  педагогикалық 
шеберлігі  жетік  болғанына  көп  көңіл  бөлініп  отырды.  Сол  мақсатқа  жету  барысында 
әдістемелік  кеңесте  апробация  бойынша  мектеп  ұжымына  арналған  микросабақтарды 
көрсетуді ұйымдастырылып,әр пән бойынша үздік әдіс-тәсілдерінің үлгісі көрсетілді. 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
139 
 
Әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында  жыл  бойы  АОО  НИШ,  Педагогикалық 
шеберлік орталығы, барлық ұйымдастырушылық орталықтар мен тығыз байланыста болдық. 
Әдістемелік  кабинеттің  аға  әдіскері  Б.Алексееваның    басшылығымен  Назарбаев  зияткерлік 
мектептің  ұстаздары  жыл  бойы  семинарлар  өткізіп,  мұғалімдердің  сабақтарына  қатысып, 
талдау жасап, әдістемелік көмек беріп отырды. Сонымен қатар, жыл бойы әлеуметтік желіде 
кәсіби  желілік  қоғамдастық  құрылып,аудандағы    ең  үздік  мұғалімдер  мен  әдіскерлермен 
және де оқулық авторларымен де байланыста болдық. Педагогикалық шеберлік орталығынан 
ай  сайын  тегін  беріліп  отырған  «Педагогикалық  диалог»  журналы  мұғалімдерге  үлкен 
әдістемелік  көмек  болды.  Әдістемелік  кабинеттің  ұйымдастыруымен  бастауыш  сынып, 
ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдері,  педагог-психологтар,  кітапханашы  Талдықорған 
қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебіне» барып, тәжірибе алу курсына қатысты.Аудан 
көлемінде  бастауыш сынып мұғалімдері А.А.Исамдинова, Р.У.Авахриева, ағылшын тілі пәні 
мұғалімдері  М.М.Масумова  мен  Н.К.Ашировалар  сол  мектеп  мұғалімдерімен  командалық 
оқыту әдісі бойынша сабақ өтті. 
2016  жылы  24-25  ақпанда  Білім  сапасын  бағалау  департаментінің  аға  менеджері 
Байсалбаева М.К., Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан Бейсебекова А.М., 
Талдықорған  қаласындағы  «Назарбаев  зияткерлік  мектебінің»  директорының  орынбасары 
Маметаева  З.А.,  Талдықорған  қаласындағы  ПШО  орталығының  тренерлері  Абишева  Р.Б., 
Туреханова  Г.Б.  және  аудандық  әдістемелік  кабинеттің  әдіскерлері  келіп,  ұстаздардың 
сабағына  қатысып,  әдістемелік  кеңес  берді,  талдады.  Мектеп  әкімшілігінен  және 
мұғалімдерден анкета алып, фокус топтарын құрып, 1-сынып оқушылары мен ата-аналармен 
әңгімелесіп,  сұхбат  құрды.  Мектепте  оқушылардың  жұмыстары  мен  ұстаздардың  үлгілі 
сабақтарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың портфолио, НЗМ мен ПШО 
бірлескен  жұмыстардан  мобильді  көрмесі,  мұғалімдердің  сабақтарынан  видео  роликтер 
көрсетілді.Нәтижесінде  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып,  жұмыс  барысында  жеткен 
жетістіктер мен кездескен кедергілерді жою жолдары туралы пікір алысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқу  жылының  соңында  Хамраев  мектебінде  жаңа  білім  мазмұнына  сай  бастауыш 
сыныптарға, әсіресе, 1-сыныптарды апробациядан өткізу барысында біздің мұғалімдеріміздің 
алған білімдерін, жаңа технологияларын, ұтқыр идеяларын көрсету мақсатында  әдістемелік 
кабинеттің ұйымдастыруымен үлкен семинар өткізді. Семинарға Талдықорған қаласындағы 
физика–математикалық  бағыттағы  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  директорының 
орынбасары  –  Кулик  Н.В.,Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  директорының  тәрбие  ісі 
жөніндегі орынбасары – Байзакова А.Ж., Назарбаев зияткерлік мекетебінің бастауыш сынып 

 
 
140 
 
мұғалімі  –  Сарыева  А.Т.,  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  кітапханашысы  –  Нукеева  Г.А., 
Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог–психологі – Жакамбаева С.Д., Назарбаев зияткерлік 
мектебінің  IT  маманы  –  Вапаев  Р.М.,Панфилов  аудандық  білім  бөлімі  әдістемелік 
кабинетінің  аға  әдіскері  –  Алексеева  Б.А.,  аудандық  білім  бөлімінің  әдіскерлері  және  де 
аудан  мектептерінің  60  мұғалімі  қатысты.Осындай  жетістіктеріміз  аудандық  ақпараттық 
құралдарға да жарияланды. 2015 жылы  «Алтын кітап» баспасынан шыққан Жетісу элитасы 
кітабына жалпы мектептің жетістіктері басылып шықты. Республикалық «Мұғалім мінбері» 
журналына  30  мұғалімнің  үлгілі  сабақтары  жарияланды.1-сынып  оқушылары  5  күндік  күн 
тәртібінде білім алды. Жаңа білім беру мазмұнында критериалды бағалау арқылы бағалануы-
оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық 
қатысушыларына  алдын  –  ала  белгілі,  бастауыш  білім  берудің  мақсаттары  мен  мазмұнына 
сай  критерийлермен  салыстыруға  негізделген  бағалау  үдерісі.  Критериалды  бағалау  оқыту, 
тәлім  –  тәрбие  беру  және  бағалаудың  өз  ара  байланысына  негізделген.  Сонымен  қатар  оқу 
үдерісінде  топтық,  жұптық,  жеке  жұмыстар  жүргізілді.  Оқылым,  айтылым,  жазылым, 
тыңдалым дағдыларын қалыптастыру үшін белсенді әдіс – тәсілдер қолданылды. Оқушылар 
жаңа әдіс –тәсілдерге төселіп, белсенділік танытып отырады.  
Апробацияның  қорытындысын  шығара  отырып,  біз  жаңа  бағдарламаның  арқасында 
оқушыларға жаңа көзқараспен қарай білдік.  
Жаңа  бастаманың  қашан  да  қиындығы  да,  қызығы  да  аз  болмады.  Бірақ  осы  үлкен 
міндетті  абыроймен  атқарып,  шәкірттерді  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  дәрежесіне  жеткізе 
білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай жүргізіліп жатқан өзгерістерден 
қауіптенбей  мақсатқа  сай  нәтиже  қол  жеткізді.  Бір  жылғы  еңбектің  нәтижесінде 
ұққанымызды Ж.Аймауытовтың сөзімен жеткізгіміз келеді.  «Сабақ беру жай ғана шеберлік 
емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер». 
 Елбасымыздың  білім  саласын  ерекше  назарда  ұстап,  өзінің  тікелей  қамқорлығына 
алуы,  оны  мемлекеттік  даму  саясатының  өзегі  деп  қарайтыны  бәрімізге  белгілі.  Ендеше 
біздің  жұмысымыздың  басты   нәтижесі  -  Тәуелсіз  еліміздің   жарқын  болашағы  болып 
табылатын  жастарды  тәрбиелеу  болатыны  сөзсіз.  Жаңа  оқу  жылында  білім  беру  саласында 
үлкен  табыстар  мен  жетістіктер  болады  деп  үміттенемін.  Сапасы  жоғары  білімі  бар  ұрпақ 
тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады деген сенімдемін. 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет