Орта мектепте математиканы оқытудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері


Орта  мектептің  математика  курсының  мазмұны



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі62,59 Kb.
#13007
1   2   3   4
Байланысты:
1,2

Орта  мектептің  математика  курсының  мазмұны  осы  заманғы  орта 
мектеп бағдарламасының негізі:  
        -Сандар жүйесі;
        -Шамалар;
        Теңдеулер мен теңсіздіктер;
        -Математикалық өрнектерді теңбе - тең түрлендіру; 
        -Координаталар әдісі;
        -Функциялар;
-Геометриялық  фигуралар  және  олардың  қасиеттері.  Геометриялық 
амаларды өлшеу. Геометриялық түрлендірулер; 
        -Векторлар;
       -Математикалық анализ бастамалары;
        -Информатика мен есептеу техникасының негіздері. 
Бұл мәселелерді шешу жас ерекшелік кезеңінде, қандай сыныпта, қандай 
терең  білім  беруде,  қанша  сағат  санымен  үйрену  қажеттігі  орта  мектепке 
арналған  бағдарламада  анықталады.  Бұл  тарауларды  үйрену  математиканы 
оқытудың  арнайы  әдістемесінде  толық  қарастырылады.  Мысалы    “сандар 
жүйесі”  бөлімі  оқытудың  барлық  курстарында  үйретіледі.  Сандар  жүйесі 
мектеп  бағдарламасына  бұдан  көп  бұрын  енгізілген.  Уақыт  өткен  сайын 
барынша төменгі жастағы балалар оқитын болды. Математиканы оқытудағы 
тақырыптардың  мазмұны  кеңейіп,  баяндалу  тереңдігі  көбейді.  Қазіргі  кезде 
осы  тарауды  қорытындылайтын  кешен  сандары  орта  мектепте  оқыту 
мүмкіндіктері  іздестірілуде.  Оқушылар  есептер  шешкенде,  әсіресе 
математикамен 
жаратылыстану, 
техникалық 
бағыттағы 
пәндермен 
байланысты  өрнектейтін  есептердің  бәрінде  әртүрлі  шамалар  мен  амалдар 
орындайды.  Математиканы  оқытудың  мазмұнының  айтарлықтай  бөлігі 
теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге жұмсалады.  
Теңдеулер  мен  теңсіздіктерге  байланысты  материалдар  мектеп  курсы 
математикасының  мазмұнының  түрлі  салаларында  және  маңызды 
қолданбалы  есептерді  шығаруда  кең  қолданыс  табады.  Сондықтан  да 
оқушыларды теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесінің қолданбалық, теориялық-
математикалық және математика курсының басқа да мазмұндық байланысын 
құру  бағыттарын  игерту  мәселен  теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  шешуге 
үйрету  материалдарын  талдау  мен  синтездеу  деңгейінде  сапалы  игерту 
мәселесімен  тығыз  байланысты.  А.  Эйнштейн:  «Маған  біраз  уақытымды 
саясатқа,  тағы  біразын  теңдеулерге  бөлуге  тура  келеді.  Алайда,                 
менің 
ойымша, 
саясаттан 
гөрі 
теңдеулер 
әлдеқайда 
маңызды,                 
өйткені  саясат  тек  өз  тұсында  ғана,  ал  теңдеулер  мәңгі-бақи                        
бола  береді» деп  тұжырымдаған  болатын.

Осы заманғы орта мектеп бағдарламасының «өзегі»: сандар жүйесі, шамалар, теңдеулер мен теңсіздіктер, математикалық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру, координаталар әдісі, функциялар, тригонометрия, геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері, геометриялық шамалардың өлшемдері, геометриялық түрлендірулер, векторлар, математикалық талдау, информатика мен есептеуіш техникасының негіздері, оқытудың активтік технологияларын қолдану мен өзіндік шығармашылық жұмыс істеуге оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.



Орта мектептегі математика курсына енген әрбір тараудың үйрену пәні ретіндегі өзіндік даму тарихы бар. Бұл мәселелерді қандай жас ерекшелік кезеңінде, қандай сыныпта, қандай тереңдікте, қандай сағат санымен үйрену қажеттігі орта мектепке арналған бағдарламада анықталды. Бұл тарауларды үйрену математиканы оқытудың арнайы әдістемесінде толық қарастырылады. Мысалы: «сандар жүйесі» бөлімі оқытудың барлық жылдарында үйретіледі. Сандар жүйесі мектеп бағдарламасына ертеден ендірілген. Уақыт өткен сайын барынша төменгі сынып жасындағы балалар оқитын болды. Бағдарламаға енген (тараулардың) тақырыптардың мазмұны толықтырылып, баяндалу терендігі артты. Комплекс сандарды орта мектепте оқыту мүмкіндіктер де қарастырылуда.. Бағдарламада және математиканың оқулықтарында шамаларды үйрену арнайы бөлімге бөлінбеген. Оқушылар оқу мерізімінің барлық жылдарында есептерді шешу кезінде, әсіресе математика мен жаратылыстану, техникалық циклдегі пәндермен байланысты есептерді шешу процестерінде әртүрлі шамалармен өрнектелетін амалдарды орындайды. Оқу мерзімінің айтарлықтай бөлігі теңдеулер мен теңсіздіктерді үйренуге жұмсалады. Теңдеулер мен теңсіздіктердің математиканың барынша әртүрлі тарауларында кеңінен қолданылуымен ерекше мәнге ие болып отыр. Тендеулер мен теңсіздіктер жүйесін оқыту VI сыныптан бастап оқытыла бастағанына көп уақыт болған жоқ. Оқушыларды  өмірдегі  іс-әрекетке,  еңбек  етуге  дайындауда  және 
олардың  ақыл-ойы  мен  мәдениет  дәрежесін  көтеруде  геометриялық 
материалдарды  оқып  білудің  маңызы  өте  зор.  Өйткені,  геометрия  дегеніміз 
дүниені танып білудің әдіс-тәсілі, ой қорыту арқылы пікірге келудің өнегесі 
және  де  қазіргі  замандағы  ғылым  мен  техниканың  ғана  емес,  күнделікті   
өмірде  кеңінен  қолданылып  жүрген  табиғи  тіл  болып  саналады. Сонымен 
қатар,  адам  баласы  қай  салада  жұмыс  істемесін  оның  кеңістікті  түсініп,  көз 
алдына  елестетуі  өте  жақсы  болуы  қажет.  VII-IX  сыныптардағы 
геометрияның  негізгі  курсында  жазықтықтағы  фигуралардың  әр  түрлі 
қасиеттерін  оқып  білу  ең  бір  негізгі  мәселе  болып  табылады.  Мұнда 
қарастырылатын  негізгі  мәселелер  үшбұрыш,  төртбұрыш,  шеңберге 
байланысты  болып,  бұл  фигуралардың    геометриялық  қасиеттерін 
анықтайтын формулаларды, теңдіктерді, өзара және нүктеге, түзуге қатысты 
орналасуларын  қарастырылады.  Екінші  бір  қарастырылатын  мәселелер, 
геометриялық  шамалар  және  оларды  өлшеуге  байланысты.  Оқушылыр 
ұзындық,  бұрыш,  аудан  сияқты  геометриялық  шамалармен  танысып, 
геометриялық  фигуралар  элементтерінің  арасындағы  қатынастарды  және 
белгілі  формулаларды  пайдаланып  геометриялық  фигураларды  сипаттайтын 
шамалардың  сандық  мәндерін  есептеп    табуға  берілген  есептерді       
шығарып    үйренуге    тиіс.  Бұл  сыныптардағы  геометриялық  материалдарды  
оқып  білу  және  есептер  шығару  барысында    оқушылардың  логикалық  ой 
қорыту дәрежесінің дамуына аса назар аудару керек.  

 Математиканы  оқыту  мазмұнын жүзеге асыруға қажетті факторлар оқушыларға 


саналы  да,  сапалы  меңгерту  мәселесі  математика  мұғалімдерінің 
математикалық 
білімінің 
тереңдігіне, 
әдістемелік 
шеберлігіне, шығармашылық  қабілеттеріне  тікелей  байланысты.  

Математиканы  оқыту  мазмұнын жүзеге асыруға қажетті факторлар





мұғалімнің 
математикалық 
білімінің тереңдігі 



мұғалімнің шығармашылық  қабілеттері

мұғалімнің әдістемелік 
шеберлігі

2- сурет. Математиканы  оқыту  мазмұнын жүзеге асыруға қажетті факторлар

Математиканы оқытудың мазмұны мынадай себептермен өзгеруі мүмкін: 
         а) оқыту мақсатының кеңеюі, қоғамның дамуы және оның  техникалық-
экономикалық 
қажеттеріне 
байланысты 
мектеп 
оқушыларының 
дайындығына  қойылатын  талаптардың  өзгеруі,  математикалық  білім,  білік 
және дағдыларының деңгейіне де әсер етуі; 
 ә) математика ғылымының үздіксіз дамуы, математиканың ішінде жаңа 
пәндердің пайда болуы, оқу материялының мазмұнын жаңарту қажеттілігі; 
 б)  қоғам  даму  үрдісінде  оқушылардың  жалпы  даму  тенденциясы 
балалардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  анықтау  нәтижесінде  оқу 
материалының мазмұнын ертерек оқу қажеттігі; 
 в)  педагогика  ғылымдарының  дамуы,  математика  әдістемесінің  дамуы, 
оқытудың озат жетістіктерін енгізу сабақ беруді жеңілдету. 
 Математиканың  әрбір  тақырыбын  оқығанда  оның  тәжірибедегі  
қолданысын  анықтап  отыру  арқылы  математиканы  оқытудың  мазмұны 
айқындалады.  

Жеке  тұлғаны  тәрбиелеудің  қажеттілігі  мен  қазіргі  кезеңдегі математикалық  білімінің  рөлі орта  мектепте  математиканы  оқытудың  негізгі мақсаттарын анықтайды.  Математиканы  оқыту  мақсатын  анықтаудың  әдіснамалық  негізі 


демократиялық  қоғамның  жан-жақты  дамыған  белсенді  құрылысшысын 
қалыптастыру,  білімнің  дүниеге  ғылыми  көзқарас  пен  практиканың 
арасындағы байланыс жайындағы ілім болып табылады. Қазіргі таңда жалпы 
білім  беретін  орта  мектепке  қойылатын  жалпы  талаптар:  мектеп 
оқушыларының  бойына  Отанға  сүйіспеншілік,  үлкендерді,  ата-аналар  мен 
мұғалімдерді сыйлау сезімін дарытуға, жеткіншек ұрпақты оқу мен еңбектің 
сапасы  үшін,  өздерінің  мінез-құлқы  үшін  жоғары  жауапкершілік  рухында 
тәрбиелеуге,  оқушылардың  өзін-өзі  басқаруын  дамытуға,  экономиканы 
басқаруы  сол  арқылы  өзін  де,  қоғамды  да  байлыққа  кеңелтуі  керек.  Бұл 
тұжырым    математикалық  білім  берудің  басты  мақсатын  анықтайды. 
«Математикамен  бала  күнінен  айналысқан  адамдар  өзінің  ілтипатын 
дамытады,  миы  мен  еркін  жаттықтырады,  көздеген  мақсатына  жеткізетін 
жігер мен табандылықты қалыптастырады» деген болатын А.И. Маркушевич. Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына:

-жалпы білім беру,

-дамыту,

-тәрбиелеу (тәрбиелік),

-теориялық білімдерді практикада қолдана білу (тәжірибелік) мақсаттары жатады

(1 сүрет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет