Орта мектепте математиканы оқытудың міндеттері қойылған мақсаттарды іске асыру үшін орындалатын шаралармен анықталады.
Олар:
- математикалық білім мазмұнын іріктегенде әлеуметтік тиімділікті ескеру;
- математикалық білім мазмұнын іріктегенде ақпараттық сиымдылықты ескеру;
- оқушылардың математикалық іс-әрекетін толыққанды ұйымдастыру үшін барынша мүмкіндік туғызу (интеллектуалдық сиымдылық);
- дамытылған түрдегі деңгейлік және бейімдік даралау жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді игеруін жүзеге асыруға болатын және сыртқы факторлардың жиынтығына орай оқыту уақыты мөлшерінің шектелгендігін (даралау арқылы жүзеге асырушылық, бейіндік оқыту) ескеру;
- оқытудың әрбір кезеңінде математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты қалыптастыруға, дем беруге, және дамытуға мейлінше мүмкіншілік жасауды (танымдық сиымдылық, танымдық ізденімпаздық) іске асыру;
- мектептегі математикадан басқа пәндерді соларға сәйкес ғылымның қазіргі кезендегі даму деңгейінде оқып-үйрену мүмкнішілігін (пәнаралық байланыстар) іске асыру;
- оқушылардың отандық және шет елдік басқа мектеп оқушыларымен араласуына, сабақтарға қатысуына жағдай жасау және олардың қозғалысқа бейімділігін (мобильділік) қалыптастыру;
- оқушылардың дамуын бақылау портфолиосын жасау (портфолио);
- оқушылардың ата-аналарымен интерактивті байланыс орнату (бірлескен тәрбие);
- оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, ұлттық дәстүрлерді, ана тілін қадірлеуге, шет тілдерін үйренуге және еңбекқорлыққа, әдемілікке тәрбиелеу (адамгершілік тәрбиесі). (1 кесте)
1 кесте. Орта мектепте математиканы оқытудың міндеттері
Рет саны
|
Орта мектепте математиканы оқытудың міндеттері
|
Математика оқытудың мақсаттарын іске асыру шаралары
|
1
|
білім мазмұнын іріктеу
|
математикалық білім мазмұнын іріктегенде әлеуметтік тиімділікті, ақпараттық сиымдылықты ескеру
|
2
|
оқушылардың математикалық іс-әрекетін ұйымдастыру
|
оқушылардың математикалық іс-әрекетін толыққанды ұйымдастыру үшін барынша мүмкіндік туғызу (интеллектуалдық сиымдылық)
|
3
|
дамытылған түрдегі деңгейлік және бейімдік даралауда оқыту уақыты мөлшерінің шектелгендігін ескеру
|
дамытылған түрдегі деңгейлік және бейімдік даралау жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді игеруін жүзеге асыруға болатын және сыртқы факторлардың жиынтығына орай оқыту уақыты мөлшерінің шектелгендігін (даралау арқылы жүзеге асырушылық, бейіндік оқыту) ескеру
|
4
|
оқытудың әрбір кезеңінде математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты қалыптастыру
|
оқытудың әрбір кезеңінде математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты қалыптастыруға, дем беруге, және дамытуға мейлінше мүмкіншілік жасауды (танымдық сиымдылық, танымдық ізденімпаздық) іске асыру
|
5
|
Пәнаралық сабақтастықты жүзе асыру
|
мектептегі математикадан басқа пәндерді соларға сәйкес ғылымның қазіргі кезендегі даму деңгейінде оқып-үйрену мүмкнішілігін (пәнаралық байланыстар) іске асыру
|
6
|
оқушылардың отандық және шет елдік оқушыларымен қарым-қатынасын дамыту
|
оқушылардың отандық және шет елдік басқа мектеп оқушыларымен араласуына, сабақтарға қатысуына жағдай жасау және олардың қозғалысқа бейімділігін (мобильділік) қалыптастыру
|
7
|
оқушылардың дамуын бақылау портфолиосын жасау
|
оқушылардың дамуын бақылау портфолиосын жасау (портфолио)
|
8
|
оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату
|
оқушылардың ата-аналарымен интерактивті байланыс орнату (бірлескен тәрбие)
|
9
|
адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру
|
оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, ұлттық дәстүрлерді, ана тілін қадірлеуге, шет тілдерін үйренуге және еңбекқорлыққа, әдемілікке тәрбиелеу (адамгершілік тәрбиесі)
|
Жалпы математиканың дамуын шартты түрдегі төрт кезеңдері.
Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі реформа бағыттары
1.Балалардың ден-саулығын қорғау.
2. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау.
3. Оқу үрдісінің сапасын көтеру.
4. Математикадан білім берудің бір ғана мемлекеттік стандарты және базистік бағдарламасы.
5.Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.
6.Оқушыларды бір бағдарлама бойынша негізгі үш деңгейде дайындау: жалпы мәдени, қолданбалы, шығармашылық.
7. Мектеп математикасының деңгейлік параллель оқулықтары.
8. Саралап оқыту және кәсіптік бағыттау.
9.Оқушыларды есеп шығаруға үйрету.
10. Математиканы оқытуда жаңа ақпараттар технологиялары мен компьютерді пайдалану.
11. Білім алушының өзін жұмыс істеуге баулу;
12. Интерактивті сабақтар беру.
13. Оқыту барысында тәрбиелеу.
14. Мобильділікке және шет тілдерін үйренуге баулу.
15. «Жасыл экономикаға» бағдарламасы бойынша математикалық зеттеулер жүргізуге икемдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |