Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттары
жалпы білім беру
тәжірибелік
Дамытушылқ
тәрбиелеу (тәрбиелік)
1-сүрет. Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттары
Математиканы оқытудың жалпы білімдік мақсаттары:
- математикалық ұғымдарды қалыптастыру,
- нақты дәлелдерді, құбылыстарды, тәжірибелерді ұғындыру,
- формулаларды дәлелдей білуді үйрену,
- ұғымдардың анықтамасын, заңдарын, оқылуын, теорияның негізін оқыту,
- оқушыларды ғылым негізімен таныстыру,
- оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету,
- оқушыларды математикалық тілде сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.
Дамыту мақсаттары:
- оқушылардың математикалық қабілеттіліктерін дамыту,
- математикалық ақпаратты қабылдау,
- оқушылардың сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілеті,
- оқушылардың математикалық нысандарды, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілеті,
- математикалық талдаулар процесін және оларға сәйкес амалдар жүйесін қайталап жүргізу және қайталанатын құрылыммен ойлау қабілеті,
- оқушылардың жұмыс процесіндегі математикалық ойлауға икемділігі, - оқушылардың ойлау процесінің бағытын тез және еркін өзгерте білу қабілеттілігі, - шешімнің айқындығына, қарапайымдылығына, үнемділігіне және тиімділігіне жетуге тырысу,
- математикалық есте сақтау қабілеттілігі,
- ақыл-ойдың математикалық бағыты,
- оқушылардың математикаға ықыласын дамыту,
- оқушылардың өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту,
- ізденушілік қабілеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаттар:
- математиканың қоғамда алатын орыны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мәліметтерді оқушылардың бойында қалыптастыру, - оқышылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру,
- оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау,
-оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа, еңбекке, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу,
- оқушыларды математика ғылымына, математик ғалымдардың қызметіне сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Математиканы оқытудың бір мақсаты өмірлік-практикалық мақсат болып табылады.Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:1)Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге физика,химия, сызу, ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәндерін оқып үйренуге пайдалана білу;2)Математикалық құралдармен аспаптарды қолдана алу немесе пайдалана білу;3)Шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.(оқулық, ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алу);
Практикалық мақсаттар:
- оқушыларды алған теориялық білімдерін есептер шығаруға және басқа пәндерді оқып-үйренгенде қолдана білуге бейімдеу,
- оқушыларды алған білімдерін өз бетінше толықтыруға бейімдеу,
- оқушыларды математикалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге бейімдеу,
- оқушыларды оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге бейімдеу,
- оқушыларды математиканы оқып-үйренгенде ғылыми-зерттеу әдістерін қолдана білуге бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |