«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет36/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Техницизм турасында кеңінен танымал сынымен сөз алған Э.Фромм өзінің «Иметь или быть» деген кітабында, техника өнеркәсіптік қоғам адамды өзінің ұйымды және адамгершілікке жат мақсаттарына бағындырады деп көрсетеді. Технизация – автоматтандырылған, орталықтандырылған қатал жүйені талап етеді.
1968 ж. ол былай деді: «Арамызда әруақ жүр. Бұл жаңа әруақ – түгелдей механикаланған қоғам максималды түрде материалды өндіріс игіліктерін және оларды компьютермен таратуды көздейтін қоғам. Оның келуімен адам өзін тоқ, бәрін риза бірақ енжар, жансыз және сезімсіз сезініп, тотальді машинаның бір бөлшегіне айналып барады».
Неміс философ М.Хайдеггердің ұстанған көзқарасы өзінше. Оның пайымдауынша, техника жаңалықтың бір түрі. Жасырын жатқан табиғи затты тапқан сияқты. Адамға жасырын құпия нәрсенің сырын ашу, табу тән ғой. Машина мен адам табиғатты өзіне жұмыс істеуіне мәжбүр етеді, бірақ бұл жазасыз қалмайды. Өйткені адам атом бомбасын ойлап тапты, ал ол бомба дүниені қиратуға дайын тұр. Техника да өз кезегінде адамды өзіне бағындыра алады. Адамзат осынысымен әлемге ие бола алмай қалды. Сондықтан да оны қорқыныш пен танымсыздық билейді. Техниканың дамуының өзі парадокс, өйткені адамның табиғатқа билік етуі адамға да, мәдениетке де қауіп төндіріп тұр. Техника –қоғамның мәдениет деңгейі техникалық прогрестің жетістіктерін мәдени дәстүрдің қаншалықты қабылдауына байланысты.
Технология - өңдеу әдістерінің жиынтьығы десе болады. Технология тек техника деген сөздің түсінігі емес, сонымен қатар білімнің, ақпараттың жиынтығын қосады. Оның ішіне ақпараттық-интеллектуалдық, әлеуметтік, экономикалық жиынтық та қосылады. Техникада – моральды автономия жоқ болса да оны қолдану өзінше қиандық тудырады. Ол проблема ғалымдардың өздері ашқан жаңалықтарына өздері жауапты болуы, құнды мәдениеттің приоритеті, гуманизм принциптері.
Техника турасындағы мәселе– ол адам тағдыры турасындағы мәселе, ол – мәдениет турасындағы мәселе деп түсіну керек. Техногендік өркениет қайшылығының шешілуі жаңа техникалық мәдениеттің қалыптасуынан көрінеді. Бұл адамның әлеуметтік қызметінің үздіксіз байланысын түсінуге итереді.
Жалпы техника гркетің terhne - өнер, шеберлік деген сөзі: 1. Техника амал-тәсіл мен дағдының жиынтығы. Бұл көркем қызметте музыкант техникасы. Сурет салудың техникасы, т.б. болып бөлініп кетеді. 2. Жасанды ұйымдар қоғамының қызмет жүйесі. Бірден-бір өнеркәсіп күшінің элементі. Соған сәйкес функционалды белгілеуімен бүгінгі техниканы төмендегідей түрлерге бөледі: өндірістік байланыс және транспорттық, ғылыми зерттеулер, әскери, медициналық, басқару, мәдениет және тұрмыс техникасы.
Техника табиғи еңбек үдерісі мен адам аралығындағы орынды алады. Сонымен бірге адам мен техника арасында белгілі бір жүйе қалыптасады.
Техниканың әрбір жеткен жетістігі жұмысшыдан білімділікті, жұмыс істей білуді, біліктілікті талап етеді. Техника өзінің даму барысында бірталаай кезеңнен өтеді. Бұл кезеңді ажырату критерийі, адамнан техникаға аусуы болып табылады. Мынадай қызметтер технологиялық тәсілдерде адам мен техника өзгерісті керек етеді. Мысалы, қол-еңбек құралы, машиналар (механикаландырылған), автоматтандырылған машиналар.
Техника материалдық мәдениеттің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қоғам және оның детальдық типологиясы мәдени-тарихи дәуірлердің бөліну кезеңімен байланысты (мысалы, тас дәуірі, қола дәуірі, индустрия кезеңі). Техника қоғам өмірінің барлық жақтарына әсерін негіздеді. Білім жүйесі, өнер, мәдениет, тұрмыс барлығы да айтарлықтай дәрежеде техника әсерімен қайта өзгерді, басқа түрге енді. Радио, кино, телевиденияның, үнтаспалардың жасалуы, бұлар жаңа техникалық өнердің түрі. Бұлар адамзат мәдениетіне ықпалын тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет