«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет35/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153
References:
1. From Kazakh nationality to Kazakh people / Collective monograph. – Almaty: Atamura, 2010. – 80p.
2. Al-Farabi Social-ethical treatises . -Almaty: Gylym, 1975. -418 p.


Сағатова А.С., Дюсалинова Б.К.


МӘДЕНИЕТ ТАҒДЫРЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАНЫҢ ДАМУЫ

Мәдениеттану адамзат мәдениетін тұтас құбылыс ретінде қарастыратын әлеуметтік және гуманитарлық білім тоғысында қалыптасқан ғылым. Мәдениеттанудың орны және пәні туралы ғылыми білім жүйесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Оксфордтық сөздікте «kulturologie» сөзін алғаш рет неміс ғалымы Оствальд 1913 ж.пайдаланған делінсе, ал ағылшын термині «сulturology» алғаш рет 1949 ж.американ ғалымы Л.Уайт пайдаланған. Содан кейінгі уақыттарда мәдениеттану терминін әдебиетте тек бірнеше рет, яғни 1949,1956, 1957 жылдары кездескен. Сол сөздікте мәдениеттану мәдениет туралы ғылым немесе ілім ретінде көрсетіледі. Вебстер сөздігінде: «Сulturology – мәдениет туралы ғылым; анағұрлым арнайы мәні: мәдениетті өзіндік жеткілікті үдеріс, ал мәдени белгілерді (институттар, идеологиялар мен технологиялар) – мәдени емес факторларға (климаттан, адам денесінен, біздің тілектеріміз бен мақсатымыздан) тәуелсіз ретінде қарастырған американ ғалымы Л.Уайт атымен байланысты қандай да бір әдіснама» делінеді (1993). Отандық мәдениеттанудың тікелей айналысатын Батыста қабылданған ғылымдар классификациясынан көрсету күрделірек, себебі мәдениетті ең алдымен көркем және ағартушылық тәжірибесімен байланыстыратын біздің дәстүрдегі түсініктен ерекшелігі – Батыста мәдениетті көбіне ғылыми, нақты айытқанда, әлеуметтік-этнографиялық мәнде түсіндіреді.


Ғылыми әдебиетте қалыптасқан көзқарасты 2 топқа жіктеуге болады: а) изоляциялық (тұйықталған) көзқарас, мұнда мәдениеттанудың өзіндік, басқа ғылымға ұқсамайтын көзқарасы бар; б) интегративтік, оның негізінде мәдениеттану – мәдениет туралы әлеуметтік және гуманитарлық білімдердің синтезі деген көзқарас жатыр. Изоляционистік көзқарас деректерде, кейін мәдениеттануды басқа ғылыммен алмастыру жатыр, мысалы, мәдениет философиямен, өнер білімімен, мәдениет әлеуметтануымен немесе антропологиямен. Кейінгі уақытта ғалымдар интеграциялық көзқарас үлесіне жақын тұрады. Оны жақтаушылар мәдениеттануды мәдениет философиясы, мәдени антропология, мәдениет әлеуметтануы, этнология, мәдениет психологиясы, мәдениет тарихымен, т.б. тоғысында пайда болған білімнің синтетикалық саласы ретінде түсінеді. Олар мәдениеттің таза мәдениет философиясы немесе өнер тарихына қатысты дегеніне қарсы шығады. Интеграциялық көзқарас түрлі ғылымдарды синтездей отырып, жаңа білімнің өсуін қамтамасыз етуімен үстем тұр. Оған қарама-қарсы изоляционистік көзқарас мәдениеттану деген жалаумен бұрыннан белгілі антропология, мәдениет философиясы немесе әлемдік көркем мәдениет тарихына танылғандарды қайталауымен қауіпті. Интеграциялық көзқарас әрі мемлекеттік білім стандартында қаланған, мұнда «мәдениеттану» мамандығы бойынша жалпы кәсіпқой пәндер циклінде мәдениет теориясы, мәдениет философиясы, мәдениет әлеуметтануы, эстетика, өнер тарихы, әдебиет, дін, ғылым, этнология, семиотика, риторика, көне тілдер енгізілген. Мәдениеттану мазмұны тек бір ғылыммен көрсетілген жалғыз пән саналмайды. Алайда егерде мәдениеттану антопологияға, философия немесе өнертануға келмесе, онда бұл берілген пән мәселесі мәдениеттану пәні шеңберіне енбейді дегендік емес. Керісінше, олардың бәрі, әрі тек олар ғана емес, бұны өз әдістері, теориялық және эмпирикалық жетістіктермен нәрлендіреді.
Этнографтар, философтар, әлеуметтанушылардың (қазіргі уақытта нақты осылар ең бірінші кезекте мәдениеттанушы атына лайық бола алады) жүзеге асыруымен мәдениетті ғылыми зерттеу мәдениетте бір бағытты көлемді емес, көп қырлы күрделі білімді көруге мүмкіндік жасайды. Мәдениет туралы толық білім антропологиялық, гуманитарлық, әлеуметтану білімдері тоғысында пайда болады.
КСРО-да мәдениеттану өзіндік статусымен, басқа ғылымдар арасында өз пәні және зерттеу объектісімен, өз тарихы және дәстүрлерімен танымал болмады. Ол туралы толығымен тек 90 ж.басында ғана айтыла бастады. Шын мәнінде біз ең жас, бірақ белсенді дамып келе жатқан білім саласымен істеспіз.
Қазақстанда мәдениеттің түрлі мәселелерімен Абай, Шәкәрім, Уәлиханов, Алтынсарин, Бөкейханов, Байтұрсынов, т.б.айналысқан.
«Техника» - грек сөзі. Алғашқы кезде ол кәсіп, шеберлік, өнер деген мағынаны білдірді және «мәдениет» деген латын сөзіне жақын болды.
Техника – бұл өндірістік және өндірістік емес әрекеттерді жүзеге асыру үшін адамдар арқылы жасалған құралдар жиынтығы. Техника – артефакт болып саналады және ең аз күш жұмсау кезінде ең үлкен нәтижеге жетуді үйретеді. Бірақ техника – тым кең ұғым. Ол материалдық дүниені көркейтетін, табиғи заттылықтың формасын өзгертетін мәдени адамшылық әрекет.
Техниканың негізгі қызметтері табиғат пен қоғам арасындағы адамдардың бір-біріне көмектесе әрекет жасауын қамтамасыз ету. Техника – адамдармен қатар пайда болды. Ал оның дамуы, адам мен табиғаттың өзара әрекетінің қолайлы ізденіс үдерісін білдіреді. Адамдарда қажеттілікті және жеке табиғи шындықты өзгерту мүмкіндігін сезінуі, өзінің дене мүшесінің кемшілігін жеңуі, аурудан құтылуы, адамға туылғаннан бастап берілген қасиетін әбден жетілдіру, сонымен қатар діни, эстетикалық, көркемдік ықыласын арттыруы әлдеқашан пайда болған.
Техника – феномен ретінде табиғат пен қоғамның арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз етеді, осы өзара әрекеттің орталығы адам «Homofaber» (адам жасаушы).
Техника – барлық мәдениеттің заңды игілігі, әр халық өзінің мүмкіндігіне және қажеттілігіне қарай техникалық құралдар жасады. Қарым-қатынас жағынан қарағанда, «адам-техника» мәдениет әлемінде болатын барлық әр түрлілік негізгі 3 түрге бөліне алады: адамдардың табиғатқа бағыну мәдениеті, табиғаттың адамға бағыну жолында жүретін мәдениеті, табиғат пен адам арасындағы қатынастың үйлесімділікке ұмтылатын мәдениеті.
Техника - өзінің мағынасын – 2-ші түрдегі мәдениеттің жалпыға бірдей және жан-жақты құралдың дамуынан тауып алады. Техника – адамдардың мәдени бейнесін анықтады. Алайда адам түскен тарихи жол тәуекелге толы және айналмалы екендігі ертеде мәлім болды.
Техниканы – жасау арқылы адам өзінің жағдайын және өзін де өзгертті. Осыдан ол жаңа үдерістің негізін қалаушы болды, ал форма - өзінің жеке негізін қалады және адаммен қатар қызметі болды. Ендеше техника мақсаты – адам байланысын табиғатынан түбірімен өзгерту, табиғатты адамға бағындыру. Техникалық үдерістің осы салдарлары техникаға табынуды қарқынды өсуі мәдениеттанушылық талдау пәні болмай қоймады.
Батысевропалық мәдениет техникаға табынушы ел. Техникаға табыну бұл бірнеше жүз жылды қамтиды. Философтар, табиғат зерттеушілер XVII-XVIII ғғ.қоғамды табиғатқа билік ете аламыз деп сендірді.
XVIII ғ.аяғы XIX ғ. басында техникалық революция нәтижесінде қоғамда техникаға табыну кең етек ала бастады. Батысевропалық саясат және жергілікті тұрғындар үшін техника табынатын пұтқа айналды. Техникалық білгірлік көркем әдебиетті, суретті және музыканы ығыстыра бастады.
Техниканың өзіне тән діни шіркеулеріндей болған қуатты политехникалық институттар пайда болды. Осылайша техникалық өркениет туды. Осы заманғы өркениет табиғаттың адамзат ақылына жоғарғы дәрежеде бағынуымен сипатталады. Ғылыми – техникалық прогресс алғашында XVII ғ.бастап-ақ Европа мәдениетін табиғатқа қарсы қойғаны сондай шығыс халықтарының мәдениетінен алыстатты. Бұл қарсылық XX ғ.ең үлкен дәрежеге жетті.
Техникалық байланыс бұрынғы политехникалық және мәдени шекаралардың бұзылуына әкеліп соқтырды, қарым-қатынас үдерісі қысқарып, әлемдік мәдени орталықтарға жаһандану шеткі аймақтарға орасан зор ықпалын тигізді. Жаңа қарым-қатынас жолдары - масс-медиа, internet пайда бола бастады. Техниканың жаппай таралуы адам ой-санасын, көзқарасын өзгертуін талап етті. Гуманитарлық негіздің, антропоморфтық үлгілердің рөлі азайды. Оларды ығыстырған адамзат қызметінен табиғатқа, қоғамға ғылыми түрде әрекет етуі. Қоғамдық мәселелер көбіне жаратылыс ғылымының терминдерінде айтылады. Әлеуметтік-технология ұйымының жаңа принциптер әрекеті ірі индустрияны ғана емес, сонымен қатар өмірдің барлық саласына таралып, жаулап алды.
Транспорт, тұтыну саудасы, қызмет ету отрасы, күнделікті бос уақыт, ойын-сауық, туризм және әртүрлі әуестенушіліктің өзі жаппай өндірістің салаларына айнала бастады. Бұл үдеріс рухани мәдениет ортасын да жаулап алды. Рухани мәдениет өнеркәсіптің (индустрияның) жалпылама саласына айналды.
Оптимистік көзқарастағылар техникаға сеніммен қарады. Олардың ойынша техниканың дамуы адамзатқа әрқашан жақсы әсер етеді. Дегенмен, олар жоғарыда айтылып кеткен ғылыми-техникалық прогреске байланысты мәдениеттегі зардаптарды ұмытқандай. Оптимистік көзқарастағылар бұның бәріне техника емес, адамдардың өздерін кінәлі деп есептеді. Өнеркәсіптің бірыңғай қоғамы атты теориясының негізін салушы, француз әлеуметтанушысы және мәдениеттанушысы Р.Аронның ойынша, бүгінгі әлемде әр түрлі әлеуметтік жүйе емес, бірыңғай индустриялды қоғам бар. Қарама-қайшылықтан өндіріс қоғамынан қашуға болмас. Бірақ адамзаттың даму сатысы ақпарат кезеңінде шешімді деп сенеді. Осы қайшылықтардың шешілуіне жаңа (күш) билік – технократия мүмкіндік туғызады. Бұл билік білімге, компетенцияға (міндет) сенімді, анық ғылыми болжауға, техника-технологиялық параметрінің дамуына негізделген. Оптимистік концепцияларға қарама-қарсы пессимистік концепциядағылар техниканың, адамның рухани ішкі дүниесіне әсер етуін қарастырады. Техника дамуының ішкі дүниесіне залалды зиянды деп есептеді. Ал кейбір теоретиктер мұндағы шығар жалғыз жол деп адамның дәстүрге, патриархалды қоғамға, бастапқы қайнарға (шыққан жері) келуін ұсынады. Енді бірі Франкфурт мектебінің өкілдері адам бүгінгі қарым-қатынасқа қарамай, техникаға қарсы тұру керек дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет