«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет93/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Литература:

  1. Кузьмина Н.В., Софьина В.Н. Акмеологическая концепция развития профессиональной компетентности в вузе: монография / Н.В. Кузьмина, В.Н. Софьина. – Санкт-Петербург: Издательство НУ «Центр стратегических исследований», 2012. – 200 с.

  2. ТатурЮ.Г. Компетентность в структуре модели качества подготовки специалиста // Высшее образование сегодня. – 2014. - №3. С. 21-26.

  3. Делор Жак. Образование – скрытое сокровище. UNESCO, 1996 // Университетская книга. 1997. № 4. С.37.

  4. Акбашева Р.Ш. Проектный подход к личностно ориентированному образованию. – Уфа, 1999. – 130 с.

  5. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.: ИНТОР, 1996. – 544 с.

  6. Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования. – М.: Московская академия развития образования, 1996. – 545 с.

  7. Щедровицкий Г.П. Исходные представления и категориальные средства теории деятельности // Разработка и внедрение автоматизированных систем в проектирование: (Теория и методология). – М.: Стройиздат, 1975. – С. 72-177;

  8. Щедровицкий Г.П Пространство свободы // Народное образование. 1997. №1. С46-49.

  9. Хуторский А.В. Общепредметное содержание образовательных стандартов. Проект «Стандарт общего образования». Москва, 2002.

  10. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. – 2003. - №5. С.34-42.

  11. Зиатдинова Ф.Н., Мухамадеев И.Г. Психология и педагогика. / Модуль: Гуманитарный, социальный и экономический цикл. Базовая (обязательная) часть» ФГБОУ ВПО по всем направлениям. Серия 1. /Учебно-методическое пособие. – Уфа: Издательство БГАУ, 2012. – 377 с.



Избанова Г.А., Махметова А.А.


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазіргі Қазақстан даму жағдайында болашақ ұрпаққа тәлім – тәрбие беру мәселесі өзекті болып табылады, өйткені қоғамның, мемлекеттің экономикалық – әлеуметтік бағытындағы негізгі субъект – бұл тұлға . Еліміздің саяси – экономикалық және әлеуметтік жедел жаңарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030 » даму стратегиясы бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына адамгершіліктің шешуші факторы болуы заңдылық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән [1, 171].


Психология ғылымында жеке тұлғаның құрылымы мен қалыптасуы жөнінде бірнеше теориялар бар. Солардың ішіндегі ең қомақтысы З. Фрейдтің 1856 жыл мен 1939 жылдар аралығында жасаған психоанализі (жан талдауы) деп аталатын қисындары. Ғалым:

  • Адамның еркінен тыс үнемі психикалық қақтығыстар жасап отыратын күш бар, соның нәтижесінде сана мен бейсана арасында тартыс туып отырады, - дейді [2,455 ].

Педагогика мен психология ғылымдарында жеке тұлға мәселесін үш тұрғыдан қарастырады:

  1. Биологиялық.

  2. Әлеуметтік.

  3. Биоәлеуметтік.

Биологиялық бағыты жеке адамның бойындағы барлық өзгерістер негізінен туа пайда болатын қажеттіліктермен, желігу және инстинктермен байланысты, демек жеке тұлға қандай да болмасын белгілі бір қоғамдық талаптарға, қажеттіліктерге бағынуы қажет.
Әлеуметтену бағытын жақтаушылар адамбиологиялық тіршілік иесі болып туғанымен, белгілі ортада жетіліп, сол ортаның заңдылықтарына байланысты әлеуметтенеді деген мәмлеге келеді. Адам неғұрлым ортамен қарым – қатынас жасаған сайын, соғұрлым оның биологиялық негізінің кей жақтары өзгеріске ұшырайды.
Биоәлеуметтік бағыттағылар адамның психикалық үрдістері түйсіну, қабылдау, ойлау тағы басқа биологиялық негізде қалыптасқан болса, оның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасатын болса, оның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасатындығын түсіндіреді. Қазіргі заманғы психология жеке адамды биологиялық және әлеуметтік жағынан біртұтас қарастырады [3, 126].
Жеке тұлға - өзіндік көзқарастар, құндылықтар тұғыры жүйесінен, мәдениет сызбасынан тарихи қалыптасқан және үнемі даму үстіндегі өзіндік ойлау қабілетінің нысанасы мен мазмұнынан құралатын, қоғамның үздіксіз даму үрдісіндегі ішкі маңызды мүшесі болып табылады. Жеке адам әлеуметтену барысында өзін – өзі тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана сезімнің қалыптасуына ықпал ете алады[4,122]. Сол сияқты жеке тұлғаны қалыптастыруда ата - аналарға да педагогикалық - психологиялық білім керек. Олардың мұнымен айналысуына мұғалімдер, сынып жетекшілері және психологтар көмектеседі. Ұстаздардың, сынып жетекшілігін атқарушы ұстаздың, психологтың өзіне тән ұйымдастырушылық қабілеті сан қилы болып келеді. Баланы дамыту, ой өрісін жетілдіру тұсындакез - келген сынып жетекшісінің шеберлігі шығармашылығымен өзара астасып келе беретіні белгілі. Сондықтан жеке тұлғаны тәрбиелеуде психологпен бірлесе отырып, баланың ішкі дүниесін түсіне білуі, оны жеке тұлға ретінде танып, өз көзқарасына жүгінуі керек. Атап айтсақ:

  • Өзге баланы ешқандай баға бермей түсіне білу, оның жан дүниесіндегі кірбің мен торығу, қуаныш пен қайғыны қабылдай білу.

  • Баланы ұмытпай, кемшілігін бетіне айтпай, ақылмен жеткізе білу, ол баланың өз ойын, сезімін еркін жеткізуіне мүмкіндік беру.

  • Баланың мүмкіндіктері мен қабілетін жоғары бағалау, ішкі әлеміне кіру арқылы шығармашылыққа баулу.

  • Баланың басынан өткен оқиғаларына қарай көмектесе білу.

Тәрбие – білімнің өзегі болғандықтан, сынып жетекшіісі мен психологтың және отбасы байланысы тығыз болуы керек. Бала мен ата - аналардың жан - ұядағы өзара қарым - қатынаста жеке тұлғаны тәрбиелеу дәрежелері қандай деңгейде екенін байқау ретінде оқушыларға сауалнамаларды толтыртуға болады.
Әр оқушы сол сауалнамаларды толтырып береді:
Оқушының аты - жөні:______________________________

  1. Бос уақытта немен айналысасың?

  2. Нағыз досың кім?

  3. Досыңның қандай мінезі ұнайды?

  4. Ол саған жиі көмектесе ме?

  5. Оқыған кітабыңның тақырыптарын жазып бере аласың ба?

  6. Сен қандай жыл мезгілін ұнатасың?

  7. Жеке қалғанды ұнатасың ба?

  8. Саған қай кезде ата - анаңмен әңгімелескен ұнайды?

  9. Ата – анаңның қандай сыйлығы есіңде қалды?

  10. Ол сыйлық саған ұнады ма?

  11. Ата – анаңмен ұнатып көретін телеарнаң қандай арна?

Ата – аналар өздеріне арналған сауалнама сұрақтарына жазбаша жауап береді:

  1. Балаңыздың досы кім?

  2. Балаңыз ертегі кітаптарын оқи ма?

  3. Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

  4. Ол компьютерде көп отыра ма?

  5. Балаңыз ұнататын тағам?

  6. Балаңызбен қай уақытта сөйлесесіз?

  7. Балаңызды ұрасыз ба?

  8. Балаңыз үйде жалғыз қалудан қорқа ма?

  9. Балаңызға туған күніне қандай сыйлық сыйладыңыз?

  10. Ол сыйлық балаңызға ұнады ма?

  11. Балаңызбен бірге ұнатып көретін телеарнаңыз қандай арна?

  12. Сіз балаңызға сеніммен қарайсыз ба?

Өркениеттің күшіне енген мемлекетіміздің болашағы өскелең ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәрбиесіне, көздеген өмірлік мүддесіне тікелей байланысты. Өйткені, тәрбие бұл адамның жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей бағытталған. Тәрбиенің ғылыми негіздерімен психология, педагогика және философия, әлеуметтену ғылымдары айналысады. Психологиясыз тәрбиенің негізі шешілмейді. Себебі, ол жеке тұлғаның психологиясының білімдерімен, адамдардың қарым –қатынастарына, әлеуметтік қоғамдардың әр түрлі психологиясына байланысты болады. Демек, осыдан шығатын тұжырым бұл әрине, тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ең алдымен тәрбиенің нақты мақсаты болуы керек. Тәрбиенің ең басты мақсаты жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру [5, 423].
Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә.«Қазақстан – 2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. – А.: Білім, 1997.–б.171

  2. Фрейд. З. Психоанализге кіріспе: Лекция.//М.Г.Ярошевский – М:1989,-б.455

  3. Тұлғаның психологиялық негіздері. Ғылыми еңбектер жинағы // И.И.Чесноков –М.: 1989.–б.126

  4. Мұқышева Г.С. 12 жылдық білімге көшу...- Қ.:2008. – б.294,295

  5. Кулиева Е.О. Заманауи білім. – Қ.: 2011.– б.423





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет