Тапсырма № 1. 1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлерін атаңыздар
2. Кітаппен жұмыс әдісі қалай жүргізіледі
Пайдаланылған әдебиеттер: Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-
Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.
Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 14
Тақырып: «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» сабақтарына пайдаланатын көрнекіліктер дайындау
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум Аудиториялық жұмыс: 1.Пәндер интеграциясы туралы зерттеулер және оның маңызы
2.Пәндерді байланыстыра оқыту негізінде тәрбиеленушілердің тілін дамыту.
3.Ана тілі мен қазақ тілін байланыстыра оқытудың тәсілдері
4.Бастауыш сыныптарда жүргізілетін оқу пәндері.
5.Тіл және оқу пәндерін өзге пәндермен сабақтастыру.
Қысқаша теориялық мәліметтер: 1. Бастауыш сыныптадағы ана тілі білім мазмұнын түбегейлі өзгертуде интеграцияның әрқилы тегімен түрлері қолданылып, пәнаралық байланыстың өзіндік классификациясы жасалды. Оларға тоқталмастан бұрын пәнаралық байланыс түрлерінің дамуына шолу жасайық. Пәнаралық байланыс түрі көп.
1950 жылдары пәнаралық байланысты анықтауда, негізгі әдіс тақырыптық-кезеңдік (әр пән тақырыптарының байланысын кезең бойынша құру болып, алғаш рет классификациялау осы кезеңдік өлшемге негізделген М.Н. Стакин, Н.М. Верзилин, П.Г. Кулагин, Ю. Вайтякявичус, Н. Чекес-Заде, т.б). Мұндай пән арасындағы байланысты орнату білімді жүйелеуге, туыстас пәндердің бұрын өткен материалдарына сүйенуге ықпал еткен. Пәнаралық байланыстың негізгі үш тегі /типі/ бар: мазмұндық-ақпараттық, операциялық-әрекеттік, ұйымдастырушылық-әдістемелік. Интеграция білім мазмұны негізінде жасалса, мазмұндық-ақпараттық текке жатады.
Оқу танымдық әрекеттердің тәсілдері және тәрбиеленушілердің дағдыларына сүйенсе, операциялық-әрекетті, ал әдістер мен ұйымдастыру формаларына негізделсе, ұйымдастырушылық-әдістемелік интеграцияға жатады.
Интеграцияның жаңа дәрежеге көтерілу қажеттігі жайлы қазақстандық ғалымдардың да өз пайымдаулары бар. Мысалы: ғалым А. Бейсенбаева: «Бүгінгі қазақстандық қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі – мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы мен интеграцияның жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр», - деп атап көрсетеді.
Интеграция негізделген танымдық әрекеттің операциялық өлшемі тәрбиеленушілердің ойлау әрекетінің тәсілдермен, проблеманы шешудегі ізденушілік әрекеттерімен сипатталады. Ойлау әрекетінің тәсілдері: қысқа мерзімде кең көлемді материалдармен жұмыс жасап үлгеруі; әр пән тапсырмаларын орындай білуі; ой қорытындысының логикалық тәсілмен қолдана білуі /индуктивтік, дедуктивтік/; материалды қорытындылай алуы; тілінің дамуы. Ізденушілік әрекетті: проблеманы саналы ізденуі /өз түсінігін сөзбен бірге білуі/; ойының логикалық байланысы; танымдық міндетті саналы түсінуі; мәтінді проблеманы шешу жолын ашатын логикалық «байланысты» сезінуі, сол байланысты қорытынды жасауда жалпы проблеманы байланыста бере білуі, проблеманы шешуі (мәтіннің құрылымы, шешімнің тиімділік деңгейі, өзінің жаңа мысалдармен талдауы).
Интеграция оқушының оқуға жауапкершілігін арттырады. Оқулықтың мұндай тәрбиелік қызметі оқушыны өзін-өзі танытуға, тәрбиелік мүмкіндік туғызады.
Авторлық оқулықтардағы интеграциялық тапсырмалар тәрбиеленушілердің өздеріне бірнеше жаңа білім көздерін ашып, мәселеге жан-жағынан келіп, өз пікірлерін айтуына бірде сөз өнерін басқа өнер тәсілдерімен, бірде табиғат, тарих материалдарымен байланыста қарастыру арқылы дүниетанымын кеңейтуге, тілін, ойын басқа да интелектуалдық қабілеттерін дамытуға әсер етумен қатар, оларды өздігінен білім меңгертуге бағыттауда маңызы зор.