4.Қанның физика-химиялық қасиеттері: түсі, тұтқырлығы, тығыздығы, осмостық қысымы, қан реакциясы. Қанның тұрақтылығын реттеудің физиологиялық механизмдері. Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық – химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1,7 – 2,2 ал қан тұтқырлығы 5,1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1,050 – 1,060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады.
5.Эритроциттер, олардың физиологиялық маңызы. Эритроциттер саны мен мен құрамы. Эритропоэз және оның реттелу механизмдері. Эритроциттердің гемолизі, оның түрлері. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі туралы түсінік.
Эритроциттер – ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4,0х1012 – 5.0х10 12 /л. Әйелдерде 3,7х10 12 – 4,7 – 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі – эритроцитоз, азаюы – эритропения деп аталады.
Эритроциттердің қызметі: тыныс алу – ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар;
қорғаныс - эритроциттер токсиндерді антиденелер арқылы байланыстырады, қан ұюға қатысады;
ферментативтік - әр түрлі ферменттердің тасушысы.
Гемоглобин – қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 100г қанда 16,67 – 17,4 г гемоглобин бар. Ер адамда 130 – 160 г/л , әйелде 120 – 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин – гемнің нәруыз тасушысы. Гемоглобиннің қызметі: Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады.
Гемолиз– бұл эритроциттер қабықшасының ыдырау үдерісі, оның нәтижесінде гемоглобиннің қанға шығарылуы өтеді. Гемолиз бірнеше түрге бөлінеді.
Осмостық гемолиз – гипотониялық ортада дамиды, оның салдарынан қан мөлдір түске («лак түсті қан») айналады. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығының (төзімділігі) шамасы натрий хлор ерітіндісінің гемолиз басталатын концентрациясы (физиологиялық ерітінді) болып табылады. Адамда эритроциттер тұрақтылығының шектері 0,4% -дан 0,34% -ға дейін (осындай концентрациясы бар ерітіндіде барлық эритроциттер ыдырайды). Кейбір аурулар кезінде эритроциттердің осмостық тұрақтылығы төмендейді, немесе , гемолиз натрий хлор ерітіндісінің біршама жоғары концентрациясында басталады.
Химиялық гемолиз – эритроциттердің протеиндік-липидтік қабығын ыдырататын заттар әсерінен (эфир, хлороформ және т.б.) өтеді.
Механикалық гемолиз – қанға күшті механикалық әсер болған кезде (мысалы, донорлық қаны бар ампуланы қатты шайқағанда) дамиды.
Термиялық гемолиз – қанды мұздатып және қайта жылытқан кезде байқалады. Эритроцитердің қабықтары мұз кристаллдарының әсерінен зақымдалады.
Биологиялық гемолиз – қанға тірі ағзаларда түзілетін заттардың (сәйкес келмейтін қанды құйған кезде, иммундық гемолизиндер әсері кезінде, биологиялық улардың (жылан, ара және т.б. улары) әсері кезінде) дамиды.
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі — осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетiн күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетiндегi) ерітінділерде ерiген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрация мен осмостық қысымының аз-көптiгi epiген бөлшектердiң химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, epiген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық кысымы соғұрлым жоғары болады.
Каннын осмостық кысымының 60%-1 ас тұзы (NaCl) иондарына байланысты.
Қанның осмостық кысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте қанның қату температурасы 1 (депрессия көрсеткіш) 0,56 -0,58ºС. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5-7,6 атмосферага тең.