9. Гемоглобиннің түрлі қосылыстары: карбоксигемоглобин, карбогемоглобин, метгемоглобин, гемоглобинге сутек иондарының қосылуы. 1.Оксигемоглобин-гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуінен пайда болған қосындыны айтады. Тұрақсыз қосылыс, тез ыдырап оттегін бөліп шығарады.
2. Карбогемоглобин-көмір қышқыл газбен қосылысы-тұрақсыз, тез диссоциацтяланады. Көмір қышқыл газ гемоглобиннің амин тобымен қосылады.Карбогемоглобин мн дезоксигемоглобин қанды күрең қызыл түске бояйды. Бұл вена қанының түсі.
3.Карбоксигемоглобин-гемоглобиннің иісті газбен қосылысы.Гемоглобин құрамындағы темір оттегімен емес,иісті газбен әрекеттеседі. Гемоглобиннің бұл газға деген тартқыштығы күшті.
Карбоксигемоглобин тұрақты қосылыс, бірақ ауада оттегі көбейіп кетсе, ол ақырындап ыдырай бастайды
4.Метгемоглобин-күшті тотықтырғыш заттардың әсерінен гемоглобин құрамындағы темірдің валенттілігі өзгереді,ол екі валенттіден үш валентті болып өте тұрақты қосылыс құрайды.Темір атомы гидроксил тобымен қосылады. Тіндерге оттегі тасылуы тоқтайды.Метгемоглобин дереу мдеуді қажет ететін патологиялық қосылыс.
10. Гемостаз туралы түсінік. Қан ұюының мәні мен маңызы. Қан ұю жүйесі. Қан кетуді тоқтату үрдісі. Ұю-қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиетінің арқасында қанның сыртқа шығуы тоқтайды. Мұны гемостаз,яғни қан тоқтау дейді.
Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдістерді айтады.
.
Қан ұю жүйесінің факторлары екі топқа бөлінеді.:
1.Гемокоагуляцияны тездететін және қамтамасыз ететін;
2.Оны тоқтатын немесе баяулататын.
Қан плазмасында гемокоагуляция жүйесінің 13 факторы бар. Факторлардың көбісі бауырларда кездеседі. Оның синтезі үшін « К» витамині қажет. Қан ұю үрдісі үш фазада өтеді:
Протромбиназа деген кешен түзіледі;
Белсенді протеолитикалық фермент тромбин түзеді;
Тромбин әсерінен фибриноген фибринге айналады.
Гепарин - кең спекторы бар табиғи антикоагулянт, ол алғашқы рет бауырдан алынған, сондықтан оның аты гепарин. Гепарин қан ұюының барлық фазаларын тежейді.
Қан ұюын шапшаңдататын әдістер:
1.Ыдысқа құйылған қанды тез ұйыту үшін оның қызуын 37С дейін көтеру қажет,осындай ыстықта қан ферменттерінің әсері күшейеді.
2.Қанға кальций тұзы ерітіндісін құйса, қан тамырында да, пробиркада да қан тез ұйыйды
3.Денеде К витамині көбейсе қан тез ұйыйды.
4. Қан ағып тұрған жараға тромбин ерітіндісіне малынған тампон басса ол тез ұйыйды.
5.Қан ағып тұрған жерге гемостатикалық қан фибриннен жасалған кеуек зат жабыстырса, ол тез тоқтайды.
6.Бүтіндігі бұзылған тін құрамында тромбопластині көп жолақ ет,іш майы кесіндісін не тін сығындысына малынған тампон басса қан тез тоқтайды.
7.қанға адреналин қосса, қан тез тоқтайды