Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Агглютинация реакциясы туралы түсінік, оның ерекшеліктері. Қан топтарын анықтау әдістері. Қан құю үшін қан топтарының маңызы



бет16/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
15. Агглютинация реакциясы туралы түсінік, оның ерекшеліктері. Қан топтарын анықтау әдістері. Қан құю үшін қан топтарының маңызы.
Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.
Эритроциттер бiр-бiрiне жабысып, желiмденiп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырған кезде эритроциттердiн бiр-бiрiне жабысып калуы гетерогемоагглютинация деп аталады.
Белгiлi 4 заттан (А, В және о, В) кездеспейтiн етiп тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келген Ян Янский адам қанын 4 топқа бөлді. Егер қан плазмасында а мен В агглютининдерi болса, онын эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек. Сондықтан А, В агглютиногендерi болмаса, олардың жоғын "О" мен белгілейді. AB агглютиногендерi жок "О" плазмада о. В агглютининдері бар қан I топқа жатады, ал "А" агглютиногенi бар қанда В агглютининi болады, мұндай кан II топ болып белгiленедi. I топтагы қанда В - агглютиноген, а агглютинин болады. Егер қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса, ондай қанда агглютининдер болмайды (0). Ол кан IV топка жатады. Халықаралык келiсiм бойынша қан тобын белгiлерде оның агглютиногенi жазылады да, содан сон агглютинин, ақырында рим санымен қан тобы жақшада көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет