Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Қан ұюына қарсы жүйе, оның компоненттері және маңызы. Тікелей және жанама әсерлі антикоагулянттар. Қанның фибринолиздік жүйесі және оның маңызы



бет15/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Физиология эталон толык

13. Қан ұюына қарсы жүйе, оның компоненттері және маңызы. Тікелей және жанама әсерлі антикоагулянттар. Қанның фибринолиздік жүйесі және оның маңызы.
Қан ұюына жол бермейтін заттар антикоагулянттар деп аталады. Қан плазмасында көптеген ұйытатын заттар болса да, сау адамның қан тамырында әдетте қан ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда оның ұюына жол бермейтін табиғи заттар-антикоаагулянттар болады.
Табиғи антикоагулянттар: 1) әрдайым қанда болатын бастапқы антикоагулянттар; 2)қан ұюы кезінде пайда болатын қосымша антикоагулянттар болып 2 топқа бөлінеді.
Бастапқы антикоагулянттар қатарына антитромбопластиндер, яғни ротромбиназалардың пайда болуын тоқтататын, тежейтін, антитромбиндер және гепарин жатады. Гепарин қанның базофил жасушасында, майлы дәнекер тінде түзіледі. Ол гемокоагуляцияның бірден 3 кезеңін, плазмалық және тромбоциттік түрткілердің белсенділігін тежейді,аз мөлшерде фибринолиз әсерін еүшейтеді. Гепарин гиалуронидазаға әсер етіп, заттың капиллярлардың өтуін күшейтеді,антиген мен антитәннің қосылу реакциясына қарсы әрекет жасайды, ісіну, қабыну үрдістерін бәсеңдетеді. Сондықтан да гепарин мендицинада кеңінен қолданылады.
Қосымша антикоагулянттар қатарына фибрин (тромбиннің 90%-ін адсоорбциялайды) пептидтер, ІХ,ХІ түрткілер әсер етеді.
14. Қанды топтарға бөлудің негізгі қағидасы. Агглютиногендер мен агглютининдер. АВ (0) жүйесі. Резус-факторы және оның қан құю мен акушериядағы маңызы.
Эритроциттердің мембранасында 2 түрлі агглютиноген,ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкес келетін 2 түрлі агглютинин желімдейтін альфа не бета болатынын анықтады. А-агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық альфа агглютинин жабыстырса, В-агглютиногені бар эритроциттерді бета агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен аггглютинин бір-бірімен кездессе, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімденген эритроциттер жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығады, сөйтіп осындай эритроциттер гемолизге ұшырайды. Мұндай қан улы болады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар болмайды.
Белгілі 4 заттан кездеспейтін етіп тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келген Ян Янский 4 топқа бөлді.Егер қан плазмасында альфа мен бета агглютининдері болса, оның эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек. Сондықтан А,В агглютиногендері болмаса, олардың жоғын «0» мен белгілейді. АВ агглютиногендері жоқ «0» плазмада, альфа бетта агглютининдері бар қан 1 топқа жатадыал «А» агглютиногені бар қанда бетта агглютинині болады, мұндай қан 2 топқа жатады. 3 топтағы қанда В-агглютиноген, альфа агглбтинин болады. Егер қанда А және Вмагглютиногендер болса онда қанда агглютининдер болмайды , ол 4 топқа жатқызылады. Адам қанын 4 топқа бөлу оның қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап береді. Адамның қаны резус факторы бар және резус факторы жоқ қан деп екі топқа бөледі. Донордың резусты қанын резуссыз қанға құйса, 3-4жұма арасында антитән, яғни антирезусагглютинин пайда болады да, организмде көп жылдар сақталады. Егер осы иммунданған адамға тағыда резусты қан құйылса, оның эритроциттері реципиент қанындағы антирезусагглютининмен кездесіп,біріне-бірі жабысып қалады. Бұл қан құюдан болатын гемотрансфузиялық шокқа әкеліп соғады, дереу шара қолданбаса адам одан өліпте кетеді. Сондықтан бір адамның қанын екінші адамға құярда АВ0 мен резус жүйесіндегі қан аттас болуы тиіс. Резусты донор қаны резусты қанға, ал резуссыз қан тек резуссыз қанға құйылады. АВ0 жүйесіндегі аггютиногендер мен бірге резусагглютиноген де тұқым қуалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет