Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Лимфа, оның құрамы мен қасиеттері. Лимфаның түзілуі мен жылжуы



бет17/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Физиология эталон толык

16. Лимфа, оның құрамы мен қасиеттері. Лимфаның түзілуі мен жылжуы.

Лимфа мөлдірлеу,ересек адамда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ. Құрамында минерал тұздар мен органикалық қосылыстардың мөлшері де қан плазмасындағыдай,бірақ белок мөлшері қандағыдан аз-0,3-0,5 пайызға және ағзада әртүрлі.Лимфада қан белогының барлық фракциялары болады, бірақ фибриноген қандағыдан аздау. Сондықтан лимфа өте баяу ұйыйды.Оның ұю мерзімі-10-15 минут.


Лимфа құрамында адреналин, тироксин,эстроген,тестостерон т.б гармондар,көптеген ферменттер(амилаза,мальтаза,диастаза,липаза,протеза т.б)Олар әсіресе бауыр мен ішектегі лифада көп.Сонымен бірге лимфа қуысында лимфоциттер мен аздаған лейкоциттердің басқада ьүрлері бар.
Лимфа түзілуі-өте күрделі,көп салалы процесс. Сондықтан бірнеше сатыдан тұрады:
1.Вена капиллярларындағы сұйықтықпен онда еріген заттар, клеткааралық кеңістікке өтеді.
2.Аталған заттар дәнекер тінге өтіп, соны жайлап алады.
3.Вена капиллярлары арқылы сүзінді қайтадан қанға сіңеді.
4.клеткааралық сұйықтық пен онда еріген заттар,айталық белок лимфа капиллярларына қайта сіңіеді.
Лимфа түзілуі үшін әсер ететін 3 фактор:
1.Қан мен лимфа капиллярлындағы, тканьаралық кеңістіктегі гидростатикалық қысым айырмашылығына
2.жалпы осмостық және онкостық онкотикалық қысым айырмашылығына
3.қан мен лимфа капиллярлы эндотелиінің өткізгіштік қасиетіне.
Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады-ол капиллярлардың лимфа тамырларына, одан әрі мойын және көкірек өзектері арқылы қан тамырлар жүйесінің веналық бөліміне қарай жылжиды. Лимфаның осылайша жылжуына тамыр клапандары көмектеседі. Лимфа ағысы мына жағдайларға байланысты.
1.Ткань сұйығының ұдайы лимфа капиллярларына құйылып отыруы нәтижесінде тұрақты лимфа ағысы қалыптасады.
2.Өзіндік жиырылу белсінділігін қалыптастырады.
3.Тыныс алу кезінде көкірек қуысында пайда болатын теріс қысым лимфаның лимафа тамырларына сорылуын қамтамасыз етеді.
4.құрсақ қуысы ағзаларының құрамындағы бірыңғай салалы еттер мен дененің жолақ еттерінің жиырылуы лимфаның белгілі бағытта ағуына көмектеседі.
5.Ішек жиырылуы да лимфа ағысына қатысады, ол күшейсе көкірек өзегінде лимфа ағысы күшейеді.
6.Лимфа түйіндері жиырылуы мен қанның айдалуын тездетеді.
7.Қан тамырларының, әсіресе құрсақ қолқасының лүпілі лимфаны негізгі коллектор-көкірек өзегіне қарай бағыттайды.
8.Диафрагма жиырылып, жазылған сәттерде көкірек өзегі біресе созылып, біресе қысылып, лимфа жылжуын үдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет