11. Қан пластинкалары (тромбоциттер), олардың саны, құрылысы және қызметтері. Тромбоциттер құрамындағы белсенді заттар (пластиналық факторлар), олардың маңызы.
Тромбоциттер-қан пластинкасы,екі жағы дөңес дөңгелек не соппақша құрылым,диаметрі 0,5-4мкм.Сау адамданың қанында 1 л канында 180-320*109тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Қызметі:
Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру. Қан тамырлардың қалыпты құрылыс мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар. Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асырап сақтаушысы» деп бекер айтпаған
2.Адгезивті агрегациялық қызметі. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттер пішінін өзгертеді. Оның протоплазмасында жалған аяқтар пайда болады.олар жабысқақ келеді,эндотелий жрақаттанса жердегі негізгі мембранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Бұл үрдіс агрегация деп аталады.
3.Ангиотензивтік қызметі қан тамыры саңылауын тарылтады. Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.
4.Қан ұйыту қызметі.
5.тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қантамырларының табиғи құрлысын сақтайды.
12. Қан ұю механизмі: Х плазмалық фактордың ішкі және сыртқы белсенді жүйелері, тромбин мен фибриннің пайда болуының жалпы ортақ жолы. Қан пластинкаларының маңызы.
Ұю - қанның биологиялық қасиетi, корғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттiң арқасында канның сыртқа шығуы (кан кету) тоқтайды. Мұны гемостаз (грек, haemo - кан, stasis - токтау), яғни қан тоқтау дейдi. Бұл өте жиi әрi кең мағынада қолданылатын сөз. Гемостаз деп канның сұйык қалпын және эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрган қанның тоқтауын қамтамасыз ететiн күрделi биохимиялык және биофизикалык үрдістерді айтады.
Қан 2-3 минуттан кейiн қойылып, бiртiндеп қоймалжыңданған массаға айналады. Ұйыған қан бұрынгы сұйық күйiндегi көлемiн сақтайды және ыдыстың, пішінін қайталайды. Ол төгiлмейдi, аздан соң қатайып ұйындының көлемі кішірейеді. Ұйындыдан плазма түстес, сарғыш сұйық зат бөлініп шығады. Оны қан сарысуы (сыворотка) деп атайды. Оның плазмадан айырмашылығы - құрамында фибриноген болмайды. 10-12 сағаттан кейiн ұйынды нығыздалады. Қан сарысуы ұйындының жан жағын қоршайды. Қанның ұйып нығыздалып айналасына сарысуының шығуы ұйынды ретракциясы деп аталады. Бөлiнген қан сарысуын басұа бiр ыдысқа құйып алуға болады. Ұйындыны ағып тұрган суға ұстап жуса, пiшiндi элементтер жуындымен бiрге ағып кетедi де, қолда ақ түстi ұйысұан фибрин талшықтары (белок) қалады.
Қанның ұюы - барлық омыртқалы жануарларға тән құбылыс. Ұю
механизмi олардың бәрiнде бiрдей, бірақ ұю шапшаңдығы әртүрлі. Ересек адамның қаны 5 минут, жаға туған нәресте қаны - 8-10 иттiкi - 2,5, шошқанiкi - 3,5, жылқынiкi 11,5 мин, ал құс қаны 30 сек iшiнде ұйып болады т.т. Қанның ұю жылдамдығы қан ұйтатын заттардың санына, күшiне байланысты. Қанның ұюы туралы iлiмнiң негiзiн салған Александр Шмидт (1872-1895). А. Шмидтше қан ұюы тромбин ферментiнiң қатысуымен қтетін үрдіс. Ұю барысында тромбин еритін фибриногенді фибринге айналдырады. Кейін алуан деректермен толықтырылып, жаңа теориялык болжамдар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |