1.3 Қос сөздерді оқыту әдіс-тәсілдерінің оқытудағы сараптамалық жұмыстардың нәтижелері
Жаңа сабақты бекіткеннен кейін балалардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін тексеру мақсатында келесі сабақта тест жұмысын алдым. Тәжірибе нәтижесінде топтары арасында білім сапасы тестілеу арқылы салыстырылды. Нәтижесінде Тұлпар топ Арғын тобына қарағанда тест тапсырмаларын тез және сапалы орындады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі төмендегідей Мен екі сыныпты 6 «а» сыныбын тұлпар, ал 6 «е» арғын деп бөліп алдым.
1. Қос сөздер дегеніміз не?
а) заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіреді.
ә) заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді.
б) қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалады.
2. Екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздерді тап
а) сарыағаш,желтоқсан
ә) жарқ-жұрқ,сарт-сұрт
б) балпан-бапан,айта-айта
3. Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануын тап
а тап-таза, мөп-мөлдір)
ә) ағайын-туыс, төсек-орын
б) жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы
4. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерді тап
а) жып-жылтыр, теп-терең
ә) ет-мет, ат-мат
б) тұрар-тұрмастан
5. Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің қайталануы
а) үй-үйді, бетпе-бет
ә) аппақ, көкпеңбек
б) үлкен-кіші, кәрі-жас
6. Күрделі сөзді табыңыз
а) Үйдің шамы жанып тұр.
ә) Ақбөкен – қызыл кітапқа енген жануар .
Достарыңызбен бөлісу: |