Қос сөздерді және оның оқыту түрлерінің әдістемесі


I ҚОС СӨЗДЕРДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет2/6
Дата12.06.2023
өлшемі1,17 Mb.
#100668
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ос с здерді ж не оны о ыту т рлеріні дістемесі

I ҚОС СӨЗДЕРДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Қос сөздер және оның түрлері

Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.


Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадай болады.
1. Мағынасы бір-біріне жақын (синоним) я қарама-қайшы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: аға-іні, үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, жата-жастана, ауыл-аймақ т. б.
2. Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: бала-шага, жүн-жұрқа, құда-анда, көйлек-көншек т. б. Қазіргі кезде мағынасыз делінетін сыңарының ерте кезде мағынасы болған, тек кейін ұмытылып қалған. Ондай сөздердің көпшілігі көне сөз немесе басқа тілден енген сөз болып табылады. Мысалы: бала сөзі түсінікті шаға деген де көне кезде бала, кішкентай деген үғымды білдірген (қызыл шақа дегенді салыстыр), ол мағына қазірге дейін кейбір түркі тілдерінде (мысалы, түркімен тіліңде) бар. Жұрқа сөзі көне монғол тілінде жүн, анда сөзі көңілі жақын, дос адам деген мағынада қолданылған. Көне түркі тілінде көншек жалаңаш етке киетін киім болған.
3. Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: ығы-жығы, оқта-текте, некен-саяқ т. б. Бұл сияқты сөздер қазіргі кезде ешбір мағына білдірмесе де, бұрынғы кезде мағынасы болған. Мысалы: ығы сөзі де, жығы сөзі де көне түркі тілінде жиын деген мағынаны, монғол тілінде некен де, саяқ та жеке бөлек деген мағынаны, оқта да, текте де кейде деген мағыналарды білдірген.
4. Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар. Олардың сыңарлары кейде бір тұлғада, кейде әр тұлғада бола береді. Мысалы: үгіт-насихат бөлімі, оқу-ағарту саласы, саяси-экономикалық жағдай, қоғамдық-саяси әдебиет, саяси-көпшілік әдебиет, оку-методикалық кабинеті, қазақша-орысша сөздік, мәдени-ағарту бөлімі т. б.
Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де де әрқашан дефис арқылы жазылады. Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: барар-бармасымды Құртқа біледі деген сөйлемде І-жақ тәуелдік жалғауы (-ым) мен табыс септік жалғауы (-ды) қос сөздің екінші сыңарына (бармас) жалғанған, бірақ бұл қосымша білдіретін мағына (І-жақ тәуелділік және тура объектілік) қос сөздің бірінші сыңарына да ортақ: барар-ым-ды.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер
Бір түбірден екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Оладың жасалу жолдары мынадай:
1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау - тау астық, көре-көре еөсем болады, т.б.;
2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, т.б.;
3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолымен кетті, т.б.;
4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы; ет-мет, шай-пай, түйе - мүйе, т.б.;
5)еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-тұрс дыбыс, жалт - жұлт етті, т.б.;
6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.
Қосарлап қос сөздер
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді, мысалы: аяқ - табақ, құрт-құмырсқа және т.б.
Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т.б.
2) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т.б.
3) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т.б.
4) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т.б.
5) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т.б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.
Қайталама қос сөздер компонентерінің ерешеліктеріне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбысының және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады.
қосымшасыз түбірдің қайталануынан тұратын сөздер
қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер
түбірдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер
түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер
бұл топты жай қос сөз дейді: жол – жол, биік – биік.
Қосымшалы қос сөздер: үйдей – үйдей, айта – айта, қолды – қолына, үй – үйдің, мүй – үйге.
қағаз – мағаз, шай – пай, қалт – құлт.
Бұл өзгерістердің заңдылығы:
а) Егер сөздердің бірінші дыбысы дауыссыз болса болса, ол дыбыс қайталанғанда көбінесе, м (тас – мас, қол – мол, ) әредік с (кемпір – семпір, мәре – сәре), неме,се п (шай – пай, нан – пан) дыбысына ауысады.
Компоненттерінің ара қатынасына байланысты күрделі сөздерді біріккен, тіркескен, қос, қысқарған сөздер деп бөлеміз.
Компоненттерінің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздердің сыртқы фонетикалық түр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құлымында, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін я оның жиынтығын айтамыз.
Кіріккен сөз деп компоненттерінің я бірігуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағынасынан айырылып (делексикаланып), тұтассымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін оның, сонымен бірег, сол компоненттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әрқилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз. Қос сөз сыңарларының сырлары деген еңбегінде қос сөз сыңарларының сырын ашып, түп-төркінін көрсетіп, этимологиялық талдау жасайды. Мысалы, Кілең мықты деген мағынаны білдіретін ығай-сығай қос сөзінің негізгі сыңары сығай, ал ығай оның дыбыстық өзгеріске ұшырағандағысы. Жеке алғанда сығай сөзінің нендей мағынаны білдіретіндігін бірден байқай қою қиын. Енді осы сөзді өзге бір сыбайлас сөзбен салыстырсақ, Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздерді айтамыз.
Компоненттерінің бастапқы кездегі мағыналық (я синтаксистік) қатынастарының ерекшеліктеріне қарай , қазақ тіліндегі біріккен сөздер не сабақтаса не салаласа құралады.
Кіріккен сөздер: бүгін, ендігәрі, биыл, білезік, қарлығаш, қызғыш, әкел, апар, бүрсігүні, былтыр.
Кіріккен сөздердің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болды.
Біріккен сөздер: шекара, демалыс, ақсақал, әлдекім, әркім.
Қазақ тіл білімін зерттеуші І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі атты еңбектерінде: Қалыптанған тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы қос сөздер болады десе, ал профессор А.Ысқақов болса:
...сөзді қайталап қолданудан...лексикалық түсінігі өзгермейді, демек, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады, - дейді. Профессор К.Аханов Грамматика теориясының негіздері деген еңбегінде қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқаларын күрделі сөз деп қарайды. Сонымен, жоғарыда келтірілген пікірлерден қос сөздердің лексикалық тұлға болу-болмауы əлі де шешімін толық таба алмаған мəселенің бірі болмақ. Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша əртүрлі пікір тудырғанымен, бұларға ортақ кейбір жақтардың барлығын да бекерге шығаруға болмайды. Ондай ортақ белгілерге, біріншіден, құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен ішкі мəн-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымының болуы, екіншіден, белгілі сөз табына жатуы; үшіншіден сөйлемге мүше болғанда да бірінен-бірі ажырамай, бір ғана мүшенің, сондай-ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады.
Бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері неде?
1. Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан ортақ сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды.
2. Күрделі сөздер компоненттері ортасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. Мысалы: төсек-орын (төсек те орын), сарт-сұрт (сарт та сұрт), сөйлей-сөйлей ( сөйлей де сөйлей).
3. Бұдан кейін көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады, Мысалы: биыл-биылғы, аққу –аққудай. Ал, қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.
4. Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен сөз тіркесі, некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, шай-пай тəрізді мысалдар дəлел.
Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мəні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым – қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте ,бір категорияда қолданылады.
К.Аханов өз еңбегінде қып-қызыл, қап-қара тəрізділердің сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған қос сөздердің түрлерінде мүлдем ұшыраспайтынын, оның тек сын есімдерге ғана тəн екендігін жəне бірден-бір негізгі қызметі сын есімнің шырай формасын тудыру тəсілдерінің қатарында емес, форма тудыру, соның ішінде сын есімнің шырай формасын тудыру тəсілі деп қараған жөн. Демек, қып-қызыл, қап-қара тəрізділер қос сөздердің қатарында емес, сын есімнің шырай формаларының мағына мен қызметі жағынан тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тəрізді сын есімдердің күшейткіш шырай формаларымен сəйкес келуі дəлелдей түседі, ал тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тəрізділерді күрделі сөздер деп қарамайтынымыз белгілі (бұлар торы ала, қара торы тəрізді күрделі сөздерден мүлдем басқаша) дейді. Ол тілдегі құбылыстарды бір-бірінен ажыратуда, əдетте, негізгі үш түрлі өлшемді таяныш етеді: оның бірі – мазмұны екіншісі – форма, үшіншісі – қызметі. Ал жартылай редупликация арқылы жасалған қып - қызыл, қап – қара тəрізділер формасы жағынан ғана қос сөздерге ұқсайды, ал мазмұны мен қызметі жағынан өте қызыл, тым қара тəрізді сын есімдердің күшейтпелі шырай формасымен сəйкес келеді деп қорытындылайды. А.Н.Кононов та А.Ысқақов сияқты қып-қызыл, қап-қара тəрізді формаларды сын есімдердің күшейткіш формалары деп санайды. Бірақ А.Н.Кононов оларды жартылай редупликация жолымен жасалған деп есептейді. А.Ысқақов пен К.Аханов күшейтпе буын тек сын есімнің шырай формасы арқылы туады десе, бұған қазақ тіл білімі тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов тұжырымы қарсы болады. Мысалы, қап-қара, тіп-тік, қып-қызыл, сапсары деген қос сөздер күні бүгінге дейін жасалу жағынан осылайша тек п дыбысының жамалуы ғана ескеріліп жүрген күшейтпе буынды қос сөздердің Жұбановтың еңбектерінде тағы да бірнеше дыбыстар арқылы жасалатын түрлерін кездестіреміз. Мысалы, қаз-қатар сөзінің тіркестік құрылысын талдай келе былай дейді: Бұл жерден мен қаз жəне қатар деген сөзді көріп тұрған жоқпын. Мұнда сап-сары, қып-қызыл сияқты қатар сөзі қаз деген күшейткіш буынмен айтылған.
Ғалымдардың айтуы бойынша, қос сөздер түркі туыстас тілдердің бәрінде кездеседі. Қос сөздер ең көне орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де болған және оның көріністері қазіргі түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында. Бір ғана мысал,ічін-ташын – ішін-тысын сөздері сияқты көне жазба ескерткіштер тілінен әбден игеріліп алынған сөздер де бар. Қос сөздерге байланысты көптеген зерттеулер бар. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі – профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен А.Ысқақов өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде қос сөздер туралы былай дейді: «Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының, не бір буынының, не бір дыбысының өзгеріліп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады» [1;107]. А.Ысқақов осы еңбегінде қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деп үлкен екі салаға бөліп қарастырады. Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-қора, мая-мая, ап-ашық, қап-қара, өзді-өзіне т.б. [1;107]. Қазақ грамматикасы еңбегінде қайталама қос сөздер туралы былай делінген: «Қайталама қос сөздер де тілге кең тараған, жиі қолданылатын сөздер тобына жатады. Қайталама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: елең-елең, тарс-тарс, бау-бау, қора-қора,келе- келе т.б.». Тілде қайталама қос сөздер түрлі құрамда кездеседі: 1) түбір қалпында қосымшасыз қайталану: тау-тау, жол-жол, құшақ-құшақ, 2) бір сыңары қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы қайталама қос сөздер: бетпе-бет, кімде- кім; 3) екі сыңары да қосымшалы: қолдан-қолға, үйден-үйге т.б.[2;258]. Біздің тоқталайын деп отырған мәселеміз қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері, яғни семантикалық сипаты. Қос сөздердің барлығының мағынасын ашып беру мүмкін емес. Мақаламыздың мақсаты кейбір қос сөздердің сыңарларындағы мағынасы күңгірт сөздердің семантикасын ашу, этимологиясын қарастыру. Қосарланудың білдіретін мағыналары алуан түрлі, солардың кейбіреулері мыналар: 1) Жинақтылық я жалпылық мағына: кәрі-құтаң, көйлек-көншек, тау-тас, қыл-қыбыр, жан-жануар, шыбын-шіркей, аяқ-табақ т.б. 2) жіктеу, даралау мағынасы: алды-алдына, лек-легімен, қолды-қолына т.б. 3) болжалды мағына: бүгін-ертең, кешелі-бүгін, он-он бес т.б. 4) амалдың, іс-әрекеттің бірнеше рет қайталану мағынасы: сөйлей-сөйлей,айта- айта т.б. 5) сын есім мен сапаны күшейтіп айту мағынасы: қып-қызыл, қап- қара, сап-сары. Қосарлама сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлінеді: 1)Мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөздер 2)Мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер Компоненттері мағыналы қосарлама сөздердің құрамындағы компоненттердің екеуінде де өзді-өзіне лайықты дербес мағыналары болады. Бірақ олар іштей мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сыңарлардан, мағыналары бір-біріне ұштас сыңарлардан құралған болып үш топқа бөлінеді. Қарама-қарсы сыңарлардан құралған қосарлама қос сөздердің қызметі бір-бірімен тең дәрежеде жұмсалады. Мысалы: Сонсоң жаман-жақсы болып екіге бөлінеді: қара жерге кіргенше ырылдасып өтеді (О.Б.). Сөйлемде жаман-жақсы сөздері қарама-қарсы мәнде қолданылған, мағынасы жақсысы да, жаманы да бар, әртүрлі деген ұғымда. Мәндес сыңарлардан қосарланған сөздердің мағыналары бір-біріне жақын сыңарлардан құралады. Бағана таман арадай анталаған мазасыз уайым-қайғы ертеңнің қам-қарекет ойы ұшпалана ыдырап-ақ кетіпті; әредікте «балаларға кітап-сітапты қайдан табамын, қыстауды қашан қамсаулаймын, әйелім босанып қалса, қайтемін» секілді темірдің тотындай жанын жеп жүрген ойдың етегіне жармасып көрді, бәрібір тереңдей бойлап, үңги сары уайымдай алған жоқ (О.Б.). Осы сөйлемде кездесетін уайым-қайғы сөздерінің сыңарларының мағыналары жақын, синонимдес. Уайым, қайғы сөздері жан күйзелісін білдіреді. Екеуінің де мағыналары біріне-бірі жақын, бірдей деуге болады. Қос сөздердің сыңарлары бір мағынаны білдіреді, бірақ екі түрлі дыбысталған. Ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне ұқсас сөздерден құралады. Қазандық жақтан ыдыс-аяқтың сылдыры естілді (Р.Тоқтаров). Осындағы ыдыс-аяқ деген сөзді алсақ, ол ұғымның ішіне кесе де, табақ та, қасық та, шанышқы да ас-суға қатысты аспаптардың бәрі де кіреді. «Ыдыс- аяқ сөзінің қазіргі мағынасы – ас ішуге, ас-суды құюға арналған іші қуыс әр түрлі ыдыстарды білдіреді. Кейбір түркі тілдерінің тілдік деректеріне қарағанда біздің тіліміздегі «ыдыс» сөзінің мағынасы – соңғы дәуір жемісі екенін көрсетеді. Якут тіліндегі – «ытыс», тофа тіліндегі – «адыш», туваша – «адыш», сөздерінің бәрі де қазіргі қазақ тіліндегі «алақан» түсінгі орнына жүреді. Қос сөздің екінші сыңары болып жүрген «аяқ» сөзінің тарихы да ұқсас» – деп жазады Ә.Нұрмағамбетов. Сонымен «ыдыс-аяқ» қос сөзінің көне мағынасы алақан болып шығады. Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер де екі түрлі болады: 1)Бір сыңары түсініксіз сөздер 2)Қос сыңары түсініксіз сөздер Бір сыңары түсініксіз қосарлама сөздерге мыналар жатады: айғай-сүрең, айғай-ұйғай, әуре-сарсаң т.б. Хош… бес күндік азық-түлік дегені тағы бар екен-ау..(Ғ.Мүс). Қос сөздің тіліміздің түсіндірме сөздігіндегі мағынасы – ішіп-жейтін тамақ өнімдері. Алғашқы сыңары «тамақ» мағынасын береді. «Азық» сөзін «астық» сөзінің фонетикалық өзгеріске түскен түрі деп қарауымызға әбден болады. Ал екінші сыңары «түлік» В.Радлов сөздігінде төлүк (шағатай тілінде) – тамақ, ас, ал қырғыз тілінде: түлүк – ішім-жем заттары деген мағынада [6; 10]. Қорыта айтқанда, «түлік» сөзі, алғашқы сыңар «азықтың» түркі тіліндегі синонимі. Бұл жақтың қыз ұзатысы тіпті қызық, ескі ырым-жырымдары «көп» (Ғ.Мұст). Қазақтардың түсінігінде – жақсы ниеттен жасалатын әр түрлі әдет- ғұрыптар. Тілімізде ырым-жырым сөзімен қатар, ырың-жырың сөзі де қолданылады. Екеуінің мағынасы екі түрлі. Қос сөздің алғашқы мағынасы баршаға түсінікті. Түркі тілдерінің деректеріне сүйенсек, «жырым» мағынасы да одан алыстамайды. Моңғолдарда «журам» сөзі әдеп мағынасында қолданылады. Ырым-жырым деген қос сөздегі жырым сөзінің мағынасы да, ырым сөзінің мағынасын білдіреді. Колхоз жіберсе, оның ешбір айып-шамы жоқ (Ғ.Мұст). Мұндағы айып сөзі түсінікті. Шығу төркіні араб сөзі болғанымен, қазақ тіліне өрте ертеде енген. Шам түркі тілдеріне қытай тілінен енген сөз болу керек деген болжам бар. Көне түркі тілдерінде шам сөзі жеке келіп, «дау, талас» дегенді білдірген [7; 27]. Мұндағы шамдану сөзінің мағынасы ар-намысқа қатысты. Қазақ тіліндегі ар, ұят мағынасындағы шамына тию, шамдану сөздерінің шығу тегін көне түркі тілінен келе жатқан шам сөзімен байланыстырамыз. Екі сыңарының да мағынасы жоқ қосарлама сөздердің кейбір компоненттері бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құралымен кездесіп отырады. Мысалы: анда-санда, оқта-текте [1; 121]. Мектептің бүкіл әлем-жәлем қағазы өз қолынан өтіп жүрді (О.Б.). Ә.Нұрмағанбетов өзінің «Қос сөздердің құпиясы» атты еңбегінде «әлем- жәлем» қос сөзі туралы былай дейді: «Қос сөздің қай сыңары болмасын қазақ тілінде дербес қолданылып, дәл мағына бере алмайды. Әзірбайжан, түрік, ұйғыр, чуваш тілдерінде «аләм», «элем» сөздері «кішкене жалау,жалауша» деген мағына береді. Мұның өзі арабтардың «ғаләм» сөзінен шыққан. Ал чуваш тілінде «илем» – безендіру, әшекейлеу мағынасын білдіреді. Осылардағы «аләм» мен «илем» сөздері қазақ тілінде «әлем» және «жәлем» қалпында өзгеріске келіп, тілдік дәстүрден озбай, қос сөз тудырған» [3; 20]. Қос сөз құрамындағы «жәлем» сөзі тілімізде мүлде қолданылмайды, ал «әлем» сөзінің жеке-дара қолданылатын кездері бар, бірақ мағына жағынан басқаша ұғымға ие болады. Орман іші тымықтау екен, бірақ қарағай басы шулап, ағаш сықырлап, бұтақ сынып азан-қазан болғанда, үрей үстіне үрей қосады. «Азан-қазан» сөзінің мағынасы – у-шу, айқай-ұйқай делінген «түсіндірме сөздікте» [4; 20]. Қос сөздің екі сыңары да жеке тұрып, дәл мағына бере алмайды. Азан сөзі де, қазан сөзі де тілімізде жеке қолданылады. Бірақ «азан», «қазан» сөздерінің қос сөз құрамындағы мағынасы басқа. «Азан» сөзі жеке тұрғанда діни ұғымды білдіреді. Намаз шақыру алдындағы ерекше мақаммен дауыстау рәсімі. Біздің ойымызша, азан-қазан қос сөзінің төркіні азан сөзімен тікелей байланысты. Қос сөздердің төркінін анықтау барысында түркі тілдерінде кездесіп отыратын дабыстардың өзара алмасып, бірінің орнына екіншісі қолданылатынына көзіміз жетті. Қос сөздердің бір сыңарының немесе екінші сыңарының мағынасыз болып келуі де, тіліміздің қазіргі кездегі даму сатысына байланысты. Қос сөздердің барлығы алғашқы кезде мағыналы сөздерден жасалып, уақыт өте тілдік даму нәтижелерінде мағынасы күңгірттеніп, фонетикалық өзгерітерге ұшырауына байланысты мағыналарынан айырылған. Тіл заңдылығы бойынша, қос сөздердің мағыналары жақын болып келеді. Бір сыңары немесе қос сыңары түсініксз деп саналатын сөздердің өзі төркінін анықтай келгенде бірдей болып шығады (азық-түлік, бала-шаға).
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің сөз тұлғалары деген тарауында қосар сөздер деген терминмен берген. Сонымен қатар К.Аханов, Ə.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен. Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің əр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тəн ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің əлі де анықтайтын тұстары баршылық.
Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан қатысы, байланысы бар, не
синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы бірбіріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір-бірімен қосылып қос сөз жасай
алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын заңдылық.
Ал осымен байланысы қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним,
антоним сөздерден болады. Мысалы, ине-жіп, əке-шеше, аға-іні, аяқ-қол
сияқты қос сөздер өмірде бір-бірімен байланысы бір заттардың атынан
яғни мағыналық қатысы бар сөздерден жасалған. Ал жақсы-жаман, ақ-қара,
үлкенді-кішілі сияқты қос сөздер антоним сөздерден жасалған.
3. Қос сөздердің сыңарлары бір сөздің қайталануынан жасалады. Мысалы,
айта-айта, тау-тау, дір-дір, сарт-сарт, қора-қора т.б.
4. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы, қырықелу, əке-шеше, алпыс-жетпіс, ыдыс-аяқ, туған-туысқан т.б.
Қазіргі тілде қос сөздердің кейде бір сыңары, кейде екі сыңары
мағынасыз сөз болып келеді. Мұндай қос сөздерге төмендегі мысалдарды
келтіруге болады: бала-шаға, жора-жолдас, ың-жың, арық-тұрақ, некенсаяқ т.б.
5. Қос сөздердің жасалуында тағы бір заңдылық бар. Ол - қос сөздердің
сыңарларының буын санының үндесіп келуі. Тілдегі қос сөздердің 80-90
пайызы буын саны жағынан тең буынды сөздерден, сыңарлардан тұрады.
Мысалы, əн-күй, дəм-тұз, көш-қон, аға-іні т.б. Бұл мысалда бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерден жасалған қос сөздер берілді.
6. Буын саны тең сыңарлардан қос сөздің жасалуы олардың айтылуы үнемділігін көздеуден туған. Өйткені қос сөздердің басым көпшілігінде буын үндестігі яғни сингормонизм сақталады. Мысалы, ақыл-айла, аурусырқау, жауын-шашын, азан-қазан т.б.
7. Қос сөздердің екі сыңары да не бірыңғай жуан сөздерден, не бірыңғай жіңішке сөздерден жасалады. Мысалы, ақыл-ой, өнеге-үлгі.
Қос сөздер тілде екі түрлі тəсіл арқылы жасалады:
1)Екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы.
2)Бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Осымен байланысты қос
сөздерді қазақ тіл білімінде екі түрге бөлу қалыптасқан :
1. Қосарлама қос сөздер
2. Қайталама қос сөздер. Қос сөздерді осылай жіктеу, топтауды ғылымға кіргізген А.Ысқақов. Қос сөздердің бұл түрлері ғылымда танылған жəне ол қалыптасқан.
Қосарлама қос сөздер тілде өте көп, олар мағынасы жақын екі сөзден жасалып, біртұтас лексикалық мағына береді. Мысалы, аяқ-табақ - ыдыс деген мағынаны білдірсе, ине-жіп - іс тігуге қажет заттардың жалпы аты, туғантуысқан деген қос сөз туыс деген мағынаны білдіреді, шай-қант- шай ішуге керек заттардың аты, қой-ешкі-ұсақ малдың аты, қыз-келіншек- əйел текті жастардың жалпы аты, өрік-мейіз - шайда қолданылатын жеміс атауының жалпы аты. Қосарлама қос сөздердің мағынасында жинақтау, жалпылау мəн болады. Мысалы, апа-қарындас-əйел туыстың жалпы аты, қару-жарақ-қаруға жататын құралдардың (мылтық, қылыш,найза т.б.)бəрінің ортақ, жиынтық аты, көрпе-жастық-төсекте қолданылатын заттардың бəрінің аты. Бұл қосарлама қос сөздердің бəріне тəн жалпы қасиет. Қосарлама қос сөздердің сыңарлары екі түрлі сөз болғанымен, олар міндетті түрде бір сөз табына жататын сөздерден болады. Мысалы, ағаіні, бас-аяқ, аяқ-қол, əн-күй зат есімдерден жасалған, қызыл-жасыл, аққара, аумалы-төкпелі сын есімдерден, үш-төрт, бес-алты, елу-алпыс сан есімдерден, іне-міне, анау-мынау есімдіктерден, келіп-кетіп, көрген-білген, алу-беру етістіктерден, бүгін-ертең, оқта-текте, ерте-кеш үстеулерден жасалған.
Тіркескен күрделі сөздердің де сыңарлары жəне олардың орны тұрақты. Тіркескен күрделі сөздердің сыңарлары бөлек жазылады.
Тіркескен күрделі сөздер сан алуан. Мысалы, бал қаймақ, ауыз əдебиет, сегіз мың, күрең қоңыр, алып бар, құрмет ет, жаз бойы т.б. Бұлардың ішінде біразінің сөз тіркестік қасиеті бар: ауыз əдебиеті, бал қаймақ сияқтыларды алғаш анықтауыштық қатыстағы сөз тіркесінің біртұтас лексикалық мағынаға көшкен тіркескен күрделі сөздер екені анық. Күрделі сын есімдердің жасалуының да өзіндік жолы бар. Мысалы, қара көк, қызыл күрең, сияқты күрделі сындар құрамындағы сыңарлардың түсінің қосындысынан шыққан үшінші түсті білдіреді. Күрделі үстеудің жасалуы осыған ұқсас. Ал күрделі етістіктер алғаш пысықтауыш сөз бен етістіктің тіркесінен жасалғаны белгілі. Бірақ бұл қазір мүлде байқалмайды, қазір олар тең етістіктердің тіркесі ретінде тұрып біртұтас күрделі қимыл ұғымын білдіреді. Сөйтіп күрделі етістіктердің жасалуында өзіндік ерекшелік бар.
Ол күрделі етістіктің сыңарларының көсемше жұрнағы арқылы байланысуына да қатысты. Қазақ тілінде күрделі сөздерді байланыстырушы қосымшалар жоқ. Тек күрделі етістіктер құрамында қазір байланыстырушы қызметінде сақталып қалған көсемше жұрнағы күрделі етістіктерді басқа қосымшасыз байланысқан күрделі сөздерден ерекшелендіреді. Құранды етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер есім сөзге қимыл мағынасын қосып, есімнен етістік жасайтын жұрнақтардың қызметін атқарады.
Мысалы, жəрдем ет- жəрдемдес, көмек ет-көмектес, табыс ет-тапсыр, баян етбаянда, еңбек ет- еңбектен, талап ет-талаптан, əнгіме ет-əнгімеле, үміт етүміттен т.б. Тіркескен күрделі сөздер басқа да туынды сөздер сияқты сөз таптарына қатысты. Мысалы, май балық, қара торғай, мал қора -зат есім; ақ ала, қара көк, қызыл күрең-сын есім; елу екі, бес мың, он сегіз -сан есім; көріп кел, алып кел, біліп кел -етістік; күні кеше, алдын ала, ертеден қара кешке дейін-үстеу.
Бір түбірдің екі рет кайталануынан жасалған қос создер қайталама қос сөздер деп аталады. Олардың жа- салу жолдары мынадай: 1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау-тау астыц, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, цйдей-цйдей боп жатыр, алпамсадай-алпамсадай жШттер, т. б.; 2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл- ауылды аралады, өз-өзінен қысылды, жузбе-жуз корісті, т. б.; 3) бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайта- лануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, цолды-қолымен кетті, ерні-ерніне жщпады, айтып-айтпай не керек, орынды- орынсыз кулме, барар-бармасымды Қуртқа біледі, т. б.; 4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жаса- луы, мысалы: ет-мет, шай-пай, туйе-муйе, ат-мат, т. б.; 5) еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық оз- герістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-турс дыбыс шықты, жалт-жцлт етті, найзагай жарқ-журқ етті, т. б.; 6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: цп-цлкен, қып-қызъиі, т.б .Түркі тектес халықтарда көп қолданылған, олардың сөздік қорындағы сөздік тұлғалардың бірі – қос сөздер. Сондықтан көптеген ғалымдардың назарын аударып зерттеу еңбектерінің объектісі болды. Сол жайында тоқталайық.
ХІХ ғасырда И.Н.Ильминский, К.Фой, И.Гигонов, А.Казембектің қызығушылығын тудырған бұл сөз тұлғаларының зерттеулеріне кейін түркологтар Н.К.Дмитриев (“Парные словосочетание в башкирском языке” 1930 г.), И.А.Баскаков (Ногайский язык и его диалекты), Е.У.Убрятова (“Парные слова в якутском языке” 1940 г.), Б.Орузбаева (Некоторые заметки о парных словах), Б.Қыдырбаев (Қарақалпақ тилиниң грамматикасы), В.А.Агонин (“Повторы однородные парные сочетание в современном турецком языке” 1957 г.), Ə.Қайдаров (“Парные слова в современном уйгурском языке” 1949г.), М.И.Адилов (“Система повторов в азербайжанском языке” 1959 г.), М.Абдурахманов (“Парные слова в тюркских языках” 1975 г.) ат салысты. Сол кезеңдегі басқа да түркологиялық еңбектерден қос сөздер қос сөз объектісі ретінде аналитикалық тəсіл арқылы сөз жасаудың жемісі болғанын көреміз.
ХХ ғасырдың бірінші жартысы түркология тарихында көптеген түркі
тілдерінің ғылыми грамматикаларының жарық көруімен сипатталады. Бұл
грамматикалардың барлығына ортақ ерекшелік — сөзжасамның екі тəсілі ғана
-аффикстік жəне сөздердің бірігуі мен қосарлануы көрсетіледі. Бұған Е.Самойловичтің (“Краткая учебная грамматика современного османо-турецкого языка” Л.Гос. акад. тип.1925 г.). В.Гордлевскийдің (“Грамматика турецкого языка” М.1928), Л.Харитоновтың (“Современный якутский язык” М.І Якутск, 1947 г.) еңбектері дəлел. Аталған еңбектерде қос сөздер əр сөз табының аясында қарастырылады, аздаған мысалдар келтіріледі. Осы тақырыпқа арнайы жазылған еңбек деп Н.К.Дмитриевтің мақаласын атауымыз керек [1940, 501-516]. Автор башқұрт тілі деректерінің
негізінде қос сөздердің жасалуы, түрлері, мағыналары жөнінде ғылыми тұжырымдар жасайды. Отызыншы жылдардан бастап түркологияда қос сөздерге байланысты көптеген мақалалар жарық көріп диссертациялар мен монографиялар жазылды.
Қазақ лингвистерінің біраз тобын бұл тақырып бейтарап қалдырмаған. Осы мəселе төңірегіндегі зерттеулерді сала-салаға бөліп, саралағанда, морфологиялық,этимологиялық, стилистикалық тұрғыда қарастырылған бірталай еңбектерге кездесеміз. А.Есенғұлов көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қос сөздердің табиғатын көрсетсе, Ə.Керімов қос сөздерді құрамына қарай қайталама жəне қосарлама қос сөздер деп бөледі. Негізгі көпшілігі таза түркі сөздерінің қосарлануы арқылы жасалған дей отырып, кірме сөздерді де айқындайды: Екі сыңары да араб сөзі: мал-мүлік, екі сыңары да парсы сөзі: парə-парə, бір сыңары араб, бір сыңары түркі сөзі: шəһар-бол, мал-товар, қазғу-хасрəт. А.Есенғұлов: “Көне түркі жазба ескерткіштерінде қос сөздердің қосарлама түрі қолданылады да қайталама қос сөздер кездеспейді, - деп көрсетеді. Тағы бір атап өтетін жайт: Көне жазбаларда қос сөздердің орын тəртібі өте тұрақты. Егер сыңарларының орнын ауыстырса, қос сөз болудан қалады. Мысалы: қыз-оғул — қыз бала, оғул-қыз —балалар, қызқудуз — қыз бала, қудуз-қыз — əйел. Қос сөздердің морфологиясына қатысты мəселелер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Т.Қалабаева еңбектерінде сөз болды. Олар қос сөздердің негізгі белгілерін жасалу жолдарын, дұрыс жазылу жайын анықтап береді. А.Байтұрсынов өзінің еңбегінде қос сөздерге былай анықтама береді: “Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі нəрсенің көбін атайды, екіншілері айыра атайды. Алдынғысы жалпылағыш қос сөз деп соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады, — дейді. Жалпылағыш қос сөздерге: аяқ-табақ, төсек-орын, ертұрман, киім-кешек, бақа-шаян сияқтыларды жатқызса, жалқылағыш қос сөздерге: жел-бау, жүк-аяқ, ер-батыр, есен-аман және т.б.
Белгілі тіл маманы Ж.Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп көрсетеді.
Мəндес қос сөздер (қыз-келіншек).
Қайшы мəндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық).
Сыңар мəндес қос сөздер (алай-дүлей, кəрі-құртаң).
Қайталама қос сөздер (тау-тау, бес-бестен).
Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тəп-тəтті).
А.Қайдаров, Н.Сауранбаевтың қос сөздерді беске бөліп жіктегенін қостай келе,қос сөздердің осы бес түрі барлық сөз таптарына да ортақ екенін, бірақ қос сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі сөзден құралатындығын, оның əрбір сыңарының кейде толық мағыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі дейді. Ол зерттеушілердің екі сөзден құралатындығына сүйеніп, қос сөздерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызатындығын да айтып өтеді. А.Қайдаров кейбір басқа еңбектерде қос сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың сөз тіркесінен төмендегідей айырмашылығы барлығын көрсетеді. Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөздер сөз тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы болғанымен, бір сөздің орнына қолданылады. Қос сөздердің əрбір сыңары басқа тілге калька бойынша аударылмай, тек мағынасы жағынан аударылады. Қос сөздердің сыңарының мағыналық жағынан жақындастығы соншалық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты айтуда арасына кідіріс жасап айтуға болмайтындығын А.Қайдаров өзінің еңбегінде айтып өтеді. Жасалу тəсілі жағынан алғанда, қос сөздер жалаң жəне күрделі түрлерге бөлінеді. Қос сөздердің жалаң түрі – дефис арқылы жазылатын қос сөздер.
Профессор А.Ысқақов осы жалаң қос сөздердің негізгі екі түріне: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер деген атау береді. Қос сөздердің күрделі түрі үтір арқылы жазылады жəне екі сөзден ғана емес,одан да көп сөзден, тіпті екі сөйлемнен жасалады. Бұл жайтты анықтаған Кеңесбаев былай дейді: жалаң қос сөздерге қарағанда, күрделі қос сөздер, көбінесе, метафоралық мағынада айтылады. Бұл есептен олар идиомдық немесе фразалық қос сөздер бола алады. Оларға мынадай мысалдар келтіреді: ұзынарқан, кең тұсау, үлде мен бүлдеге оранып, айрандай аттап, күбедей пісіп, бір сырлы, сегіз қырлы, алалы жылқы, ақтылы қой, əулиеге айтып, қорасанға қой айтып. Оның айтуынша қос сөздер деп атау үшін сызықшамен жазылу шарт емес, яғни тілімізде бір-бірінсіз айтылуға келмейтін тиянақты сөздерді қос сөздер деп тануға болады. жағынан зерттелу жайы.



Материалды ауызша түсіндіру әдісі – қос сөзді оқытуда кең тараған әдістердің бірі.Ол оқушылардың рецептивтік әрекетіне негізделеді. Материал дайын күйінде, не мұғалімнің айтуы немесе оқулықтан оқып тыңдау арқылы беріледі.


Жаңа материалды түсіндіру әдісіне фактініңдәлелдеу, салыстыру, қорытынды жасау, оқушылардың ойландыру, қатыстыру мақсаты көзделеді. Кей материалды түсінікті жеткізу үшін мысалдар,ғылыми дәлелдер қажет болады.Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септігін беретін тұлғалар о баста дербес шылау сөз болған.Көне түркі тілінде қазіргі көмектес септігінің мағыналары үш түрлі тұлғада:-ын,-бірле,-лы арқылы берілген. Тілдің тарихи даму үдерісінде –ын қолданудан шығып қалып,-лы өзінің бұрынғы грамматикалық мәнінен айрылған,лексикаланған. Қазіргі тілде –лы тұлғалы қос сөздер мен шылауына кейде жалғауына синоним есебінде қолданылады.Осындай тілдегі кейбір фактілерді ғылыми негізге сүйеніп түсіндіруге болады. Мұндай жұмыстар оқушылардың ғылымға деген ынтасын арттырады,қызығушылығын тудырады.
Түсіндіру әдісінде салыстыру, көрнекілік, бақылау, анализ-синтез, индукция-дедукция,т.б. тәсілдер қолданылады.Мысалы,сөзжасам қосымшаларының өзіне тән белгілерін түсіндіру үшін: оларды форма тудыратын қосымшалармен салыстыруға болады. Мағыналық айырмашылығын көрсету үшін таблица немесе көрнекі құралға бірнеше туынды сөздерді жазып, қайсысының жаңа мағына, қайсысының сөз формасын тудырып тұрғанын оқушыларды қатыстыра отырып, дәлелдеуге болады. Бірнеше туынды сөздегі қос сөз мағыналарын тауып,оны туғызып тұрған қосымшаларды жинақтап беруге болады. Бір сөзге бірнеше қосымшаның жалғануы арқылы түбірлес сөздер жасап,қазақ тілінің сөзжасам мүмкіншілігін бақылау тәсілі арқылы да білуге болады. Оқушылар бұл тақырыпты оқып-үйрену барысында сөздердің қалай жазылатыны туралы аздап қана теориялық білім алып шығады. Балалардың жай ғана, дұрыс жазуға үйренуі, жазу дағдысын қалыптастыруға себеп болады.
Оқушылардың алған білімін бекіту әдісі.Бұл әдіс оқушылардың репродуктивті әрекетіне бағытталады. Алған білімді есте ұзақ сақтау үшін оны бірнеше рет қайталау қажет. Оқушылардың өздері қатысып отырған,өздері қорытынды жасап талданған сабақтар естерінде ұзақ сақталады.Яғни логикалық есте сақтау көру мен есту арқылы есте сақтаудан тиімдірек.Сондықтан жаңа материал түсіндіру, баяндау,әңгімелесу тәсілдерімен берілгеніне қарамай,материалды оқушының есінде қалатындай бекіту керек.Бекіту әдісі сонымен қатар қайталау үдерісінде болады.Мысалы, оқушыларғатаблица беріліп,олар соған қарап теориялық мәселелерді естеріне түсіреді.Мысалы: мамандықты-кәсіпті білдіретін жұрнақтарды оқушылардың есінде қалғанын тексеру үшін бірнеше мысалдар ойлату немесе бірнеше сөз беріп соған жұрнақтарды қосу, қос сөз қосымшаларының талғампаздық қасиетін ескеру т.б. жұмыстар беруге болады.
Дағды мен іскерлікті қалыптастыру әдістері. Жаңа материалды меңгергеннен кейін оны практикада қолдана бастайды. Іскерлікті қалыптастыру- күрделі процесс. Дағды-іскерліктің элементі. Іскерлік оқушыдан ең алдымен теориялық материалды, оның орындалу тәсілін, материалдың мазмұнын білуді талап етеді.Сөзжасамдық іскерлікті қалыптастыру үшін ең алдымен сөзжасамдық және морфемдік талдауды және сөзжасамдық жаттығуларды орындай білу керек.

Қос сөзді талдау мен морфемдік талдау мақсаты жағынан ұқсас.Екеуі де сөзге құрылымдық талдау жасайды. Айырмашылығы талдау тәсілінде. Қос сөзді талдаудың мақсаты - сөздің жасалу тәсілін білу. Негізгі обьектісі - туынды сөз. Қос сөзді талдау кезінде туынды сөзге негіз сөзді,туынды сөздің құрамындағы қосымшаны,формантты,тәсілді тауып,түбір мен туынды сөзді салыстыру арқылы сөзжасам тәсілін табамыз. Қос сөзді талдауда түбір мен туынды сөздің мағыналық арақатысы анықталады.Мысалы: малшы,түбірі-мал,қосымшасы-шы,туынды сөздің мағынасы алшақ кетпейді(яғни, мал бағатын адам),жасалу тәсілі-сөзжасам жұрнағы арқылы.Сөзжасамдық талдаумен оқушылар төменгі сыныптардан бастап таныса бастайды.Яғни, түбір мен қосымша тақырыптарын өткеннен кейін, оларға құрамы оңай ажырайтын сөздерді, таныс сөздерді беріп, әр сабақта құрамына қарай талдатып отыруды дағдыға айналдыру керек.
Қос сөзді талдау тек тілдің сөзжасам бөлімінде ғана емес, тілдің лексикология саласында да, морфология саласында да жүргізіліп отыруы тиіс. Қос сөзді талдау дағдысы қалыптасу үшін мынадай жаттығулар жүргізуге болады:
1.Туынды сөздер қандай сөздерден пайда болады. Мысалы:қаламгер,егінші,білім,айтыст.б. Олардың лексикалық мағынасы қандай?
2.Берілген сын есімдерден зат есім жаса: ақылды, қорқақ, ақ,т.б.
3.Берілген сөздерден мамандық-кәсіпті білдіретін туынды сөз жаса: арба, дихан, жаз, қой,т.б.
4.Берілген үлгі бойынша туынды сөз жаса: ақжайма,саябақ,саяжай, теледидар,автоқалам,т.б.
5.Берілген сөздің сөзжасамдық тізбегін,ұясын жаса: біл,жат,сурет,т.б.
6.Берілген туынды сөздердің түбірін тап: жұмысшы,егінші,басылым,т.б.
7.Берілген түбірлерден туынды сөз жаса, қалай жасалғандығын түсіндір: кітап,үй,өн,т.б.
Тілдік талдаулар оқушылардың рецептивтік әрекетіне негізделеді.Мұндай талдаулар ауызша немесе жазбаша жүргізіліп отырады.
Оқушылардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруда мектепте қолданылатын тәсілдің, жұмыстың бір түрі -көшіріп жазу мен диктант.Көшіру кезінде оқушылардың зейіні бір жерге жинақталады,көру арқылы есінде сақтау қабілеті қалыптасады. Мысалы сөзжасамға байланыстытерме диктантын, шығармашылық диктанты, сөздік диктантын,т.б. жүргізуге болады. Терме диктантта берілген мәтіннен туынды сөздерді көшіріп жазу көзделсе, шығармашылық диктантта туынды сөз жасау,соған сөйлем құрау мақсаты болады,сөздік диктантта түбір сөз беріліп,оған туынды сөз жасау тапсырылады.
Оқушылардың сөзжасамнан дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруда орындалатын жаттығулардың маңызы зор. Жаттығу - оқу анасы. Тілді құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады. Осыған орай жаттығулардың да бірнеше түрі бар: дайындық жаттығулары, байқау жаттығулары, машықтану жаттығулары, шығармашылық жаттығулар, тексеру жаттығулары т.б. Қос сөзді бұл әдістер арқылы оқытудың маңызы, біріншіден, оқушылар (жаңа ) туынды сөздің лексикалық мағынасын ашудың жолдары мен амалдарын біледі.Екіншіден, тілдің лексикалық құрамының байлығын,оның баю,толығу көздерінен мағлұмат алады,үшіншіден, қосымшаның сөз құрамындағы қызметін білуге,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйренеді. Төртіншіден,туынды сөздің құрамына талдау жасау жолын біледі. Бесіншіден, сөздің жасалу жолын,сөзжасамның қызметін білу арқылы олардың ойлау қабілеті артады.
Қазіргі таңда Қос сөзді оқытуда проблемалы оқыту, дамыта оқыту т.б. оқытудың тиімді жолдары қолданылып жүр.
Проблемалы оқытудың тиімділігі онда оқушылар ізденеді, ойланады, білетіні мен білмейтінің арасында қайшылықтар пайда болады.Ой жүйесіндегі қарама-қайшылық оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне түрткі болады.
Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы оқу үдерісіндегі негізгі міндеттерді шешудегі іскер партнер ретінде жұмыс істеуі тиіс. Оқыту тиімді, оқушылардың ақыл-ойын дамытатындай болуы үшін мұғалім жай интуицияға емес,белгілі принциптерге сүйенеді: ондай принциптерге:баланың психикасын зерттеу,ұстаздың интуициясы,генетикалық принцип,жас ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасау,т.б. жатады.
Қос сөзді оқытудың негізінде, тілдің басқа салалары сияқты, жалпы дидактикалық принциптер басшылыққа алынады.Сонымен қатар пәннің табиғатынан, өзіне тән ерекшелігінен шығатын арнайы принциптер болады. Ондай принциптер:жалпыметодикалық және жекеметодикалық болып келсе, жалпыметодикалық принцип: экстралингвистикалық принцип, функционалды принцип, мағыналық-құрылымдық принцип, тілдің басқа қабаттарымен байланыс принципі, тарихи принцип болып бөлінеді.
Жеке әдіснамалық принцип тілдің әр саласының ішкі ерекшелігімен, заңдылығымен байланысты. Мысалы: сөзжасамды оқытудақұрылымдық, лексика-сөзжасамдық, мотивация принциптеріне сүйенеміз.
Қос сөзді сөз таптарын, яғни грамматикалық топтарды жасау емес, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа мағыналы сөз тудыру,тек одан кейін ғана жасалған сөздердің грамматикалық сипаттары арқылы ол белгілі бір сөзтабына енеді. Қорыта айтсақ, қос сөздің де тілдің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары сияқты, бірақ оларға ұқсамайтын өзекті мәселелері, өзіндік зерттеу нысаны, алдына қойған мақсат-міндеттері бар. Қос сөздердің қолданыстағы мəн-маңызы қаншалықты, оларды пайдаланудан ұтарымыз не, ойды бейнелі, əсерлі жеткізуде олардың ролі қандай дегенде, кімнің қандай пікір айтқанын, дəлелін төмендегіше сипаттап шығамыз. Ойды ажарлы беруде фразалық қос сөздердің маңызын алдымен І.Кеңесбаев дəлелдейді. Ол шалқып, басып жүргенде дегеннен гөрі айрандай аттап, күбідей пісіп жүргенде деген тіркесі ойды əсерлі жеткізеді, — дейді. Стилистика тұрғысынан қос сөздердің қолданылу жайына алғаш көңіл аударған ғалым Ф.Мұсабекова.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет