Основы имиджеологии на примере Первого Президента


Екінші идея. Жаңа қала, Астана салу идеясы



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#7897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Екінші идея. Жаңа қала, Астана салу идеясы. Астана туралы «Егемен 
Қазақстан»  газетінде  менің  екі  мақалам  жарық  көрді:  «Астана  –  жаңаша 
ойлау символы» (04.07.2008), «Астана – акме-қоғам символы» (30.06.2009). 
Астана тек қала ғана емес, Қазақ елінің символына, брендіне, идеясына 
айналған  қала.  Астанамен  бірге  жаңа  халық  қалыптасып  келеді.  Ескі  қала 
консерватизмін  сақтаса,  жаңа  қала  романтикалық  көңіл-күйде.  Қаладан 
жасампаздық  рухы  айқын  сезілуде,  ол  өсіп,  қалыптасып  келе  жатқан 
ұрпақтардың сана-сезіміне еніп, тың дүниетанымдық өрістер іздеуде. Жақсы-
лыққа,  жасампаздыққа  құмарлық  Астананың,  ондағы  халықтың  болмысын 
айқындай алатын рухани күш – идея. 

 
60 
Идея  адамдарды  алға  жетелейді.  Жүріп  өткен  жолым  жетеді  деу  жоқ, 
алға деген ынта бар. Ол ізденіске бастамақ. Астана – жаңа қала. Елбасының 
ойы да сол еді. Жаңа идея жаңа қалада өріс алуы керек. Ол Астанада болмақ, 
сөйтіп,  тегіс  Қазақ  еліне  жайылмақ.  Арман  іске  асып  келеді.  Астана  әлем 
тілдерінде  айтыла  бастады,  оны  біле  бастады. Назарбаев  –  Астана  – 
Қазақстан қатар айтылуда. Бұл сөз бен іс бір жерден шықты. 
Үшінші идея. Саясат пен мәдениет бірлігі. Ол  – Елбасының «Мәдени 
мұра»  жобасы. Өшкенді  жаңғырту,  жоғалғанды  табу,  іздеу,  Қазақ  елінің 
қажеттігіне  жарату.  Мәдени  құндылықтарды  әлемдік  өркениеттік  үрдістер 
өрісінде  жетілдіру,  әлемге  тарату,  насихаттау.  «Мәдени  мұра»  –  Ұлттық 
бағдарламаға 
айналды. 
Анығын 
айтқанда, 
бұл Ренессанстық 
идея. Құндылықтардың сұрыпталып жаңғыруы. Халықтың өткен тарихы мен 
болашағы  арасындағы  бүгінгі  көпірі.  Жаңа  заманда  жаңаша  ойлау  қажет 
десек,  жас  ұрпаққа,  оның  рухани  сұранысына  қандай  құндылықтар 
ұсынуымыздың  бірден-бір  дұрыс  әрі  кемелді  тәсілін  Елбасы  осы   «Мәдени 
мұра» идеясы арқылы жүзеге асыруда. Бұл идея отандық ғылым мен білімнің 
тың сапалық деңгейге көтерілуіне таптырмайтын идея. 
Төртінші  идея. «Қазақстан  – 2030»  Стратегиясы, бұл нағыз  көрегендік 
саясаттың  идеясы  еді. Мұнда  ұрпақтар  алмасуы,  құндылықтар  алмасуы 
және  құндылықтар  тұрақтауы  Идеясы баяндалған.  Тәуелсіздік  жылының 
ар  жақ,  бер  жағында  дүниеге  келген  ұрпақ  бүгінде  жиырмалар  шамасында, 
2020  жылы  олар  отызда,  2030  жылы  –  қырықта,  яғни  акме-жаста  болады. 
Билік те, тұрмыс та бәрі соларға өтпек. Бұл Болашақ туралы керемет Идея. 
Бесінші  идея. Саяси  модернизация  идеясы.  Ол  2007  жылы 
Конституцияға  өзгерістер  енгізіліп,  қоғам  өмірінде  партияларға  өріс  ашу 
айқындалды.  Экономикада  қол  жеткен  нәтижелер  ендігі  жерде  саяси 
модернизациямен  айналысуға  мүмкіндік  берді.  Елдің  тұрақтылығы  саясатқа 
өріс  ашты.  Партиялар  шектен  тыс  көптігімен  емес,  сапасымен  айқындалды 
десек те болғандай. 
Алтыншы  идея. Елдің  инновациялық-индустриялық  даму  бағытын 
анықтайтын  Технологиялық  немесе  Техногендік  идея. Мұның  екі  арнасы 
бар: бірі ақпараттық қоғам идеясы, екіншісі постиндустриялық қоғамға, яғни 
акме-қоғамға қадам басу идеясы. 
Жетінші идея. Діни келісім идеясы. Бүгінгі күнге дейін дін, діндер ел 
мен елді, халық пен халықты бөлектейтін сана болып келген. Елбасы  дін мен 
діндер,  керісінше,  ел  мен  елді,  халық  пен  халықты  жақындастыратын 
феномен болса деген биік идея ұсынып, Астанада әлемдік және дәстүрлі дін 
көшбасшыларының үш съезін өткізді, келесі съезге даярлық жүруде. Елбасы 
діндерге  ұлттық  қауіпсіздік  мәселесінен  жалпы  адамзаттық  деңгейге  дейін 
өріс ашты. Дінаралық сұхбатты жаңа деңгейге көтерді. Дінаралық татулық ел 
саясатының тұрақты мәселесіне айналды. Діни сезімге құрмет, адамға деген 
құрмет философиясы қалыптасты. 
Сегізінші  идея. Парламенттік  сана  идеясы.  Заң  мен  саясат  бірлігі.  Қос 
палаталы Парламентте заң мен саясат мәселелері үйлесімін тапқан. Ол қоғам-
дағы тұрақтылыққа қызмет етудің табылған тәсілі. 

 
61 
Тоғызыншы  идея. Руға,  ұлтқа  бөлінбей  ел  болу  идеясы.  Мәңгілік  ел 
идеясы Күлтегін жазуында бар. «Қазақ елі» монументі осы идеяның айғағы. 
Оныншы  идея. Ел  бірлігі  идеясы.  Ол  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын 
құрудан  бастау  алып,  Қазақ  елі  концептінен  келіп  «Ел  бірлігі  доктри-
насымен» толықты. Мұнда этносаралық келісім мәселесі саясатта да, заңда да 
үйлесімін  тапты.  Парламент  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы  Заң 
қабылдады. 
Осы  айтылғандар  Елбасының  мезгіл-мезгілімен  халыққа  ұсынған 
идеялары. Біз бұл істердің куәгерлері ғана емес, шама-шарқымызша оларды 
насихаттаушылар  әрі  өмірге,  тұрмысқа,  санаға,  дағдыға  сіңдірушілерміз. 
Идея  елге  тегіс  ұсынылады.  Халық  қоғам  болып  оны  қабылдады,  соның 
нәтижесінде  бүгінде  Қазақ  елінің  еңсесі  биіктеп,  Елбасы  тек  өз  елінде  ғана 
емес, әлемдік деңгейдегі көрнекті саяси Тұлғаға айналды. Ол тақыр жерге тау 
тұрғызғандай  мемлекет  құрып  қана  қойған  жоқ,  оны  әлемге  әйгілі  етті. 
Мұндай  саяси  ерлікті  жасаған  әлемдік  саясатта  кімдер  бар  дегенде,  менің 
назарыма  заманы,  халқы  өзге  болғанымен  жаңа  астана  салып,  еліне  тың 
тыныс  берген  орыс  патшасы  Петр  І,  АҚШ-тың  негізін  қалаған  Дж. 
Вашингтон  түседі.  Бергі  заманнан  ізгілік  саясатын  берік  ұстанған  Махатма 
Гандиге ұқсастық табамын, мысалы, қолындағы ядролық қаруды жою ізгілік 
философиясы емес пе? Саяси оппоненттеріне кешірімділік жағынан Оңтүстік 
Африканың бұрынғы Президенті Нельсон Мандела, артта қалған елдерді қауырт 
даму  жолына  түсірген  малайзиялық  Махатхир  Мұхаммад  пен  сингапурлық  Ли 
Куан  сияқтылардың  істерімен  ұқсастық  табамын.  Сонымен  бірге  екінші 
жаһандық соғыстан ауыр экономикалық, рухани дағдарысқа түскен неміс халқын 
апаттан алып шығып, Германияның іргетасын мықтап қалаған Конрад Аденауэр 
түсіп отыр. Мысалы, ол канцлер болысымен былай деді: «Бүгінде Еуропада жаңа 
шекаралар  орнатып,  оларды  өзгерту  немесе  жылжыту  емес,  одан  өзге  көзқарас 
қажет  екендігін  біз  білеміз.  Еуропада  халықтар  бірлігінің  негізі  бола  алатын 
шаруашылық  аймақтар  пайда  болуы  үшін,  біз  шекараларды  жоюымыз  керек» 
(Конрад Аденауэр. Мамыр, 1949 жыл). 
Қазіргі  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Кеден  Одағы  (Ресей,  Белоруссия, 
Қазақстан) шеңберіндегі интеграциясы кезінде айтылған Еуразия идеясының 
нақтылы көрінісі болып шықты. Біреулер Кеден Одағы экономикалық шара 
емес, таза саяси келісім дейді. Сірә, Кеден Одағы экономика да, саясат та. 
Конрад  Аденауэрдің  екінші  бір  айтқан  сөзі:  «Экономикадағы 
капиталистік  жүйе  неміс  халқының  өмірлік  саяси  және  әлеуметтік  мақсат-
тарына  сәйкес  келмейді.  Неміс  экономикасының  жаңа  құрылымы  капита-
лизмнің  шексіз  үстемдік  кезеңінің  өтіп  кеткендігін  есепке  алуы  керек» 
(ХДО/ХӘО-ның  «Дюссельдорф  тезистері»  бағдарламалық  құжатында 
баяндалған  Конрад  Аденауэр  мен  пікірлестерінің  әлеуметтік-нарықтық  ша-
руашылық теорияларының негіздері, 1949 жыл). 
Конрад  Аденауэр  саясаты  Германияда  «экономикалық  керемет»  деп 
аталып  еді.  Әлемдік  қаржы  дағдарысы  кезінде  Нұрсұлтан  Назарбаев  дағда-
рыстан  жаңарып  шығу  идеясын  Қазақ  елінің  бүгінгі  күнінің  стратегиялық 
бағыты  етіп  анықтады.  Елбасы  атап  айтқан  Қазақстанның  2020  жылғы 

 
62 
мүмкіндіктеріне  сенемін,  себебі  қазіргі  алған  бағытымызда  еш  қателік  жоқ, 
кемістіктер  Үкіметтің,  әкімдердің  жұмысында,  заң  шығару  жүйесінде,  ал 
Елбасы ұстанған сара бағытта қателік жоқ. 
*  *  * 
Қай  елдің  саяси  өмірі  болмасын,  оның  оң  және  сол  қанаты,  ортасы 
болады. Бізде оңшыл дәйекті партия болмады десе де жарағандай. Оңшыл ба-
ғыттағы  партия  құруға,  мүмкін  ынта  болған  шығар,  бірақ  ол  ынта  саяси 
тәжірибеде  жүзеге  аспады.  Солшыл  бағытта  партия,  саяси  күштер  үнемі 
болып  отырды,  бірақ  оларда  мақсат  тұтастығы,  саяси  іс  бірлігі  орын  алған 
жоқ.  Құрылған  күнінен  бастап  ортаны  ұстаған  партия  бұрынғы  «Отан», 
қазіргі  «Нұр  Отан».  Бұл  партияның  негізгі  қуаты  Елбасының  жоғарыда 
айтылған  идеяларын  ұсынып,  оны  қоғам  қабылдап,  Үкіметтің  іске  асыруы 
үрдісінде қалыптасқан саяси капиталына тікелей қатысты. Турасын айтқанда, 
халық  ең  алдымен  партияның  көшбасшысына  сенеді,  оның  игі  істерін 
қолдайды. 
Елбасы  саясатта  не  оңға,  не  солға  бұрылмай,  орта  бағытты  ұстануда. 
Ортадағы  адам  екі  шеткі  адамды  естиді,  ал  екі  шеткі  адам  бірін-бірі  естуі 
екіталай.  Сондықтан  ел  тұрақтылығы  үшін  үнемі  ортаға  бағытталған  саясат 
қажет.  Сол  саясатты  бастаушы  әрі  оның  жетекшісі  Елбасы  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаев.  Халықтың  оған  балама  жоқ  деуінің  мәнісі  де  нық 
орныққан халық сенімінде. 
Нұрсұлтан Назарбаев саясаты жүзеге асып отырған Қазақ елі сұңқардың 
самғауын көз алдымызға елестетеді. Бүгінгі экономикалық өсу соның дәлелі. 
1994  жылы  жан  басына  шаққанда  ішкі  жалпы  өнім  700  доллардан  сәл  ғана 
асса,  2010  жылдың  1  қарашасында  бұл  көрсеткіш  12  еседен  өсіп,  9  мың 
доллардан  асты.  Мұндай  жағдайға  2015  жылы  жетеміз  деп  есептеген  едік. 
Тәуелсіздіктің  20  жылдығы  ішінде  мұндай  жетістікке  жеткен  елдер  жоқ. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жиырма  жылында  Оңтүстік  Малайзия  –  2  есеге, 
Корея  3  есеге,  Сингапур  мен  Польша  –  4  есеге,  Венгрия  –  5  есеге  өскен. 
Мұндай  жетістік  ненің  арқасында  десек,  ол  Елбасы  саясатының  өміршең-
дігінің,  оның  қалыптастырған  саяси  элитасының  заман  жүгін  алып  жүрер 
қуаты болғандығының айқын көрінісі. 
*  *  * 
Нұрсұлтан Назарбаев – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 
көшбасшысы.  Бұл  партия  сегіз  жүз  мыңдай  мүшесі  бар,  еліміздегі  ең  ірі  әрі 
қоғамға, Үкіметке ықпалы айтарлықтай тәжірибелі партия. Алайда, Елбасының 
саяси мектебі дегенде, бұл ұғым тек «Нұр Отан» партиясы арқылы ғана анықтал-
майды, ол кең мағынадағы түсінікті қажет етеді. 
Елбасының  саяси  мектебінің  ауқымы  жоғарыда  атап  көрсетілген 
идеяларды  іс  жүзіне  асырудағы  ерен  еңбек  етіп  жатқан  миллиондарға  тегіс 
қатысты. Саясат әркімнің тұрмыс, іс, қарекетінен тыс тұрған құбылыс емес, 
ол Елбасы ұсынған «Балапан» бағдарламасынан бүгінгі таңда күн тәртібіне 
қойылып  отырған  абсолютті  инновациялық  саясатқа дейінгі  кеңістікті 
алып жатқан қоғамдық сана өрісі. Оны нақтылап айтсақ, Тәрбиеден Білімге, 
Ғылымға  одан  Тәжірибеге,  Технологияға дейінгі  саналы  іс,  қарекеттер 

 
63 
жүйесін  айтпақпыз.  Елбасы  ұсынған  саясатта  сөз  бен  істің  алшақтығы  жоқ. 
Сондықтан  да  кезектен  тыс  президенттік  сайлауда  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың толық жеңіске жетуіне күдік келтірудің еш негізі жоқ. 
Халық Жолдауда көрсетілген сара бағытты Елбасымен бірге жүріп өтеті-
нін күні кешегі сайлауда тағы да тамаша танытты. 
Бұл халық таңдауының тағылымы мол! 3 сәуірдегі жарқын жеңіс – На-
зарбаевтың саяси мектебінің де салтанаты. 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
64 
 
 
ЕЛ БАҒЫНА ТУҒАН ЕР 
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 
ЖАЙЛЫ СЫР МЕН ЖЫР 
 
Сәбит Досанов, 
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген 
қайраткері  
 
            Егемен Қазақстан, 8 сәуір
 
2011ж. 
 
Бірінші сыр: 
Елден естіген есті әңгімелер 
Алла тағала мейірі түсіп терең ақыл, тегеурінді күш-қуат, парасат патшасы деуге 
лайық  пайым  берген  Нұрекең  –  Нұрсұлтан  Әбішұлы  жайлы  кезекті  ақжарма 
сезімдерімді  ақ  қағазға  ақ  қанатты  періште  көңілмен  қондырарда  менің  ойыма  ол 
жайлы  естіген  есті  әңгімелер  оралады.  Жақсының  өзінен  бұрын  аты  жетеді.  Мен 
Нұрекеңнің өзін көрмей тұрып, оның жақсы атын естідім. 
Өткен,  жиырмасыншы  ғасырдың  алпысыншы  жылдары.  Ыстығы  таяқ 
тастам  жақын  келгеннің  өзін  де  шоқтай  қаритын  екі  мың  градустық  от-
жалында  күн  ұзақ  тапжылмай  тұрып  табанды  еңбек  етіп  жүрген,  алған 
бетінен  қайтпайтын  қайсар  да  қайратты  намысқой  жігіт  –  жиырма  жастағы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі елді елең еткізді. Басына киіз қалпақ киіп, от 
көсеген озат болат балқытушы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы газеттер жарыса 
жазып жатты. Сол көп мақалалардың бірінде оның киіз қалпақ киіп, от көсеп 
тұрған суреті де бар еді. Бүгінгі күннің бастыларын іздеп жүретін жаңалыққа 
жаным құмар жас кезім. Атағы аспандап тұрған жас болат балқытушы жайлы     
жазбақ  болып,  Алматыдан  Теміртауға  келдім.  Өкінішке  қарай,  сол  жолы 
Нұрсұлтанмен  жолығудың  сәті  түспеді.  Әйтсе  де,  ол бір сәтсіз сапар  болды 
дей алмаймын. Жүгіргенге жөргем ілінеді деген рас. Бұл жолы мен Алматыға 
екі түрлі олжамен оралдым. Оның біріншісі – домна пешіндегі бет қаратпай- 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
65 
тын  ыстықты,  сол  қып-қызыл  шоқ,  қызулы  өрттің  өтінде  тұрып  болат  бал-
қытқан ерлерді өз көзіммен көрдім. Мына бір көрініс күні бүгінге дейін көз 
алдымда.  Шынжыр  табанды  «ДТ-54»  маркалы  трактор  домна  пешіне  келіп 
түскенде  болат  тұлпар  қас  қағым  сәтте  сұп-сұйық,  қып-қызыл  от  болып, 
таудан құлаған бұлақ суындай ағып бара жатты. 
Екіншісі – Нұрсұлтан жайлы оның әріптестері айтқан көркем шығармаға 
арқау  болар  көп  әңгімелер  естідім.  Сол  әңгімелердің  бірі  былай  деп  сыр 
шертіп еді. Теміртауды көгертіп, атымызды аспандатамыз деп асығып жеткен 
қазақ  жастарының  біразы  жұмыстың  ауырлығы  мен  тұрмыстағы 
қиындықтарға  шыдамай  кері  қайтып  кетіпті.  Сонда  орыс  жұмысшылары: 
«Қазақ  жастарынан  болат  балқытушы  шықпайды,  бүгіннің  жасы  боркемік, 
бозөкпе»,  деп  келемеждесе  керек.  Соған  намыстанған  Нұрсұлтан: 
«Қазақтардың  отты  қалай  бұғалықтап,  қиындықты  қалай  жеңетініне  әлі-ақ 
көздерің  жетеді»,  деп  намысқа  қамшы  басыпты.  Сөзі  мен  ісінде  алшақтық 
жоқ  жас  Нұрсұлтан  өртеніп  жатқан  өзге  тірліктің  бәрін  жиып  қойып,  өз 
мамандығының  қыр-сырын  толық  игеру  үшін  Украинадан  бір-ақ  шыққан 
көрінеді.  Екінші  бір  әңгімеде  Нұрсұлтанның:  «Қайырымдылықтан  асқан 
қасиет  жоқ»,  деген  сөзді  жиі  айтатындығы,  өзі  үнемі  сол  сөздің  үдесінен 
шығатындығы,  үшінші  бір  әңгімеде  әлсіздің  қорғаушысы,  әділдің  жақ-
таушысы, төртінші, бесінші … тамаша хас қасиеттері жайлы жас та, жасамыс 
та төгілдіре сөйлеп берді дейсің. Оның бәрін баяндасам, әңгіме ұзай береді, 
онан да екінші бір есті әңгімені баяндайын. 
Әңгімеден  ауқымы  әлдеқайда  үлкен  бұл  оқиға  1998  жылы  мамыр  айы-
ның  12-жұлдызында  болып  еді.  Сол  күні  мен  онымен  ұзақ  сырластым.  Ай-
маңдайын терезеден қиғаштай құйылған күн сәулесіне сүйгізіп, баппен шерт-
кен сырымен, байсалды тұлғасымен сүйсінткен ақылман аға Бәйкен Әшімов 
шерткен сырды жүрегіме сіңіре бердім. Өмірде көпті көріп, көңіліне көп ой 
түйген Бәйкен аға айтқан тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Мен әлемнің 
көптеген  қайраткерлерін  білемін!  Біздің  Нұрсұлтан  солардың  бәрінен  де  оқ 
бойы озық тұрған саясаткер. Ел бағына туған ерді бағалай білейік. Жақсының 
жақсылығын  айт,  нұры  тасысын.  Елбасының  жақсылығын  айту  –  жағым-
паздық емес, әділеттілік» дегенге сайып еді. 
Өткен  ғасырдың  аяғында  Венаға  жол  түсті.  Сол  сапарда  Венгриядағы 
елші Сағынбек Тоқабайұлы Тұрсыновпен бірнеше күн бірге болып, армансыз 
әңгімелестім. Сонда Сағынбек шерткен сырға құлақ түрелік. 
Әркімнің  де  өмірінде  ұмытылмас  сәттер  болады.  Менің  өмірімдегі  сондай 
сәулелі  сәттердің  біразы  менің,  менің  ғана  емес,  халқымыздың  жүрегінің  төрінде 
тұрған, бәрімізге бірдей қымбатты Нұрекеңнің – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
есімімен тығыз байланысты. Жақсының өзінен бұрын аты жетеді. Мен Нұрекеңнің 
өзін көрмей тұрып оның атына қанық болдым. 
Өткен,  жиырмасыншы  ғасырдың  жетпісінші  жылдары.  Мен  Қарағанды 
облысының  Молодежный  ауданындағы  Тельман  совхозында  партком 
хатшысы  едім.  Жоғарыдағы  басшылардың  шешімімен  «Көктал»  совхозына 
директор  болып  тағайындалдым.  Жұмысқа  кіріскен  алғашқы  күні  білгенім, 
бұл  осы  Молодежный  ауданындағы  бір  совхоздың  үш  бөлімшесі  негізінде 

 
66 
құрылған жаңа совхоз, өмірбаянын енді бастағалы тұрған жас шаруашылық 
екен.  Шаруашылықтың  басты  міндеті  сүт  және  сүт  өнімдерін  молайтуға 
қызмет  ету  деп  қадап  айтты  Қарағанды  обкомының  сол  кездегі  екінші 
хатшысы  Әбдуәли  Сыбанов.  Облыста  ғана  емес,  республика  деңгейінде  де 
абыройлы,  беделді  басшы  қажетті  көмек,  қолдаудың  да  болатындығын 
ескертті.  Әлі  отызға  да  жетпеген  жалындап  тұрған  жас  кезім,  жұмысқа  бар 
ынта-жігеріммен беріле кірісіп кеттім. Жұмыс қиындықсыз болушы ма еді?! 
Бұғанасы  қатып,  буыны  бекімек  түгіл,  әлі  қаз  тұрып  та  үлгермеген  жас 
шаруашылықтың  қиындығы  өзгеше  болып  шықты.  Совхоздың  басты  бай-
лығы  1200  ірі  қара.  Ал  сүт  беретін  сиырларды  күтіп-баптайтын  комплекс 
құрылысы  әлі  салынып  бітпеген.  Қыстың  көзі  қырауға  қарамастан  құрылыс 
жұмысын жүргізейік десек, оған қажетті құрылыс материалдарының он екіде 
бір  нұсқасы  жоқ.  Көмектеспек  болған  Әбдіуәли  Сыбанов  қызметі  өсіп,  аяқ 
астынан Алматыға аттанып кетті. 
«Жыртық  үйдің  құдайы  бар»  деген  рас.  Қырсыққанда  қымыран  іріп 
тұрған  шақта  менің,  ең  бастысы  енді  ғана  ұйымдасып  жатқан  жас  совхоз, 
жаңа  ұжымның  бағына  қуанышты  оқиға  болды.  Ел  «Қарағанды  облыстық 
партия  комитетінің  екінші  хатшысы  болып  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 
сайланды» деп дүр ете қалды. Бұл дүрлігу емес, дүрілдеу еді. Себебі  – елге 
өзінен бұрын аты жеткен Нұрекең жалыны мол, қуаты зор, жас бола тұра аса 
парасатты,  асқан  іскер  басшы  еді  деген  халық  бағасы  ел  құлағын  елеңдетіп 
тұрған кез.  «Статуяны –  тұрқы,  адамды  ісі  сұлуландырады»  демеуші  ме  еді 
Пифагор. Сол Пифагордың тағы бір тапқыр сөзі бар: «Бақытты іздеп арамтер 
болма,  оны  өзіңнің  ісің  мен  ішіңнен  ізде»,  деген.  Облысқа  басшы  болып 
келгенге  дейін  өмірдің  сан  сынағынан  өткен,  сын  сағаттарда  сынбаған 
Нұрекең жайлы аңыз-әңгімелерді талай естігенбіз. Елдің ұлы, халықтың құлы 
деуге  лайық  іргелі  істерін,  ірі  мінездерін,  ерен  еңбегін  елден  де  естіп, 
газеттерден  де  оқығанбыз.  Нұрекеңнің  жап-жас  болып  «Ел  қамын  жеген 
ерлігі»  деген  жақсы  атына  қанық  болғандықтан  өзімді-өзім  қамшылап,  ол 
кісінің қабылдауын өтіндім. Нұрекең көп күттірмей қабылдады да. Сол сол-
ақ  екен,  түйткілі  көп  түйіндер  бірінен  соң  бірі  кезек  кезегімен  шешіле 
берді…  Сүт  комплексінің  құрылысы  да  қанаттанып  сала  берді.  Шаруашы-
лығымыздың өн бойына қан жүгіріп, жан бітті. 
Мен  жоғарыда  Нұрсұлтан  Әбішұлының  Қарағанды  сынды  үлкен  об-
лысқа  басшы  болып  келуі  оқиға  дегенде  бір  шаруашылық  көлемінде  ғана 
емес, одан әлдеқайда әулетті, облыс, оны айтасыз, республика ауқымындағы 
аса ірі, іргелі өзгерістерге байланысты айттым. Оның мәнісі мынада: Нұрекең 
облыста өнеркәсіппен бірге кадр мәселесіне де жетекшілік етті, ұлттық мәсе-
лелерде  ұлтымыздың  есесін  еселеп  қайтарды.  Сол  тұста  Қарағанды  қа-
ласындағы  қазақтың  үлес  салмағы  бар  болғаны  жеті  дейтін  жетім  цифр 
төңірегінде  еді,  облыстағы  қазақтың  саны  он  екі-ақ  пайыз  болатын.  Ал 
басшылық  жұмыстарындағы  қазақтар  саусақпен  санарлық  қана  еді.  Сонау 
Соломенцевтер  мен  кейінгі  Акулинцевтер  сол  аз  басшылардың  өзін 
тұқыртып,  ашса  алақанында,  жұмса  жұдырығында  ұстап,  олардың  еңсесін 
езіп  тастаған  еді.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  қазақтың  ақылды,  іскер,  білімді 

 
67 
жігіттерін  бірінен  соң  бірін  өсіре  берді.  Қазақ  азаматтарын  қызмет 
баспалдағымен  жоғарылатып  қана  қоймай,  олардың  еңсесі  тік,  рухы  биік 
болуына  қатты  көңіл  бөлді.  Қырға  шыққан  соң  құмырсқаға  да  қанат  бітеді. 
Нұрекең тәрбиелеп өсірген қыран тектес жігіттер қолтықтарынан қуатты қол 
демегесін,  беделі  биік  басшының  өзі  жебеген  талант,  қабілеттері  ашылып, 
қанаттарын қатты қағып, биіктерге самғап ұшты. 
Н.Ә. Назарбаев жайлы Сағынбек Тұрсыновтан естіген есті әңгіме жайлы 
жазып отырған сәтте менің ойыма Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың БҰҰ 
Бас  хатшысының  орынбасары  қызметіне  тағайындалғаны  орала  кетті. 
«Бәріміз  де Гогольдың  шинелінен  шықтық»  дегендей, бүгінде биліктің биік 
баспалдағында жүргендердің бәрі де Нұрекеңнің тәлім-тәрбиесімен қанаттан-
ғандар.  Солардың  бірі  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  халықаралық  ұйымдағы 
жоғары қызметке тағайындалуы Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік ауқымдағы биік 
беделінің айқын бір айғағы. 
2007 жылы Парижде, Сорбонна университетінде менің шығармашылық 
кешіме  қатысқан  француздың  әйгілі  ақыны  Леон  Робель,  2010  жылы 
Алматыға  менің  мерейтойыма  келген  Тәжікстанның  халық  жазушысы 
Момын Каноат, француздың аса көрнекті әдебиетшісі Альберт Фишлер, Өз-
бекстанның  атақты  жазушысы  Насыр  Фазылов.  т.б.  Н.Ә.  Назарбаев  жайлы 
сүйсіне әңгімеледі. Ел аралағанда Елбасы жайлы халық айтқан қасиетті сөз, 
киелі тілек тіптен көп. Халық айтса, қалт айтпайды. Ұлт көшбасшысы жайлы 
ұлағатты сөздерді жинасаң, бір емес, бірнеше том болары хақ. 
Нұрекең жайлы елден естіген есті әңгімелер «Елін сүйген, елі сүйген Елбасының» 
(М.Қасымбеков) биік тұлғасын бұрынғыдан да бетер көркейте түседі. 
Бірінші жыр: 
Көзбен көргенім ұлылық пен сұлулық 
1987  жылдың  алғашқы  айында  Қазақ  ССР  министрлер  Кеңесінің 
Төрағасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  қабылдауында  болдым,  Нұрекеңнің  көмекшісі 
Владимир  Нидің  қолдауымен.  Сол  тұста  КСРО  Әдеби  қоры  қазақ 
бөлімшесінің  директоры  едім.  Жазушылардың  таудағы  шығармашылық 
үйіне күрделі жөндеу ауадай қажет еді, қызмет көлігі, т.б. жетіспеушіліктер 
де көп еді. Әдеби қорының қарамағындағы шығармашылық үйдің сол кездегі 
директоры,  Кеңес  Одағының  екі  мәрте  Батыры  Талғат  Бигелдинов  екеуміз 
талай  басшыға  барсақ  та  күрмеуі  қатты  күрделі  проблемаларды  шешуге 
ешқайсысы  көмектесе  алмады.  Амал  жоқ,  Нұрекеңді  мазалауға  тура  келді. 
Бұл бір қиын кезең еді. Желтоқсан көтерілісінің ізі суымаған. Республиканы 
басқару тізгінін қолына алған Колбиннің әлі аптығы басылмай, аспанға шап-
шып  тұрған  шағы.  Көп  мәселеде  келіспеген  Нұрекеңе  Колбин  қырын  қарап 
жүр  дегенді  де  естиміз.  Нұрекеңде  жұмыс  көп,  уақыт  аз.  Соған  қарамастан, 
үкімет  басшысы  мені  өте  жылы  қабылдады.  Бұл  менің  Нұрекеңмен  бірінші 
рет жүзбе-жүз жүздесуім еді. Алғашқы әсерім – Н.Ә. Назарбаев жүзінен нұр, 
сөзінен  жыр  төгілген,  сырт  тұлғасы  сымбатты,  жан  дүние  байлығы  аса 
қымбатты,  жалы  биік,  жаны  жомарт  жан  екен.  Мені  асықпай  тыңдап, 
мәселенің  байыбына  барған  соң  Т.  Бигелдинов  екеуміздің  күрмеуі  қатты 
күрделі проблемалар дегенімізді бір-ақ сәтте шешіп берді. 

 
68 
Арада аз уақыт өткенде Н.Ә. Назарбаев ешкім шақырмай-ақ өз ықтияр, 
ынтасымен  Жазушылар  одағына  келіп,  қаламгерлермен  кездесті.  Жанында 
бірнеше  министр  бар.  Сол  кездесуде  күрмеуі  күрделі  мәселелердің  біразын 
қолма-қол  шешті.  Соған  көп  мысалдың  біреуін  ғана  айтайын.  Бірінші  – 
қаламгер  ағаларымыздың  бірі  пәлен  мың  адам  тұратын  «Орбита»  мөлтек 
ауданында  осы  күнге  дейін  мектеп  жоқтығын  айтып  еді,  Нұрекең:  «Бұл 
мәселені  тап  қазір  шешпесек  болмайды,  біз  шешпесек,  кім  шешеді»,  деп 
жанындағы  құрылыс  министріне  тапсырма  берді.  Бір  жылдан  соң 
«Орбитада» жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. 
1993  жылдың  жазы.  Ордабасыдағы  ұлы  жиын.  Қазақстан,  Өзбекстан, 
Қырғызстан  президенттері  Ордабасы  мәлімдемесіне  қол  қойған  соң,  Н.Ә. 
Назарбаев Ордабасы тауының басында тұрып жазғытұрғы жасарған Жер-Ана 
мен жаңбырдан кейін шайдай ашылған Аспан-Атаның көгілдір түсіндей көк 
байрағымызды  зеңгір  көкке  көтеріп,  ұлы  бірлік  жайлы  ұлағатты  сөз  айтып, 
толымды  ойлар  толғаған  сәтте  мыңдаған  халық  дауылды  күнгі  теңіздей 
толқып,  тебіренді.  Жүректен  шыққан  сөз  жүрекке  жетіп,  жан  дүнием  қатты 
толқығандықтан,  жанарымнан  жалғыз  тамшы  жас  үзіліп  түсті.  Жалғыз  мен 
ғана емес, Ордабасы төрінде тұрған көрші елдердің президенттері де, Кемер 
облыстық  кеңесінің  төрағасы  Аман  Төлеев  те,  Өмірбек  Байгелди,  Оралбай 
Әбдікәрімов,  Қуаныш  Сұлтанов  та  –  бәр-бәрінің  қатты  толқып  тұрғанын 
жасаураған жанарларынан анық байқадым. 
Өзге  түгіл,  өзіңе  байқатпай  өтіп  жатқан  өмірдің  естен  кетпейтін  елеулі 
сәттері  де  аз  емес.  Мен  үшін  сондай  есте  қалар  елеулі  сәттің  бірі  1998 
жылдың  көктемінде  болып  еді.  Әлі  есте,  бәрі  есте.  Мамыр  айының  28 
жұлдызы, сенбі. Күндізгі 10. Дәл сол сәттен Н.Ә. Назарбаевтың Катар еліне 
ресми  сапары  басталды.  Ауаның  температурасы  45  градус  ыстық, 
ылғалдылығы 80 пайыз. Катар мемлекеті мен Астана қаласының арасындағы 
ұзақ жолды Президент ұшағы төрт сағатта өтті. Президенттің жұмыс кестесі 
осыдан  төрт  сағат  бұрын  Астанадан  ұшып  шыққанда  басталғанынан 
хабардармыз. Жол бойы – аспанда жұмыс істеп келгеніне, жергілікті жердің 
бой  үйренбеген  ауа  райының  жайсыздығына  қарамастан,  Нұрекең  ұшақтан 
әдеттегісінше жұмсақ жымиып, сергек түсті. Ұшақ баспалдағында Қазақстан 
Президентін  Катар  елінің  Әмірі  Шейх  Хамад  бен  Халип  әл-Тани,  тақ 
мұрагері  Шейх  Жасу  бен  Халиф  әл-Тани,  премьер-министрдің  орынбасары 
Мұхамед  бен  әл-Тани  қарсы  алды.  Қарсы  алдымызда  желбіреп  тұрған  көк 
байрағымыз  көзге  ерекше  ыстық  көрінді.  Еліміздің  Әнұраны  орындалғанда 
жанарымыз  жасаурап,  қатты  толқыдық.  Екі  ел  арасындағы  келіссөздер  мен 
құжаттарға  қол  қою  Катар  әмірінің  күміспен  күптеліп,  алтынмен  апталып, 
асыл  тастармен  зерленген  ақ  мрамор  сарайы  «Каср-ад-Диафта»  сол  күні-ақ 
басталды.  Катардағы  атақты  шейхтармен,  әртүрлі  топ,  сан  саладағы 
саясаткерлермен  кездесулер,  келіссөздер,  баспасөз  мәслихаты  бірінен-соң 
бірі  үзіліссіз,  үздіксіз  өтіп  жатты.  Соның  бәріндегі  басты  салмақ  түннің  бір 
мезгіліне дейін жұмыс істеген Президентке түсіп жатты… 
Катарда  үш  күн  болғаннан  кейін  төртінші  күні  Біріккен  Араб  Әмірліктеріне 
келдік.  Абу-Даби  әуежайында  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевты  БАӘ-нің 

 
69 
Президенті  Заид  бин  Сұлтан  әл-Нахаян  қарсы  алды.  Тағы  да  келіссөздер, 
кездесулер, баспасөз мәслихаты сынды шаралар басталып кетті. Н.Ә. Назарбаевтың 
жұмыс кестесі өте тығыз, таңның атысынан күннің батысына дейін бір тыным жоқ. 
Жанында ерқара болып жүрген жолсеріктері – біздер қарадай босқа жүріп шаршай-
мыз. Ал Нұрекең тың, сергек. Ара-арасында әзілдеп, елдің көңілін де көтеріп қояды. 
Жүріс-тұрысы сымбатты, сөйлеген сөзі тұнып тұрған ұлылық. Сұлулық пен ұлы-
лықтың жасандылығы жоқ жарасымы бізді ғана емес, Катар мен БАӘ-нің үлкен-
кішісін де, шет елдердің сынап-мінеуге дайын тұратын шамшыл тілшілерін де таң 
қалдырып, таңдай қаққызды. 
Президент  әдеттегісіндей  бұл  жолы  да  шапшаңдық  пен  шалымдылық 
танытудан танған жоқ. Соған көп дәйектің біреуін ғана айтсақ, Катар елінің 
бір  кәсіпкерінің  «Өз  қаржыма  мешіт  салып  беремін»,  деген  сөзін  лезде  іліп 
әкетіп:  «Ол  мешітті  халқы  тығыз  орналасқан,  қазағы  көп  Шымкент 
қаласынан тұрғызуға кеңес беремін. Мешітке жер беруді осы залда отырған 
облыс  әкіміне  тапсырамын»,  деп  сарт  еткізді.  Қаржы  демекші,  Нұрекеңнің 
бұл жолғы сапарындағы өзіне-өзі жүктеген ауыр міндеттің бірі – ел экономи-
касына  қан  жүгіртетін  мол  қаржы  табу  екен.  Нұрекең  бұл  міндетті  де  өзіне 
тән туабітті дипломатиялық даналықпен мінсіз орындады. Қаржылық көмекті 
кейбіреулердей алақан жайып, төменшіктеп сұраған жоқ, төрде төбеби болып 
отырып-ақ  қиын  істің  қиюын оп-оңай келтірді.  Бір  ғана  мысал.  Қазақстанға 
инвестиция  тарту  сөз  болғанда,  елдегі  тұрақтылықты,  шетел  инвести-
цияларына берілетін жеңілдіктерді алға тарта келіп, делегация құрамындағы 
сол  кездегі  геология  министрі  Серікбек  Дәукеевке  аржағын  өзің  жалға  деп 
жұмсақ  жымиды.  Тосыннан  сөз  берілсе  де  Серікбек  ініміз  тосылған  жоқ, 
ағылшынша ағып ала жөнелді. Қазақстанның қазба байлықтары мен келешегі 
жайлы кең тынысты келелі сөз шетелдіктерді айрандай ұйытты. С.Дәукеевке 
тосыннан  сөз  беру  арқылы  Нұрекең,  біздіңше  бір  оқпен  бірнеше  қоянды 
атты. Оның бірі – геология министрінің аузымен Қазақстанның қазба байлы-
ғына  шетелдіктердің  қызығушылығын  арттыру  болса,  екіншісі  –  өз 
командасындағы жігіттер осал еместігін, қажет болса қазақша, орысша ғана 
емес,  ағылшынша  да  ойын  еркін  жеткізетіндігін  аңғарту  деп  топшыладық. 
Нұрекеңмен екі шетелде төрт күн бойы бірге жүргенде алған әсер, ол кісінің 
сөзімен ғана емес, ісімен, тіпті жүріс-тұрыс, әзіл-қалжыңымен берген сабағы 
– менің бұл өмірде тапқан ең үлкен олжаларымның бірі ғана емес, бірегейі. 
Арада  бір  жыл  өткесін  сәуір  айының  сәулелі  күндерінің  бірінде  Президент 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  қабылдауында  болу  бақыты  бұйырды. 
Алматыдағы Ақордада болған қабылдау кезінде радио мен телевидениенің алтын 
қорының  бұзылып,  жойылып  кету  қаупі  туғанын,  оларды  тезірек  қайта  көшіру 
қажеттігін,  ұлттық  Ғылым  академиясындағы  қолжазбалар  мен  қолөнеріміздің 
ұмытылып бара жатқанын, оның шеберлеріне қамқорлық мәселелері, т.б. ұлттық 
құндылықтар  мен  проблемалар  жайлы  баяндадым.  Нұрекең  ол  ойларыма 
түсіністікпен қарап, тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді. 
Президентті  ұлықтау  салтанатының  бәрінде  болмаса  да  біразында 
болдым.  Соның  ерекше  есте  қалған  біреуі  жайлы  жүрекжарды  сыр.  1999 
жыл. Қаңтар айының 20-жұлдызы. Таңертеңгі сағат 10-нан 50 минут өткенде 

 
70 
Есілдің оң жағалауындағы Ақордадан шыққан Н.Ә. Назарбаев төсеніш кілем 
үстіндегі  ақ  жолмен  аяңдай  басып,  қос  қапталдағы  халықпен  сәлемдесіп, 
инаугурация – ұлықтау өтетін Конгресс-холға беттеді. Президент жүріп келе 
жатқан жол аппақ, аспаннан ақ ұлпа қар жауып тұр. Ел назары елордада, көз 
біткен көгілдір экранға қадалған. 
«Дәл  осы  сәт  Елбасы  қандай  ой  мен  сезім  құшағында  екен,  –  деп 
ойладым  мен.  –  Жауапкершілік  жүгін  сезініп  келе  жатқан  болар».  Сезімім 
алдамапты.  Елбасы  Орталық  сайлау  комиссиясының  төрайымы  Зағипа 
Балиеваның қолынан Президент куәлігін алып, ант бергеннен кейін сөйлеген 
сөзінде былай деді: «Менің алдымда қазір сырт қарағанда қарапайым тәрізді 
көрінетін екі міндет тұр. Бірақ, олардың ең қиын да күрделі міндет екендігін 
тарихтың  өзі  үйретіп  отыр.  Ертеде  ата-бабаларымыздың  билеушілерге 
айтатын ең жақсы мақтауы «ол өз халқын тарықтырмай асырады» деген сөз 
екен.  Сондықтан  бірінші  міндет  –  халықтың  тұрмыс-тіршілігін  жақсарту. 
Тасты лақтыратын да, тасты жинайтын да кез болады. Реформаларды жүргі-
зетін де, реформалардың жемісін теретін де уақыт болды. Алдағы жеті жыл-
дың ішінде халқымыз реформалардың жемісін өз дастарқаны мен өз қалтасы 
арқылы көруге тиіс. Екінші міндет – елімізде демократияны дамыту». 
Инаугурация сәтінде елдің ауыр жүгін арқалаған асыл азамат Нұрсұлтан 
Әбішұлының  ширыққан  ширақ  түрінен  ел  мүддесі  жолындағы  серт  пен 
сенімді  айқын  аңғардым.  Оның  көңілінде  толқу,  көзінде  салиқалы  ой, 
салмақты мұң бардай көрінді маған. Сол сәт сол төрде Нұрекең болмай, өзге 
біреуміз  болсақ,  басымызға  қонған  бақтан  көзіміз  жайнап,  шаттықтан 
шалқып, шалқақтап тұрар ма ек, кім білсін? 
Сәл алға озып, анығын айтсақ, Елбасы сонда айтқан сөзінде тұрды. Өмір 
сол кезгіден әлдеқайда алға кетті, өзгерді, өзгергенді көз көрді. 
Сол күні кешкісін ақ көрпеге оранған елордадағы Орталық алаң халыққа 
лық  толды.  Астаналықтар  Алматыдан келген  әншілермен бірге  аспан  астын 
ән-думанға бөледі. Осы жолдарды жазып отырғанда менің ойыма өркениетті 
елу  елдің  қатарында  болуға  нық  қадам  басқан  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төр-
ағалыққа  сайланып,  төбеби  болып  қана  қоймай,  жетінші  Саммит  өткізіп, 
Астана  декларациясын  қабылдап,  ел  тарихында  бұрын-соңды  болмаған 
тарихи  ұлы  оқиға  мен  талай  жұлдызды  сәт,  бақытты  шақты  бастан  өткіз-
геніміз оралды, Елім мен Елбасым үшін мақтаныш сезімі кеудені кернеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет