Основы имиджеологии на примере Первого Президента


Жазып алған Айгүл Сейілова



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#7897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Жазып алған Айгүл Сейілова 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
24 
СӘБИ КҮЛКІСІ САҚТАЛҒАН КІСІ 
 
 
Мархабат Байғұт, 
журналист 
                                                                          
Егемен Қазақстан, 8 сәуір 2011ж. 
Ташкентіңізде  тұратын  өзбектің  өбек 
мінезді  мінәйі  жазушысы,  сатира  сардары, 
әзілкеш  әдебиетшісі,  ақжарма  аудармашы 
Насыр  Фазыл  ағатайым  қайбір  жылы 
Президентіміздің  Бейбітшілік  және  рухани 
келісім  сыйлығын  алғалы  Алматыға  келген. 
Республика  сарайында  тапсыру  салтанаты 
болған. Насыр аканың миығын жылы жымиыс 
түрткен. 
Сыйлық 
алмаққа 
шыққанда. 
Теледидардан көріп отырмыз. «Ай, айналайын 
ағамыз  бірдеңе  ойлап  барады-ау»,  деп 
күбірлегеніміз сол-ақ екен, Насыр Фазылыңыз 
оң қалтасынан бәкісін шығарды. Елбасымызға 
ұсынды. Сый ретінде. Сөйтіп тұрып: «Нұреке, 
өзіңіз білесіз, бәкі тарту еткенде егесіне ептеп 
тиын-тебен  береді,  яғни  сатып  алады»,  –  деді.  Нұрсұлтан  Назарбаев  қапелімде 
қалтасын қарағанымен, тиын-сиын таппады. Қасындағы кісілерден алып берген. 
Сол  сәттегі  сәби  күлкісі  көз  алдымыздан  кетпейді.  Елбасымыздың  уыз 
күлкісі. Қалай сақталған десеңізші. Жарықтық Әсем апамыз айтушы еді. «Ақ-
жүрек,  ақжарылқап  адамның  бала  кездегі  сәби  күлкісі  кетпейді.  Қалып 
қояды. Сүт күлкі, сәби күлкі кез келген кісіде кездеспейді», деп. 
Тұңғыш  Президентіміздің  сәби  күлкісі,  сүт  күлкісі  қатты  қайран 
қалдырған сонда. Әсем апамыздың әңгімесі ойымызға оралған. 
Насыр Фазыл көкемізді шырайлы Шымкент шаһарының темір жол вок-
залынан  қарсы  алғанбыз.  Облысымыздың  әкімі  Өзбекстанның  кәтта  қалам-
гері, халық жазушысы Насыр аканы шын пейілмен құттықтап, шапан жапқан. 
«Нұрекеңнің  баладай  аңқылдап  күлгенін  жанынан,  тура  қасынан  көріп, 
қолын алып байқадым, қандай таза күлкі?! Рахатқа бөлендім!» деді өзбек пен 
қазақ  көркем  әдебиеттерінің  арасындағы  алтын  көпір  атанған  аудармашы-
суреткер. 
Түс ауа Ташкентке қарай шығарып саларда, оңашада, қайтадан қалжың-
қойлығына  басып:  «Бауырым,  Президенттеріңізді  бір  састырдым,  ә?  Қалта-
сында ақшасы жоқ екен ғой»,  – деді Нәкең. «Насыр  көке! Қожанасыр баба-
мыз  екеуіңізге  бір  сөзді  болған  жарасады  ғой»,  дейміз  біз  де  қалысқымыз 
келмей. 
Тағы  бірде  Түркияның  тамаша  басшысы,  тамылжыған  мейірім  иесі 
Тұрғұт  Өзал  Түркістанға  келетін  болды.  Алдымен  Шымкент  әуежайына 
ұшақпен  жетіп,  одан  кейін  тікұшақпен  тартады  екен.  Облыс  әкімі 
аппаратының  ішкі  саясат  бөліміндеміз.  Шымкент  әуежайындағы  көкорай 
шалғынға  егізқатар  киіз  үйлер  тігілген.  Әуелі  әуежайыңызға  Нұрсұлтан 

 
25 
Назарбаевтың  ұшағы  келіп  қонған.  Сәлден  соң  Тұрғұт  Өзал  жеткен. 
Өзалыңыз  омырауын  ашқан  күйі  арсалаңдай  күліп,  жанарлары  жасаурап, 
біздің  Елбасымызды  ентелей  келіп  құшақтаған.  Тұрғұт  ағасына  асыға  ұм-
тылған Президентіміздің уыз күлкісіне тағы да таңырқағанбыз сонда. Тұрғұт 
Өзалыңыз анау-мынау ресми райдағы қатқылдау протоколдарға онша мойын-
сұнбайды  екен.  Омырауын  ашқан  күйі,  олпы-солпылау  жүргендей  сезілді. 
Алыс  ауылыңыздағы  ақкөңіл  ағаңыздан  аумайды-ау,  аумайды.  Ақжарқын, 
кіршіксіз  күлкісі, сүт  күлкісі  біздің  Елбасымыздың  сәби  күлкісімен керемет 
келісіп, үйлесіп, екеуінің әзіл-қалжыңдары да жарасып, мәре-сәре болысқан. 
Сәл  салқындау  күн кенет  жылып  жөнелген.  Айнала  төңіректегі  ағаштардың 
жапырақтары жалт-жұлт етіп, шуаққа оранған. Сәл дөңестеу тұстағы шырын 
шырыштан шық мөлдірей сырғанаған. 
Былтырғы  көктемнің  соңына  таман  сіздің  тілшіңіз  «Егемен 
Қазақстанның»  арнайы  тапсырмасымен  Алтай  өңіріне  сапар  шеккен. 
Тасқынның  ізімен  жүрген.  «Қалбатау  қарғыны»,  «Тарбағатай  тағылымы», 
«Алтайымнан  айналдым»  дегендей  мақалалар  жазған.  Сонда  ғой,  187  үйі 
тасқынға  кеткен  Жәнтікей  ауылының  ақжарқын  қызы  Айгүл  Иманғалиева 
жанындағы  қырық  жігіттен  құралған  жасаққа  қарап  қойып:  «Су  тасқыны 
болды  екен  деп,  мойнына  су  кеткендей  көрінер  жасық  жасақ  емеспіз  біз. 
Бұрнағы  күні  теледидардан  Президентіміз  сөйледі.  Күлімсіреп  айтты.  Сол 
сәби  күлкісі  сенімімізді  нығайтты.  Бүгін  Үкімет  басшылары,  бір  топ 
депутаттар  келе  жатыр.  Мемлекетіміздің  мейірімі  мерейімізді  тасытып  тұр. 
Тасқынға тосқын деген осы!» – деген жігерленіп. «Алтайымнан айналдым!» 
деп, Қатонқарағай кентін аралап, жүрек шіркініңіз атқақтап, Бұқтырмадан да 
бетер  бұлқынып,  Шыңғыстай  ауылындағы  Оралхан  Бөкей  ағамыздың  қара 
шаңырағына  да  жеткенбіз.  Аққайыңдар  тербеліп,  қарағайлар  қалқайып, 
ғажайып  жазушының  қоңыр  мұңға  оранған  үйін  қоршап  тұрыпты.  Прези-
денттің  күлімсірегендегі келбеті  туралы  Орағаң да жазып  еді-ау.  Ертеректе. 
«Қазақ  әдебиеті»  газетінде.  Тү-у  Алтайдың  түкпір  тұсында  Шындығатай 
мұнартады.  Беріректе  Аршаты  ағараңдайды.  Біз  Берел  қорғаны  қаз-
баларының орнын аралап жүрміз. Осыдан екі мың бес жүз жыл бұрын  жер-
ленген сақ көсемінің және бір әйелдің денелері, еті түк те бұзылмаған тұтас 
жылқы табылған. Келімсектер тонамағанда ғой, талай дүниелер мағлұмданар 
еді-ау. «Елбасымыз бұл жердің түпкі тарихы, сақ заманы туралы жиі айтады. 
Бұланты  бұлағының  бойынан  қорық-мұражай  салып  жатырмыз  ғой  Пре-
зидентіміздің  қамқорлығымен»,  –  дейді  Мұзтауыңызға  мізбақпай  жете 
алатын  сиректердің  бірі  Ерен  Жұмағұловтай  ереніңіз.  Ерен  батырыңыз  да 
Елбасының ерекше күлкісіне көбірек тоқталған сонда. 
Өткен жылыңыздың күзіне қарата айналайын Аралыңыздың айналасын 
аралап,  Көкарал  бөгетін  көріп  қайтқанбыз.  Сонда  ғой,  екінші  күннің  түс 
әлетінде  сағым  арасынан  сағыныштай  сарғайып,  Райым  бекінісі  көрінген. 
Сәл  әріректен  Қамбаш  көлі  қарауытқан.  Қосжардағы  балық  питомнигіне 
айдынды  көлдің  бір  шеті  тиіп  тұрыпты.  «Мінекиіңіз,  бес  жыл  бұрын  анау 
айдын  үстіне  жасалған  қалқымада  Нұрсұлтан  Әбішұлы  әңгіме  айтып, 

 
26 
жанындағылардың бәрін күлдірген. Сонда ше, риясыз риза күлкісі бәрімізді 
таңдантқан», – деп еді Арал ауданының әкімі Нәжмәдин Мұсабаев мырза. 
Жақында  ғана  Елбасымыз  түркі  дүниесінің  текті  төрі  Түркістанда 
болды.  Тап  жанында,  тура  қасында  отырып,  сәби  күлкісін,  уыз  жымиысын, 
сүт  күлкісін  және  көріп,  жылынғандай  күй  кештік.  Түркістан  тағылымы. 
Түркінің  текті  төрі.  Әзірет  Сұлтан.  Ұлы  ұғымдар  ұлағаты  қашаннан-ақ 
қасиетті. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз «Өз дініңдегіні дос тұт, өзге діндегіні 
де  дұшпан  тұтпа»,  деген.  Көктемгі  көкті  аялап,  бір  талын  да  жұлмаған.  Ел-
басы осы жылғы наурыздың 11-інде облысқа жұмыс сапары аясында Түркіс-
тандағы  этнографиялық  орталықта  зиялы  қауым  өкілдерімен  жүздескенде 
Ясауиге,  Абайға  көбірек  тоқталды.  Тәуелсіздіктің  жасампаз  жиырма 
жылындағы  ғасырға  татырлық  жетістіктерге,  алдағы  жиырма  жылдың 
бағдарларына талдау жасады. 
Сол 11-ші наурызыңыздың таңертеңгілігі талай жұртты таңырқатқанын 
айтпасқа болмас,  сірә.  Күн  түнеріңкіреп  тұрған.  Сұрғылт бұлттар  Түркістан 
аспанын  торлап  алыпты.  Түнде  ғана  сіркіреп  өткен  жаңбырдан  шаһардың 
шаңы басылып, кеберсіген кенезесі жібігендей көрінгенімен, ауа райы жуық 
арада  ашылмайтындай  еді.  Ардагер  ақсақалымыз,  ақылманымыз  Жарыл-
қасын  Әзіретбергенов:  «Көрерсіңдер  де  тұрарсыңдар,  Елбасы  келген  кезде 
күн  шуағы  шашырап  шыға  келеді»,  деді.  Шынымен-ақ  тап  солай  болды. 
Президенттің тікұшағы Түркістанға қонғаннан-ақ Әзірет Сұлтан күмбездерін 
күн  сәулесі  аймалай  сүйіп,  бұлттар  ыдырай  жөнелген.  «Түркістанның  1500 
жылдығында  да  дәл  осылай  болған»  деп  таңырқасады  жұрт.  Иә-иә,  2000 
жылғы  қоңырқай  күз-тұғын.  Әзірет  Сұлтан  кесенесінің  қарсы  бетінде  сан 
мың адам сапқа тізіліп, Тұңғыш Президентіміз келетін жаққа көз тігеді. Ауа 
райы тым тымырсық тартып, аспан түнеріп, тұманытып тұратын күндер еді. 
Той күні де солай-тұғын. Алайда, сәлден соң Ясауи кесенесінің сол жағынан 
Елбасы  көрінді.  Жанында  тәуелсіздігімізді  тұңғыш  таныған  Түркияның 
Президенті бар. Кенет күреңкей бұлттар ыдырап, түнерген тұман тез сейіліп, 
лездің  арасында, деп-демде  күн  күлімдеп,  күзіңіз  көктемге  айналғандай  күй 
кешкенбіз… 
Елбасы  зиялы  қауым  өкілдерімен  сырласып  отыр.  Наурыздың  шуақты 
күні  күлімдейді.  Президент  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша 
атқарылған  ізгі  істердің  бәрі  Тәуелсіздіктің  20  жылдық  тойына  татымды 
тарту болғанын тілге тиек етті. Елдегі ерен жетістіктердің мәнісіне тереңірек 
ой  жібермектің,  қарапайым  адамдарға,  жастарға  жете  ұғындырмақтың 
маңызына тоқталды. Күллі кең-байтақ Отанымыздағы, оның ішінде Оңтүстік 
Қазақстан  облысындағы  индустриялық-инновациялық  бағдарламаның, 
әлеуметтік  жобалардың  жүйелену  барысын  бағамдады.  Зиялылардың  бір 
тобымен бірқатар мәселелер төңірегінде ойласуға келгенін мағлұм етті. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясындағы  алуан-алуан  айшықты 
тірліктер  турасында,  өзге  де  жағдаяттар  жайында  алты  адам  өз  ойларын 
ортаға  салды.  Жетінші  кезек  бізге  келді.  Сөзден.  Біз  биылғы  Жолдаудағы 
тілге  қатысты  қанатты  қағидаларға  екпін  түсірдік.  Жолдауда  тіл  туралы 
арнайы  бөлімнің  болуы  ұлттың  рухын  көтергені,  намысын  нығайтқаны  рас 

 
27 
қой.  Бұған  дейін  де  талай-талай  тар  кезеңдерден,  талайлы  өткелдерден 
кемеңгерлікпен  жол  бастап  өткізген  Тұңғыш  Президентіміз  тіл  туралы 
айтудайын  айтып-ақ,  жағдайды  жасаудайын  жасап-ақ  келеді.  Қазақ  тілінде 
1200  балабақша  ашылды.  3900  мектеп  тек  қана  қазақ  тілінде  білім  береді. 
Елбасы  тапсырмасына  сәйкес  толығымен  қазақ  тілінде  хабар  тарататын 
«Балапан»  телеарнасы  ашылды.  Құдай  қаласа,  «Қазақстан»  телеарнасы  да 
қыркүйектен  бастап  толығымен  қазақ  тіліне  көшпекші.  «Мәдениет» 
телеарнасы қазақшаға басымырақ көңіл бөлмекші. 
Бір-екі  ұсыныс  та  білдірдік  Елбасыға.  Мемлекеттік  қызметке 
қабылданатын  адамдарға  мемлекеттік  тілді  білу  жөніндегі  талапты  күшейте 
түскен жөн. «Әлеуметтік  маңызды әдебиет» тізімі жасалып, көркем әдебиет 
кітаптарын шығару едәуір жақсара түсті. Өкінішке қарай, олардың таралымы 
екі  мың  дананың  айналасында  ғана.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  өзінде 
жарты  мыңға  жуық  кітапхана  бар.  Әлгі  тираж  республикадағы  кітапха-
налардың  өзіне  де  жетпей  қалады.  Мектептер  кітапханаларын  қоспағанда. 
Шынтуайтында,  тілдің  құнарын  арттыратын  да,  көркейтетін  де  –  көркем 
әдебиет. 
Айтпақшы,  біз  сөзімізді  былай  бастағанбыз:  «Құрметті  Нұрсұлтан 
Әбішұлы!  Өзіңіз  өте  жақсы  білесіз,  Сізді  керемет  жақсы  көріп,  теңдессіз 
тәнті болып өткен, ерліктің, елдіктің жыршысы, махаббат жыршысы атанған 
халық жазушысы, марқұм Әзілхан Нұршайықов ағамыз осындайда ой-пікірін 
қағаздан  қырағаттай  оқып  жеткізетін.  Пейіште  нұры  шалқысын.  Әзекеңнің 
әдісін  шәкірті  ретінде  жалғастырып,  жазғанымды  оқиын  деп  отырмын». 
Сөзіміздің  соңында  «Әз  ағамыз  шамамен  осылай  аяқтар  еді»  дегенбіз. 
Елбасымыз қайран қаранар қаламгеріміз Әзілхан Нұршайықовты әлсін-әлсін 
тебірене  еске  алды.  Ақиқатшыл,  ақжүрек  азамат,  тілеуқор  абыз  болғанын 
меңзеді. Сәл-пәл мұңая күлімсіреді. Тағы да сәби күлкісін, сүт күлкісін көріп 
қайран қалдық. Тағы да Әсем апамыздың әңгімесі ойымызға оралды. 
Қорытынды  сөзінде  тіл  мәселесіне  толығырақ  тоқталды. Қазақтың кең-
байтақ  даласы  мен  тауларының  түкпір-түкпіріне  дейін  диалект  жоқтығын, 
тіліміздің  байлығын,  құнар-қуатын  мақтан  тұта  әңгімеледі.  Сонымен  қатар, 
терминдер  тәржімасындағы  толып  жатқан  олқылықтарды,  орынсыз 
аудармаларды  өткір  сынап өтті.  Қазақ тілі  грамматикасын,  орфоэпиясы  мен 
орфографиясын қайта қарау, жетілдіру, жаңарту мен тазарту керектігіне, осы 
орайда,  асықпай  латын  қарпіне  көшуді  де  ойластыру  қажеттігіне  назар 
аударды. Ғылымда, білімде, технологияда, әдебиеттің өзінде таңғаларлықтай 
жаңалықтар,  тың  тыныстар  көбірек  болса,  олар  қазақ  тілінде  жазылса, 
қазақтың тілін өзгелер өздігінен-ақ оқыр еді деп армандайтынын айтты. 
Тарихты  терең  ұғынбақтың,  түп-тамырымызды,  тегімізді  танып-таныт-
пақтың,  әсіресе,  жастарды  тәлімдеудегі  тиісті  мақсат-мұраттардың  жүйеге 
түспей  келе  жатқанына  қынжылыс  білдірді.  Дін  тазалығы,  Ясауи  мен  Абай 
хакім  ілімдері  хақында  толғана  келе  құнды-құнды  пікірлер  түйіндеді.  Тіпті 
талас-тартыс  тудырып  жүрген  хиджаб  пен  тұмшалана  орамал  тарту 
жағдаяттарына  дейін  ойын  ашық  білдірді.  «Біздің  қазақ  қыздары  мен 
әйелдері  ешқашан  пәренжі  кимеген,  жүзін  жасырмаған.  Мамандық  алып, 

 
28 
тұрмысқа шыққандар өздері білер, ал мектептерде, өзге де оқу орындарында 
жас қыздардың тұмшалана орамал тартып, хиджаб киюіне мен мүлде қарсы-
мын»,  –  деді.  Бұрыннан-ақ  жақсы  танитын  Жарылқасын  Әзіретбергенов 
ағамызбен емен-жарқын әзілдескенде ше, тағы да сол сәби күлкісін көрдік. 
Әңгіме-дүкен аса әсерлі болды. Түркістандай текті төрдегі тағылым қашан да 
қымбат қой, шіркін. 
Сайлаудың алдында, тиісті бір топтың құрамында Төле би, Сайрам және 
Түлкібас  аудандарын  аралағанбыз.  Төле  би  ауданында  тебіреністі  сөздерді 
естіп  толқыдық.  Бауыржан  Момышұлы  атындағы  мектеп-гимназияның 
мұғалімі Бегайым Ибрагимова: «Нұрқанат деген ұлым Нью-Йоркте студент, 
Гүлнұр  дейтін  қызым  Пенсильванияда  магистрант.  Екеуі  де  «Болашақ» 
бағдарламасының  игілігіне  бөленіп  жүр.  Қарапайым  ауыл  мұғалімдеріміз, 
осылай  ойлап  па  едік?!  Нұрсұлтан  ағамыздың  нұры  демей,  не  дейік?!»  – 
дейді.  Зейнеткер  Светлана  Хоменко:  «Қазақ,  орыс,  украин,  түрік,  өзбек  – 
Леңгір қаласындағы барлық ұлттар өкілдері бір отбасы сияқтымыз. Жиырма 
жылдың  ішінде  қиындықтарды  да,  қуаныштарды  да  бірге  көрдік.  Енді  кез 
келген  асуларды  алатынымызға  сенемін,  –  дейді  нық  сеніммен.  – 
Президентіміз айтқандай бірлік болса, бәрі жемісті болады». 
Сайрамдағы өзбек апамыз Нышаной Умарова да осындай ой толғады. «Қара-
бұлақ қыстағында қырық мыңдай өзбек тұрады. Әр отбасымызда оншақты перзент 
бар.  Тапқанымыз  бала-шағамызға  бұйырсын.  Елбасымыз  жүз  жасасын»,  –  дейді 
ардақты ана. 
Сайлаудан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
университетінің  ректоры,  ҰҒА  академигі  Уәлихан  Бишімбаевқа  жолығып 
қалғанбыз. «Біздің университетте Нұрсұлтан есімді 128 студент оқиды, олардың 
тең жартысы алғаш рет дауыс берді. Мінеки, мұның өзі де көп нәрсені аңғартады. 
Айтпақшы,  бізде  КВН  ұжымы  бар.  Олар  КВН  дегенді  былай  түсіндірді.  Бүгін. 
«КВН – Казахстан вечно независим», «КВН – Казахи – великий народ», «КВН – 
Казахстан выбрал Назарбаева!» Мінеки-мінеки, көрдіңіздер ме?!» «Мінеки!» деп 
сөйлегені атақты академикке жарасып-ақ тұрыпты. 
Иә,  сайлаудың  ертеңіне  сіздің  тілшіңіз  Сәуле  Рысбаеваға да  жолыққан. 
Құндыз  деген  әжесі  құстың  келгеніне  қуанып,  сырлы  қасықпен  су  құятын 
Сәуле ғой. Мектепті үздік бітіргенімен, кеңестік кезеңде кәсіптік-техникалық 
училище  тәмамдаған.  Тағдыры  қиындау  болған  қазақ  қызы.  Еңбектен 
ерінбеген.  Бертінгі  заманда,  нарық  тұсында  қатты  қиналып,  өз  ізденісімен 
жол тапқан Тараздың танымал кәсіпкер келіншегі. Сәуле сайлаудың ертеңіне 
бүй  деді:  «Екі  мың  бесінші  жылы,  тап  осындай  сәуір  айы  еді.  Елбасымыз 
Таразға келді. Облыс кәсіпкерлері бірлесіп көрме ұйымдастырдық. Өзіміздің 
өнімдерден.  Мақтанғанымыз  емес,  полиграфиялық  дүниелердің  бәрі  біздің 
«Рысбаева  және  К»  ЖШС-ныкі  еді.  Президентіміз  көрмені  аралап  келе  жа-
тып,  біздің  тұсымызға  тоқтады.  Құттықтау  және  шақыру  қағаздары, 
дипломдар  мен  грамоталар,  куәліктер,  күнпарақтар,  этикеткалар  –  бәрі  ұлт-
тық ою-өрнектермен нақышталған. Ең бастысы, әрине, мемлекеттік рәміздер. 
«Осының  бәрін  өздерің  жасайсыңдар  ма,  жақсы  екен»,  –  деді  үлкен  кісі. 
«Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің бірінші тоқсандағы көрсеткіштеріміздің жоғары 

 
29 
болуына  Сіздің  ерекше  қосқан  үлесіңіз  бар»,  –  дедім  әзілқойлығым  ұстап 
кетіп. Елбасының жанындағы ресми адамдар бұл сөзімді жақтырмай, түнере 
қарасты.  Ал,  Президентіміз:  «Ол  қандай  үлес?»  –  деп  сұрады  мейірлене 
күлімдеп.  «Сіз  келетін  болған  соң  біздің  ЖШС-ға  тапсырыс  еселеп  артты, 
өнімдерді  еселеп  шығардық»,  –  дедім.  Елбасымыз  рахаттана  күлді.  Баладай 
таза күлкісімен». 
Әнекиіңіз, Сәулеңіз де осылай дейді. 
Біздің ойымызға Әсем апамыздың айтқаны оралады. Көз алдымызға Ел-
басының кәдімгі уыз күлкісі келеді. 
Сәби  күлкісі  сақталған  кісі.  Менің  Президентім.  Сіздің  Президентіңіз. 
Баршамыздың Елбасымыз. 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
30 
 
 
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖҰМЫС 
КЕСТЕСІ: 2010 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ 
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 
  
Махмұт Қасымбеков, 
Қазақстан Республикасы         
Президенті Кеңсесінің бастығы 
 
        Егемен Қазақстан, 11 қантар 2011ж. 
 
2010  жыл  Қазақстан  үшін  шын  мәнінде  үлкен  ілгерілеу  жылы  бо-
лып,  тарихқа  елдің  ішіндегі  және  халықаралық  аренадағы  жарқын 
жетістіктер  жылы  ретінде  енді.  Мемлекет  басшысы  жұмыс  кестесінің 
мазмұны  өзінің  тығыздығы  жағынан  да,  қызулығы  жағынан  да  соған 
сай болды. 
 
 
Жыл бойы шетелдік сапарларды, өңірлерге жасалған жұмыс сапарларын
түрлі  мәжілістерді,  халықаралық  және  республикалық  форумдардың 
жұмыстарына  қатысуларды,  шетелдік  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерін 
қабылдауларды,  жұртшылық  өкілдерімен  және  еңбек  ұжымдарымен  жүзде-
сулерді, өнеркәсіп кәсіпорындарына және әлеуметтік объектілерге баруларды 
қоса  алғанда,  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  қатысуымен  500-ден  астам 
хаттамалық іс-шаралар өтті. 
Мемлекет  басшысы  14  мәжіліс  өткізді,  олардың  қатарында  Үкімет 
мүшелері,  Президент  Әкімшілігі  басшылығы,  орталық  атқарушы  органдар 
басшылары  қатысқан  10,  облыстардың,  Астана  мен  Алматы  қалаларының 
әкімдері қатысқан 1, жергілікті жерлерге барып өткізілген 3 мәжіліс бар. 

 
31 
Президенттің  жанындағы  консультативтік-кеңестік  органдар  желісі 
бойынша Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Шетел инвесторлары кеңесінің, 
Ұлттық  инвесторлар  кеңесінің,  Архитектуралық-құрылыс  кеңесінің 
отырыстары, сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңесінің 3 отырысы болып өтті. 
Президент  сондай-ақ,  палаталар  Төрағаларымен  және  Парламент 
депутаттарымен  жүйелі  түрде  кездесіп,  Парламент  палаталарының  екі 
бірлескен  отырысына  қатысып,  депутаттық  корпуспен  тұрақты  әрі  қоян-
қолтық байланыста жұмыс істеді. 
Мемлекет  басшысы  еліміздің  өңірлеріне  12  рет  жұмыс  сапарларын 
жасады. 
Оның қатысуымен 180 кездесу мен халықаралық сипаты бар іс-шаралар 
өткізілді,  олардың  қатарында  екіжақты  қарым-қатынастардың  шеңберінде 
шет елдерге жасалған 7 сапар және 16 көпжақты саммит пен 5 халықаралық 
форум бар. 
Н.Ә.  Назарбаев  40-тан  астам  баспасөз  мәслихаттары  мен  брифингтер 
өткізіп, шетелдік және отандық жетекші БАҚ-тарға 14 сұхбат берді. 
Жыл бойы Президент 2,5 мыңға жуық құжаттарды қарап, қол қойды, олардың 
қатарында 132 заң, 220 жарлық, 61 өкім, 15 мәжіліс хаттамалары, 1,5 мыңнан астам 
қызметтік  құжаттар,  талдамалық  және  ақпараттық-анықтамалық  материалдар, 
азаматтардың 218 арыз-шағымдары мен хаттары бар. 
Осы кезеңде Мемлекет басшысы барлығы 76 күн іссапарда болды, оның 
32 күні шет елдерге, 44 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды. 
 
*  *  * 
 
2010 жыл Қазақстан үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 
ұйымына төрағалықтың аясында өткені күмәнсіз. 
Қазақстанның  ЕҚЫҰ-дағы  миссиясының  байыпты  бағдарламасын 
Қазақстан  Президенті  еліміздің  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығы  қызметіне  кірісуіне 
байланысты  ЕҚЫҰ  Тұрақты  кеңесінің  2010  жылғы  14  қаңтардағы 
отырысында баяндап берді. Соған сәйкес, қазақстандық төрағалықтың бары-
сында  негізгі  күш-жігер  посткеңестік  кеңістіктегі  «сүрленіп  қалған»  деп 
аталатын дау-жанжалдарды реттеуге бағытталды. 
Осы  орайда  Н.Ә.  Назарбаев  Таулы  Қарабақ  жанжалына  байланысты 
Әзірбайжан  және  Армения  президенттерімен,  сондай-ақ,  Приднестровье 
мәселесі бойынша Ресей Федерациясының, Украина мен ЕО-ның президент-
терімен  келіссөздер  ұйымдастырды,  солардың  барысында  осыларды  реттеу 
жөніндегі  келіссөздерді  қалпына  келтіруге  қатысты  екіжақты  маңызды 
келісімдерге қол жеткізілді. 
Алайда, бұл бағыттағы басты дипломатиялық табыс, ондағы ішкі саяси 
жағдайдың  қалыптан  шығып  кетуіне  байланысты,  Қырғызстандағы  ахуалды 
реттеу  болды.  Қазақстан  басшысының  реттеу  жөніндегі  жеке  іс-әрекеттері, 
Қырғызстан  бойынша  арнаулы  өкіл  тағайындауы  және  қырғыз  халқына  гу-
манитарлық  көмек  көрсету  жөнінде  кешенді  іс-шаралар  ұсынуға 
бастамашылық танытуы әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасын алды. 

 
32 
Н.Ә.  Назарбаевтың  29  маусымда,  Астана  қаласында  толеранттылық 
және 
кемсітпеушілік 
жөніндегі 
ЕҚЫҰ-ның 
жоғары 
деңгейдегі 
Конференциясында  жария  еткен  этносаралық  үнқатысуды  нығайту,  сондай-
ақ, 17 шілдеде, Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің 
бейресми кездесуінде айтқан ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемі 
саласында тұжырымдамалық құжат әзірлеу жөніндегі бастамалары да қолдау 
тапты. 
Сондай-ақ,  идеясын  Мемлекет  басшысы  8  маусымда  АӨСШК-нің 
Ыстамбұлда  болып  өткен  ІІІ  саммитінде  жария  еткен  ЕҚЫҰ  мен  АӨСШК 
арасындағы  өзара  іс-қимылды  ретке  келтіру  жөніндегі  Қазақстанның  күш-
жігерінің де үлкен маңызы болды. 
 
 
 
Осындай  жағдайда  ЕҚЫҰ-ның  саммитін  өткізу  жөнінде  біздің  еліміз 
ұсынған  бастаманы  толық  қолдаған  ЕҚЫҰ-ға  мүше  елдердің  басым 
көпшілігінің көзқарасы мейлінше заңды әрі күтілгендей болып шықты. 
Ұйымның  қызметінде  елеулі  проблемалар  жинақталып  қалғанын, 
сондай-ақ,  ЕҚЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер  1999  жылғы  Ыстамбұлдағы  соңғы 
саммиті  сәтінен  бергі  11  жылдан  астам  уақыт  бойы  жоғары  деңгейде  бірге 
жиналмағаны  туралы  деректі  ескере  отырып,  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан 
ЕҚЫҰ  төрағасы  лауазымына  кіріскеннен  кейін  бірден-ақ  алғашқы 
міндеттердің бірі ретінде ЕҚЫҰ 
саммитін 
өткізу 
мәселесін 
қойды.  2010  жылғы  29  қаң-
тардағы 
Қазақстан 
халқына 
арнаған  «Жаңа  онжылдық  – 
жаңа  экономикалық  өрлеу  – 
Қазақстанның 
жаңа 
мүмкіндіктері»  деп  аталатын 
Жолдауында  Президент  осы 
орайда:  «Мен  саммитте  ЕҚЫҰ 
жауапкершілігі 
аймағындағы 
қауіпсіздіктің  көкейкесті  проб-
лемаларын, 
Ауғанстандағы 

 
33 
жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды ұсындым. Біздің ЕҚЫҰ-
дағы төрағалығымыз бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігін дамыту мен өр-
кендетуге бағытталатын болады», деп мәлімдеді. 
3  тамызда  ЕҚЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер  Сыртқы  істер  министрлерінің 
кеңесі  2010  жылғы  желтоқсанда  Астанада  саммит  өткізу  туралы  шешім 
қабылдады. 5 тамызда Н.Ә. Назарбаев мәлімдеме жасап, 35 жыл бұрын, 1975 
жылдың  1  тамызында  Хельсинки  қорытынды  актісіне  қол  қойылғандықтан, 
бұл оқиғаның рәміздік мәні бар екенін атап айтып, жоғары деңгейдегі кездесу 
ұйымды  бүгінгі  шындыққа  бейімделуге  мүмкіндік  береді  және  әлемдік 
қауымдастыққа  ЕҚЫҰ-ның  «Хельсинкиден  Астанаға  дейінгі»  табысты 
эволюциясын көрсетеді деген сенім білдірді. 
1-2  желтоқсанда  болып  өткен  ЕҚЫҰ-ның  Астана  саммиті  56  мүше 
мемлекеттер  мен  БҰҰ-ны,  НАТО-ны,  ТМД-ны,  тағы  басқаларды  қоса 
алғанда, ұйымның 12 серіктес мемлекеттерінен 2,5 мыңға тарта делегаттарды 
жинады. Оның жұмысын көрсетуге әлемдік БАҚ-тың 1,5 мың өкілдері келді.                             
Саммиттің  және  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығының  негізгі 
қорытындыларын тұтасымен бағалай келе, оларды былай деп тұжырымдауға 
болады. 
Ең  алдымен  еліміздің  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымындағы 
төрағалығы 
Қазақстанның 
тәуелсіздік 
жылдарындағы 
табыстарының  танылуын  нақты  әйгілеген  әрі  оның  халықаралық  беделін 
едәуір арттырған ірі дипломатиялық жеңіс болғандығын айта кету керек. 
Алайда,  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  қызметінің  басты  нәтижесі 
оған  осы  ұйымның  дамуына  жаңа  серпін  берудің  сәті  түскендігі  болып 
табылады.  ЕҚЫҰ  Еуропа  мен  Солтүстік  Американың  барлық  елдерін 
қамтитын қауіпсіздік жөніндегі жалғыз құрылым бола отырып, ендігі жерде 
Шығыс  пен  Батыс  мемлекеттерінің  арасындағы  басты  диалог  алаңының 
рөлін атқаруға нақты мүмкіндік алды. 
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа ірі мемлекетаралық құ-
рылымдардың қызметіне қатысуына да назарды бәсеңдетпеді. 
Осы  ретте  ең  алдымен  Президенттің  маусымда  Ташкент  қаласында 
болып  өткен  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  мемлекеттері 
басшылары  кеңесінің  Х  отырысына  қатысуын  айтуға  болады,  соның 
барысында  Қазақстан  өзіне  ШЫҰ-ға  2010-2011  жылдары  төрағалық  ету 
өкілеттігін алды. 
Н.Ә.  Назарбаевтың  белсенді  атсалысуымен  Азиядағы  өзара  сенім 
шаралары  жөніндегі  кеңес  (АӨСШК)  өзінің  одан  әрі  құрылымдық  жетілуін 
жағастырды.  АӨСШК-нің  тарихында  тұңғыш  рет  ІІІ  саммит  Қазақстаннан 
тысқары  жерде  –  Ыстамбұл  қаласында  өткізілді.  Ол  ол  ма,  Вьетнам  мен 
Ирактың,  сондай-ақ,  Бангладештің  бақылаушы  ретінде  қатысуы  арқылы 
ұйымның қатары жаңа мүшелермен толықты. 
Құрамына  түркітілдес  мемлекеттер  кіретін  өзге  халықаралық  құрылым 
туралы  да  осыны  айтуға  болады.  Атап  айтқанда,  тағы  да  сол  Ыстамбұлда 
қыркүйекте  өткен  Х  саммиттің  қорытындысы  бойынша  Түркі  кеңесі 

 
34 
хатшылығының,  Ақсақалдар  кеңесінің,  сондай-ақ,  Түркі  әлемі  академия-
сының қызметін ұлғайту туралы келісімдерге қол жеткізілді. 
Қарашада  Баку  қаласында  өткен  Каспий  бойы  мемлекеттерінің  ІІІ 
саммитінің  барысында  елеулі  нәтижелерге  қол  жеткізілді,  онда  Қазақстан 
басшысының  бастамасы  бойынша  бекіре  тұқымдас  балықтарды  аулауға  5 
жыл  мерзімге  мораторий  енгізу  туралы  шешім  қабылданды,  сондай-ақ,  жа-
ғалау  бойындағы  елдердің  теңіздегі  құқыққа  қарсы  әрекеттермен  күрес 
саласындағы  өзара  іс-қимылдың  құқықтық  негізін  қалаған  Каспийдегі 
қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімге  қол  қойылды. 
Бұдан басқа, тараптар 24-25 теңіз милін негізге ала отырып, ұлттық аймақтың 
енділігін айқындау туралы мәселені жедел ойластыруға келісімдерін білдірді. 
НАТО-мен  ынтымақтасу  желісі  бойынша  да  елеулі  ілгерілеушіліктер 
болды.  Мәселен,  Португалияның  астанасы  Лиссабон  қаласында  Солтүстік 
атлантикалық  альянстың  Ауғанстан  жөніндегі  қазандағы  отырысының 
қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Қазақстан-
ды  бірінші  болып  Қауіпсіздікке  ықпал  етудің  халықаралық  күштерінің 
қызметіне  тарту,  транзиттік  ынтымақтастықты  ұлғайту  және  Ақтау  теңіз 
портын пайдалану туралы келісімдерге қол жеткізілді. 
Мемлекет  басшысының  11-13  сәуірде  Вашингтон  қаласында  өткен 
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке қатысуы да 2010 жылғы 
маңызды  сыртқы  саяси  оқиға  болды,  онда  ол  әлемдік  қауымдастықтың 
жоғары  бағасын  алған  бірқатар  бастамалар  ұсынды.  Олардың  қатарында  –
Ядролық  қаруды  баршаға  ортақ  көлбеу  және  тіктеп  таратпау  туралы  жаңа 
шартты, ядросыз аймақтардың құқықтық мәртебесін реттеуді, Таяу Шығыста 
ядросыз  аймақты,  Ядролық  отынның  халықаралық  банкін  және  Ядролық 
қауіпсіздік  жөніндегі  оқу  орталығын  құруды  ойластыру  бар.  Осылайша, 
еліміз  өзіне  ядролық  қарусыздану  және  таратпау  үдерісінің  жаһандық  көш-
басшысы рөлін бекітті. 
Осы  орайда  БҰҰ-ның  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мунның  Қазақстанға  6-7 
сәуірде  жасаған  алғашқы  ресми  сапарының  ерекше  мәні  болды.  Семей 
полигонында  болған  БҰҰ  басшысы  Орталық  Азияда  ядросыз  аймақ  шарты 
бойынша Қазақстанға кепілдік беруді жақтап, осындай аймақтың Таяу Шы-
ғыста құрылуын жеделдетуді ұсынды. 
Сонымен  бірге  Достастық  елдерінің  мемлекетаралық  бірлестігі 
шеңберіндегі  байланыстар  ең  жиілігімен  ерекшеленді,  16  саммиттің  9-ы 
осылардың еншісіне тиді. 
Мұндағы  басты  бағыт  Қазақстанның,  Ресей  мен  Беларусьтің  Кедендік 
одағы  мен  Бірыңғай  экономикалық  кеңістігінің  қалыптасуы  болып  қала 
берді.  2010  жылдың  1  қаңтарынан  бірыңғай  кеден  тарифі,  ал  1  шілдеден 
бірыңғай Кеден кодексі енгізілгені белгілі. Осы үдерістерді дамыту үшін үш 
ел  президенттерінің  Кеден  одағының  Жоғарғы  органының  желтоқсандағы 
отырысында  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті  қалыптастыру  туралы 
декларацияға  қолдары  қойылып,  БЭК-тің  құқықтық  базасын  қалып-
тастыратын  келісімдер  мақұлданып  еді,  олардың  күшіне  енуі  БЭК-ті  2012 
жылдың 1 қаңтарынан іске қосуға мүмкіндік береді. 

 
35 
Бұл  шешімдердің  маңызы  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасы  бойынша 
құрылып, мерейтойлық отырысы Астана қаласында 5 шілдеде болып өткен 
Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастықтың  (ЕурАзЭҚ)  10  жылдығы 
тұсында ерекше маңызға ие болды. 
Посткеңестік  кеңістік  елдерімен  ықпалдастықтың  басқа  маңызды 
бағыты  ең  алдымен  Қырғызстандағы  ішкі  саяси  ахуалдың  тұрақсыздануына 
байланысты  қауіпсіздік  проблемасы  болды.  Ұжымдық  қауіпсіздік  шарты 
ұйымының (ҰҚШҰ) жыл бойы өткен үш саммитінің басты күн тәртібін тап 
осы мәселелер құрады. 
2010 жылы Қазақстан, сондай-ақ, алдымызда тұрған басты халықаралық 
ұйымдардың  бірі  –  Ислам  конференциясы  ұйымына  2011  жылдан  бастап 
төрағалыққа әзірлікті белсенді түрде жалғастырды. 
Тұтасымен  алғанда,  Президент  жыл  бойы  16  көпжақты  саммиттерге  – 
Ядролық  қауіпсіздік  туралы  жаһандық  саммитке,  ТМД-ның  3  саммитіне, 
ЕурАзЭҚ-тың  2  саммитіне,  АӨСШК-нің  ІІІ-саммитіне,  ШЫҰ-ға  мүше 
мемлекеттер  кеңесінің  Х-отырысына,  Қазақстан  мен  Ресейдің  аймақаралық 
ынтымақтастығының  VII-форумына,  түркітілдес  мемлекеттердің  Х-самми-
тіне,  Каспий  бойы  мемлекеттерінің  ІІІ-саммитіне,  НАТО-ның  саммитіне, 
ЕҚЫҰ-ның  саммитіне,  сондай-ақ,  біздің  елімізде  өткен  5  халықаралық 
форумдарға  («Қазақстан:  дағдарыстан  кейінгі  модернизациялау  кезеңіндегі 
инвестициялық  мүмкіндіктер»  IV-қазақстандық  инвестициялық  саммиті, 
ЕҚЫҰ-ның  толеранттылық  жөніндегі  конференциясы,  Минералдық 
ресурстар мен металлургия жөніндегі І-қазақстандық халықаралық конгресс, 
ІІІ-Астаналық  экономикалық  форум,  ЕҚЫҰ  сыртқы  істер  министрлерінің 
бейресми кездесуі) қатысты. 
Екіжақты  қарым-қатынастар  желісі  бойынша  2010  жылы  Мемлекет 
басшысы 7 рет шет елдерге сапар жасады, олардың 1-і мемлекеттік, 4-і ресми 
және 2-і жұмыс сапарлары болды. 
Атап айтқанда, Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға 
(21-23  сәуір), ресми  сапармен  Өзбекстанға  (16-17 наурыз), Украинаға  (14-15 
қыркүйек),  Бельгияға  (24-26  қазан),  Францияға  (26-28  қазан),  жұмыс 
сапарымен Ресейге (14-16 ақпан) және Бельгияға (10-11 сәуір) барды. 
Қазақстан  Президентінің  Корея  Республикасына  мемлекеттік  сапары 
индустриялық-инновациялық  және  инвестициялық  салалардағы  екіжақты 
ынтымақтастықтың  дамуына  қуатты  серпін  берді.  Құрық  теңіз  айлағын 
дамытуға 500 млн. долларлық сомаға несие тарту, Оңтүстік Кореяға ядролық 
отын  жеткізіп  беру  және  уранды  бірлесіп  өндіру  саласындағы  ынтымақтас-
тық, сондай-ақ, Оңтүстік Кореяға, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 
кемінде  2  млн.  тонна  қазақстандық  астықты  экспорттау  туралы 
меморандумдарға  қол  қойылды.  Сапар  қорытындысы  бойынша,  Мемлекет 
басшысының  тапсыруымен  Үкімет  Қазақстанда  жоғары  технологиялық  ин-
вестициялық  жобаларды  енгізу  және  «Қазақстан  инжиниринг»  ұлттық 
компаниясы  зауыттарының  базасында  әскери  кемелер  жасау  мәселесін 
зерттеу жөнінде бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жасауға кірісті. 

 
36 
Н.Ә.  Назарбаевтың  Өзбекстанға  жасаған  ресми  сапарының  барысында 
Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық ресурстарды бірлесіп 
пайдаланудың  ұтымды  тетігін  тездетіп  жасауға  және  Рогун  СЭС-і  мен 
Қамбарата  объектілері  құрылысының  жобаларына  халықаралық  сараптама 
жүргізуге өзара мүдделілік танытылды. 
Мемлекет  басшысының  Украинаға  жасаған  ресми  сапарының 
қорытындылары  бойынша  Украина  аумағы  арқылы  мұнай  транзиттеуді 
қалпына  келтіру,  2010-2011  жылдарға  арналған  Қазақстан-Украина  іс-
қимылдарының  жоспарын  ұлғайту  («Жол  картасы  –  3»),  мұнайгаз  секторы, 
атом  энергетикасы,  көлік  және  транзит,  машина  жасау,  ғарыш  және 
агроөнеркәсіптік  кешен  сияқты  келешегі  зор  салаларда  іскерлік 
байланыстарды арттыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. 
Бельгия  мен  Францияға  жасалған  ресми  сапарлар  да  маңызды  болды, 
солардың  барысында  Н.Ә.  Назарбаевтың  Еуропалық  Одақтың,  Бельгияның, 
Францияның  және  НАТО-ның  басшылығымен  келіссөздері  жүргізіліп, 
экономика,  энергетика,  сауда  және  инвестиция  салаларындағы  ынтымақ-
тастықты  тереңдету  туралы  келісімдерге  қол  жеткізілді.Ілгеріленген 
серіктестік туралы жаңа келісім жасау, Қазақстанға «нарықтық экономикалы 
ел» мәртебесін беру және біздің еліміздің БСҰ-ға кіруі туралы келіссөздерді 
аяқтау туралы ЕО, Бельгия және Франция басшылығының қолдауы алынды. 
Ресей  Федерациясымен  дәстүрлі  етене  байланыс  ұсталынып  тұрды. 
Есепті мерзім ішінде түрлі пішіндер бойынша Президент Д.А. Медведевпен 9 
және Үкімет Төрағасы В.В. Путинмен 2 рет кездесті. Дәстүрлі сындарлы әрі 
іскерлік ахуалында өткен кездесулерде сауда, энергетика, ғарыш салаларын-
дағы  екіжақты  қарым-қатынастардың,  шекара  маңы  мен  аймақтық  ық-
палдастықтың,  күн  тәртібінің  халықаралық  және  өңірлік  мәселелері 
талқыланды. 
Сондай-ақ,  Н.Ә.  Назарбаевтың  Ресей  Президентімен  бірге  Өскемендегі 
Қазақстан  мен  Ресейдің  аймақаралық  ынтымақтастығының  VII  форумына, 
сондай-ақ,  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  65  жылдығына  байланысты 
Мәскеуде өткен салтанатты іс-шараларға қатысуының елеулі маңызы болды. 
Өз  кезегінде,  Мемлекет  басшысы  2010  жылы  Қазақстанға  екіжақты 
сапарлармен  және  халықаралық  форумдардың  шеңберінде  келген  Румыния 
президенті Т. Басескумен, Словакия президенті И. Гашпаровичпен, Украина 
президенті  В.Ф.  Януковичпен,  Түркия  президенті  А.  Гүлмен,  Сербия 
президенті  Б.  Тадичпен,  Австрия  президенті  Х.  Фишермен,  Армения 
президенті С.А. Саргсянмен, Литва президенті Д. Грибаускайтамен, Беларусь 
президенті  А.Г.  Лукашенкомен,  Ауғанстан  президенті  Х.  Карзаймен, 
Қырғызстан 
Республикасының 
өтпелі 
кезеңдегі 
президенті 
Р.И. 
Отунбаевамен, Финляндия президенті Т. Халоненмен, Болгария президенті Г. 
Пырвановпен,  Тәжікстан  президенті  Э.Ш.  Рахмонмен,  Хорватия  президенті 
И. Йосиповичпен, Венгрия президенті П. Шмиттпен, Черногория президенті 
Ф.  Вуяновичпен,  Албания  президенті  Б.  Топимен,  ҚХР  Төрағасы  Ху 
Цзиньтаомен,  Иордания  Королі  Абдалла  ІІ  ибн  Хусейнмен,  Бельгияның 

 
37 
Мұрагер  ханзадасы  Филипп  ІІ-мен,  Германияның  Федералдық  канцлері  А. 
Меркельмен кездесті. 
Кездесулердің  басты  өзегі  екіжақты  қарым-қатынастарды  одан  әрі 
нығайтумен  бірге,  осы  елдердің  озық  технологияларын  жеткізу  арқылы 
Қазақстанның  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасына 
қатысуы,  жоғары  технологиялы  өндірісті  тікелей  инвестициялау,  Қазақстан 
экономикасының  шикізаттық  емес  секторында  бірлескен  жобаларды  іске 
асыру  мәселелері  болды.  Бұл  орайда  Түркия,  Германия  және  Қытай 
тараптарымен жүргізілген келіссөздер айрықша жемісті өтті. 
2010  жылы  Президенттің  сондай-ақ,  Қазақстанға  келген  халықаралық 
ұйымдардың,  шетелдік  саяси,  қоғамдық  және  іскерлік  орталардың 
өкілдерімен  көптеген  кездесулері  болды.  Олардың  қатарында  БҰҰ  Бас 
хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришамбо, ҰҚШҰ Бас 
хатшысы  Н.Н.  Бордюжа,  ИКҰ  Бас  хатшысы  Э.Ихсаноглу;  ПАСЕ  Төрағасы 
М. Чавушоглу; АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон; Италия Министрлер 
Кеңесінің  Төрағасы  С.Берлускони;  Нидерланды  премьер-министрі  М.Рютте, 
Франция  премьер-министрі  Ф.Фийон,  Греция  премьер-министрі  Г. 
Папандреу,  Эстония  премьер-министрі  А.  Ансип,  Түркия  Ұлы  ұлттық 
жиналысының  Төрағасы  М.  Шахин,  Иран  Ислам  жиналысы  Мәжілісінің 
Төрағасы  А.  Лариджани,  ГФР  Бундестагының  Төрағасы  Н.  Ламерт,  ҚХР 
Халықтық  саяси  консультативтік  кеңесі  Бүкілқытай  комитетінің  Төрағасы 
Цзя  Циньлин,  Ресей  Федерациясы  Федерация  Кеңесінің  Төрағасы  С.М. 
Миронов, Мәскеу мен бүкіл Русьтің Патриархы Кирилл, т.б. болды. 
Жыл  бойы  Мемлекет  басшысы  Ресей,  Израиль,  Украина,  Оңтүстік 
Корея,  Түркия,  Швейцария  президенттерімен,  Испания  Королімен  және 
басқалармен телефон арқылы сөйлесті. 
Оған  Ұлыбританияның,  Беларусьтің,  Иранның,  Түркіменстанның, 
Әзірбайжанның, Ирактың, Қытайдың, Пәкстанның, Түркияның, Украинаның, 
Сауд  Аравиясының,  Жапонияның,  Иорданияның,  Литва  мен  Венгрияның 
елшілері сенім грамоталарын тапсырды. 
*  *  * 
Еліміздің  ішкі  саяси  өмірінің  басты  оқиғаларының  бірі  –  Қазақстан 
Республикасы Конституциясының 15 жылдығы болды. 
«Конституция  –  мемлекеттің  демократиялық  дамуының  негізі»  деп 
аталатын  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияда  сөйлеген 
сөзінде Н.Ә. Назарбаев Отанымыздың соңғы 15 жылдағы барлық жетістіктері 
–  Конституциямыздың  және  соның  базасында  қабылданған  заңнаманың 
жұмыс істеуінің нақты нәтижесі екенін атап өтті. Тап осының арқасында Қа-
зақстан  ТМД-да  алғашқы  болып  посткеңестік  кеңістікте  теңдесі  жоқ  салық 
және  зейнетақы  реформаларын  жүргізіп,  ұлттық  экономикаға  100  млрд. 
доллардан  астам  тікелей  инвестициялар  тартып,  ІЖӨ-ні  екі  еселей  алды; 
осыған қоса, жан басына шаққандағы ІЖӨ-ні 700 доллардан 8 мың долларға 
жеткізді, яғни 11 есе өсіре алды, деді ол. 

 
38 
30 тамызда Мемлекет басшысы елорданың орталық алаңындағы «Қазақ 
елі»  монументінің  алдында  Конституцияның  15  жылдығына  орай  Әскери 
парад қабылдады. 
Егемен  Қазақстанның  жаңа  тарихына  тікелей  қатысы  бар  ендігі  бір 
мерейтойлық меже Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы болды. 20 
қазанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы: сенім, дәстүр, ашықтық, төзімділік» 
ХVI-сессиясын ашып, оған қатысушыларды мерейтоймен құттықтай отырып, 
Н.Ә.  Назарбаев  бүгінде  Ассамблеяның  алдында  ұлттық  бірлікті  нығайтуға 
байланысты жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті. Ассамблеяның еңбегін тану 
белгісі ретінде Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын 
медалі» қоғамдық наградасы белгіленгені туралы хабарлады. 
Бұл жылдың елеулі оқиғаларының бірі ретінде Ұлы Отан соғысындағы 
Жеңістің 65 жылдығын да атап өткен жөн. 
Мереке  қарсаңында  Мемлекет  басшысы  Ұлы  Отан  соғысындағы 
Жеңістің  65  жылдығы  құрметіне  соғыс  ардагерлерінің  бір  тобына 
мерейтойлық медальдар мен жаңа пәтерлер кілттерін тапсырды. 
Мереке қарсаңында жиналғандар алдында сөз сөйлеген Н.Ә. Назарбаев: 
«Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіс  біз  айтып  жеткізгісіз  азаптар,  құрбандықтар 
мен  мұқтаждықтар  арқылы  келді.  Қазақстандықтар  Жеңіске  қол  жеткізуге 
елеулі  үлес  қосты.  500-ден  астам  жерлестеріміз  Совет  Одағының  Батыры 
атағына ие болды. Халқымыздың Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, 
Қасым  Қайсенов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова,  Хиуаз  Доспанова 
есімді ұлдары мен қыздарының, тағы басқалардың ерліктері ұрпақтар жүре-
гінде  мәңгі  сақталады.  Біз  құрбан  болғандарды  зердемізде  қастерлеп  сақтай 
отырып, 
Отанымызды 
гитлерлік 
басқыншылардан 
қорғағандардың 
барлығына құрметімізді көрсетеміз», дегенді атап айтты. 
Сол  күні  ол  әскери  қызметшілер  мен  құқық  қорғау  органдары 
өкілдерінің  үлкен  бір  тобына  мемлекеттік  наградалар,  сондай-ақ,  Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті, Президенттің күзет қызметі, қорғаныс, ішкі істер, әділет 
және төтенше жағдайлар министрліктерінің, Бас прокуратураның өкілдеріне 
жоғары әскери және арнайы дәрежелердің ерекшелік белгілері мен сыныптық 
шендерін табыс етті. 
28  маусымда  елордада  халықаралық  деңгейдегі  жоғары  оқу  орны  – 
«Назарбаев университетінің» ашылуы үлкен жаңғырық туғызды. Салтанатты 
рәсімге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы елімізде 
«Болашақ» президенттік бағдарламасының табысты жұмыс істейтінін, соның 
шеңберінде 
мыңдаған 
қазақстандық 
жастар 
әлемнің 
жетекші 
университеттерінде  білім  алып  қайтқандықтарын  атап  өтті.  Жаңа  оқу  орны 
ашылған  соң  Қазақстан  жастары  енді  инженер,  медицина  және  энергетика 
мамандықтары  бойынша  Астана  қаласында  оқытылмақ.  Жаңа  оқу  орнында 
әлемнің ең жақсы профессурасы сабақ беретін болады. 
Шілдеде  Президент  Қазақстан  Магниткасының  50  жылдығына  орай 
Теміртау  қаласында  өткен  салтанатты  іс-шараларға  қатысты.  Бұл  оқиғаның 
біздің  еліміз  үшін  маңызын  айта  келе,  ол  50  жыл  бұрын  алғашқы  шойын 
балқымасының алынуы арқылы тек қана Қарағанды металлургия комбинаты 

 
39 
өмірге келіп қоймағандығын – бұл Қазақстанның бүкіл қара металлургиясы-
ның өмірге келгендігі екендігін де атап өтті. 
Астана  күнін  мерекелеу  айшықты  әрі  есте  қаларлық  іс-шараға  айналды.  Сал-
танаттарға  Ресей  президенті  Д.А.  Медведев,  Беларусь  президенті  А.Г.  Лукашенко, 
Тәжікстан президенті Э.Ш. Рахмон, Қырғызстан Республикасының өтпелі кезеңдегі 
президенті  Р.И.  Отунбаева,  Армения президенті  С.А.  Саргсян,  Украина  президенті 
В.Ф. Янукович, Иордания Королі Абдалла ІІ ибн Хусейн қатысты. Мерекелік бағдар-
ламаның  шеңберінде  Н.Ә.Назарбаев  Астана  қаласында  бірқатар  жаңа  нысандарды 
ашты,  олардың  қатарында  әлемдегі  шатыр  нысанды ең биік  әрі  таңғажайып ғима-
раттардың бірі – «Хан Шатыр» және «Керей мен Жәнібек» композициясы да бар еді. 
1  қыркүйекте  Мемлекет  басшысы  төртінші  шақырылған  Қазақстан 
Республикасы  Парламентінің  IV  сессиясын  ашты.  Депутаттар  алдында  сөз 
сөйлеген 
ол 
парламентарийлердің 
назарын 
алдағы 
сессиядағы 
заңшығарушылықтың  басты  міндеті  –  2020  жылға  дейінгі  дамудың 
стратегиялық жоспарын құқықтық қамтамаcыз ету екендігін атап көрсетті. 
Желтоқсанда  Президент  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  Тәуелсіздік 
күніне  арналған  салтанатта  сөз  сөйлеп,  республиканың  экономикалық  және 
мәдени  дамуына,  достық  пен  келісімді  нығайтуға,  заңдылық  пен  құқықтық 
тәртіпті  қамтамасыз  етуге,  Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігі  мен  қорғаныс 
қабілетін  арттыруға  елеулі  үлес  қосқан  азаматтарға  мемлекеттік  наградалар 
табыс етті. Олардың қатарында көрнекті мәдениет, ғылым, білім, денсаулық 
сақтау  қайраткерлері,  өндіріс,  құқық  қорғау  органдарының  өкілдері,  әскери 
қызметшілер, соғыс және еңбек ардагерлері, сондай-ақ, шетел қайраткерлерін 
қоса алғанда, ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін әзірлеуге және өткізуге лайықты 
үлес қосқандар да болды. 
*  *  * 
Қазақстан  2010  жылы  әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  алғанда 
әлемдік  экономикада  сақталып  тұрған  дағдарыстық  құбылыстарға 
қарамастан,  рецессияны  жеңіп,  іс  жүзінде  экономиканың  барлық  сала-
ларында оң ырғақты сақтап қалды, мұның өзі дұрыс таңдалған стратегияның, 
дағдарысқа  қарсы  жүйелі  қабылданған  іс-шаралардың  және  жинақталған  өз 
қаражатымыздың  есебінен  экономиканы  қаржылай  қуатты  қолдаудың 
тікелей нәтижесі еді. 
22  қаңтарда  Үкіметтің  тиісті  есебін  тыңдау  барысында  еліміздің  2009 
жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара келіп, 
Мемлекет басшысы: «Өткен жылы мемлекеттердің бәрі бірдей экономикада 
оң нәтижелерге жете алмады. Біз серпінді мемлекеттер деп аталатындардың 
ішінде  болдық.  Көптеген  мемлекеттердің  сыртқы  қарыздары  үлкен  көлемде 
артуда, несие көлемі де артып барады, бюджет тапшылығы аса зор деңгейге 
жеткен,  жұмыссыздық  белең  алған,  өте  көп  кәсіпорындар  жұмысын 
тоқтатқан.  Міне,  осындай  жағдайда  біздің  экономикамыз  дағдарыстан 
шығынсыз  шығып  келеді.  Осының  арқасында  жұмыссыздықты  қысқарттық, 
инфляцияны  төмендеттік,  «Жол  картасын»  жүзеге  асыру  барысында  еліміз-
дің  тұрғындары үшін  аса қажет үлкен  жұмыстарды  атқардық.  Келіп  жеткен 
2010 жылы бізді бұдан да ауқымды міндеттер күтіп тұр. 2010 жыл біз үшін 

 
40 
2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  бағдарламамызды  жүзеге  асыру 
негізінде Қазақстанның серпінді өсудің тұрақты траекториясына шығаратын 
жыл болуы тиіс», деп атап көрсетті. 
Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі  тиісті  стратегиялық  даму  жоспарын 
Президент  бір  жетіден  кейін,  29  қаңтардағы  Парламент  палаталарының 
бірлескен  отырысында,  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  – 
Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  деп  аталатын  Қазақстан  халқына  Жол-
дауының шеңберінде жария етті. 
Н.Ә.  Назарбаев  өз  сөзінде  таяудағы  онжылдықтағы  тұрақты  және 
теңгермелі даму ұлттық экономиканы үдемелі әртараптандыру мен бәсекеге 
қабілеттілікті  арттыру  есебінен  қамтамасыз  етілетінін  ерекше  қадап  айтты. 
Сол себепті, мына міндеттерді: ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға 
дайындауды,  үдемелі  индустрияландыру  мен  инфрақұрылымдарды  дамыту 
есебінен  экономиканың  тұрақты  өсіміне  қол  жеткізуді,  адам  капиталының 
бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  болашаққа  белсенді  түрде  инвестиция 
салуды, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық 
қызметтермен қамтамасыз етуді, ұлтаралық келісімді нығайтуды және халық-
аралық қатынастарды одан әрі дамытуды шешу қажет болады. 
Қазақстан  халқына  Жолдауды  жүзеге  асыру  жөніндегі  алғашқы  іс-
шаралар  1  ақпанда  Мемлекет  басшысының  төрағалығымен  Үкімет 
мүшелерінің,  Президент  Әкімшілігі  мен  орталық  мемлекеттік  органдар 
басшылығының  қатысуымен  өткен  жұмыс  мәжілісінде,  сондай-ақ,  «Нұр 
Отан»  халықтық-демократиялық  партиясы  Саяси  кеңесі  Бюросының 
отырысында талқыланды. 
Стратегияны  орындау  үшін  Үкімет  2020  жылға  дейінгі  үдемелі 
индустриялық-инновациялық  дамудың  мемлекеттік  бағдарламасын  жасап, 
бекітілді. Оның өзегін жалпы сомасы 8 трлн.-нан астам теңгеге лайықталған 
республикалық және өңірлік маңызы бар 294 жоба құрады. Экономиканың 12 
саласы:  металлургия,  мұнай  өңдеу  мен  химия  өнеркәсібі,  агроөнеркәсіп 
кешені, машина жасау, құрылыс индустриясы, көлік және телекоммуникация 
инфрақұрылымы  және  басқалар  басым  бағыт  болып  айқындалды. 
Бағдарламаны екі 5 жылдық жоспарлар шеңберінде, екі кезеңде жүзеге асыру 
көзделді. 
Мемлекеттік бағдарламаның мазмұны және оны жүзеге асыру жөніндегі 
нақты  міндеттерді  Президент  Премьер-Министр  К.Қ.  Мәсімовтің, 
Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаевтың, Президент 
Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусиннің,  Үкімет  мүшелерінің,  орталық  ат-
қарушы органдар жетекшілерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары 
әкімдерінің қатысуымен өткен наурыз кеңесінде халыққа жария етті. 
Бағдарламаның тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметті оңтайландыру 
жүзеге  асырылды,  соның  шеңберінде  бірқатар  министрліктер  таратылып 
немесе  өзгертілді  және  жаңа  министрліктер  құрылды.  Олардың  қатарында 
Мемлекеттік бағдарламаны өмірде іске асыруға тікелей жауапты Индустрия 
және  жаңа  технологиялар  министрлігі  бар.  Сонымен  бірге  әр  жобаға  тиісті 
салалық  министрліктер,  «Самұрық-Қазына»  және  «ҚазАгро»  холдингтері 

 
41 
басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің дербес 
жауапкершілігі белгіленді. 
Үдемелі 
индустриялық-инновациялық 
дамудың 
мемлекеттік 
бағдарламасын  жүзеге  асырудың  алғашқы  қорытындыларының  тұсауы  2 
шілдеде  болған  «Назарбаев  университетінің»  ашылуы  кезінде  «Күшті 
Қазақстанды  бірігіп  құрамыз!»  жалпыұлттық  телекөпірінің  барысында 
кесілді. Атап айтқанда, Жамбыл облысының Мыңарал поселкесіндегі цемент 
зауытында  өндірісті  іске  қосу  жүзеге  асырылды,  Балқаш  ЖЭС-нің 
құрылысының  басталуына  рұқсат  берілді,  Маңғыстау  облысының  Баутино 
портында  кеме  жасау  зауыты  ашылды,  «General  Elektric»  компаниясымен 
ықпалдастықта  «Ақтөберентген»  АҚ  шығарған  16  кесінділі  қазақстандық 
компьютерлі  томограф  көрсетілді  және  т.б.  Телекөпір  барысында  барлығы 
сомасы 381 млрд. теңгелік 72 инвестициялық жобаның тұсауы кесілді. 
2020  жылға  дейінгі  дамудың  үдемелі  индустриялық-инновациялық 
мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  үдерісіне  шетел  инвесторларын 
кеңірек  тарту  мақсатында  Президент  «Қазақстан:  дағдарыстан  кейінгі 
модернизациялау кезеңіндегі инвестициялық мүмкіндіктер» деп аталатын IV-
қазақстандық  инвестициялық  саммитке,  Минералдық  ресурстар  мен 
металлургия жөніндегі I-қазақстандық халықаралық конгреске, ІІІ-астаналық 
экономикалық  форумға,  Президенттің  жанындағы  Шетел  инвесторлары 
кеңесінің 23-ші отырысына қатысты. 
Кәсіпкерлер  кеңесінің  І-пленарлық  отырысы  да  осы  мәселелерге 
арналды,  онда  Мемлекет  басшысы  ұлттық  бизнесті  қолдаудың  шеңберінде 
Үкіметке «Бизнестің жол картасы – 2020»-да әлемдік дағдарысқа байланысты 
қиын  жағдайда  қалған  кәсіпорындарды  жандандырудың,  ставкаларды 
субсидиялаудың,  кепілдік  берудің,  инфрақұрылымдар  салудың  және 
қызметкерлерді  қайта  оқытудың  механизмдерін  ескеруді  тапсырды.  Бұдан 
басқа,  бизнесті  дамытудағы  әкімгершілік  кедергілерді  азайту  үшін  Н.Ә. 
Назарбаев  «Ақорда»  сайтында  «Бизнесті  президенттік  қолдау»  арнаулы 
бөлімін ұйымдастыруды тапсырды, оған құқық қорғау органдары тарапынан 
құқыққа сай емес іс-әрекеттер мен тексерулер деректері бойынша кез келген 
кәсіпкер хабар жолдай алуы тиіс. Жыл бойы көрсетілген ресурсқа 2 мыңнан 
астам  кәсіпкер  хабарласты.  Ол  арыз-шағымдардың  барлығы  да  Президент 
Әкімшілігінің қатаң бақылауына алынып, қалыптасқан тәртіп бойынша тиісті 
органдарда қаралды. Тексерулердің қорытындылары бойынша құқық қорғау 
органдарының 24 қызметкері қызметтік лауазымдарынан босатылды. 
Әлеуметтік-экономикалық  дамудың  ағымдағы  нәтижелері,  сондай-ақ, 
елдің  индустриялық-инновациялық  дамуының  стратегиясын  жүзеге  асыру 
туралы Премьер-Министрдің есебін Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерімен 
және Президент Әкімшілігінің басшылығымен 15 маусымда және 2 тамызда 
болған мәжілістер барысында тыңдады. 
Еліміздің  ауыл  шаруашылығының  көкейкесті  проблемалары,  соның 
ішінде  жиын-терін  науқанының  мәселелері  Н.Ә.  Назарбаевтың  3  тамызда 
Премьер-Министрдің,  Президент  Әкімшілігі  Басшысының,  Президент 

 
42 
көмекшісі  мен  Ауыл  шаруашылығы  министрінің  қатысуымен  өткізген 
талқылауының арқауы болды. 
4  тамызда  Президент  Үкімет  мүшелерінің,  Президент  Әкімшілігі  мен 
орталық  мемлекеттік  органдар  басшылығының  қатысуымен  азаматтардың 
құқықтарын қорғаудың көкейкесті мәселелері бойынша өткізілген мәжілістің 
жұмысына  қатысты.  Мәжіліс  барысында  үлескерлік  құрылысқа  өз 
қаржыларын  салған  азаматтардың  проблемаларын  шешуге,  қылмыспен 
күрестің  жағдайына,  елдегі  заңдылық  пен  құқықтық  тәртіптің  қамтамасыз 
етілуіне,  сондай-ақ,  кәсіпкерлік  қызметте  азаматтардың  құқығын  қорғауға 
қатысты мәселелер туралы сөз болды. 
2010 жылы 12198 үлескердің мәселесі шешіліп, 67 үлескерлік құрылыс 
объектісі  пайдалануға  берілгенін  айта  кету  керек,  олардың  қатарында 
астанада  36  нысан  (6503  үлескер),  Алматы  қаласында  14  нысан  (4625 
үлескер),  өзге  өңірлерде  17  нысан  (1070  үлескер)  бар.  Тұтасымен  алғанда, 
дағдарысқа  қарсы  шараларды  іске  асыру  барысында  мемлекет  384  нысанға 
қатысты 53 мыңнан астам үлескерлердің проблемаларын шешті. 
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, алда тұрған 2011 жылғы VII қысқы Азия 
ойындарының мәселелерін де айрықша бақылауда ұстады. 
Қазақстан  өңірлерінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  мәселелері 
де Президенттің ұдайы назарында болды. 
Өткен  жылы  Мемлекет  басшысы  еліміздің  көп  өңірлеріне  жұмыс 
сапарларымен  барды,  солардың  барысында  облыс  активтерімен,  еңбек 
ұжымдарымен,  жұртшылық  өкілдерімен  кездесті,  ондаған  өнеркәсіп  және 
әлеуметтік  нысандарда  болып,  жаңа  өндірістердің  іске  қосылуына  қатысты. 
Олардың  қатарында  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  керамогранит 
шығаратын  зауыт  пен  Ақмола  облысындағы  Васильков  тау-кен 
комбинатында  алтын  айыру  фабрикасының  ашылуына,  Павлодар  облысын-
дағы  өнімділігі  жылына  125  мың  тонналық  «Қазақстан  электролиз  зауыты» 
АҚ екінші кезегінің іске қосылуына қатысуы, т.б. бар. 
Қазанда  Президент  облыстар,  Астана  және  Алматы  қалалары 
әкімдерімен жұмыс мәжілісін өткізді. Онда еліміздің 2010 жылғы 9 айының 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының  қорытындылары  талқыланып,  алдағы 
кезеңге арналған міндеттер белгіленді. 
Тұтасымен  алғанда,  Мемлекет  басшысы  жыл  бойы  Премьер-
Министрмен,  Ұлттық  банктің,  Республикалық  бюджеттің  атқарылуын 
бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің,  орталық  және  жергілікті  атқарушы 
органдардың,  ұлттық  компаниялар  мен  еліміздің  даму  институттарының 
басшыларымен үзбей кездесіп тұрды. 
2010  жылдың  әлеуметтік-экономикалық  қорытындыларын  шығара 
отырып,  Н.Ә.  Назарбаев  21  желтоқсанда  Президенттің  сапа  саласындағы 
«Алтын  сапа»  сыйлықтарының  және  «Парыз»  бизнестің  әлеуметтік 
жауапкершілігі  конкурсының  лауреаттарын  марапаттау  салтанатының 
шеңберінде  барлық  облыстардың,  мемлекеттік  органдар  мен  ұлттық 
холдингтердің  бір  жылдағы  индустрияландыру  туралы  есептерін  тыңдап, 
сондай-ақ, телекөпір арқылы Қазақстанның өңірлерінде пайдалануға берілген 

 
43 
жаңа  объектілермен  танысты.  Жалпы  алғанда,  Қазақстанды  үдемелі  индус-
триялық-инновациялық 
дамыту 
мемлекеттік 
бағдарламасын 
жүзеге 
асырудың  шеңберінде,  жылдың  соңына  қарай  23  мың  тұрақты  жұмыс 
орындарын ашу арқылы 800 млрд. теңгеден астам соманың 152 жобасы іске 
қосылды. 
*  *  * 
Мемлекет  басшысының  2010  жылғы  жұмыс  кестесінің  негізгі 
нәтижелері,  міне,  осындай.  Жұмыс  кестесінің  теңгерімділік  сипатта 
болғанын,  онда  белгіленген  іс-шаралардың  бәрінің  де  толығымен  орын-
далғанын атап айтқан жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет