Основы имиджеологии на примере Первого Президента


ЖАҺАН МОЙЫНДАҒАН ЖАСАМПАЗДЫҚ



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#7897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ЖАҺАН МОЙЫНДАҒАН ЖАСАМПАЗДЫҚ 
 
Қадыр Әлімқұлов, 
                                                                Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 
Егемен Қазақстан, 9 сәуір 2011ж. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Табаны  күректей  жиырма  жыл  бойына,  Президент  Әкімшілігі  құрылған  ал-
ғашқы  күннен  бастап,  ежелден  еркіндігін  аңсаумен  келе  жатқан,  небір  жаугер-
шіліктің жұтын, отаршылықтың озбырлығын көре жүріп, «мың өліп, мың тіріле» 
жүріп, тәуелсіздігіне әзер жеткен қазақ елінің Тұңғыш Президентінің қол астында 
қызмет  атқарып  келеміз.  Лауазымдық  міндеттеріме  орай  сарапталатын  заңдар, 
жарлықтар,  өкімдер,  Мемлекет  басшысы  қатысқан  ірілі-ұсақты  мәжілістер  мен 
кеңестердің  ілеспе  аудармалары,  олардың  шешімдерін  саралайтын  хаттамалары, 
шұғыл  жеделхаттары  мен  қайтарған  жауаптары,  халықаралық  және 
мемлекетаралық  уағдаластықтарға  байланысты  келісімшарттар,  награда  тапсыру, 
азаматтыққа  қабылдау  мен  одан  шығару,  саяси  баспана  беру,  сотталғандарға 
кешірім жасау сияқты күнделікті жұмыстың сыртында ондаған кітабын құрастыру 
мен шығаруға атсалысқанымыз, тікелей басшылығымен егемен еліміздің Ата Заңын 
аударуға қатысуымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің нормативтік-құқықтық актілерінің 
атауларын  қалыптастырушылардың  арасынан  табылып  Президент  Кеңсесінің 
бастығы Махмұд Қасымбековпен бірлікте, өзінің батасын ала отырып «Нұрсұлтан 
деп ат қойдым…» деген кітапты жазуымыз – мақтаныш сезімімен ауыз толтырып 
айтуға аздық ете қоймаса керек деп ойлаймын. 
Енді  осы  кітаптың  жазылу  барысы  жайында  әңгімелесем  деймін.  Әлі 
есімде,  бізге  балалары  мен  немерелеріне  Президентіміздің  атын  қойғандар-
дан  көптеп  хат  келе  бастаған.  Алғашқыда  жай  баяндап,  өзінің  келісімімен 
алғыс білдіріп, бүлдіршін аттастарына тілектестігін хабарлап, жылы рәуіште 
жауап қайтарып жүрдік. 
Келе-келе  ондай  хаттар  тым  көбейе  түсті.  Қазақстанның  бар  өңірі  қам-
тылғаны былай тұрсын, бауырлас қырғыз, өзбек, татар азаматтарынан асып, 
түрік, чешен, дағыстан, башқұрт ағайындардың артын ала орыс, украиндарға 
ұласты. Алғашқы емен-жарқын әңгімелесуіміздің сәті де сонда түскен еді. 

 
12 
Кітаптың  жазылуы  барысында,  аптал  азамат  Махмұд  Қасымбековпен  аты 
әңгіме арқауына айналып отырған адамға – Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевқа  арнайы  жолыққан  едік.  Кітаптың 
құрылымы, онда көтерілген мәселелер туралы ой-пікірлерімізді ортаға сала келіп, 
осыған орай Елбасының тікелей өзіне бірнеше сұрақ қоюды жөн көретіндігімізді 
алға  тарттық.  Осы  сұхбат  негізінде  жазылатын  арнайы  тарауға  үлкен  үміт 
артатынымызды,  оның  жалпы  кітаптың  ауыр  жүгін  арқалауға  тиіс  екендігі 
жөніндегі пайымдауымызды да жасырған жоқпыз. 
Мемлекет  басшысы  жоспарланып  отырған  әңгімеге  деген  көзқарасын 
білдіргеннен  кейін,  өтінішімізді  қанағатты  сезімімен  қабыл  алды.  Сол  сұх-
батты оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Себебі, онда Президент бі-
тім-болмысынан  суыртпақтап  сыр  тартар  біраз  мағлұматтың  бар  екені  еш 
даусыз. 
* * * 
– Нұрсұлтан Әбішұлы, алғашқы сұрағымыз мынандай: Сіздің атыңызды кім 
қойған? 
– Менің әкем Әбіш – атамыз Назарбайдың кенжесі. Ол кісінің Әбіштен 
үлкен  Үмбет,  Шалабай  деген  ұлдары,  бір  қызы  болған  екен.  Қызы  жас 
кезінде қайтыс болып кетіпті. Назарбай әлде би, болмаса болыс па, әйтеуір, 
ауқымды  аймаққа билік  жүргізген, қолында  мөрі бар  адам  екен.  «Назарбай-
дың  жазығы»,  «Назарбайдың  диірмені»  деп  аталатын  жерлер  әлі  де  бар. 
Шамамен,  Шамалған,  Қаскелең,  «Үшқоңыр  жайлауы»  деген  мекендерді  қо-
ныстанған  болса  керек.  Қазақ  дәстүрі  бойынша  әке-шешесі  қартайғанда 
кенже баласының қолында болады ғой. Әжеміз – Мырзабала бәйбіше біздің 
үйде тұрған. 
Назарбай атамыз елді отырықшылыққа икемдеп, жерге тұрақтандыруға көп 
көңіл  аударған  адам  сияқты.  Оның  әкеміздің  үш  жасында,  ғасыр  басында  дү-
ниеден озғанын қариялар айтып отыратын. Сонда, әкей 1905 жылғы болса, атамыз 
1908 жылы қайтқан тәрізді. Ол кісі дүние салғаннан кейін мөрін әжеміз Мырзабала 
марқұм ешкімге бермей, өз қолында ұстаған. Демек, бар билікті қолға алған ғой… 
Әжеміз мен бес жасқа келгенде қайтыс болды, еміс-еміс есімде бар, сұң-
ғақ  бойлы,  әдемі  кісі  еді.  Өте  жігерлі  болатын.  Бар  балаларына,  ауыл-аға-
йынға  айтқанын  істетіп  отыратын.  Ол  кісіге  ешкім  қарсы  келмейтін.  Әкеме 
тұрмысқа шыққаннан кейін шешеміз бес жылға дейін құрсақ көтермепті. Ел: 
«Бұлардың балалары болмайды», «анау-мынау…» – деп жүргенде, мен туып-
пын.  «Кенже  ұлдан  көрген  тұңғыш  немерем»  деп,  әжеміз  мені  бауырына 
салып алыпты. Сонымен, мені сол әжеміз баққан. Менің атымды да Нұрсұл-
тан деп өзі қойыпты. 
– Қандай жағдайда және неліктен ол есімді қойған деп ойлайсыз? Мүм-
кін, әулеттеріңізде ұқсас есімді адамдар болған шығар? 
–  Қандай  жағдайда  екенін  білмеймін,  ал  неліктен  екенін  түсіндіріп  кө-
рейін.  Елдің  айтуынша  да,  менің  пайымдауымша  да  бұл  есімді  Құраннан 
алған  болса  керек.  Өйткені,  әжеміз  құдайға  сеніп,  құлшылық  еткен,  намаз 
оқитын  –  мұсылмандықты  қастерлеген  адам  еді.  Үнемі  ақ  шағаладай  боп, 
әппақ киім киетін. 

 
13 
«Молдалармен ақылдасты, әдейі осы есімді таңдап қойды…» дейтін сөз 
бар. Мен кейін Құранды арнайы қараған едім. Құдайдың 99 аты бар. Солар-
дың  ішінде  Нұр  деген  бар,  Сұлтан  деген  бар,  бірақ  Нұрсұлтан  дегені  жоқ. 
Әлгі «молдалармен ақылдасты» деулері – «Жаратушының екі атын біріктіріп 
қойсақ қайтеді?» – деп кеңескендері болса керек… 
– Өзіңіз есіміңіз туралы қандай ойдасыз? 
– Мен ешқашан «менің атым қандай?» деп ойланып көрген емеспін. Ат-
ты әке-шешең қояды, сондықтан ол туралы кім ойлайды? Тек оның мағынасы 
бар  ма,  жоқ  па  деп  ойлауға  болады.  Бір  ғана  айта  кететін  жай,  бұрын  өз 
есімімді  көп  кездестірмейтін  едім.  Мұндай  ат  сирек  болатын.  Мысалы, 
мектепте  жүргенімде  ондай  есімді  бала  болған  жоқ,  оқыған,  жұмыс  істеген 
жерлерімде  аттастарымды  кездестірмедім.  Қатарластарымның  арасында 
менімен  есімдес  екі  адам  ғана  бар  екенін  білетінмін:  бірі  –  белгілі  ақын 
Нұрсұлтан Әлімқұлов, екіншісі – Қарағандыда милиция полковнигі еді. Басқа 
ешкімді ұшырастырған емеспін. 
Мен  отбасының  тұңғыш  баласы,  әжемнің  кенже  ұлының  бірінші 
немересі болдым деп жоғарыда айттым ғой. Оның үстіне, біраз жыл немере 
көрмегендіктен  бе,  әжей  жарықтық  мені  көп  қорғаштапты.  Ешкімге 
көрсетпеуге тырысқан. Менің тоғыз айда аяғым шыққан екен. Тәй-тәй басып, 
жүре бастаған кезімде «көз тимесін» деп, арнайы дорба тігіп, аяғымды соған 
кигізіп қояды екен. Сонда көрші-қолаң келіп: «Балаңыз әлі жүрмеген бе?» – 
десе:  «Жоқ,  ә.  Құдай  бізге  қайдан  оңған  баласын  берсін, жүрмейді  әлі…» – 
дейді екен. Аяғы байлаулы бала, әрине, жүре алмайды ғой. 
Ол кісі мен бес жасқа келгенде қайтыс болды. Ауырып жатқаны аздап есімде. 
Тауда  жүрген  кез  еді,  сатымен  үйдің  төбесіне  шығам  деп  құлап,  содан  дүние 
салды. 
– Басқа мемлекеттердің азаматтары да атыңызды көптеп еншілеуде… 
–  Ендеше,  бұл  үрдіс  халық  ризашылығынан  туған  болар  деп  ойлаймын. 
Басқа халықтар Қазақстанды көрмей, білмей отырған жоқ. Қазақстан қанша көп 
ұлтты болса да, тыныштықта өмір сүруде. Біздің халықтарымыздың арасындағы 
татулыққа  бәрі  сүйсінеді.  Әрине,  қиындықтар  да  болған.  Ал  оларды  ескермей, 
алға жылжуға болмайды. 
300 жылдан бері Ресеймен, басқа көрші мемлекеттермен араласып-құра-
ласып келеміз. Уақыт талабымен біздің жерімізге неміс те, украин да, дүңген 
де,  ұйғыр  да  қоныстанды.  Ең  бастысы,  сол  халықтар  арасындағы 
ауызбірлікті,  ыстық  ілтипат  пен  жақсы  қарым-қатынасты  сақтап  қалу  керек 
болды.  Алғашқы  күннен  бастап  саясат  ретінде  де,  Заң  ретінде  де,  қызмет 
ретінде де соны іске асырып келеміз. Осының барлығына халық риза.  Жан-
жақтағы  елдер  де  мұның  бәрін  көріп  отыр.  Мәселен,  Чешенстанда  80  мың 
адам,  Кавказда:  қарабақ,  армян  –  бәрін  қосқанда  150  мың  адам,  бір  Тәжік-
станда  ғана  100  мың  адам  қаза  тапты  деп  хабарлап  жатыр.  Ал  біздің  еліміз 
бейбіт,  тыныш  өмір  сүруде.  Халыққа  ең  керегі  осы  емес  пе?!  Сондықтан 
басқа ұлттың адамдары да балаларына осы есімді қоятын болуы керек. 
– Осындай абзал азаматтарға, балдырған аттастарыңызға айтар тілегіңіз? 

 
14 
–  Мұндайда  тек  жақсы  тілек  айту  керек  қой.  Өздерің  айтқандай,  Нұр-
сұлтан  деген  –  жақсы  ат.  Бұл  есім  Қазақстанда,  жалпы  түркі  тектес  халық-
тарда айрықша мағынаға ие. Мысалы, Нұр сөзі түрік, қыпшақ, басқа тілдерде 
– жарық, сәуле, жылу деген мағына береді. Сұлтан дегеніміз – түркі, парсы, 
араб  дүниесінде  ел  басқарған  адамдар.  Тіпті  патшаларды  да  сұлтан  деген. 
Сондай-ақ,  сұлтандар  патшаның  жер-жердегі  билік  жүргізуші  өкілдері 
(наместник) болған. 
Жалпы, шыр етіп дүниеге келген баласына қандай адам жаманшылық ойлай-
ды? Үлкен азамат болып, әкесінің атын шығарса деп армандайды. Еліне қызмет 
етіп,  халқына  жақын  болғанын  қалайды.  Жағдайы  жақсы  болса,  мінезі  жақсы 
болса,  батыр  болса  дейді.  Сұлу  болсын,  шешен  болсын  дейді.  Міне,  сол 
тілектерінің бәрі қабыл болсын! Ниеттеріне жетсін! Балалардың біреуі – Елбасы, 
енді біреуі – ғалым, ақын болсын, ақылды болсын! Елін, жерін, Отанын сүйетін, 
халқының  тәуелсіздігін  қорғап,  болашағына  қызмет  ететін  ел  азаматтары  болып 
өссін! 
Солар  өсіп,  азамат  болғанда,  қолдарына  билік  тигенде,  біздің  Қазақстаны-
мыз барлық өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, бай, дүние жүзі сыйлайтын, 
халқының тұрмысы түзеліп, әл-ауқаты артқан, ғылым мен техниканы түгел игер-
ген ел болсын. Сол кезде біз сияқты жасы ұлғайғандар да жақсы тұратын болсын. 
Балалар да, оқушылар мен студент жастар да – жалпы үкімет тарапынан әлеумет-
тік  қамқорлықты  қажет  ететін  санаттағы  барлық  отандастарымыз  да  жақсы 
жағдайда болсын. Ел гүлденген, тірлік түрленген заманға тезірек жетейік! 
* * * 
Қат-қабат  қыруар  қызмет  арасынан  аса  қымбат  уақытын  бөлгені  және 
мазмұнды  әңгімесі  үшін  алғысымызды  айтып,  қол  алысып  қош  айтысып 
шыға салысымен, санадағы сан әсерді жадымызда қайта жаңғырттық. 
Жасыратын несі бар, былайғы ағайын «Президент Әкімшілігінде қызмет 
атқарамыз»  десек,  бізді  Нұрсұлтан  Әбішұлымен  күнде  жолығысып  жүр-
гендей  көреді.  Жиналыс,  мәжілістерде  болмаса,  оңаша  әңгімелесудің  сәті 
сирек екеніне сендіру де қиын. Алайда шындығы – сол. Сондықтан да бірлі-
жарым бағамдаған әсерімізді ортаға салғанды жөн көрдік. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет бабындағы принципшілдігін, яғни 
қатаң  талап  қоюмен  қатар,  сергек  сезімталдықпен  қамқорлық  та  көрсете  ала-
тындығын тікелей қол астында қызмет атқаратындардың барлығы жақсы біледі. 
Әлбетте, Президент алдына келген адамның жас шамасына байланысты 
сақталатын  дәстүрлі  салттан  да  ауытқымайды.  Кімге  де  болсын  өзін  еркін 
сезініп,  терезесі  тең  жағдайда  әңгімелесуіне  мүмкіндік  туғызады.  Жүйелі 
сөздің желісін үзбей тыңдайды; қажет болған жағдайда, ойды нақтылай түсуі 
үшін қамшылайды; керек кезінде, арнайы сұрақ қойып жетелей де біледі. Сөз 
салмағы  жеңілдеп,  діттеген  межеден  ауытқып  бара  жатса,  сабырлы  сыпа-
йылықпен қажетті  арнасына аударып, болмаса тың тақырыпқа бастап кетіп, 
жіті  бақылап  отырады.  Ойлы  сөздің  орайы  келіп  жатса,  жадырай  күліп, 
баурап  алады.  Көбінесе  айтайын  дегеніңді  емеурініңнен  сезеді.  «Ол  былай 
емес пе еді?» деп ой орамын өзі жалғап жүре береді. 

 
15 
Сомдалған  санасы,  толысқан  тәжірибесі,  туа  біткен  бітім-болмысы  – 
бәрі-бәрі  алып  шынардың  бұтақтары  мен  тамырларындай;  соның  бәрін 
бойына  сіңіртіп,  қандай  да  дауыл  дүлейде  де  шайқалтпайтындай  көрінеді. 
Оған  жан  жылуының  молдығын  қосыңыз.  Осының  бәрі  бірігіп  келгенде, 
Қазақстан Президентінің пайымына айналған. Ол – Нұрсұлтан Назарбаевтың 
бүгінгі таңда жүргізіп отырған бірегей саясатының түп-тұғыры. Татулық пен 
тыныштықтың  туын  көтерген  мәмілегердің  монументіндей.  Әрі  ол  саясат 
баршаға мәлім. 
Міне,  ұлтымыздың  ұлы  перзенті,  ел  жетекшісі  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
саңлақ  саясаткер  ретіндегі  қызметін,  арда  азамат  ретіндегі  бітім-болмысы  мен 
елдік  мінезін  сомдайтын  басты  бағыт  осындай  жасампаз  да  қарапайым,  ірі  де 
іргелі істерден бастау алады. Сондай-ақ бұл – абыройлы азаматқа ақ жол, сәтті 
сүрлеу тілегенде, ең алдымен тілге тиек ететін кемел көрсеткіш те. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
16 
 
 
 
ЕРГЕ ҚЫЗМЕТ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ 
  
Қабидолла Сәрекенов, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 
техника ғылымдарының докторы 
 
            Егемен Қазақстан, 12 ақпан 2011ж. 
 
 
Адамның жасы ұлғайған сайын 
өткен 
күндердің 
естеліктері 
санаңның 
түкпіріне 
жасырына 
бермей, 
әлсін-әлсін 
жарқырап, 
кедір-бұдыры  жойылып,  тура  сол 
қабылдағаныңдай 
есіңе 
түсіп 
отырады  екен.  Біз  де  жас  болдық, 
бақытымызды  жақсы  жардан,  ең-
бектен  табуға  талпынып  ғұмыр 
кештік.  Әсіресе,  алпысыншы  жыл-
дардың  басында  он  сегіз  жігіт 
Днепродзержинск  қаласынан  оқу 
бітіріп  келіп,  Теміртауға  жұмысқа 
орналасқан  кездер  есіме  жиі  оралады.  Сонда  ортамыздан  оза  шығып, 
бәріміздің  ұйытқымыз  болған  Нұрсұлтан  Назарбаев  еді.  Біз  Елбасымен 
сонау жас шағынан қатарласа келе жатқанымызды тағдырдың тамаша 
сыйы деп білеміз. 
Еңбек  жолымызды  Қазақстан  Магниткасы  аталған,  сол  кезде  жаңадан 
бой  көтерген  осы  қалада  бастадық.  Жап-жаспыз.  «Бойда  қайрат,  ойда  көз» 
болған  соң,  ешқандай  қиындыққа  мойымай,  алға  қойған  мақсатымызға 
жетуге  бір  кісідей  талпындық.  Әйтпесе,  оқу  бітіріп  келдің  екен  деп 
құрметтеп,  «қызыл  кілем  жайып»  қарсы  алған  ешкім  де  болған  жоқ.  Оның 
үстіне өзіміз мейрам күні, тұп-тура 1 мамырда жетіппіз. Тек 2-3 күн өткеннен 
соң  ғана  біздің  қайдан,  қалай  келгенімізді  қалалық  басшылық  анықтап, 
трестке  жіберді.  Жұмыс  жоқ,  жатақхана  мәселесі  шешілмеген…  Сондағы 
Нұрсұлтанның  бейнесі де әлі күнге көз  алдымда.  Ол  біздің оқудағы старос-
тамыз болатын. Осында келген соң да, бәрімізді жинап алып: «Не істейміз?» 
деген  өмірлік  маңызы  бар  үлкен  сұрақты  қойды.  Алғаш  жауап  берген  мен 
едім: «Елге қайтқан ұят болар. Бір жарым жыл оқыдым. Оқығаным зая кетпес 
үшін осында қаламын». Ұрымтал тұсқа дөп келген сөзге көпшілігі қосылды. 
Сөйтіп бәріміз де алғаш еңбек жолымызды қарапайым жұмысшылықтан бас-
тағанбыз.  Нұрсұлтан  мен  Сараның  танысатын  тұсы  осы  кез.  Еліміздің  Тұң-
ғыш Президентін Нұрсұлтан деп, мемлекетіміздің бірінші ханымын Сара деп 

 
17 
қана  сөйлеуім  біреулерге  сөкеттеу  де  көрінер,  бәлкім.  Дегенмен,  олардың 
жастық шағын айтатын тұста басқаша атау да табиғи шықпайтын сияқты. 
Бұл  таныстық  туралы  Нұрекең  кейін  өз  кітабында  былай  баяндағаны 
бар:  «…Сол  жылдардың  өмір  бойы  есте  қалатын  ең  бір  елеулі  оқиғасы  – 
болашақ  келіншегім  Сарамен  алғашқы  кездесуім.  Ал  бұл  кездесу…  бір 
апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Әдетте апат болып, металл 
жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап, теміржол қозға-
лысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Күні бойы боласың ба, 
тәулік бойы боласың ба, өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай 
қолайсыз  бір  сәт  еді  –  тәулік  бойы  дерлік  табанымыздан  тік  тұрған  кезіміз, 
тұла  бойымыз  қазанның  түп  күйесіндей  қап-қара,  тек  көзіміз  жылтырап, 
аппақ тісіміз ақсияды. Сол түні қосалқы электр станциясында кезекші болып, 
біздің  пешіміздің  түбінде  не  болып  жатқанын  көруге  келген  қызға  кез  бола 
кеттім». 
Нұрсұлтан бір күні маған: «Хорға барайық», деді. Мен түсінбей тұрмын. 
«Біздің мұнда келгендегі мақсатымыз – инженер болу еді ғой. Өзіміз таңер-
теңнен  кешке  дейін  ауыр  жұмыс  істейміз.  Оның  үстіне  жоғары  оқу  орнына 
түсу үшін дайындалуға да уақыт керек. Енді хорды қайдан шығардың?». Мен 
көнбегеніммен, «барайық» деп қиылып тұрып алған соң, ақыры дегені болды. 
Ол  кезде  Теміртау  қаласындағы  №110  кешкі  мектептің  залына  хор  айтуға 
қазақ  жастары  жиналатын.  Ұйымдастырушысы  кейіннен  Жоғарғы  Сот 
судьясы  болған  Кеңес  Жармағамбетовтың  зайыбы  Алтын  деген  кісі  еді.  Біз 
барған  соң  даусымызды  тексеріп,  тенорлардың  қатарына  жазды.  Бір  рет  ән 
салғанымыз  есте.  Үйірмеге  Сара  да  барады  екен.  Оның  даусы  сопрано. 
Сараны көргеннен соң барып Нұрекеңнің неге осында келуге бейіл болғанын 
түсіндім. Әрине, ол кісінің Сарамен алғаш қалай, қандай жағдайда ұшырас-
қанын әлгінде айттық. Бірақ, жай ғана ұшырасу осы хор үйірмесінен ұшқын 
атып,  әрі  қарай  үлкен  сезімге,  отбасының  діңгегі  –  мерейлі  махаббатқа 
айналғанын айтуымыз керек. Ол менің хорға алғаш және соңғы баруым еді. 
Нұрекең  де бармаған  шығар? Сол оқиға  туралы бүгінге дейін өзіне әзілдеп: 
«Бір барғаннан қалмадың ғой», деп айтып жүремін. 
1961 жыл Нұрекең үшін ең бір атаулы жыл деп білемін. Өйткені ол осы 
жылы жаз айларының бірінде Хельсинкиде өткен жастар мен студенттердің 
Бүкілдүниежүзілік  VIII  фестиваліне  қатысты.  Ол  өзі  төрт  жылда  бір  рет 
ұйымдастырылатын.  Нұрекеңді  осы  фестивальға  басшылық  емес,  ұжым 
жіберіп  еді.  Сол  кездерде  шешендік  қабілетімен  танылып  үлгерген  жас 
жігітті  ұжымның  да  таңдай  білуі  кездейсоқ  емес  деп  ойлаймын.  Нұрсұлтан 
Хельсинкиден  көп  өсіп  қайтты.  Қанша  дегенмен  шет  елді  көрді,  өзге 
жұрттың жастарымен ой-пікір бөлісті. Хельсинкиге бет алғанда ең алдымен 
Қарағандыға  алып  баратын  таксиге  Сара  екеуін  шығарып  салғаным  есте. 
Таксиге  мінейін  деп  тұрып:  «Қабдол,  елге  аман-есен  оралған  соң  Сараға 
үйленемін»,  –  деді.  Мені  Нұрекең  ғана  солай  атайды.  Қызық  болғанда  бұл 
оқиғаны  Сәкең  45  жыл  өткен  соң  барып  есітіпті.  Сөйтсем  «үйленейік» 
дегенді  болашақ  зайыбына  Хельсинкиден  оралған  соң  бір-ақ  айтқан  екен. 
Шынында да олар сол жылы күзде үйленді. Шағын той өтті. Ол уақытта оны 

 
18 
«комсомол  тойы»  дейтін.  Оның  жай-жапсары  Нұрекең  туралы  жазылған 
кітаптарда бар. 
Ол кезде көпшілігіміз бойдақпыз. Нұрсұлтан мен Сараның отауына жиі-
жиі  барамыз.  Жұмыстан  қарындары  шұрқырап  шыққан  жігіттерге  Сара  ас 
дайындайды. Содан думандатып, ән салып, қалжың айтып таң атыратынбыз. 
Осы  күндері  алпысыншы  жылдардың  жастары  қандай  жайдары,  жүйкелері 
темірдей мықты болған деп ойлаймын. Түні бойы отырсақ та, шаршамаймыз 
ғой.  Таңертеңгі  шайды  ішіп  алып,  қайтадан  жұмысқа  кетеміз.  Онымызға 
қабақ шытып, ыдыс-аяқ салдырлатып жүрген Сара тағы жоқ. Қашан көрсең 
ақжарқын  қалпында.  Әзіліңе  әзілмен  жауап  беріп,  орнықты  сөзге 
ұстамдылық  көрсетіп,  әрқашан  да  көңіліңді  тауып  тұрғаны.  Ол  үйге  жиі 
баруымыздың  бір  себебі,  екеуі  де  қонақжай,  сауықшыл  еді.  Қосылып 
қазақтың  небір  тамаша  әндерін  шырқағанда  қандай  қиыншылықтың  өзі 
жеңілдеп сала беретін. 
Сараны  сонау  бойжеткен  шағынан  бері  танимын  ғой.  Біздің  мекемеде 
қыздар аз болатын. Бірақ сол аздың өзі сүт бетіндегі қаймақтай өңкей жалын-
ды,  ақылды,  көрікті  бойжеткендер  еді.  Сол  топта  Сара  да  бар.  Нұрекеңнің 
көзі  жайдан-жай  түспеген  болар?  Үйленгеннен  кейін  де  екеуі  бір-бірін 
толықтырып, жарасымды жұп бола білді. 
Бір жылдан кейін бұл отбасы Комсомол көшесіндегі жаңадан салынған 
пәтерлеріне  көшті.  Онда  да  жиі-жиі  баратынбыз.  Небір  думанды  кештер, 
туған  күндер,  мейрамдар  тойланған  пәтер  ғой  ол.  Жас  кезінде  Сәбит  аға 
Оразбаев  та  сол  пәтерде  қонақ  болған.  Бір  күні  Нұрсұлтан:  «Біздің  үйге 
жүріңдер,  Сәбит  келді,  әнін  тыңдайсыңдар»,  деген  соң  араласып  жүрген 
кісілер бәріміз сол үйге жиналдық. Оразбаевтың жас кезі. Таң атқанша дом-
бырамен  ән  салды.  Әніне,  сәніне  тамсанып  біз  отырмыз.  Сара  қалтқысыз 
қызмет  етіп,  қайта-қайта  шайын  жаңалап,  ән  тыңдап,  ол  да  мәз  болып  жүр. 
Қанша  дегенмен  көп  нәрсе  әйелге  байланысты  ғой.  Егер  Сара  жылы  қабақ 
танытпайтын болса, біз ол үйге жиі жиналмас едік. Бірақ, отанасының ыстық 
пейілі бәріміздің басымызды бір жерде түйістіріп отыратын. 
Жаңа  үйге  көшкен  алғашқы  жылдардағы  бір  оқиға  есіме  түседі.  Менің 
әлі  үйленбеген  кезім.  Нұрекеңмен  бірге  тұрған  5-ші  жатақхананың  ескі 
тұрғыны  деген  атым  бар.  Бір  күні  бөлмеме  Нұрекең  келіпті.  Өзі  аздап 
ұрттаған, бірақ қызу емес. Құрылысшылардың ортасында болғанға ұқсайды. 
Комсомолдың  тапсырмасы бойынша  соларға  Хельсинкиде  болған  оқиғалар-
ды  баяндап,  көрген-білген  қызықтарын  бөлісу  үшін  арнайы  тапсырмамен 
жіберген  ғой.  «Біздің  үйге  барып  жата-жастана  әңгімелесейік»,  деген  соң 
үйге екеуміз бірге келдік. Сара есіктің алдында жүр екен. Далада сақылдаған 
сары  аяз.  Пальтосы  жұқа  болса  керек,  әбден  тоңыпты.  Жүзінде  реніштің  ізі 
бар.  Сонда  да  маған  байқатпаған  сыңай  танытып,  екеумізге  ас-суын  беріп, 
жақсылап  күтті.  Ішімнен:  «Е,  әйелімнің  алдында  сәл  жеңілдеу  болсын  деп 
әкелген  екенсің  ғой»,  деп  мен  отырмын.  Сараның  сондағы  ұстамдылығына 
тәнті  болдым.  Жаман  әйел  күйеуінің  досы  алдындағы  бедел-седелін  ойлап 
тұрмай, тіке кетуі мүмкін ғой. Оның үстіне бұл Нұрсұлтанның алғаш кешігіп 

 
19 
келуі  емес.  Өз  жұмысына  қоса  комсомолдың  тапсырмасы шаш-етектен.  Кез 
келген әйел ондай «кешігулерді» бірде түсінсе, бірде түсінбейтіні заңдылық. 
Әйел  ерді  ешқашанда  ашумен  жеңе  алмайды.  Тіпті  ерлерден  артық 
болуды көздеп, олармен іштей бәсекелестікке түскен әйелдер қанша жерден 
ердің жұмысын істеп, ермінезділік көрсеткенімен, ерден артық бола алмайды. 
Өйткені  оның  қаруы  –  қара  күш,  салқын  ақыл  емес,  оның  қаруы  –  мейірім, 
нәзіктік, сұлулық. Осы қасиеттерін жарқыратып аша білген әйел әр кезде де 
құрметті,  сыйлы.  Кезінде  талантты  жазушыларымыздың  бірі  Мұхтар 
Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу әйел – менің әйелім», деп жазды ғой. Ерінен он-
дай сөз есту үшін әйел өзіне тән қасиеттерін мейлінше таныта білу керек деп 
ойлаймын. Сондай-ақ, әйелдің жер бетінде ер адамдікіне мүлде ұқсамайтын 
өз  миссиясы  бар.  Ол  –  ана  болу,  ұрпағына  мейірім-шапағатын  төгу,  сол 
арқылы  жер  бетіндегі  қатыгездік,  жауыздық  атаулыны  өршітпей,  тепе-тең-
дікті  сақтап  тұру  деп  аталады.  Мен  Сараның  ұстамдылығының,  нәзіктігінің 
арғы жағынан жан-дүниесінің тереңдігін, еріне деген адалдығын көремін. 
Сара Алпысқызының ана болған кездері де көз алдымызда. Жалпы, Алла 
бала  тауып,  соны  бағып-қаға  білетін  кез  келген  әйелге  аналық  қасиетті  99 
пайыздан кем бермейді деп түсінем. Олардың бәрінің бойында аналық сезім, 
мейірім ғажап байқалады. Сәкең де өріктей-өріктей үш қыз өсірді. Қыздары 
инабатты, әрқайсысы да ақылына көркі сай боп бойжетті. Бұл жерде ананың 
рөлі  үлкен  деп  есептеймін.  Өйткені,  Нұрекең  ел  қамын  жеп,  басшы 
қызметтерде  жүрді.  Отбасының  жүгі  Сараның  мойнында  болды.  Ол 
қыздарының  әрқайсысы  үшін  қуана  білетін.  Достардың  арасында  аналық 
мақтанышпен онысын айтып та отыратын. Алғаш Дариғаға аяғы ауыр кезінде 
әлі сол Теміртаудамыз. Комсомолдардың кезекті бір кешіне үшеуміз бардық. 
Ән-биден бөлек әр кеште аукцион ұйымдастырылатын. Ең қызығы, аукцион-
ға  түскен  затты  ешкім  білмейді.  Өйткені  оның  сыртын  орап  қоятын.  Бұл 
жолы да сондай аукцион болды. Жүргізуші бір ораулы затты ұстап тұр. Алу-
шылар  әлгінің  бағасын  тиыннан  бастап  бір  рубльге  дейін  өсірді.  Бір  кезде 
біреу бір жарым рубль тікті. Оның соңын ала мен «бес рубль» дедім. Сөйтіп 
әлгіні мен сатып алдым. Өзім түнгі ауысымға баратын болғандықтан, тықыр-
шып  тұрғам.  Затты  Сараның  қолына  ұстата  салдым  да,  жұмысқа  кеттім. 
Кейіннен  Сара  айтады:  «Сен  сол  ораудың  ішінде  не  бар  екенін  де  білген 
жоқсың ғой. Үйге келіп, ішін ашып қарасам, картонға жапсырылған әріптер 
екен. Мен соны Дариға мектепке барғанша сақтадым». Әрине, қазіргі заманда 
бәрі  бар.  Көп  нәрселер  таңсық  болудан  қалды.  Ал  әлгі  картон  әріптер  ол 
кезде әжептеуір көрнекі құрал еді. Оның үстіне Сара аналық махаббатымен, 
әйелдік ұқыптылығымен әлгі затты жеті жыл сақтап тұр емес пе? 
Алматыда  Госснабтың  ғылыми-техникалық  басқармасының  бастығы 
қызметінде  жүрген  кездегі  оқиға  да  көз  алдымда.  Жұмыста  отырсам  Сара 
телефон  соғады:  «Бүгін  Әлия  теледидардан  ән  айтады.  Соны  көрші»,  дейді 
қиылып.  Онда  әр  нәрсенің  қат  кезі.  Теледидар  қазіргідей  әркімнің  үйінде 
кездесе бермейді. Мекемелерде бірінші бастықтың ғана кабинетіне сән беріп 
тұратын. Мен енді: «Теледидар көруім керек еді», деп төрағаның кабинетіне 
кірмейтінім  түсінікті  ғой.  Содан  тоғыз  қабатты  ғимараттың  подвалына 

 
20 
түстім.  Электриктердің  ермек  қылып  отырған,  экраны  кішкентай  ғана 
теледидары  болатын.  Сол  теледидардан  Әлияның  бір  мезгілде  пианинода 
ойнап  әрі  «Маусымжан»  әнін  құйқылжыта  орындағанын  көрдім.  Кейіннен: 
«Қалай, жақсы ма?»деп сұрайды ғой. «Керемет!» дедім. Сондағы алып-ұшқан 
ана  жүрегінің  дүрсілі  телефонның  арғы  жағында  болса  да,  әлі  күнге  кө-
кейімде қалыпты. Біздің жолдастардың арасынан ең алғаш немере сүйген де 
Нұрекеңдердің  отбасы.  Мен  бір  жолы  сұрағаным  бар  Сарадан:  «Немерелі 
болған  қандай  екен?»  –  деп.  Сонда:  «Алдымен  немерелі  болсайшы,  сосын 
көресің қандай тәтті екенін», дегені. 
Өмір  жолы  бұралаң.  Бұралаң  жолда  біреулер  өз-өзін  мүлде  жоғалтып, 
күресінде  қалады.  Ал  біреулер  өсіп,  көркейіп,  өзінің  де,  өзгенің  де  қамын 
жейтін деңгейге жетеді. Азаматтығын шыңдап, ұйымдастырғыш қабілетін да-
мыта түседі. Сараға келер болсақ, ол о баста, сол жас кезінде-ақ адамдармен 
тіл табысқыш, көмек көрсетуге даяр тұратын, ұйымдастырғыштық қабілетке 
ие  жандардың  қатарынан  еді.  Ол  қанша  дегенмен,  ауылда  өскен,  Алпыс 
секілді ортасында беделі бар, ел сыйлайтын жақсы әкенің тәлімін көрген қыз 
емес пе? Сондықтан да оның әрбір іс-әрекетінен дарқандықтың, қонақжайлы-
лықтың, көпшілдіктің лебі есіп тұратын. 
Одан  кейін  де  талай  заман  өтті.  Нұрекеңдердің  отбасы  Алматыда.  Өзі 
мемлекеттік  үлкен  қызметте  істейді.  Ал,  біздің  отбасы  Теміртауда.  Мен 
қалалық  партия  комитетінің  екінші  хатшысы  қызметіндемін.  Қырыққа 
жақындаған кезім еді. Негізі көпшілік қырық жасын тойлай бермейді. Мен де 
ескермегенсіп  қоя  салайын  деп  жүргенмін.  Бірақ  біз  күтпеген  оқиға  болды. 
Туған күнім қарсаңында Алматыдан Сара келе қалсын. Өзі мерекелік көңіл-
күймен  жүр.  «Неғып  жатырсыңдар,  қырыққа  келгенді  тойлау  керек,  тез 
қамданайық», деп өзі ұйымдастырып, туған күннің басты жоспарын сызып та 
қойды. Мен тура сол күні комсомолдардың жиынына қатысуым керек-тін. Ол 
өзі  түнгі  он  бір-он  екісіз  бітпейтін  ұзақ  мәжіліс.  Содан  ебін  тауып  ертерек 
шығып,  дос-жарандарды  жинап,  шүу,  қарақұйрық  деп  Топарға  бір-ақ 
тарттық.  Сол  жақта  жігіттердің  бірінің  демалыс  базасы  бар  еді.  Сол  жерде 
мен  қырық  жасымды  атап  өттім.  Топар  Қарағандының  арғы  жағында.  Одан 
түнделетіп  Теміртауға  қайтқанша  таңғы  сағат  бес  болды.  Теміртаудың  жа-
нындағы  ауылда  Сараның  төркіні  бар.  Біз  сол  жолы  оны  шығарып  салып, 
Теміртауға  таң  атқанда  келгенбіз.  Иә,  Сара  Алматыдан  келмегенде,  менің 
туған  күнім  тойланбайтын  еді.  Ол  да  бір  дариға-дәурен,  тап-таза  достық 
пейілдің шынайы көрінісі ретінде жадымда жаттаулы. 
Әлгінде  Сара  Алпысқызының  жас  кезінде-ақ  адамдарға  қамқор  қасиеті 
бар болғанын айттым ғой. Сол жылдар уақыт өте жетіліп, ұшталып, азамат-
тық  сипат  алды.  «Бөбек»  өмірге  аяқ  астынан  немесе  жарнама  үшін  келе 
салған қор емес. Оның негізі Сараның дарқан жүрегінде баяғыда-ақ салынып, 
іргетасы бекіп қойған деп айтуға болады. Ол үшін сәл шегініс жасайық. Біз 
мектепті бітірген 58-59-шы жылдары еліміздегі көптеген балалар үйлері мүл-
дем  қысқарып  кетпегенімен,  көптеп  жабылып  жатты.  Ашаршылықтың, 
репрессияның,  соғыстың  ауыртпалығынан  әлі  де  еңсесін  тіктей  қоймаған 
халқымыз  негізінен  соғыстың  кесірінен  жетім  қалған,  еш  кінәсі  жоқ 

 
21 
сәбилерді  бауырына  басты.  Өз  басым  асырап  алған  баласын  өз  баласынан 
кем  көрмей  бағып-қаққан,  жетілдірген  талай  адамдарды  білемін.  Отандас-
тарымыздың сол кездегі мейірімділігі, ертеңгі күнге деген үміті соншалықты 
зор  болатын.  Елдегі  бұл  жағдайды  Сараның  көрмеуі,  білмеуі  мүмкін  емес. 
Сондықтан  мынандай  тыныш  заманда,  соғыссыз-ақ  балалардың  тірі  жетім 
атанып, ал балалар үйінің қайтадан жауыннан соңғы саңырауқұлақтай қаптап 
кеткені  оның  да  жүрегін  шаншытқаны  анық.  «Бөбектің»  жұмысы  жетім 
балаларға  көмек  көрсетумен  ғана  тұйықталмайды.  Соның  ішінде  ауыр  нау-
қасқа  шалдыққандарды  шет  мемлекеттерде  емдетуге  де  көп  көңіл  бөліп 
отырған  бірден-бір  қор  осы.  Сәкең  осы  қор  арқылы  өзінің  адамсүйгіштік 
қасиетін  дәлелдеп-ақ  келеді.  Теледидардан  әр  шығып  сөйлегеніне, 
газеттердегі  сұхбаттарына  кәдімгідей  риза  болып  отырамын.  Бір  жылдары 
шет  мемлекеттерге  балаларды  асырып  жіберуге,  яғни,  шетелдік 
азаматтардың  жетім  балаларды  асырап  алуына  еркін  жол  ашылды.  Сол 
кездердегі Сараның шырылы газет беттерінен түспейтін. Ол өз балаларымыз-
дың  сыртқа  кетуіне  кәдімгідей  алаңдап,  қоғамдық  пікір  туғызып, 
қарсылығын  білдіріп  жүрді.  Қазір  енді  бұл  жағдай  біраз  саябырсыды  ғой. 
Жалпы,  ол  негізін  қалаған  қор  атының  «Бөбек»  деп  алынуында  да  мән  бар. 
Біз оларды қанша жерден жетім балалар, тастанды балалар деп, іштей аяушы-
лықпен қарағанымызбен, шын мәнінде олар еш кінәсі, күнәсі жоқ бөбек қой. 
Өмірде бөбектің пәк күлкісі мен тәтті қылығынан артық не бар дейсің? Енді 
сол  бөбектерге  жан  жылуын  сыйлап  жүрген  Сәкеңнің  аналық  мейіріміне 
қалай сүйсінбейсің? 
Соңғы  жылдары  Сара  Алпысқызы  айналысып  жүрген  ірі  жобалардың 
бірі   «Өзіңді  өзің  тану»  деп  аталады.  Қазір  бұл  жоба  бойынша  мектептерде 
арнайы  пән  жүргізіледі.  Осы  жоба  бойынша  Сәкең  кітап  та  жазды.  Оның 
негізгі мағынасы «Қайткенде адам қалады адам болып?» дейтін жауабы күр-
делі  үлкен  сауалдың  төңірегінде  жұртқа  ой  салу  десек  қателеспейміз.  Шы-
нында  да,  қазір  жер  беті  түрлі  ауыр  күнәлардың  ордасына  айналды.  Күніне 
қанша  мың  жазықсыз  адамдар  адам  қолымен  өлтіріліп,  аз  ғана  топтың 
ашкөздігінің кесірінен мыңдаған адамдар аштан қырылып, діни қақтығыс пен 
ымырасыздықтың  салдарынан  неше  мыңы  тірідей  жер  жастанып,  зинаның 
етек  алуынан  неше  мың  жасөспірім  қыздар  зорланып  жатыр.  Бұл  айтқанға 
оңай болғанымен, жүрекке салмақ түсіретін оқиғалар. Шоғырланған топтың 
зобырлығынан,  имансыздығынан,  ынсапсыздығынан,  ұятсыздығынан  мил-
лиондаған  қарапайым  бұқара  адамгершілік,  ар-ұятты  ойлап  емес,  ертеңгі 
күніміз  не  болады,  ертең  қандай  тамақ  жейміз  деп  өмір  сүретін  болды. 
Әлемді жаулаған осы бір сүреңсіздікті біздің еліміз қалай аттап өтсін? Біздің 
қоғамның  да  ішкі  рухани  проблемалары  аз  емес,  әсіресе,  адамдарда 
имандылық,  ар-ұят  категорияларының  екінші  кезекке  қарай  ысырылуы  өте 
нәзік әрі жақсылап саралауды қажет ететін күйде тұр. Біз бір кездері «жаным 
–  арымның  садағасы»  деген  өте  биік  ұғыммен  күн  кешкен  халық  едік,  енді 
ақшаның  арбауына  түсіп,  «бұлбұлдың  да  жемсауы  бар»  деп  өз-өзімізді 
ақтайтын  болдық.  Осы  тұрғыдан  алғанда  «Өзіңді  өзің  тану»  бағдарламасы 
адамның  адамгершілік  қасиеттерін  ұштап,  адамның  аңнан  айырмасы  сана-

 
22 
сында екенін, сол сананы жақсы, оң істерге пайдалану керектігін, сол сияқты 
адам  өзінің  жаман  қасиеттерін  де  біліп,  кез  келген  жағдайда  өз-өзін  ұстай 
білуін насихаттайды 
Елбасының әйелінің әрбір қадамы жұрттың көз алдында тұрады емес пе? 
Тырнақ астынан кір іздеу, түймедейді түйедей етіп жариялау – қарсыластар, 
бәсекелестер үшін түк те емес боп қалды ғой. «Ақпарат ғасыры» дегенді пай-
даланып,  кейбір  ниеті  жаман  адамдар  басымыздан,  бейнелеп  айтқанда,  қо-
қысты да жаудыра беретін болды. Ал «Өзіңді өзің тануға» келер болсақ, бұл 
әйгілі  Платон  шалдың:  «Өзіңді  өзің  таны»,  дейтін  ұлағатты  нақылымен 
үндес,  тамырлас  бастама.  Тек  адами  құндылықтарға  тәрбиелеп,  адамның 
адамгершілік  сезімін  оятуды  көздейді.  Шынында  қазір  жан-жағымызға  қа-
райықшы, белең алған қылмыстан жан түршігеді. «Қасқыр да қас қылмайды 
жолдасына»  демекші,  адамның  аңнан  да  төмен  болып  кететін  тұстары 
кездеседі.  Мен  жуырда  Малышевтің  «Мир  как  он  есть»,  Ламоновтың 
«Стратегия  нового  развития»  деген  кітаптарын  оқып  шықтым.  Екеуі  де 
профессорлар.  Тереңнен  толғап,  байыппен  пішіп  жазыпты.  Адамның  ең 
алдымен  өзін  тануы,  өз  табиғатына  үңілуі  әсіресе  осы  ғасырда  ең  қажет-
тілікке айналғанын олар да айтады. Сондықтан Сараның «Өзіңді-өзің таны» 
деп  бастама  көтеріп,  оны  мектептерге  пән  ретінде  енгізіп  жүргенін 
қолдаймын. Алла бұл істе оған қуат берсін. Бастаған ісін соңына жеткізердей 
мүмкіндік берсін! 
Маған  кейде  журналистер:  «Сіз  Назарбаевтар  отбасымен  көп  жылдан 
бері  араласып  келе  жатырсыз.  Назарбаев  Елбасы  атанды,  Сара  Алпысқызы 
бірінші  ханым  болды.  Осындай  дәрежеден  кейін  олар  бұрынғы  қарапайым 
қалыптарынан өзгеріп кеткен жоқ па?» деген мағынада сұрақтар қойып жата-
ды.  Алланың  таңдауымен  хан  болған  адам  түгілі  қарапайым  пенденің  өзі 
мінезін мың құбылтып, не өмір сүру стилін, достарын өзгертіп жатады. Өмір 
соған жетелейді. Санасы солай бұйрық берген соң сөйтеді. Сонда хан болған, 
ханым болған адам неге өзгермеуі тиіс? Әрине, олар да өзгерді. Олар жақсы 
жағына  қарай  өзгерді.  Өркөкіректеніп  кеткен  жоқ.  Көбінесе  ел 
басшыларымен,  жоғары  қауым  өкілдерімен  араласатын  болғандықтан, 
бекзаттық  қалыптастырды.  Мен  мұны  бұрын  оларда  ондай  жоқ  еді  немесе 
олар тым қарапайым еді дегенге меңзеп отырған жоқпын. Керісінше, екеуі де 
елден  ерек  мінез-құлықтың,  адами  асқақ  болмыстың  иелері  болатын.  Бірақ, 
бірі елін-жерін жаудан қорғаған атақты Қарасай батырдың сегізінші ұрпағы, 
екіншісі Арқа өңірінде мол дәулетімен танылған Қонақайдай атақты байдың 
немересі болғанымен, олардың өздері өмір сүрген уақыт Кеңес Одағы тұсына 
тура келді де, тұрмыстарында қарапайымдылықтың болғаны жасырын емес. 
Оның  үстіне  сол  кезде  енді  ғана  қалыптасқан  Теміртауда  көп  жылдарын 
өткізді.  Тіпті  Алматыға  алғаш  келген  кездері  туралы  Дариғаның  өзі  жазды 
емес пе? «Бізді қалай қарсы алғанына отбасымыз ренжіп қалды. Алматыдағы 
жаңа үйімізге партиялық бастықтар бас сұққанда, олардың әйелдері біздің ар-
занқол  ыдыс-аяғымыз  бен  көйлек-көншектерімізге  көңіл  қалдырарлықтай 
ескертулер  жасады.  Бізді  мына  шеңбер  қабылдамайтындай  сезіндік».  Бұл 
Назарбаевтар  отбасының  Кеңес  өкіметі  тұсында  дүниеге,  сән-салтанатқа 

 
23 
онша қызықпағанының арқасында айтылған сөздер ғой. Бірақ, тәуелсіздік тұ-
сында  бәріміз  де  өзгердік.  Өмірге,  қоғамға  көзқарасымыз  өзгерді.  Кеңес 
кезіндегі  ынсапсыз  адамдар,  солардың  ұрпағы  сол  күйлерінде  қалып,  елді 
тонаумен айналысып жатқанда тәуелсіздіктің арқасында санасы жаңа сатыға 
көтерілген адамдар елдің болашағының картасын сызып отырды. 
Жақында ғана Данияр Әшімбаев «Кто есть кто» деген кітапта: «Екінші 
Назарбаев  қолма-қол  болмайды»,  деп  жазыпты.  Мен  де  осы  ойға  келісемін. 
Елбасының  жолдасы  болғаным  үшін  емес,  өмір  көрген,  жақсы-жаманды 
ажырататын адам ретінде оған әзірге балама жоқтығын анық айтамын. 
Әрине,  Сара  туралы  айтқанда  оның  жан  жары  Елбасыны  айтпай  кету 
мүмкін емес қой. Сосын да тоқтап, орайын келтіріп әңгімелеп жатқаным. Өз 
басым бұл  екеуіне қызыға қараған,  тілектес болған  жолдастарының  қатары-
нан  көрінгенімді  мақтан  тұтамын.  Әсіресе  жас  кезіміздегі  Назарбаевтар 
отбасымен  араластықты  сағына  еске  аламын.  Бұл  тек  бір-екі  жастардың 
басын  қосып,  мейрамдатып  жүретін  емес,  адал  көңілдерінің  арқасында 
кәдімгідей  көптеген  жолдастарының  бақытына  куә  болған,  көпшілігімізді 
көптеген  жақсы  адамдармен  таныстырған  берекелі  де  мерекелі,  дастарқаны 
кең,  жомарт  отбасы  еді.  Сондықтан  қазір  жас  келіп,  жылдар  өзінің  аларын 
алған тұста қарым-қатынасымыз біраз сирегенімен, жастық шақтың қызу да 
қызық  күндері,  әсіресе  Сараның  ақжарқын  мінезі,  шынайы  болмысы,  әзіл-
қалжыңға да шебер елгезек ақылы осы күнге дейін көз алдымда. Сара туралы 
бір  мақала  жазу  аздық  етеді,  ол  жайында  кітап  жазу  керек  деп  ойлаймын. 
Қалың  қазағы  елдің  бірінші  ханымы  туралы  білсін,  өнегелі  өмірінен  үлгі 
алсын. 
Ең  бастысы  –  бүгін  өмірінің  өрелі  белесіне  көтеріліп  отырған  Сара 
Алпысқызы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
әлемдік  деңгейдегі  дара  саясаткер  болып  қалыптасуына,  бар  күш-жігерін, 
білімі  мен  білігін,  ел  мүддесіне  алаңсыз  арнауына  бар  жағдайды  жасау 
арқылы  мемлекетіміздің  мығымданып,  тәуелсіздігіміздің  тұғырлануына 
үлкен үлес қосты. 
Еріне қызмет еткен әйел еліне де қызмет етеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет