Основы имиджеологии на примере Первого Президента


(Са-News).  Манфред ГРУНДА, Бундестаг депутаты



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#7897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

(Са-News). 
Манфред ГРУНДА, Бундестаг депутаты: 
Қазақстан  Президенті  мен  Конституциялық  Кеңес  шешімі  кеңінен 
қолдау  табуда.  Ол  демократиялық  принциптерден,  ең  алдымен,  саяси 
жауапты  басшыларды  бірқалыпты  дауыс  беру  нәтижелері  бойынша  сайлау 
қажеттілігінен бас тартуға жол бермейді. 
31  қаңтарда  Конституциялық  Кеңес  Президент  өкілеттігін  ұзарту 
жөнінен жоспарланған референдум ел Конституциясына сәйкес келмейді деп 
хабарлады. Одан кейін Президент Назарбаев референдум орнына мерзімінен 
бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды. 
Президенттің  шешімін  Конституцияның  демократиялық  принциптеріне 
адалдық ретінде  бағалаған  жөн.  Қазақстан  модернизация  жолымен дамыды, 
табыстар,  әсіресе  бұрынғы  Кеңес  одағының  өзге  елдерімен  салыстырғанда, 
көзге  көрініп  тұр.  Мемлекет  басшысы  елде  тұрақтылықты,  экономикалық 
және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етті. 
Саяси реформалармен  байланыстыра отырып, осы  прогресті  болашақта 
да  қамтамасыз  ету  қажет.  Президент  Назарбаевтың  шешімі  осы  бағыттағы 
жолды жалғастыра алады. 
(Германиядағы  билеуші  ХДС/ХСС одағы  фракциясы  Атқарушы 
хатшысының баспасөз үшін мәлімдемесі). 
 

 
52 
 
 
 
БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ! БІЗДІҢ 
ЕР ОСЫНДАЙ! 
  
Сауытбек Абдрахманов, 
«Егемен Қазақстан» республикалық 
газеті» ашық акционерлік қоғамының 
президенті 
 
            Егемен Қазақстан, 4 сәуір
 
2011ж. 
 
Бүгін,  4  сәуірде  таңертең  Орталық  сайлау  комиссиясы  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  кезектен  тыс  сайлауының  алдын  ала 
қорытындыларын жария етті. Иә, бүгін. Ел басшысын сайлаудың ересен 
мәнділігін ескеріп, біз ел газетінің арнаулы шығарылымын дайындауды 
ұйғардық.  «Егемен  Қазақстанның»  бұл  саны  дүйсенбіде  жарық  көріп 
отыр.  90  жылдан  асқан  тарихында  газетіміз  ешқашан  дүйсенбіде 
шықпаған екен. 
Орталық сайлау комиссиясында жаңа ғана, таңғы сағат 10-нан 7 минут 
өткенде  аяқталған  брифингте  кешегі  сайлауда  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
кандидатурасын  қолдап  сайлаушылардың  95,5  пайызы  дауыс  бергені 
хабарланды. 
Солай.  95,5  пайыз  қолдаған.  Бұл  көрсеткіштің  мән-маңызын  толық 
пайымдауға  біраз  уақыт  керек.  Осы  сайлауда  жастардың  ерекше  қайрат 
көрсеткенін, бұрынғы сайлаулар тұсындағы самарқаулықтан арылып, қоғам-
дық белсенділіктің ғажап үлгісін танытқанын ғана бөле айта тұрайық. Егемен 
елдің ертеңі өз  қолдарында екенін, Елбасы басшылығымен жасалып жатқан 
жұмыстың  бәрінің  игілігін  өздері  көретінін  сезінді  жастарымыз.  Біз  кеше, 
2011  жылдың  3  сәуірінде  қазақ  жерінде,  қазақ  елінде  шын  мәнінде  орасан 
оқиға  өткенін  қазірдің  өзінде  айта  аламыз.  Неліктен  олай  айтамыз?  Сайлау 
қай  елде  өтпей  жатыр?  Талай  елде  президенттер  сайланып,  талайы  қайта 
сайланып  жатқан  жоқ па?  Иә, өтіп жатыр.  Иә,  сайланып  жатыр.  Иә,  талайы 
қайта сайланып жатыр. Онда неге орасан оқиға дейміз? 
Кезінде бір мақалада былай деп жазғанымыз бар еді: 
«Нұрсұлтан  Назарбаев  әлем  тарихында  бұған  дейін  бірде-бір  адам 
қабылдай  алмаған  шешімді  тіпті  тәуелсіздік  қолға  тимей  тұрған  шақтың 
өзінде қабылдап, адамзатты айран-асыр қалдырған болатын. 
Бүкіл  әлем  тарихы  –  соғыс  тарихы,  қарулану  шежіресі.  Мыңдаған 
жылдар бойы адамдар адамдарды қырып-жоюдың жаңа жолдарын ойлап табу 
үшін  жанталасты,  мемлекеттер  жойқын  қару-жарақты  көбейткен  үстіне 
көбейтуге  ұмтылды.  Мыңдаған  жылдар  бойы  халиф,  хан,  патша,  король, 
император, генсек атаулының бәрі өз елінің бес қаруы бойында болуын, жат 
жұрттықтарды жаппай қырып-жоюға дайын тұруын көздеді. Тек бір ел ғана 
жаңа  қаруға  ұмтылу  былай  тұрсын,  қолына  келіп  түсіп  тұрған  аса  алапат 

 
53 
қарудан  өз  еркімен  бас  тартты.  Тек  бір  ер  ғана  айрықша  айбын  болатын 
қатерлі қарудың өңешіне өз қолымен құм құйды. 
Ол елдің аты – Қазақстан. Ол ердің аты – Нұрсұлтан». 
Сол  сөзді  енді  міне  еліміздегі  Президент  сайлауына  орайластырып  та 
айта аламыз. Айта алатынымыз – алағай-бұлағай мынандай заманда әлемнің 
бірде-бір  елінде  сайлауға  сайлаушылардың  тоқсан  пайызға  жуығы 
(айтқандай,  ол  көрсеткіштің  әлі  сәл  өсуі  де  мүмкін:  шалғай  аудандардағы, 
шетелдік  елшіліктердегі  сайлау  мәліметтері  қазірше  толық  алынбаған) 
қатыса қоймайды. Айта алатынымыз – басшы атаулының бәрінің дерлік бәсі 
түсіп тұрған мынандай заманда әлемнің бірде-бір елінде дауыс берушілердің 
тоқсан пайыздан астамы тек бір адамды қолдай қоймайды. 
Мұндай  феномен  тек  Қазақстанда  болып  отыр.  Мұндай  феноменді  тек 
Назарбаев қана жасай алып отыр. 
Не  нәрсе  де  адамның  пейіліне  қарай  беріледі  дейміз  ғой.  Не  болсын 
халыққа  да  пейіліне  қарай  беріледі.  Өткен  жылдың  соңындағы  Астана 
Саммиті күндерінде біз ежелгі қазақ жері Алланың Назары түскен, Құдайдың 
Нұры  төгілген  мекен  екеніне  тағы  бір  көз  жеткізгендейміз.  Әншейінде 
қарашаның басынан-ақ қыс қаһары қатайып алатын елордамызда желтоқсан 
жеткенше, Саммит басталғанға дейін жаймашуақ ауа райы орнап тұрғаны да, 
дәл шетелдік делегациялар басшыларының ұшақтары қонатын күні аспанның 
айдай ашық болғаны, Саммит өткен күннің ертеңінде-ақ Арқаның ақ бораны 
түтеп кеткені де осылай ойлауға мүмкіндік береді. 
Саммит аяқталған күні Қазақ елі сапалық жаңа белеске ауысты – біздің 
мемлекетіміз,  тәуелсіздік  алғанына  20  жыл  да  тола  қоймаған  жас 
мемлекетіміз  енді  әлемдік  саясаттың  бұрынғыдай  сырттай  бақылаушысы 
болмайтыны  былай  тұрсын,  тіпті  белсенді  қатысушысы  ғана  болмайтыны 
былай  тұрсын,  сол  саясатты  қалыптастырушы  мемлекеттердің  қатарына 
қосылды.  Осы  арқылы  Қазақстан  дүние  дидарын  айқындайтын 
мемлекеттердің  қатарына  қосылды.  Осы  арқылы  Назарбаев  жаһандық 
саясатқа әсер-ықпал жасай алатын әлемдік тұлғалар қатарына қосылды. 
Баға  деген  салыстырмалы  нәрсе.  Бағаның  бағасы  ол  бағаны  кімнің 
беруіне байланысты. Біреудің керемет дегенінен біреудің жаман емес дегені 
артық  шығуы  да  мүмкін.  Өз  басымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевқа  әлемнің  ірі 
тұлғаларының аса жоғары баға бергенін талай рет естігенбіз. Солардың бірі – 
Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе. Өткен жылдың мамырында 
Тбилисиде  сұхбат  алғанымызда  Эдуард  Амвросевич:  «Казахстан  –  великое 
государство. И руководит им великий человек», деген болатын. Осыдан сегіз 
жыл  бұрын  Шыңғыс  Айтматов  бізге  берген  сұхбатында  «Назарбаев  –  ха-
лықтың бағы» деген сөз айтты. 
Бұл сөздің ақиқаттығына халқымыз әу бастан-ақ сенген. Қазақстан Еуро-
паға төбебилік жасап, ЕҚЫҰ сынды беделді ұйымға тамаша төрағалық етіп, 
осы Ұйымның 11 жылдан бері шақырылмай келе жатқан Саммитін Астанада 
жоғары деңгейде өткізгеннен кейін бұл сөздің ақиқаттығына енді бүкіл әлем 
сенді. Кешегі сайлау, ондағы Елбасымыздың жарқын жеңісі бұл биік беделді 
одан сайын бекіте түсетін болады. 

 
54 
Иә,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  халықтың  бағына  туған  перзент  екендігі 
ендігі жерде ешқандай талас тудырмайды. 
Нұрсұлтан  Назарбаев,  шын  мәнінде,  мүмкін  емес  дерліктей  істерді 
жүзеге  асыра  алған,  тарихта  талай  есесі  кеткен  туған  елінің,  арғы 
ғасырлардағы  бодандықты  қозғап,  боздамағанның  өзінде,  осыдан  небәрі 
ширек  ғасыр  ғана  уақыт  бұрын  басқаруға  Мәскеу  көлденең  көк  аттыны 
жібере салатын елінің етектегі басын төрге шығарып берген адам. Қайталап 
айтсақ,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  адамзат  тарихынан  ойып  тұрып  орын 
алатын тұлғалар тобынан табылатыны қазірдің өзінде айдай әлемге айқын – 
жиырма жылға да жетпейтін уақыт ішінде қирандыдан, құландыдан мемлекет 
құру,  қоғамды  бір  формациядан  екінші  формацияға  ауыстыру,  өтпелі 
кезеңдегі  қиыншылықтардан  есеңгірей  жаздаған  халықты  тар  жол,  тайғақ 
кешуден аман-есен алып өту, елдің еңсесін көтеру, аяғынан тік тұрғызу, бір 
емес  екі  бірдей  әлемдік  қаржы  дағдарысы  тұсында  мемлекетті  қиындыққа 
ұрындырмай, қайта бұрынғыдан да ширатып, шынықтырып шығару, алыс та, 
жақын да, Батыс та, Шығыс та мойындайтын, санасатын, құрметтейтін елге 
айналдыру, сан түрлі себептерге байланысты бірнеше ғасыр бойында дүние-
жүзілік өркениеттен шеттетіліп қалған елді жер-жаһанға таныту, тіпті ЕҚЫҰ 
тарихында тұңғыш рет азиялық мемлекет, тұңғыш рет ТМД мемлекеті, тұң-
ғыш  рет  халқының  негізгі  бөлігі  мұсылман  дінін  ұстанатын  мемлекет,  тұң-
ғыш  рет  түркі  тілдес  ұлт  ұйыстырып  отырған  мемлекет  Еуропаға  төбе  би 
болатындай  биікке  көтеру,  56  елдің  басын  біріктіретін  ұйымға  тамаша 
төрағалық жасау, онымен де шектеліп қалмай, сол ұйымның 11 жылдан бері 
шақырылмай  жүрген  Саммитін  ұйымдастыру,  аса  күрделі  форумды  осын-
дайлық  абыроймен  өткізу,  Астана  Декларациясының  қабылдануына  қол 
жеткізу, өз елін дүниені дендеп тұрған дағдарыстар дауылында, мазасыздық 
мұхитында  нағыз  тұрақтылық  аралына  айналдыру,  мемлекеттің  ішкі  жалпы 
өнімінің  көлемін  12  есеге  дерлік  асыру,  жиырма  жыл  бойы  халқына  оқтың 
даусын  бір  естіртпей,  таңын  тыныш  атырып,  кешін  тыныш  батыру  тек 
ұлттың  ұлы  перзентінің  ғана  қолынан  келеді.  Мұны  ашық  айту  –  біздің 
ақиқат алдындағы парызымыз. 
Назарбаевтың  есімі  қазірдің  өзінде  әлем  тарихынан  ойып  тұрып  орын 
алды. Қазақстан төрағалығы арқылы Еуропа мен Азияның арасындағы, Батыс 
пен Шығыстың арасындағы, христиандық пен мұсылмандықтың арасындағы 
мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан алып дуалды, қалың қабырғаны құлату 
үдерісі басталды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаткер ретіндегі тын-
дырар ең ірі ісі де, әлемдік тарихта қалдырар ең ірі ізі де осы болуы мүмкін. 
Оңайлықпен  біте  қоймайтын,  тіпті  ондаған  жылдардың  ішінде  де  аяқтала 
қалмайтын бұл үдерістің де әуелде қазақ даласында басталғанын, оны қазақ 
баласы  бастағанын  алғыскер  адамзат  разылықпен  еске  аларына,  біздің 
ұрпақтарымыз мақтанышпен айтарына сенгіміз келеді. 
Еліміздегі  реформалардың  жүйелі  де  жемісті  жалғасуы  үшін,  бүкіл 
әлемде  құрметке  бөленген  ішкі  және  сыртқы  саясатымыздың  сабақтастығы 
үшін,  қоғамдық  тұрақтылығымызды  берік  бекемдей  түсу  үшін, 
мемлекетіміздің әлемдегі беделінің бұдан да биіктеуін қамтамасыз ету үшін, 

 
55 
халқымыздың бірлігін нығайта түсу үшін бізге биліктің баяндылығы ауадай 
керек  еді.  Бұл  ең  алдымен  біздің  өзіміз  үшін  керек  еді.  Бұл  біздің 
келешегіміздің кепілді, болашағымыздың баянды болуы үшін керек еді. Дәл 
солай болды да. Халқымыз осы жылдар ішінде ұлы көшті сенімді бастап келе 
жатқан ұлына тағы сенім көрсетеріне титтей де күмән келтірмегенбіз. Соның 
өзінде де 3 сәуірдегі ел халқы танытқан азаматтық белсенділік, Елбасын дәл 
мұндайлық  қолдау  таң  қалдырып,  тәнті  еткізеді.  Бұл  жайында  кеше  түн 
ішінде  «Нұр  Отан»  партиясының  орталық  аппаратында  сөйлеген  сөзінде 
Нұрсұлтан  Әбішұлы:  «Ел  басқарған  адамға  бұдан  артық  қандай  марапат 
керек?!» деп разылықпен айтты. 
Кешегі  өткен  сайлауда  Елбасының  елдің  тағы  бір  сынына  түскені  рас. 
Сонымен бірге кешегі сайлауда біздің елдігіміз, ауызбірлігіміз, әлем таныған, 
мойындаған,  құрметтеген  басшымызды  қадірлеуіміз,  ең  бастысы  –  басы-
мыздағы бақтың бағасын білуіміз сынға түскені де рас. Ел халқы елдіктің бұл 
сынынан  да  абыроймен  өтті.  Қадым  заманнан  қағанын  қадірлеп,  ханын 
қасиет тұтқан, басшысына тақ тұратын елдің басына бақ тұратынын білетін 
халқымыз  тағы  да  биіктен  көрінді.  Елбасы  жеңісі  –  елдіктің  жемісі.  Кешегі 
сайлау  нәтижелері  тіл-көзден  сақтасын  дегізетіндей.  Мынандай  сайлаудан 
кейін қазақтың ауызбірлігі бекем емес, біз әлі ұлт болып ұйи қойған жоқпыз 
деген сыңайдағы сөздің бәрі артық екендігін айтудың өзі артық. Елдің бұдан 
артық біртұтастығын көзге елестету мүмкін емес. 
Алаш  баласының  атқа  мінген  азаматты  ардақтайтын  асыл  дәстүрлеріне 
адалдығын  айғақтаған  ағайыннан  қалай  ғана  айналып  кетпессің!  Асылды 
айнытпай танитын халқымыздың даналығына қалай ғана бас имессің! «Мен 
өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын» деп, міне жиырма 
жыл  бойы  аттан  түспей,  ауыздықпен  алысып,  жасампаздық  жорығында 
жүрген Елбасымыздың ел үшін еткен еңбегін, ерен ерлігін қалай ғана құрмет 
тұтпассың! 
Біздің Ел осындай! Біздің Ер осындай! 
Жеңісіңіз құтты болсын, Нұрсұлтан Әбішұлы! 
Жеңісіміз құтты болсын, ардақты ағайын! 
 
  
 
 
 
 

 
56 
 
 
 
САЯСИ МЕКТЕП САЛТАНАТЫ 
  
Ғарифолла Есім, 
               сенатор, академик 
 
            Егемен Қазақстан, 6 сәуір
 
2011ж. 
 
Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – саяси 
мектеп қалыптастырған тұлға. Саясат дегенім – өнер, ол қоғамды, мемлекетті 
басқару өнері. Адамның қасиеттері тумысынан бастау алады десек, бұл өнер 
де  Елбасының  тума   қасиеті.  Саясат  қат-қабат  феномен.  Ол  –  сана,  теория 
және тәжірибе болып жіктеледі. Және де қоса айтарым,  Тұлғасыз саясат жоқ. 
Тұлға болмысы сөзбен ғана емес, іспен анықталмақ. Сөзі мен ісі бір жерден 
шыққан  саяси  тұлға  ел  құрметіне  бөленіп,  идеялас  жақтастарын  күн  санап 
арттырып,  нағыз  көшбасшыға  айналып,  өзіне  де,  еліне  де  өріс  ашпақ.  Осы 
өрісті біз саяси мектеп деп атаймыз. Саясат қоғамның тынысы. Қоғамның да 
адам  сияқты  тынысы  тарылатын  кез  болады.  Ондай  жағдайда  қоғамда  ізгі 
ниет, мақсаттағы биік идеялармен қатар тобырлық сана, психология да бірге 
бой көтермек. 
Жаңа  саясат  бастап,  оны  аяғына  жеткізе  алмай  дағдарысқа  түскен 
Михаил Горбачев үлгі емес. Ол тез арада тарихи Тұлғаға айналып сала берді. 
Көп  ұзамай  «Қайта  құру»  саясатының  естелігі  ғана  қалды.  Демек,  оның  ісі 
өткен  күн.  Михаил  Горбачевтің  ендігі  саясатында  жасампаздық  жоқ  екені 
баршаға  аян  болып  үлгерді,  жұрт  енді  онымен  өз  болашағын  өлшемейтін 
болды. Михаил Горбачевтің саяси қуаты тез сарқылды. Олай болмасқа басқа 
амал  да  жоқ  болатын,  ол  коммунист  әрі  социалист  еді.  Ол  социализм 
шеңберінен шығып ой-сана құра алмады. Оған еш мүмкіндігі де болмады. Ол 
тұйық Тұлға болып қала берді. Михаил Горбачев өткенге бұрылып қарағанға 
ғана қажетті Тұлғаға айналды. Ол қоғам болмысынан коммунистік партиямен 
кеңестік  социализмді  де  өзімен  бірге  ала  кетті.  Михаил  Горбачев 
социалистік,  кеңестік  дәуірдің  соңғы  президенті  ғана  емес,  ол  сол  дәуірдің 
соңғы аялдамасы. 
Одан  кейінгі  тарихи  тұлға  Борис  Ельцин.  Ол  ескі  кеңестік-социалистік 
дәуір  мен  жаңа  Ресейдің  арасындағы  көпір  бола  білді.  Ол  Ресейдің  тұңғыш 
президенті  болғанымен,  бұл  елдің  жаңа  замандағы  Петр  І-і  бола  алды  ма? 
Пікірлер  сан  алуан.  Мүмкін,  бағалау  үшін  әлі де  уақыт керек шығар.  Борис 
Ельцин  бейнесі  әлі  көз  алдымызда.  Мұндай  жағдайда  ақиқатқа  жету  қиын. 
Мүмкін,  уақыт  өте  сұрыпталып,  тарихқа  қажеттісі  ғана  қалмақ,  сол  кезде 
Тұлға болмысы да айқындалмақ. 
Борис Ельцин Тұлғасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлгі бола алды 
ма? Ол үшін мына сұраққа жауап іздейік. Борис Ельцин Ресейде саяси мектеп 
қалыптастыра алды ма?  Немесе саяси мәдениеттің деңгейін көтере алды ма? 

 
57 
Бүгінде саясатта Ельцин дәстүрі бар ма? Бар болса, қалай көрінуде? Жоқ 
болса, неге жоқ? Осы сауалдарға жауап беру мақсатындағы ізденістен оның 
Тұлғасының Нұрсұлтан Назарбаевқа әсерін анықтауға болар. 
Мен  Борис  Елциннің  «Президенттік  марафон»  деген  мемуарын  оқып 
шығып,  бұл  сауалға  жауапты  таппадым.  Аңғарғаным,  Нұрсұлтан  Назарбаев 
ешқашан  Борис  Ельциннің  айтқанымен  жүрген  жоқ,  ол  онымен 
жақсы әріптестік қарым-қатынаста  болды.  Ресейдің  тұңғыш  президентінің 
мінезі,  қылығы,  қарекеттері,  сөздері  өзгеше  өлшемдерді  қажет  ететін 
жағдайлар. 
Сөздің  реті  келіп  тұрған  соң  айта  кетейін.  Қазіргі  заман  тарихында 
Михаил Горбачев пен  Борис  Ельциннің  тарихи орындары  ерекше  Тұлғалар. 
Бұлар  бірін-бірі  толықтырған  адамдар.  Михаил  Горбачев  «Қайта  құру»  сая-
сатымен қатып жатқан коммунистік тоңды жібітуге саяси мүмкіндіктер ашса, 
СССР-ді  тарих  бетінен  өшіруге  Борис  Ельцин  бел  шеше  кірісіп,  ақыры  ол 
міндетті орындап шықты. 
Екеуі  дүрдараз  болғанымен,  тарихи  істі  бірі  бастап,  екіншісі  аяқтап 
шықты. Борис Ельцин билікті толық меңгере алмады, билік оны жеңді, бірақ 
ол жеңілісін ашық мойындады, ол да ерлік еді. 
Міне, көріп отырсыз, үлгі іздеп үнемі сол жаққа қарайтын едік, ол жақта 
үлгі немесе үлгі тұтар саяси Тұлға болмады. Әрине, Елбасының үлгі алар екі 
нәрсесі болды. Олар, біріншіден, туған халқының қилы-қилы тарихы, азаттық 
жолындағы  ерлікке  толы  мол  тәжірибесі,  ата-бабаларының  даналық  ой-
пікірлері,  аталық  қағидалары,  ата-баба  алдындағы  азаматтық  борышы.  Бұл 
сезім,  сана  Елбасын  талай  қиыншылықтардан  алып  шыққанын  өзі  жазған 
кітаптарынан оқып жинақтап айтып отырмын. 
Екіншіден,  үлгі  тұтқан  тарихи  тұлға  хан  Абылай,  тағы  басқа  ел 
көсемдері.  Абылай  хан  үш  жүздің  басын  біріктіріп,  Ресей  мен  Қытай 
арасындағы  саясаттың  өрісінде  болса,  Қазақ  елінің  Тұңғыш  Президенті 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  та  Ресей  мен  Қытай  елдері  арасындағы 
шекараларды  тұңғыш  рет  халықаралық  құқықтық  негізге  түсіріп,  әлемді 
аузына қаратқан саяси Тұлғаға айналды. Ол жөнінде сарапшылар айтуда. Ал 
1991  жылы  бәрін  жаңадан  бастау  қажет  болды.  Бұл  жөнінде  Қазақстан 
Республикасы  Парламенті  Сенатының  Төрағасы,  таяуда  ғана  әлемдік  дең-
гейдегі  қызмет  лауазымына  жоғарылаған   Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 
мынандай жүрекжарды сөзін келтірген орынды. 
«Қазіргі  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  болуды  және  оның  негізін 
қалауды Нұрсұлтан Назарбаевқа тағдырдың өзі бұйырды. Мемлекет құраушы 
халық – қазақтар – тұрғындардың қырық пайызынан сәл ғана асатын уақытта 
ол  республиканың  тәуелсіздігін  жариялады.  Дербестік  алған  мемлекеттің 
экономикасы  болса,  дағдарыстың  терең  иіріміне  батқан  еді.  Аумағы  аса 
үлкен  болғанымен,  сырттың  солақай,  әрі  бүлдіруші  ықпалына  ұшырауы 
ықтимал жас елдің келешегі күңгірт көрінген. 
Қазақстанның  болашағы  жайында  теріс  сәуегейлерге  қанша  жерден 
өкпе-ренішіңді  білдіргенмен, олардың айтқанын  ақиқаттан  алыс дей  қою да 

 
58 
қиын. Өйткені, олар өз болжамдарын жоқ жерден жасамады: елдің ішкі және 
сыртқы жағдайына мұқият талдау жасап барып осындай тұжырымға келген. 
Американың  белгілі  саясаттанушысы  З.Бзежинский  Орталық  Азиядағы 
көшбасшы  рөлін  Өзбекстанға  бұйыртқаны  белгілі.  Оның  пікірінше,  Қазақ-
станның  шекарасының  ашықтығы,  Қытай  мен  Ресей  алдындағы 
«дәрменсіздігі»,  күрделі  демографиялық  ахуалы  жас  мемлекеттің  әлсіреуіне 
әкелмек. М.Горбачев та Қазақстанды қабілетсіз мемлекет санап, болашағына 
сенбеді,  ал  оның  бұл  көзқарасын  көптеген  саясаттанушылар  қолдағаны  рас. 
(Қасым-Жомарт Тоқаев. Нұр мен көлеңке. А., 2008. – 576 б, 199-200-бб.) 
Анығында, жаңа саясат неден басталып еді? 
Екі нәрседен: Арылудан және Жасампаздықтан. 
*  *  * 
Арылу деген қиын болды. 
Біріншіден,  халық  шаруашылығын  ескі  тәсілдермен  басқаруды 
тоқтатып,  жаңа  экономикалық  басқару  әдістерін  қолдану  қажет  болды,  ол 
үшін  жаңа  тұрпаттағы  кадрлар  керек  еді.  Олар  өте  тапшы.  Кеңес  кезінде 
қалыптасқан халық шаруашылығының ескі құрылымдары қирай бастағанда, 
оларды қорғаушылар қарсылықтар көрсетті, кедергілер жасады. Нарыққа өту 
қажеттілігін түсінбегендер де жеткілікті болды. 
Екіншіден,  жетпіс  жыл  бойы  санаға  сіңдірілген  социалистік, 
коммунистік  ілімнің,  идеологияның  түсініктері  мен  ұғымдары  көпшіліктің 
әдетіне,  дағдысына,  психологиясына  айналып  үлгерген  болатын.  Олар  жаңа 
заман  тынысына  кедергі  еді.  Бұларды  жеңу  үшін  қаншама  саяси  істер 
атқарылды десеңізші. 
Үшіншіден, қоғам өмірінде, әр адамның түсінік, ұғымында құндылықтар 
алмасу үрдісі қарқынды түрде жүре бастады. 
Арылу – социализмде қалыптасқан құлдық санадан құтылу. 
Бұл мәселелер мемлекеттік, қоғамдық және ұжымдық деңгейлерде қызу 
талқыға  түсті.  Басылым  беттерінде  сан  алуан  пікірлер  орын  алды.  Тұрмыс 
қиын  болғанымен,  заман  қызуы  әркімді  қызықтыра  түсті.  Ой,  пікір,  сөз 
айтпаған кісі қалмады десе де болғандай. 
*  *  * 
Жасампаздық деген не еді? Ол  – жаңа жол табу. Халықты адастырмау. 
Қасіретке  ұшыратпау.  Үміт  отын  өшірмеу.  Адамдардың  арман,  қиялдарына 
қуат беру. 
Сөйтіп, бүгін айтып жүрген «қазақстандық жолдың» алғашқы соқпағына 
түстік. Алысты жақындататын нық басқан бір қадам. Сол нық қадамды 
Нұрсұлтан  Назарбаев  өз  халқымен  бірге  басты.  Нық  қадамның  мәнісі, 
Елбасының  сөзі  мен  ісі  бір-бірінен  алшақтамауы  керек  еді.  Бұл  Жаңа 
саясаттың  іргетасы  ғана  емес,  халық  сеніміне  енудің  бірден-бір  жолы 
болатын. 
Жасампаздық  деген  ақ  ниеттен,  ақ  жүректен  туады  екен.  Бағымызға 
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретінде халқымызға ниеті ақ, жүрегі таза екен-
дігін  әу  бастан  ірі  істермен  білдірсе,  халық  та  оны  ақ  ниет,  таза  жүрегімен 

 
59 
қабылдады. Осы үрдіс халық сеніміне, мемлекет тұрақтылығына, ел ырысына 
айналып, жасампаздық идеялары өсіп-өнді. 
*  *  * 
Жаңа  мемлекет,  Жаңа  қоғам,  Жаңа  ел  қалыптастыру  үшін,  сөзсіз, 
жасампаздық идея ғана емес, идеялар легі қажет болды. Сондай идеялар легін 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  елге  ұсына  білді,  олардың  басты-
бастыларын атап өтейін. 
Бірінші  идея. Халық  арасында тың  экономикалық  сана,  психология 
орнықтыру  қажеттілігі. Бұл  меншікке  және  еңбек  еркіндігіне  қатысты 
мәселе.  Нарық  меншіктің  мазмұнын   өзгертті.  Бұрын  коммунистер  жерден 
алып, жерге соғып келген жеке меншік кеңінен заңды түрде өріс ала бастады. 
Бұл  қоғам,  адам  психологиясын  сапалы,  түбегейлі  өзгеріске  әкелді.  Бұған 
даярлық  бар  ма  еді?  Әрине,  жоқ!  Міне,  қиындық  басы.  Социализм  кезінде 
мемлекет  халықты  асыраушы  міндетін  атқарып,  соған  сай  экономикалық 
дағды,  әдет,  психология  қалыптасқан.  Жаңа  заманда  мемлекет  қызметі 
өзгерді,  ол  халықты  тікелей  асыраушы  емес,  оған  еңбек  етіп  күн  көруіне 
жағдай  жасаушы  институттар  жүйесіне  айналды.  Мемлекет  өз  мойнына 
алатындар:  жетімдер,  мүгедектер,  қарттар,  зейнеткерлер.  Қалғандары  еңбек 
еркіндігін  пайдаланып,  өз  тұрмыстарын  өздері  анықтауы  керек  еді. 
Халықтың  біршама  парасы  осыған  даяр  болмады,  сондықтан  оны  еңбек 
еркіндігіне  (нарық  жағдайына)  бейімдеу  қажеттілігі  бірінші  орынға  шықты. 
Шын мәнінде, мемлекет медиатор қызметін атқара бастады. Елбасының әуелі 
экономика  дегендегі  саясатының  идеялық  мәнісі  осы  болатын.  Бұл  идея 
нәтиже берді.  Халық  нарық  жағдайына  бейімделе бастады.  Алайда, еңбекке 
деген социалистік дағды да өз көріністерін беріп, іске бөгет бола берді. Ескі 
психологиядан  арылу  қиын  іске  айналды.  Соның  нәтижесінде  тұрмыста 
қиыншылықтар  болды.  Меніңше,  басты  кедергі  сана  мен  психологияда. 
Жетпіс жылғы социалистік насихат қалайша ұрпақтар ауыспай, кете қоймақ. 
Сонымен  қатар  жекеменшіктік  психологияны  бірыңғай  позитивтік  түрде 
қабылдау да болмайтын іс. Жеке меншік құқықтық негізде жүруі қажеттілік, 
ал  тәжірибеде  оның  көлеңкелі  жақтары  өсіп-өніп  шыға  келіп,  келе-келе  ол 
коррупцияға  жол  ашты.  Мұның  басты  себептерінің  бірі,  жеке  меншіктің 
құқықтық  негіздерін  жетілдіру  ісіне  қатысты  болатын.  Осы  жағдайда 
Президенттің алдымен экономика деген идеясы ескіден арылудың ең тиімді 
Идеясы болды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет