Оспанкулов ернар ерланович


Слайд. Аңшылық. «Сақтардың аң стилі»



Pdf көрінісі
бет59/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77
Байланысты:
disser ernar

Слайд. Аңшылық. «Сақтардың аң стилі». 
Мұғалім:
Оқушылар, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға 
сенемін» деген өлеңінде былай айтады: 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандар балапан
Жайып қанат ұмтылған. 
Көздегені – көк аспан.
Мен жастарға сенемін! 
Осындағы «арыстан» , «жолбарыс», «қыран» – аңдардың аты ғана емес, 
біздің ата-бабамыздың өмір-тіршілігіне сіңген, бірге өрілген ұғымдар. 
Қазақтар, ата-балалары сақтардан бері өздерін табиғаттың бір бөлшегіміз 
деп санап, табиғаттағы құбылыстардың барлығын өз бойынан тауып 
отыруға қалыптасқан. Денсаулықтың бастауын да сол ұғым-түсініктен 
алған. Балаларын, ұрпақтарын «Арыстандай айбатты», «Жолбарыстай 
қайратты», «Қырандай күшті қанатты» етіп денесін шынықтырған. 
Слайд бойынша әңгімеден соң, мұғалім: 
– Балалар, біз бүгін осындай ұлы мәдениетіміздің бір бөлшегін – 
аңшылыққа, аң стиліне байланысты жаттығулар түрін орындап үйренеміз. Сол 
арқылы біз ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінде аңшылық – күнкөрістің басты 
көзі болғанын, оған күнделікті дене шынықтыру дайындығы керек екендігін 
түсінеміз. 
Бірінші – «Ат үстінде шабу элементтері бар жалпы дамыту 
жаттығулар». 
1. Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, қол алға. 1- екі аяқтың тізесін сәл 
бүгіп, қол алға, екі рет алға секіру, қолды өзіне қарай тарту, екі рет секіру; 2-
бастапқы қалыпқа келу; 3 - екі аяқтың тізесін сәл бүгіп, қол алға, екі рет алға 
секіру, қолды өзіне қарай тарту, екі рет секіру; 4-бастапқы қалыпқа келу. 
Осыны 2-4 рет қайталау. 
2. Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, қол алға. 1- екі аяқтың тізесін сәл 
бүгіп, алға ұмтылу, оңға еңкею, қолын жерге тигізу; 2-бастапқы қалыпқа келу; 3 
- екі аяқтың тізесін сәл бүгіп, алға ұмтылу, солға еңкею, қолын жерге тигізу; 2-
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 2-4 рет қайталау. 
 
Екінші – аңшылық және «аң стилі» элементтері 


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет