Отамалы (әңгіме)



бет31/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
OTAMALY

Отамалы ыңыранып кетті:

—  О, Жапан! Обалы жібермесін!



Боран ызалы иттей ырылдап тұр. Ит демекші, ит топтың алдында жүрген болу керек, бұл маңайда әзір көрінбейді.

Отамалы бешпетшең. Арқасынан жел өтіп барады. Қолдары икемге келмейді, аяқтары да денесін әрең ұстап тұр. Желмен бірге жас шіліктей теңселеді. Қымызға мас болған адам сияқты.

Ол артына бұрылды. Қатып жатқан қозылар. Маңырап, жаны шыға есірген әлсіз саулықтар. Көбі шоқиып-шоқиып отыр. Қаншасы туа алмай қиналып жатқанын санап тауысу мүмкін емес. Боранның улы тілі бәрінің де маңайын жалап-жұқтап, зырғып жүр. Ол аяқтарын сүйретіп бір саулыққа келді. Саулықтың көзіне жас қатып қалыпты. Өлген мұз қозысын жалап, қақсап тұр. Отамалының жүрегі қарс айрылды. Жүгірген болып, ана саулыққа бір, мына саулыққа бір барды. Бәрі де қинала туып жатыр. Қозылар дүниеге келе сала қатады. Боран мен аяз жап-жас өмірлерді үзіп, топ үстінде ойнақтап секіріп жүр.

Кенет оның аяқтарынан әлі кетіп, қардың үстіне отыра кетті. Сазарған көздерімен маңайға таңырқай қарап қалыпты. Оған боранның ызылы да, аяздың улы тілі де әсерін жойған сияқты. Тек көзін мына ақ кеңістікке тігіп алып, үнсіз отыр. Есі ауып кеткендей.

Бір мезгілде ол кеңкілдеп жылап жіберді. Екі жансыз қолын әрең көтеріп, алдына созды. Бірдемені қысып ұстағысы келгендей, саусақтарын бүгуге талпынды. Біреуді қарғап жатқан сияқты. Бірдемені іздегендей. Анда-санда «қайдасың» дегендей болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет