Отамалы (әңгіме)


Отамалы: «Тоқтамасаң, тоқтама», — деп күбір етті



бет34/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
OTAMALY

Отамалы: «Тоқтамасаң, тоқтама», — деп күбір етті.

...Міне, ол байдың үйінің есігін көтеріп ашты да, кіріп келді. Үйде бай шұбат ішіп отыр екен. Мұны көргенде, бай-дың түсі өзгеріп қоя берді. Отамалы үндеген жоқ. Құлағына байдың кетерде айтқан: «Жағыңа жылан жұмыртқаласын!» — деген сөздері келеді. Бай дірілдеп барады. Кенет есік ашылып, ішке ақ түтек шапшыды. Соның бір шеті байдың мұртына тиіп еді, ол лапылдап жана бастады. «Мұрт деген жақсы жанады екен ғой», — деп ойлап тұр ол. Ақырында, байдың орнында бір уыс күл қалды. Отамалы аң-таң болып босағада тұр.

... Отамалы жалаң аяғымен күрпілдетіп қар кешіп келеді. Аяқтары тілініп-тілініп қалған. Бірақ қан жоқ. Қатып қалған бір кесек мұз сияқты. Түсі сұп-сұр. Бет-аузында адам көрер жер жоқ. Келе жатқан сұр құбыжық я аруақ сияқты. Көйлегінің омырауы ашылып кеткен, оның да ішіне қар толып барады. Көкірегіне бір қар, бір мұз қатып жатыр. Айқайлағандай болады:

Иттер ...



Дауыс бірте-бірте естілмей барады. Денесі иіліп, екі бүктетілген. Жұдырығын түйіп, айналаға кезенген сияқты болады, бірақ онысы да келіспейді.

Ақырында оның құлағы тынып қалды. Жел де, шу да, боран да тоқтаған сияқты. Көзінің алдын әуелі дөңгелек мұнарлар, сосын ауыр қараңғылық жауып кетті.

Ақырғы рет:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет