Отамалы (әңгіме)


«О, Аспан! О, Көк Тәңірі!»



бет29/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
«О, Аспан! О, Көк Тәңірі!»

Желдің өтінде бір қолын қанатша жайып, теңселіп тұрып қалды. Құлағының түбінен саулықтардың ащы зары өтіп барады. Қойнындағы қозының шаранасы бүркіттің тырнағындай қадалады. Бірақ оны елеуге мұрша жоқ. Ол қайталап:

«О, Тәңірі!» — деді.

Қойлар жаппай тоқтап, қарға ұйлығыса құлап жатыр. Ана жерден де, мына жерден де жел жыртқан ащы дауыстар.

Желдің зулауын!

Отамалының есі тағы ауып кеткендей. Ерні кемсеңдеп, ақ қарға көз жастары үзіліп түсті. Кенет құшақтап тұрған қозысы сусып қарға құлады. Қардың ұлпалылығы мен тереңдігі сондай, қозы қарға күрп етті де, көрінбей қалды. Отамалы да оның соңынан жерге ұшып түсті. Тез арада-ақ қозыны қардан суырып алғысы келді. Бірақ үсіген қолдары қозыны дұрыстап ұстай алмады. Тек қарды ысырмалап, адасумен болды. Беті, көзі, сақал-мұртына қар жабысып қалды. Саулық маңырап жаны шығып барады. Қозы бір-екі рет тұншыға маңырады да, үні өшіп қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет