Осылайша, талдаудың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: әрбір
отбасының ӛзінің жағдайын дамыту сценариі болады, ол отбасылық қарым-
қатынастың дағдарысына әкеледі, бірақ солардың ішінен жиі кездесетін
бірнеше мынадай ӛмірлік сценарийлерді бӛліп қарастыруға болады:
1)
Некеге дейінгі жақсы қарым-қатынас, екі адамның да отбасын қҧру ниетінің
болуы, отбасылық ӛмірдің басталуы махаббатқа, ӛзара тҥсінушілікке,
қҧрметтеуге негізделген. Бірақ туысқандар мен жақындардың таңдаған
жҧбын ҧнатпауының, маскҥнемдіктің, жҧмыстан айырылудың, отбасындағы
материалдық-тҧрмыстық проблемалардың болуынан отбасында ҧрыс-керіс
басталады.
2)
Некеге дейінгі жақсы қарым-қатынас, екі адамның да отбасын қҧру ниетінің
болуы, отбасылық ӛмірдің басталуы махаббатқа, ӛзара тҥсінушілікке,
қҧрметтеуге негізделген. Бірақ балаларды ата-аналар тарапынан бір
90
жағдайларда аса қатты әлпештеу, немесе екінші жағдайда ата-аналар
тарапынан балаларға жеткілікті кӛңіл бӛлмегендік ата-аналар мен балалар
арасында ҧрыс-керістің пайда болуына әкеліп соқтырады.
3)
Некеге дейінгі қарым-қатынас жеткілікті тҥрде дамымаған, ҧзақтығы
жеткіліксіз болған, отбасы жҥкті болып қалу себебіне байланысты қҧрылған,
бірақ оған қарамастан ерлі-зайыптылар отбасын қҧруға және оны сақтауға
тырысты. Бірақ, бірінші жағдайдағы сияқты сондай себептер мен оған қоса
жҧбайлардың отбасылық ӛмір қҧруға әлі жас болуы, бір біріне эмоционалды
салқын қарауы, бір бірін кінә тағу және ҧрысу, ата-анасының біреуінің
балаларға деген мейірімінің болмауы, отбасыны бҧзушы факторлар болды.
4)
Отбасыны «кездейсоқтықпен» қҧру, респонденттердің ӛздерінің айтуы
бойынша «солай болып қалды, ол бізге не ҥшін керек екендігін ӛзіміз де
тҥсінбейміз». Не отбасы қҧрылмады, аналар тәуелсіз болғылары келді,
«кездейсоқтық» қалыптасқан отбасы одағы басынан бастап ақ қҧлдырауға
бейім болып келеді, респонденттердің айтуы бойынша, олардың отбасын
қҧру ниеттері болған жоқ. Оған қосымша, бҧл отбасыларда бір бірін
эмоционалдық алшақтату, ҧрыстар, жанжалдар болуы байқалады.
Осы зерттеу аясында орындалған сҧраудың қорытындысы бойынша
отбасының сәтті жағдайына әсерін тигізген қолайсыз факторлар мыналар
болып табылатыны белгілі болды:
(1) ата-ананың біреуі немесе екеуі де тҧрмыс жағдайы қолайсыз отбасыда ӛмір
сҥрді, және осы ҥлгіні олар ӛздерінің отбасылық ӛміріне қолданатындарын
байқамай да қалады;
(2) отбасылық ӛмірге дайын болмау, отбасыны махаббатсыз қҧру, кейде
кездейсоқ жҥктілікке байланысты болады, оның салдарынан отбасында ӛзара
қҧрмет, бірін бірі тҥсінушілік пен сҥйіспеншілік жоқ;
(3) ӛмірлік әлеуметтік дағдылардың болмауы: елеулі ӛмірлік қиындықтар
туындаған жағдайда адам оларға басымен кіріп кетеді де, жағдайдан шығатын
жол таба алмай, не болмаса оларды айналып ӛту мақсатында алкоголь
ішімдіктеріне әуестеніп, аморалды ӛмір сҥре бастайды;
(4) ерлі-зайыптылардың бірінде, немесе екеуінде де әр тҥрлі тәуелділіктердің
(алкогольдік, ойынқҧмарлық, сексуалдық және т.б.) болуы негізінде пайда
болатын проблемалар. Бҧл негізінен кӛбінесе әйелдерді қатты ойландырады,
олар ӛз кҥйеулеріне кӛмектескісі келеді де, ӛзгерістерге сенім артып ӛмір
сҥруді жалғастырады, бҧл ретте олардың ӛздері де бірлесе тәуелді болуға
91
ҧшырайды, олар кҥйеуінің тҧлғасы ӛзгерістерге ҧшырағанын және ӛздері білген
адаммен емес, оның «ауруымен» ӛмір сҥріп отырғандарын тҥсінбейді;
(5) материалдық, тҧрғын ҥй проблемалары, жҧмыстың болмауы;
(6) ерлі-зайыптылар арасындағы эмоционалдық суықтықтың әуел бастан ақ
болуы, немесе баланың туылған кезеңінде пайда болуы, ол кезде жҧбайлар
арасында суықтық пен алшақтау пайда болады: әйел (ана, зайып) балаға кҥтім
жасау жҧмысына басымен кіріп кетеді де, еркек ӛзінің шетте қалғанын сезінеді,
және де балаға кҥтім жасау әйел адамның мойнына артылады, ал бҧл кезде
онығң ӛзіне де ер адамның кӛмегі, қолдауы қажет болады;
(7) ерлі-зайыптылар арасындағы конфликттік қарым-қатынастар, мҧнда
десоциалдырылған әсер ата-ананың аморалды іс-әрекеті арқылы тікелей
білінбейді, мҧнда ата-аналар арасындағы созылмалы, салауатсыз қарым-
қатынас есебінен кӛрсетілетін жанама әсер ету де орын алады;
(8) балаларды тәрбиелеу мәселелеріндегі ата-аналардың жеткіліксіз біліктілігі
(педагогикалық ауқатсыз отбасылар) және оның салдары ретінде ата-аналардың
балаларына қатысты іс-әрекеттеріне, тәрбиелеу мәселелеріне, балалардың
дағдыларына, олардың жеке қасиеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты
проблемалар;
(9) Әлеуметтік нормалардан ауытқыған балалардың тәртібі (педагогикалық
немқҧрайлық, әлеуметтік жағымды қарым-қатынас жасау ортасы). Зерттелетін
отбасылардағы балалар спорт және ойын сауық мекемелеріне бармайды,
олардың достары жоқ. Кітап оқымайды, мектептегі сабақтарды босатады;
(10) отбасыны қоршаған шағын ортадағы салауатсыз қарым-қатынастар
(туысқандардың ҧнатпауы, кӛптеген отбасыларда аморалды ӛмір сҥріп келе
жатқан адамдармен ғана шектелген;
(11) отбасы қҧндылықтары мен идеалдарының қалыптаспауы/болмауы.
Әңгімелесу кезінде бір де бір отбасы бол уақытын бірге ӛткізу мәдениетінің,
әдет-ғҧрыптардың болуы туралы әңгімен қозғамады.
Отбасы дағдарысы
Зерттеу барысында отбасыларға «Осылай бұдан былай бола алмайтындығын
қашан түсіндіңіз?» деген сҧрақ қойылды. Жауаптардың талдануы дағдарыстың
«ірің» ретінде бірнеше жыл бойы толғағы жетіп келгендігін кӛрсетті. Әрбір
отбасы ӛз отбасы ошағын сақтауға тырысты, осы негізінен аналардың
(әйелдердің) еңбегі болды, алайда балаларға немесе болашақ отбасы ӛміріне
қауіп тӛнген кезде, «олқылық» немесе әрекет етуге тҥрткі болды.
Бейәлеуметтік отбасыларда «қайнау шегі» мыналар болды:
Кезекті ҧзақ салынып ішу,
92
Ҧрыс, жанжалдар, тӛбелестер;
Тамаққа және балаларды асырауға қаражаттың жоқтығы.
Балаларға ата-аналық қҧқықтардан айырылу қаупі.
Дағдарысты отбасыларда «қайнау шегі» мыналар болды:
Ерінің опасыздығы;
Жҧбайдың туыстары жағынан қорлау, балағаттау;
Ӛзара тҥсінушіліктің мҥлде болмауы, осыған байланысты ӛзара сӛгіс-
ҧрыстар;
Тамаққа және балаларды асырауға қаражаттың жоқтығы.
Жанжалды отбасыларда «қайнау шегі» мыналар болды:
Балалар мен ата-аналардың жанжалдары, ҧрыстары;
Балалардың отбасыдан кетуі.
Барлық отбасыларда дерлік қалыптасқан жағдайды тҥзетуге тҥрткі болған уәж
«осылай бҧдан былай бола алмайтындығын» тҥсіну болды. Дәл осы уәж ең
ықпалды және тиімді болып табылады, себебі талдауға сәйкес, ата-аналардың
біреуі дағдарыстан шығатын жолды ӛз бетімен белсенді тҥрде іздей бастаған
отбасыларда осындай жол табылды және де отбасы бірлесіп, ӛз амандығын
қалпына келтіре алды.
Отбасыға кӛмектесушілер және жақтастар ретінде отбасы мҥшелерінің ӛздері,
кӛп жағдайларда балалар, жақын туыстар, мектеп, оңалту орталықтары және
т.б. болғанын атап айтамыз.
4.3.1.
Маскүнемдік және нашақорлық
Баланың отбасыдағы амандығына әсер тигізетін жағымсыз жақтардың бірі
болып ата-анасының маскҥнемдігі, нашақорлығы табылады. Халықаралық
статистика мәліметтеріне сәйкес, экономикасы дамыған елдерде ажырасу
себептерінің арасында ата-аналардың біреуінің маскҥнемдігі жағдайлардың 60-
80% дейін жетеді. 2009 жылы «Отбасы сәтсіздігі: себептері және алдын алу»
45
зерттеуі
шеңберінде жҥргізілген
халық сауалнамасы нәтижелерінің
кӛрсетуінше, сҧралған ата-аналар-сҧхбаткерлердің 35% спирт ішімдіктерін
ішеді. Баланың отбасы амандығына баға беруі және ата-ананың спирт
ішімдіктерін ішуі арасындағы корреляциялық байланыс байқалады (r=184***),
45
«Отбасы сәтсіздігі: себептері және алдын алу», «Сандж зерттеулер орталығы», ҚР
БҒМ Балалардың қҧқықтарын қорғау комитеті
. 2009 жыл.
93
яғни ата-аналар ішетін отбасыларда балалар олардың отбасыларының сәтсіздігі
туралы айтады
Қазақстанда отбасылық маскҥнемдіктің таралуы бойынша ресми жарияланған
статистика жоқ, алайда халық арасында маскҥнемдіктің таралуының мәліметіне
сәйкес, осы «әлеуметтік кеселдің» бейнесін кӛрсетуге болады.
2011 жылы Қазақстан бойынша ересек халықтың 100 мыңына «маскҥнемдік»
диагнозы қойылып диспансерлік есепке 1347,5 адам алынды, оның ішінде 321,2
әйелдер. Осы кӛрсеткішті ӛңірлік тҧрғыда қарастыратын болсақ, ең жағымсыз
жағдай Алматы қаласында байқалатынын кӛруге болады, онда талданатын
санаттар бойынша ең жоғары маскҥнемдік кӛрсеткіштері байқалады және
осында сәтсіз отбасылардың ең ҥлкен ҥлесі. Жағымсыз жағдай сондай-ақ
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қалыптасып
отыр..
Балалар және жасӛспірімдер маскҥнемдігінің кӛрсеткіштері қорқынышты: 14
жасқа дейінгі 100 мың балаға 14,2 маскҥнем бала, ал 15-17 жастағы 100 мың
жасӛспірімге – «маскҥнемдік» диагнозы қойылған 458,4 жасӛспірім келеді (қар.
кесте 3)
3-кесте. Маскүнемдікке салыну салдарынан диспансерлік есепте тұрған адамдардың
саны, және КІБ есепте тұрған тұрмыс жағдайы қолайсыз отбасылардың үлесі, 2011
жыл бойынша мәліметтер.
Тҧрмыс
жағдайы
қолайсыз
отбасы,
ҥлесі*
"Д" есепте тҧрған
адамдардың
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
"Д"
есепте
тҧрған
әйелдердің
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
"Д"
есепте
тҧрған
14
жасқа дейінгі
балалардың
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
"Д"
есепте
тҧрған
15
жастан
17
жасқа дейінгі
балалардың
саны, 100 мың
халыққа
шаққанда
Ақмола
8
1664,8
597,3
2,5
2,5
Ақтӛбе
5
1011
259,2
2,6
2,6
Алматы
8
440
111,1
0,8
0,8
Атырау
3
1539,6
248,6
-
0
ШҚО
10
2061,1
522,8
16,1
16,1
Жамбыл
6
791,1
169
0,6
0,6
БҚО
4
1405,1
355,6
0,7
0,7
Қарағанды
17
1446,1
552,4
10,8
10,8
Қызылорда
3
1530,5
129,1
0,5
0,5
Қостанай
9
1087,8
309,4
8,4
8,4
94
Маңғыстау
2
426,6
123
-
0
Павлодар
5
2091,9
648,5
7,4
7,4
СҚО
6
1773,1
327,2
9,7
9,7
ОҚО
4
605,5
96,1
0,7
0,7
Алматы қ.
7,8
3089,9
478,8
161,5
161,5
Астана қ.
3
1747,6
515
7,3
7,3
Қазақстан
6
1347,5
321,2
14,2
458,4
*Дерек кӛзі: «ҚР халқына кӛрсетілетін наркологиялық кӛмек» статистикалық жинағы 2010-
2011 жж., ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
*Сәтсіз отбасылардың ҥлесі ҚР БҒМ Балалардың қҧқықтарын қорғау комитетінің
мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы сәтсіз отбасылардың абсолютті санынан есептеліп
шығарылған.
Осылай Қазақстанда маскҥнемдік мәселесі ерлерге ғана емес, әйелдерге де,
балаларға де қатысты екенін айтуға болады. Атап айтқанда, 2008-2011 жж.
аралығында халықтың 100 мыңына есепте тҧрған адамдар саны тек 236 адамға
ғана азайды, әйелдер саны – 55-ке. Спирт ішімдіктерін ішу бойынша статистика
ӛз кӛңілсіз тенденцияларын сақтап тҧрғанша, осындай отбасылардағы
балалардың амандығы туралы айту орынсыз.
Осы зерттеу барысында сҧралған әрбір дағдарысты және бейәлеуметтік
отбасыда ата-аналардың біреуі немесе екеуі спирт ішімдіктерін ішті, есірткі
пайдалану қосымша аталды. Сҧралған ата-аналардың белгілі бір бӛлігі олардың
ӛздерінің ата-аналарының маскҥнемдік мысалына ие болды, басқаша айтқанда
отбасылық алкогольдік тҧқым қуалаушылық байқалады. Созылмалы
маскҥнемдік салдары ретінде, сҧхбаткерлер ӛздерінен ауыр тиетін психикалық
кҥйлерді (жабығу, есеңгіреу, ҥрейлер). Маскҥнемдік отбасыдағы ӛзара қарым-
қатынастарға жағымды әсерін тигізді: әрбір отбасыда дерлік спирт ішімдіктерін
ішу салдарынан жҧбайлар арасында ҧрыс-керістер, тіл тигізу, қорлау, отбасы
мҥшелеріне және ең қорқыныштысы – балаларға кҥш жҧмсау байқалды.
«Жолдасым салынып ішкеннен үйде проблемалар басталды, ол баламызға
себепсіз тиіскен. Баламыз үйден қайда кеткенін бізге айтпаған, тіпті әжесіне
оның үйінде қонып жатқанын айтуға тыйым салған. Бір күні жолдасым
баламызды іздеуге кеткен, әжесінің үйінде тапқан, қатты ұрып-соққан, оны
бас сүйек - ми зақымымен ауруханаға жатқызған. Осыдан кейін балам
күйеуіммен кездесуден қашатын болды, балам тұйық болып кетті, жаман
компаниямен араласып, оны милицияға есепке алды…» (отбасымен
сұхбаттан)
95
Отбасы тарихынан:
«Баламды ӛзім үшін тудым, 17 жасымда кездейсоқ жағдайда жүкті болып
қалдым. Бала туылғанға дейін және оны туғаннан кейін анаммен, ӛгей әкеммен
және шешем бір, әкеміз басқа ініммен бір бӛлмелік шағын пәтерде бірге
тұрдым. Ӛгей әкем араққа салынып кетті де, анамды ұрып-соққандықтан,
мен әжеммен бірге тұруға кетіп қалдым. Әжем маған кӛмектесетін, мен де
жұмыс істеп, балаға мүгедектігі бойынша жәрдемақы алғанмын. Баламның
жүрегі ауру болып туды. Мүгедектер қоғамы баланың жүрегіне Челябинск
қаласында ота жасауға кӛмектесті. Барлық проблемалардан жүйкем тозып
кетті де, іше бастадым, бір жігітпен таныстым (қазір ол менің азаматтық
күйеуім), бірақ ол да қатты ішетін еді. Жатақханадан бір бӛлме берулерін
сұрап бірнеше рет тұрғын үй комиссиясына арыз бердім, бірақ туыстарың
кӛмектессін деп, әрдайым қайтарып жіберді. Аздап болса да жақсы ӛмірім
әжем қайтыс болған соң аяқталды. Туыстарым үйді сатып жіберді де, мені
баламмен далаға қуып шықты. Баламды құрбыма қалдырдық та, ӛзіміз
вокзалда түнеп жүрдік, мүмкіндігімізше жұмыс істеп, баланың тамағын
тауып бердік. Мектептен баланы тартып аламыз деген хабар келгеннен кейін
ол үшін қорқа бастадым. Бұл маған үй іздеуге түрткі болды. Бірге тұрып
жүрген адамымның туған ағасы уақытша салынған баспанасына бізді
жіберді, алайда онда ешқандай жағдай жоқ. Мен балық саттым, бірге тұрған
адамым түсті металл жинаумен айналысты. Биылғы кӛктемде бізге бір
жақсы ұсыныс жасалды, мал бағуға жалдайтын болды, бірақ арақ ішуден бас
тартыңдар деген бір талаппен. Біз келістік. Қазір жұмыс істеп жүрміз, бір
бірімізге бас-кӛз болып, арақ ішіп кетпесін деп қарап жүрміз. Бірге тұрған
адамның анасы бізге тамақ жіберіп кӛмектеседі, баламызға қарайды. Біз
бәріне ӛзіміз кінәлі екенімізді түсінеміз, бізге ешкім кӛмектесуге міндетті
емес және кӛмектеспейді де. Қазіргі уақытта біз жұмыс пен тұрғын үй
проблемасын шешуіміз керек. бүгінгі күнімізді ғана кӛріп, болашақ туралы
ойламаймыз. Отбасы ӛзі ғана ӛзіне кӛмектесе алады, қиындықты жеңуден
қорықпау керек. келешектегі менің тірегім – менің қызым. Оған білім беру үшін
барлығын жасаймын және әрқашан оның қасында боламын…» (анамен
сұхбаттан)
Отбасы тарихынан:
«Тұрмыстық ӛмір кенеттен басталған, жанұя құрған себебім, әйелімнің
жүктілігі. Ӛміріміз әр түрлі болды, кӛбінесе жақсы тұрдық, нәрестенің
дүниеге келуін қуанышпен күттік. Бала дүниеге келгенде бақытты болдық. 2
бӛлмелі пәтер сатып алдым, Еуропадан машина айдап келіп жүрдім, әйелім
сатушы болып істеген. Әйелім үйде жиі жалғыз қала бастады да, біртіндеп
96
іше бастады. Мүмкін әйелім барлық отбасы мүшелері ішетін тұрмысы
қолайсыз отбасында тұрғаны да ӛз әсерін тигізген болар. Ешкімнен кӛмек
сұрамадым, ұят болар деп ешкімге айтпадым. Барлығын ӛзім еркек ретінде
шешуге тырыстым. Әйелім ауру екендігін түсінбеді, ішуді қоямын деп сӛз уәде
берді, баланы ұратын болды, балам одан тығылатын болды. Мен оған қол
кӛтере бастадым, ӛміріміз тозаққа айналды. Әйелім ішуін тоқтатпады,
жұмыстан қуылды. Бірнеше рет шарт қойып, ажырасамыз деп те
қорқыттым осылай одан ары ӛмір сүруге болмайтынын түсіндім, бір нәрсе
істеу керек болды. Балам мектепті босата бастады, мен баламның ӛмірі үшін
қорқатын болдым. Мен отбасымды құтқаруға бел будым. Біріншіден,
жұмысымды ауыстырдым, іссапарға барудан бас тарттым, екіншіден,
күштеп оны емдедім, туыстарынан қасына жолатпадым. Менің әкем бұл
ретте үлкен роль атқарды, балаға ана керек екендігін, және де ол туған анасы
болуы керек екендігін айтты. Әзірше осы үшін барлығын жасап келемін. Бәрі
де жақсы болады деп үміттенемін. Қазір ол ішпей жүр, бірақ мен әлі
қорқамын. Мен үшін әйелім осы жолдан шығып кетпегені ӛте маңызды, тағы
бір рет мен оған кӛмектесе алмаймын. Бірақ мен баламның анасымен тұрғым
келеді, оны туғаны үшін мен рахмет айтамын. Отбасымызды нығайту үшін
қолдан келгеннің бәрін істеймін.» (дағдарыстық отбасындағы әкемен
сұхбаттан).
4.3.2.
Отбасылардың кедейлігі
Сәтсіз отбасылардың материалдық жағдайы келесі себептерге байланысты ӛте
тҧрақсыз екендігін атап кетеміз:
(1) тҧрақты жҧмыс орны, жалақы жоқтығы,
(2) балалардың ата-аналарының спирт ішімдіктерін ішуі, есірткі пайдалануы.
Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, сҧралған отбасылардың жартысы ӛз
материалдық жағдайларын ӛте тӛмен (тамаққа, киімге ақша жетпейді) деп
бағалады, сҧхбаткерлердің тӛртінші бӛлігі орташа ауқат деңгейін кӛрсетті және
тағы бір тӛртінші бӛлігі – тамақ пен киімнен басқа тағы бірнәрсе сатып алу
мҥмкіндігін беретін қалыпты деңгейді кӛрсетті.
Сонымен қатар сҧралған отбасылар тҧрғын ҥймен байланысты қиындықтар
туралы айтты: отбасылар негізінен жалдамалы бӛлмелерде, уақытша
баспаналарда, керек-жарақсыз, туыстармен бірге қиналған жағдайларда тҧрды,
кейбіреулерінде ғана тҧрғын алаңы жеткілікті ӛз пәтерлері, ҥйлері болды.
97
Жеткілікті жалақының жоқтығы, балалардың ең кем қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қаражаттың жоқ болуы отбасыдағы амандықты
бҧзушылардың бірі болып табылады. Бҧрын жҥргізілген зерттеулердің
46
мәліметтеріне сәйкес, 34% сҧхбаткерлердің санауынша, сәтсіз отбасы –
материалдық тҧрғыда қамсыздандырылмаған отбасы, білім саласындағы
мамандардың 66%-ы да кедейлік отбасыдағы амандыққа зиянды әсер тигізеді
деген пікірде. Балалардың белгілі бір ҥлесі (11%) де материалдық ауқат
отбасылық амандық ҥшін ең қажетті болып санайтындығын атап айту керек
Материалдық жағдайы тӛмен болған сҧралған отбасылар кҥдер ҥзбей, табыс
іздеуге барлық кҥш салатындығын айтып кету қажет. Олар ӛздері кінәлі екенін
және мемлекет тарапынан кӛмек кҥтудің керегі жоқ екенін тҥсініп отыр.
Олардың кӛбіне туыстары, достары киіммен, азық-тҥлікпен кӛмектесіп
отырады.
4.3.3.
Ата-ана рӛлінің әлсіреуі
46
«Отбасы сәтсіздігі: себептері және алдын алу», ҚР БҒМ Балалардың қҧқығын қорғау
комитеті, Сандж зерттеулер орталығы, 2009 ж.
98
Отбасылық амандықты қалыптастыруға ата-аналар мен балалардың ӛзара
қатынасы айтарлықтай әсер етеді. «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі: шешу
мәселелері мен жолдары»
47
зерттеуінің нәтижелері бойынша, сҧралған
балалардың 72%, ата-аналар олардың мәселелерін, ықыластарын тҥсінеді деп
айтты, 25% - сирек немесе ешқашан, 3% - олардың ата-аналарының
тҥсінетіндігін не тҥсінбейтіндігін шеше алмады. Балалардың ӛгей ана немесе
ӛгей әкелермен ӛзара қарым-қатынаста кҥрделі мәселелердің бар болуын айта
кеткен жӛн. Сӛйтіп, ӛгей анасы бар отбасыларда, балалардың 78% ата-аналар
оларды сирек тҥсінеді деп санайды, ӛгей әкесі бар отбасыларда - балалардың
43% сәйкесінше, балалар-ата-ана қатынастарындағы тҥсініспеушілікті атап
кӛрсетті. Сәйкесінше, бала ҥшін ең жақсы нҧсқа – бҧл биологиялық ата-ана.
Бала туған емес әкеден гӛрі, туған емес анамен жайсыздықты аса сезінеді, бҧл
балалар мен отбасылардың амандығы ҥшін туған ананың маңызды рӛлі туралы
айтады.
Бҥгінгі таңда кӛптеген ата-аналардың бала туралы қамқорлықтың айтарлықтай
бӛлігін мемлекеттік білім және тәрбие беру мекемелеріне артып қоюы
шиеленіскен мәселе болып табылады. Сӛйтіп, «Сандж» орталығының ӛткен
зерттеулерінің нәтижелері бойынша,
48
сҧралған ата-аналардың тек 47% ғана ӛз
балаларымен кҥнде және толымды тҥрде әңгімелеседі. Ата-аналар тым артық
жҧмыс бастылықтарымен ӛздерін, ерлер мен әйелдердің кәсіби мҥдделері
отбасылық мҥдделерге кҥрделі бәсекелесіне айналуда. Балалармен тҧрақты
қатынастың болмауы, ата-ананың балалардан алыстауына әкелді, кейбір
отбасыларда қатынас тек материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруда ғана
қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: |