Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата22.12.2016
өлшемі2,14 Mb.
#247
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 
Адам (отбасы) ӛмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мүмкiн негiздер. 

80 
 
     Адам (отбасы) мынадай: 
     1) жетiмдiк; 
     2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу
     3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық 
мiнез-қҧлық 
     4) ҥш жасқа дейiнгi балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы 
мҥмкiндiктерiнiң шектелуi; 
     5) дене және (немесе) ақыл-ой мҥмкiндiктерiне байланысты организм 
функцияларының тҧрақты бҧзылуы; 
     6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардыңжәне айналасындағыларға қауiп 
тӛндiретiн аурулардыңсалдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi; 
     7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мҥгедектiгi 
салдарынан ӛзiне-ӛзi кҥтiм жасай алмауы; 
     8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған 
қатыгездiк; 
     9) баспанасыздық (белгiлi бiр тҧрғылықты жерi жоқ адамдар); 
     10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау негiздерi бойынша 
ӛмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мҥмкiн. 
 
4.1.
 
Отбасы тұрмысы қолайсыздығының нысандары  
 
Отбасы  тҧрмысының  қолайсыздығы  немесе  сәттілігінің  кӛрсеткіші  ретінде 
баланың  тәртібін  есептеуге  болады.  Девиантты  тәртібі  бар  баланың  іс-әрекеті 
ол  бала  тәрбиеленген  жағдайлармен  және  ол  бала  кӛрген  мысалдармен  оңай 
тҥсіндіріледі. Одан да сыртқы кӛзге тҧрмысы қолайлы отбасы болып кӛрінетін, 
анасы  мен  әкесі  де  бар,  материалдық  жағдайы  жақсы  отбасылардан  шыққан 
«қиын» балалардың іс-әрекетін тҥсіндіре алу қиынға соғады. Тек қана баланың 
ӛмірі  ӛткен  отбасын  жағдайын  терең  талдау  ғана  ол  сәттіліктің  тек 
салыстырмалы  тҥрде  болғанын  айқындауға  жол  береді.  Сырттан  қарағандағы 
отбасыдағы реттелген қарым-қатынас ондағы ерлі-зайыптың арасындағы және 
бала  мен  ата-ана  арасындағы  қарым-қатынастың  жақын  болмауының  ҥстіртін 
жабыны секілді болады.    
Әртҥрлі  ақпарат  кӛздерін  біріктіре  отырып
43
,  барлық  тҧрмысы  қолайсыз 
отбасыларды шартты тҥрде екі ҥлкен топқа бӛлуге болады, олардың әрқайсысы 
бірнеше тҥрлерге бӛлінеді: 
                                                           
43
 Галагузова М.А. «Әлеуметтік педагогика: Лекциялар курсы», 2000; «Тҧрмысы қолайсыз 
отбасылар ҧғымы және типтері» Целуйко В.М. «Тҧрмысы қолайсыз отбасылар 
психологиясы: Педагогтар мен ата-аналарға арналған кітап», 2003 

81 
 
1.
 
Айқын  (ашық)  тҧрмысы  қолайсыздық  формасы  бар  отбасылар  –  бҧл 
конфликтті,  проблемалық  отбасылар,  асоциалды,  аморалды-криминалды 
отбасылар мен тәрбие беру ресурстары жетіспейтін отбасылар (әдетте толық 
емес  отбасылар).  Бҧл  отбасылардың  ерекшелігі  отбасы  ӛмірі  мен 
тҧрмысының  әр  жақтарынан  бірдей  байқалатын  айқын  білінетін  сәтсіздік 
сипаты  (мысалы,  әлеуметтік  және  материалдық  деңгейде),  немесе  тек  қана 
адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  білінеді.  Әдетте  тҧрмысы 
қолайсыздықтың  ашық  формасы  бар  отбасында  бала  ата-анасы  тарапынан 
физикалық  және  эмоционалды  қолдау  кӛрмейді  (оны  бағып-қағудың 
жетіспеушілігі,  тамақтану  мен  кҥтімі  дҧрыс  болмауы,  отбасында  кҥш 
жҧмсаудың  әр  тҥрлі  тҥрлері,  оның  кӛңілін,  ойын  тҥсінбеу).  Осының 
салдарынан балада ӛзін толыққанды сезінбеу сезімі, ӛзі ҥшін және ата-анасы 
ҥшін  қоршаған  адамдардан  ҧялу  мен  ӛз  бҥгіні  мен  болашағы  ҥшін 
қорқыныш сезімі пайда болады.  
2.
 
Ішкі  тҧрмысы  қолайсыз  отбасылар  (тҧрмыс  қолайсыздығының  жасырын 
формасы  бар)  –  бҧл  сырт  кӛзге  сыйлы  отбасы  ретінде  кӛрінетін,  ӛмір  сҥру 
салты  қоғам  тарапынан  ешбір  кҥмән  туғызбайтын,  бірақ  ата-аналардың  іс-
қимылдары  мен  отбасында  ҧстанатын  ӛмірлік  қҧндылықтары  жалпы 
адамгершілік  санатына  сәйкес  келмейтін,  онымен  балалардың  ӛзіндік 
қалыптасуына деструктивтік әсер ететін отбасылар.  
 
Сырт  кӛзге  тұрмысы  қолайсыз  болып  кӛрінетін  отбасылар  арасында 
мынадай типтері кеңінен таралған болып табылады: 
1)
 
Отбасы  мҥшелерінің  бірі  немесе  бірнешеуі  психобелсенді  заттарды 
(алкогольді) қолдануға тәуелді отбасылар. Алкоголизм мен есірткіге тәуелді 
адам  ӛз  ауруына  барлық  жақын  адамдарын  тартады,  атап  айтқанда,  бҧл 
отбасы ауруы, отбасы проблемасы десе де болады. Алкоголизм бала кӛтеру 
кезінде де, жҥкті болу кезінде де  теріс әсерін тигізіп қана қоймай, баланың 
бҥкіл ӛмірі бойы теріс әсер етуі мҥмкін. осындай отбасыдағы ересек адамдар 
ата-аналарының  міндеттерін  ҧмытып  кетіп,  «алкогольді  субмәдениетке» 
толығымен беріліп кетеді, ол қоғамдық және адамгершілік қҧндылықтарын 
жоғалтумен  қоса  жҥреді  де,  әлеуметтік  және  рухани  деградацияға  әкеліп 
соқтырады.  Алкоголизммен  ауыратын  адаммен  бірге  ӛмір  сҥру  отбасы 
мҥшелерінің  психикалық  ауыруына  әкеліп  соқтырады,  олардың  кешені 
мамандардың 
тілімен 
айтқанда, 
«бірлесе 
тәуелділік» 
ҧғымымен 
белгіленеді.    
2)
 
Шиеленіскен отбасылар. Оларда балаларға жағымсыз әсер етуі «алкогольді» 
отбасыларда  секілді  ата-аналарының  аморальді  тәртібі  арқылы  тікелей 
болмай,  ерлі-зайыптылар  арасында  ӛзара  тҥсініспеушілік,  бірін  бірі 

82 
 
қҧрметтемеумен,  эмоционалдық  алшақтаудың  ӛсуімен  және  ҧрыс-керіс 
жағдайлардың  кӛбеюімен  сипатталатын    ерлі-зайыптылардың  ӛзара  іс 
жҥзіндегі  қиын,  салауатсыз  қарым-қатынасы  салдарынан  жанама  тҥрінде 
қалыптасады.   
Шиеленіскен отбасылар шиеленіспеген отбасыларға қарағанда «ҥндемейтін» 
болып келеді, ол отбасыларда жҧбайлар бір-бірімен ақпаратпен аз алмасады, 
артық  әңгімелескілері  келмейді.  Бҧл  отбасыларды  ешқашан  «біз»  деп 
айтпайды, тек қана «мен» деп айтқанды ҧнатады, бҧл ӛз тарапынан некелес 
серіктердің бір бірінен алшақ екендіктерін, эмоционалды тҥрде бӛлек орын 
алатындарын дәлелдейді. Және де проблемалық, ҥнемі ҧрыс болып тҧратын 
отбасыларда  жҧбайлардың  бір  бірімен  сӛйлесуі  монолог  тҥрінде  ӛтеді, 
саңылаулардың  әңгімесіне  ҧқсайды:  әрқайсысы  ӛзі  ҥшін  маңызды  бір 
нәрсені  айтып  болғанша,  екіншісі  де  сондай  ӛзі  ҥшін  маңызды  нәрселерді 
айтады,  бірақ  олар  бірін  бірі  естімейді  де,  жауап  ретінде  тура  сондай 
монолог  тыңдайды.  Ата-аналарының  ҧрысын  басынан  кешірген  балалар 
ӛмірде жағымсыз тәжірибе алады. Балалық шақтың жағымсыз бейнелері ӛте 
зиянды,  олар  адам  есейген  кезде  ойлау  қабілетіне,  сезіміне  және  іс-
қимылдарына  ӛзінің  теріс  әсерін  тигізеді.  Балаларға  ата-анасының 
махаббаты  мен  сҥйіспеншілігі,  назары  ӛте  қатты  жетіспейтін  жағдайлар  да 
жиі  кездеседі,  ол  әдетте  жҧбайлардың  қызметтен  немесе  жеке  басының 
шаруаларынан қолдары босамауына байланысты болады. Балаларға осындай 
отбасылық  тәрбие  берудің  салдары  кейіннен  олардың  қатары  мен  ересек 
адамдармен  қарым-қатынас  жасауына  қиындық  туғызады,  балалардың 
ӛзімшілдік, 
ӛркӛкіректік 
сияқты 
жағымсыз 
 
қасиеттерін 
қалыптастырады.   
3)
 
Толық емес отбасы, ол тек қана анасы ғана бар отбасы, жалғыз әкесінің ғана 
болуы  сирек  кездеседі,  немесе  жасӛспірімнің  тәрбиесімен  әжесі  мен  атасы 
айналысатын  отбасы.  Әдетте  инфантильді  балалар  функционалды  толық 
емес  отбасылардан  шығады  –  ол  дегеніміз,  ата-анасы  тек  қана  жҧмысына 
және ӛздеріне ғана кӛңіл бӛлетін отбасылардан шығады немесе қҧрылымдық 
жағынан толық емес отбасылардан, атап айтқанда, анасы ақша табу ҥшін кӛп 
жҧмыс  істеп,  ӛз  баласына  айтарлықтай  кӛңіл  бӛлуге  мҥмкіндігі  жоқ 
отбасылардан шығады. 
 
«Отбасы мен үшін - менің балам. Мен тұрмысқа шыққан жоқпын , ӛзім үшін 
сүйікті жанымнан балалы болдым. Бар махаббатымды балама бердім. Балам 
ӛскенше  барлығы  жақсы  болды.  Жоқшылықты  оған  ешқашан  кӛрсеткен 
жоқпын,  бір  затты  сатып  алуға  мүмкіндігім  жоқ  болғандықтан  ұрыс 
басталған.  Балам  қатыгез  болып,  ұрыс-жанжал  бастайтын  болды.  Менің 

83 
 
оған  деген  шексіз  махаббатымның  салдарынан  баламнан  айырылып  қаламын 
деген ойдан ӛте қорқамын…» (отбасымен сұхбаттан үзінді) 
 
Ішкі  (жасырын)  отбасылық  тұрмысының  қолайсыздығы  бар 
отбасылар  арасында,  «В.В.  Юстицкис  ҧсынған  отбасылық  одақтың 
жіктеуішіне сәйкес» неғҧрлым кең тараған мынадай типтер блып табылады: 
1. «Сенімсіз отбасы»: отбасы қарым-қатынас жасайтын қоршаған адамдарға 
аса  сенімсіздікпен  қарау  (кӛршілерге,  таныстарға,  жолдастарға).  Отбасы 
мҥшелері барлық адамдарға сенім білдірмей, оларды ӛздерінің отбасы ҥшін жау 
немесе селқос ретінде кӛреді. Осындай отбасылардан шыққан балалар қоғамға 
қарсы  топтардың  әсеріне  жиі  шалдығады,  себебі  олар  ҥшін  осы  топтардың 
агрессия мен жау ретінде танушылық секілді психологиясы тым жақын болып 
табылады.   
2. «Жеңілтек отбасы»: ол болашаққа деген ешбір кӛзқарасы қалыптаспаған, 
бҥгінгі  кҥнін  ғана  ойлайтын,  бҥгінгі  істеген  қылықтары  болашақта  қандай 
әсерін  тигізетінін  ойламайтын  отбасы.  Осындай  отбасының  мҥшелері  қазіргі 
ойын-сауық  пен  ләззат  алуды  ғана  ойлауымен  ерекшеленеді.  Бҧл  отбасы 
мҥшелерінің болашаққа деген белгілі жоспарлары болмайды.  
3.  «Айлакер  отбасы»:  ӛмірлік  мақсаттарға  жету  жолында  ептілігімен  және 
пысықтығымен ерекшеленеді. Бҧл отбасы керек адамға ӛзін кӛрсете біле алады, 
пайдалы  адамдармен  араласуды  жӛн  кӛреді.  Егер  бала  тәртіп  ережелерін 
бҧзатын  болса,  ата-анасы  ол  тәртіп  бҧзушылықты  талқыламай,  оның 
залалдарын талқылайтын болады.   
 
Ішкі  сәтсіз  отбасылардың  –  ата-аналары  балаларға  кӛңіл  бӛледі  деп 
саналатын әдеттегі қалыпты отбасылардың мҥмкін боларлық тҥрлері: 
1.  баланың  жетістігіне  бағыт  алған  отбасылар:  ата-анасы  балада  жетістікке 
жету қағидатын ғана тәрбиелейді, ал ол әдетте ол мәреге жетпей қалудан қатты 
қорқумен бірге жҥреді. Баласының  ӛмірдегі жолын ойламай анықтап, оған аса 
кӛп  салада  жҧмыс жасауға  пиғыл  танытқан  ата-аналарды  «соқыр  ата-ана»  деп 
атауға болады. 
2.  Жалған  дос,  жалған  жау  отбасылар:  бҧл  отбасы  мҥшелері  бір  бірімен 
шексіз қайталанатын эмоционалдық ӛзара елеу стереотиптерімен байланысқан 
және  бір  біріне  қатысты  белгіленген  жайғасымда  орналасқан.  Ол  отбасы 
мҥшелерінің бір-бірінен жеке тҧлғалық және психологиялық бӛлінуіне кедергі 
келтіреді. Есейген кезде осындай отбасыдан шыққан бала қаншалықты мейірім 
мен  махаббатты  қажет  еткенімен,  адамдардың  жеке  басының  істеріне 
араласқысы келмейді.  

84 
 
3. Белгілі адамдардың отбасылары: осындай отбасы мҥшелері, соның ішінде 
балалар  да  қоғамның  әрдайым  кӛз  астында  болады.  Осындай  отбасылардан 
шыққан балалардың кӛпшілігі балалық кезінен ақ ӛздерін ерекше етіп санайды. 
4.  Ауқатты  адамдардың  отбасылары:  балалар  ата-анасының  ақшасын 
қадағалаусыз  пайдалана  отырып,  еркін  ӛмір  сҥруге  ҥйреніп  кетеді.  Ал  ол  ӛз 
тарапынан  кейде  ӛте  нашар  жағдайларға  әкеліп  соқтыратын  жеке  басының 
деформациясына  және  іс-әрекетінің  ауытқуына  әкеледі.  Ата-ана,  әдетте  әкесі 
ӛзінің  жҧмысына  кӛп  кӛңіл  аударады  да,  ӛз  балаларымен  болуға  уақыттары 
жетпейді, оларға тек сыйлықтар беріп қана қояды. 
5.  Толық,  формальды  сәтті  отбасы:  осындай  отбасымен  алғашқы  танысу 
кезінде  толық  отбасылық  тҧрмысының  қолайлығы  анықталады.  Бірақ  оларды 
аса  терең  зерделеген  кезде  тереңде  жатқан  қиын  проблемаларды  кӛруге 
мҥмкіндік  береді.  Осындай  отбасыларда  жасӛспірімге  деген  кӛзқарастың 
әртҥрлі  болуы  жасырылмайды.  Ата-анасы ӛз  талаптарын белгілі  бір  тәртіппен 
жеткізбейді,  олар  ӛз  балаларының  мінездемелік  ерекшеліктерін  тҥсінуге 
тырыспайды.  Бала  ата-анасы  арасындағы  қиын  қарым-қатынас  кезінде  тӛреші 
болатын жағдайлар да жиі кездеседі»
44

 
Сонымен қатар Шекаралас отбасыларды да бӛліп атауға болады:  
1.  Қабілеті  жоқ  мүшелері  бар  отбасылар:  стрессогенді  жағдай, 
жҧбайлардың  ӛзара  қарым-қатынасының  тҧрақтылығына  теріс  әсерін  тигізеді 
және  баланың  айналасында  арнайы  әлеуметтік  және  психологиялық  фон 
қалыптастырады,  ал  ол  ӛз  тарапынан  баланың  жеке  қасиеттерінің 
қалыптасуына  әсерін  тигізбей  қоймайды.  Ата-анасының  невроздары  мен 
психоздары болуы мҥмкін. Аурудың кҥрделі болуы соншалықты,  балаға деген 
қатал  кӛзқарас  садизмдік,  қылмыстық  сипат  алуы  да  ықтимал.  Мҥгедек  және 
созылмалы  аурулармен  ауыратын  балалары  бар  отбасылар:  балалардың 
осындай  отбасыда  тҧруының  кӛптеген  қиындықтары,  олар  шартты  тҥрде  екі 
топқа бӛлінеді: бірінші – отбасы ауру баланың жағдайына қаншалықты әсерін 
тигізеді,  екінші  –  созылмалы  аурумен  ауыратын  ауру  баланың  жағдайы 
отбасындағы психологиялық климатты қаншалықты ӛзгертеді.  
2.  Отбасылық  рольдер  құрылымы  бұзылған  отбасылар  –  бҧл  тҧлға  аралық 
рольдер ӛз қҧрылымына және мазмҧнына қарай отбасы мҥшелеріне психикалық 
жарақат  ететін  отбасылар  (патологизирленген  отбасылық  рольдер).  Олар 
отбасының  әлеуметтік  ортамен  немесе  отбасы  ішінде  тікелей  қарым-қатынас 
жасау нәтижесінде пайда болуы мҥмкін. 
 
                                                           
44
 В.М. Целуйко «Сіз және Сіздің балаларыңыз. Отбасы психологиясы», 2004 

85 
 
«Менің  әйелім  тұрмыс  жағдайы  тӛмен  отбасыдан  шыққан,  оның  ата-
анасы маскүнемдікке  салынып, кӛп ішкен, әсіресе анасы, ағасы қамауда 
отырған.  Кішкентай  кезінен  жақсы  ӛмір  кӛрген  жоқ,  ӛзі  мұның 
жамандығы  жоқ  деп  ойлайды.  Қазір  ӛзі  де  ішеді,  ауру  екенін 
түсінбейді….  Ӛте  қатыгез  болып  кетті,  балағаттап,  жаман  сӛздер 
айту  ол  үшін  қалыпты  жағдайға  айналды,  баланы  ұрады…»  (бұрынғы 
бейәлеуметтік отбасымен сұхбаттан). 
 
«Басында  бізде  барлығы  жақсы  болды,  тек  күйеуім  нашақорлық  пен 
маскүнемдікке салынбағанда ғой. 3-5 күн бойы үйге қонуға келген жоқ, ал 
егер келсе, түрі жаман, аш, арықтап келеді. Күйеуімнің ата-анасы мені 
жұбатып, бала туғанда жолдасым түзеледі деп айтқан. Бала туғаннан 
кейін  барлығы  одан  да  жаман  болды.  Ерте  тудың  деп  күйеуім  мені 
кінәлаған,  пәтеріміз  болмаған,  жұмыстан  шығарып  жіберген.  Кӛп 
жыладым, бірақ шыдадым. Ішуді қояды, мені түсінеді деп үміттенгем. 
Бұлай  енді  болмайды,  бұл  ауру  екенін  бір  күні  түсіндім,  одан  кетемін 
деген шешім қабылдадым…» (бейәлеуметтік отбасымен сұхбаттан). 
 
«Менде  барлығы  жақсы  болған,  аңсап  күткен  баламды  құшағыма 
бастым.  Балам  ӛскенше  барлығы  жақсы  болды.  Жоқшылықты  оған 
ешқашан  кӛрсеткен  жоқпын,  бір  рет  сұраған  бір  затын  сатып  алуға 
мүмкіндігім  жоқ  болғандықтан  ұрыс  басталған.  Балам  қатыгез  болып, 
ұрыс-жанжал  шығаратын  болды.  Менің  оған  деген  шексіз 
махаббатымның  салдарынан  баламнан  айырылып  қаламын  деген  ойдан 
ӛте  қорқамын.  Мәселелер  мектепте  және  үйде  басталды.  Мектептегі 
тәртіп  «2»,  үйде  қатты  ашуланады,  қандай  себеп  болса  да,  біресе 
айғайлайды,  біресе  жылайды,  біресе  күледі,  ол  үшін  маған  ӛте 
қорқынышты…» (конфликтті отбасымен сҧхбаттан).
 
 
4.2.
 
Ӛмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың статистикасы  
2011  жылғы  Сандж  зерттеулерінің  қорытындысы  бойынша  отбасы  сҧрау 
қойылған  Қазақстанның  тҧрғындарының  63%  ҥшін  ең  бағалы  нәрсе  болып 
табылатын болса да, ҚР БҒМ Балалар қҧқықтарын қорғау жӛніндегі комитеттің 
ресми  статистикасы  бойынша  КТИ  есепте  тҧрған  отбасылардың  саны  іс 
жҥзінде тӛмендемейді. Осылайша, 2010 жылы осындай отбасылар саны 13 038 
болса,  2011  жылы  -  12  866,  айырмасы  тек  қана  172  отбасы.  Ӛңірлік  қимада 
абсолюттік  кӛрсеткіштерді  салыстыру  кӛрсеткендей,  тҧрмысы  қолайсыз 
отбасылардың  ең  кӛп  ҥлесі  Қарағанды  облысында  (2180  отбасы),  Қостанай 

86 
 
облысында  (1229  отбасы)  және  Шығыс  Қазақстан  облысында  (1319  отбасы) 
тіркелген.  
 
Әрбір  осындай  отбасында,  ең  алдымен  балалар  жапа  шегеді:  статистикалық 
мәліметтердің негізінде мынадай жағымсыз фактіні атауға болады – 19 530 бала 
қҧқық қорғау органдарында есепте тҧрған отбасыларда тәрбиеленеді, пайыздық 
қатынаста  барлық  балалардың  (0-18  жас)  0,4%  қҧрайды.  Бҧл  балалар  ондай 
отбасыларда қандай тәрбие алатынын болжап айтуға ғана болады, және қазіргі 
кездегі қолдау кӛрсетудің жетіспеген жағдайында, бірнеше жылдан кейін біз ӛз 
ӛмірлерін  қалыптастыратын  19 530  ересек  адам  аламыз.  Бірақ  ол  адамдар 
балалық кезінен бастап ӛзіне негіз қылып қандай ӛмір қҧндылықтарын алған?  
 
Әр  тҥрлі  ӛмірлік  жағдайларға  байланысты  ӛздерінің  басты  ата-аналық 
борышын  –  баланың  дамуы  ҥшін  қажетті  жақсы  ӛмір  сҥру  жағдайын 
қамтамасыз  етуді  орындай  алмаған,  осының  салдарынан  ата-аналық 
қҧқықтарынан  айырылған    ата-аналар  бойынша  статистика  одан  да  теріс 
кӛрсеткіштер  береді.  Осындай  жаза  тҥрін  қолдану  –  отбасыға  қатысты 
қолданылатын ең соңғы шара болып табылады, ол тек ескертулер, ата-аналарға 
салынатын  айыппҧлдар  ӛз  мақсатына  жетпеген  жағдайда,  немесе  ата-аналар 
балаға қатысты кҥш жҧмсаған, зиян келтірген жағдайларда ғана қолданылады.  
2010 жылы 860 ата-ана ӛз балаларына қҧқығынан айырылды, 2011 жылға қарай 
бҧл  кӛрсеткіш  75  ата-анаға  артты,  бҧл  отбасымен  жҥргізілетін  алдын  алу 
шараларының деңгейі жеткіліксіз екендігін, оларды әлеуметтік-психологиялық  
қолдаудың  жеткіліксіздігін,  отбасы  мен  барлық  мемлекеттік  және  қоғамдық 
институттардың 
мақсатты 
тҥрде 
қарым-қатынас 
жасау 
кешенді 
бағдарламасының жоқтығын айқындайды.  
 
Ӛңірлік  қимада  2011  жылы  балаларын  тәрбиелеу  қҧқығынан  айырылған  ата-
аналардың ең кӛп саны ШҚО (177 ата-ана), Ақмола (159) және Павлодар (140) 
облыстарында байқалған.  
 
Барлық жағдайда да ең алдымен балаларға қиындық туады, және олар тҧрмысы 
қолайсыз  отбасында  тҧратын  болса  да,  олардың  ата-анасын  балаларына  деген 
қҧқығынан  айырса  да  балаларға  қиын  болады.    2011  жылы  1220  бала  ана-
анасын  балаларға  деген  қҧқығынан  айырудың  салдарынан  әлеуметтік  жетім 
болып қалды.  
 

87 
 
 
2-кесте.  Тұрмысы  қолайсыз  отбасылар  мен  ата-аналар  құқығынан  айырылған 
отбасылар туралы мәліметтер  
  
  
  
КІБ есебінде тҧрған тҧрмысы қолайсыз 
отбасылар 
Ата-аналар қҧқығынан айырылған ата-аналар 
Отбасы саны 
Оның ішіндегі 
балалар 
Ата-аналар 
(барлығы) 
Олардың балалары 
(барлығы) 
2010 
2011 
2010 
2011 
2010 
2011 
2010 
2011 
Ақмола 
1093 
1161 
1023 
1782 
148 
159 
115 
191 
Ақтӛбе 
595 
598 
964 
914 
39 
25 
73 
36 
Алматы 
1000 
1006 
1435 
1977 
43 
43 
49 
49 
Атырау 
348 
297 
611 
596 


18 

ШҚО 
1319 
1097 
2288 
1747 
184 
177 
192 
178 
Жамбыл 
820 
875 
1107 
1243 
61 
57 
98 
84 
БҚО 
472 
480 
702 
720 
22 
39 
35 
51 
Қарағанды 
2180 
2547 
3310 
3823 
112 
119 
269 
168 
Қостанай 
1229 
848 
2070 
1299 
116 
93 
146 
150 
Қызылорда 
336 
356 
591 
566 


14 

Маңғыстау 
254 
260 
454 
470 
10 

13 

Павлодар 
629 
603 
843 
888 
47 
140 
64 
175 
СҚО 
835 
766 
1413 
1164 
25 
39 
33 
67 
ОҚО 
508 
512 
402 
408 


16 
14 
Алматы қ. 
1017 
1027 
1238 
1260 
18 
21 
25 
31 
Астана қ. 
403 
433 
629 
673 
16 

22 

Қазақстан 
13038 
12866 
19080 
19530 
860 
935 
1182 
1220 
 
Дерек кӛзі: ҚР БҒМ Балалар қҧқықтарын қорғау комитеті 
 

88 
 
 
1-карта. КІБ есепте тұрған тұрмысы қолайсыз отбасылардағы балалардың саны 
 
 
Балаларын  тәрбиелеу  қҧқығынан  айырылған  ата-аналардың  саны  КІБ  есепте 
тҧрған тҧрмысы қолайсыз отбасылардың саны елеулі мӛлшерде қысқармағанға 
дейін  азаймайтынын  атап  ӛту  керек.  Ата-аналарды  қҧқығынан  айыра  отырып, 
біз баланы аз уақытқа болса да, ата-анасынан айырамыз. Мҥмкін сол бір белгілі 
жағдайда  бҧл  жалғыз  дҧрыс  жол  болып  табылатын  шығар,  бірақ  бала  ол 
шешімді әрдайым дҧрыс тҥсінеді және қабылдайды ма?  Бҧл шешім қабылдауға 
жалғыз  ғана  бір  себеп  бар,  ол  ересектердің  баланы  ата-анасының  тарапынан 
болатын жағымсыз әсерінен алшақтату болып табылады. 
4.3.
 
Отбасы  тұрмысының  қолайсыздық  себептері  мен  отбасы 
тұрмысының қолайлығына әсер ететін факторлар  
Ӛмірлік  жағдайларды  талдау  кӛрсетіп  отырғандай,  әрбір  отбасының  ӛзіндік 
қолайсыз  тҧрмысының  сценариі  бар.  Және  де  әрбір  сценарийдегі  басты 
рольдердегілер  ата-аналар  болып  табылады,  ал  балалар  ӛмірлік  драмалардың 
еріксіз  куәлары  мен  қатысушылары  болады.  Отбасы  проблемаларының  мәнін 
тҥсіну  ҥшін  отбасының  бҥкіл  ӛмірінің  айналымын  талдап  ӛту  қажет:  ерлі-
зайыптылардың некеге дейінгі қарым-қатынастары, некедегі ӛмірі (дағдарысқа 

89 
 
дейінгі  ӛмірі,  дағдарыс,  дағдарыстан  кейінгі  ӛмірі),  балалар  пайда  болғаннан 
кейінгі  отбасы  ӛмірінің  ӛзгеруі.  Сонымен  қатар  балалар  мен  ата-аналардың 
ӛзара қарым-қатынастарына, отбасының шағын қоршаған ортасына, отбасының 
бос уақытын қалай ӛткізетініне, қызығушылықтары мен қҧндылықтарына назар 
аудару  қажет.  Тек  осы  жағдайда  ғана  қолайсыз  жағдайдың  себебін  тҥсінуге 
және тҥзетушілік кӛмек кӛрсету бағдарламасын әзірлеуге болады. 
 
Отбасылық  қарым-қатынастың  теріс  дамуына  әсерін  тигізетін  себептердің 
қатарына мыналар жатқызылды: 

 
Отбасы  қҧруға  дайын  болмау,  ерлі-зайыптылар  арасында 
махаббаттың,  ӛзара  қолдаудың  болмауы.  Некеге  дейінгі  қарым-
қатынас  кезінде  қыздың  кӛңілін  табу  кезеңінің  болмауы  кейінгі 
отбасылық  қарым-қатынасқа  теріс  әсерін  тигізетіні  мҥмкін 
екендігін айта кету маңызды.  

 
Туысқандардың  некелесуді  қаламауы.  Кӛптеген  жағдайларда 
жігіттің ата-анасы баласының таңдауына сын жҥзбен қарайды. 

 
Балалармен  болған  ҧрыс-керістер  –  балалар  мен  ата-аналар 
арасындағы байланыстың бҧзылуы. 

 
Жеке  тҧрғын  ҥйдің  болмауы,  сондықтан  да  жастарға  некелерін 
ҧнатпаған туыстарымен бірге тҧруға тура келеді.  

 
Тҧрақты  жҧмысы  мен  еңбекақының  болмауы,  ол  ӛз  тарапынан 
отбасының материалдық жағдайының нашар болуына әкеледі. 

 
Маскҥнемдік, отбасы мҥшелерінің нашақорлығы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет