Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Пайдаланылған  әдебиеттер:  
1.С.Зиманов. Жарғы» - Есім ханның мұрасы,«Есім ханның ескі 
жолы» Қазақтың ата заңдары.IVтом. 30бет. 
2.С.Зиманов.Қасым  ханның  заңдары  туралы.Аңыз  адам.  №  21 
(105),2014 жыл  
3.Н.Назарбаев. Қазақстан жолы.Алматы.Атамұра,1995ж. 

329 
 
4.Қазақстан  Республикасының    Конституциясы.  Егемен 
Қазақстан № 165 .18 Қыркүйек  2013 жыл. 
5.Айбыны  асырған  айшықты  Ата  Заң.Егемен  Қазақстан  №  165 
.29 тамыз .2015 жыл 
6.Ата Заңға 20 жыл.Егемен Қазақстан № 125 (255) Қараша  2014 
жыл . 
7.Ата  Заңды  қастерлейік.Егемен  Қазақстан  №  245  (15) 
Желтоқсан  2013 жыл.  
 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 
ӨМІРДЕГІ ОРНЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
АУЕСПЕКОВА М.Г. 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 
-1курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: СЕЛКЕБАЕВА А.Т. 
Алматы университетінің доценті, тарих ғылымдарының 
кандидаты 
  
XX  ғасырдың  басында  қазақ  жерінде  іргелі  біліммен 
қаруланған,ұлтын  азаттыққа  үндеген,халқының  мүддесін  бірінші 
кезекке  қойған  әлеуметтік-саяси  күш  қалыптасты.  Оның  көшбасшысы-
қазақ  ұлтының  элитасы-қазақ  зиялыларының  алғашқы  толқыны,қазақ 
қоғамының таңдаулы азаматтары болатын. Ғасырдың басында-ақ саяси 
күрес  әдістерін  меңгеріп  үлгерген  алаш  қозғалысы  сол  бір  аумалы-
төкпелі  кезеңде  өз  халқының  кезек  күттірмес  мәселелерін  терең  біліп 
қана  қоймай,оларды  шешу  жолдарын  іздестірумен  ерекшеленді.  1917 
жылдың желтоқсанында құрылған Алаш Орда үкіметі бағдарламасының 
мазмұнының өзегі де сол мақсат-мұраттарға негізделген еді. [1] 
Алаш қозғалысының шоқтығы биік тұлғаларының бірі-Мағжан 
Жұмабаев.  Мағжанның  есімі  де,  үні  де  сол  кезеңде  болып  жатқан 
идеологиялық  қудалауға  ұшырап,тарих  сахнасынан  жетпіс  жылға 
өшіріліп тастады. 
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 
дүниеге  келген.  Ауылында  ауыл  молдасанынан  сауатын  ашып,1905-
1910  жылдары  Қызылжар  қаласындағы  медреседе  оқиды.  Әдебиет 
әлеміне  қызығып  жүрген  ақынның  қолына  1909  жылы  Петербургте 
жарық көрген Абайдың тұңғыш жинағы түседі. Ақынның "Алтын хакім 
Абайға"  деген  өлеңі  осы  кезде  пайда  болады.  1910  жылы  Уфадағы 
Ғалия  мектебінде  білім  алады.  Татар  жазушысы  Ғалымжан 

330 
 
Ибрагимовтың  араласуымен  Мағжанның  "Шолпан"  атты  тұңғыш 
өлеңдер  жинағы  1912  жылы  Қазан  қаласында  басылып  шығарылады. 
"Шолпан"  жинағы  Мағжанның  жалындаған  жас  шағы,  19  жасында 
жарық  көреді.  Осыдан  кейін  ақынның  ойы  кемел,  болашағы  зор 
екендігін  айтуға  болатын  еді.  Ал  1913-1917  жылдары  Омбыдағы 
мұғалімдер семинариясын тәмамдайды. Омбыдан елге қайтқаннан кейін 
1917  жылдың  көктемінде  Ақмола  облыстық  халық  ағарту  бөліміне 
орналасқаннан  кейін,Мағжанның  Алаш  партиясымен  таныстығы 
басталады.  
Мағжанның Алашпен бірге көтерген мәселелері көбінесе білім 
хақында.  Бұған  дәлел  ретінде  ақын  шығармашылығын  алып 
қарастыруға болады. Мысалға: 
Басқа жұрт аспан көкке асып жатыр, 
Кілтін  өнер-білім  ашып  жатыр,-деген  өлең  жолдарында 
қазақтың бойында әлі де надандық пен сауатсыздықтың басым екендігі 
айтылады. Дәл осы тақырып Мағжанның "Өнер-білім  қайтсе табылар", 
"Жазғы  таң","Қазағым"  өлеңдерінде  де  көтеріледі.    1923  жылы 
Ташкентте  басылып  шығарылған  "Педагогика"  кітабы  мен  1928  жылы 
Мәскеуде  жарық  көрген,  бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған 
"Сауатты  бол"  кітабы  да  Жұмабаевтың  қазақтың  ғылыми  тұрғыда 
дамуы  үшін  еңбек  еткенін  дәлелдейді.  Мағжан  Алаш  ұйымымен 
бағдарламаның  тоғызыншы  тарауын  "Ғылым-білім  үйрету"  ісіне 
арнап,оны мынадай бөлімшелерге бөліп,қарастырған: 
а)оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; 
ә)бастауыш мектептердің ана тілінде оқытылуы
б)қазақ  тілінде  білім  беретін  білім  ордаларын,  жоғарғы  оқу 
орындарын ашу; 
в)үкіметтің оқу ісіне кіріспеуі; 
г) мұғалімдер мен профессорлардың өзара сайлаумен қойылуы; 
ғ)ел  ішінде  кітапханалардың  ашылуына,  баспаханалардың 
жұмыс жасай бастауына рұқсат алу; 
    Мағжан тек қана өз қазағын ғана ойламай,күллі Түркі халқын 
дәріптейді,Шығыс  әлемін  пір  тұтады.  Осы  сарында  жазылған 
шығармаларының 
ішіне 
"Пайғамбар","Түркістан","Күншығыс" 
өлеңдерін алып жатқызуға болады. Ақын Шығыс әлеміне: 
Қисық көзді Күншығыс, 
Бұл тұруың қай тұрыс? 
Серпіл  енді,алыбым!-деп,ой  салады.  Кеше  ғана  ұлы  даланың 
төсінде  ойнап-күлген,еркін  жүрген  халықтың  өткеніне  үңіліп,бүгінгі 
ахуалына қынжылады. 
Қазақтың қазіргі күйі қандай? 

331 
 
Күшің кеткен баяулап, 
Жүрсің атсыз жаяулап, 
Ит надандық желкеңде 
Шабайын деп аңдып тұр 
Қылышын  ұстап  таяулап,-  деп,Мағжан  Ресей  отаршылдығын 
салдарын ащы шындық ретінде қабылдайды. "Бостандықта өткен күнді 
сағындым...",-деп  жырлаған  Мағжан  Жұмабаевтың  аңсағаны-азат 
күн.Алайда,ол келер күнге сенген.  
Әсіресе  1917  жылы  қазақ  жерінде  болған  төңкеріліске  сенім 
артқан. Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін жағдайдың сіл болса да 
жеңілдей  бастағанын  сезінген  Алашордалықтар  сол  дәуірдің  зиялы 
қауымының  көшін  бастап,  жаңа  күнге  аяқ  басуға  тырысқан. 
"Бостандық"өлеңінде: 
Көк есігі ашылды, 
Жұмақ нұры шашылды. 
Келді ұшып бостандық,-деп жырлайды. 
Қалың елім,қалың қара ағашым, 
Қайраты мол,айбынды ер,алашым! 
Өзі-ақ құлар,сырың берме сабыр қыл
Ақымақтар  байқамаған  шамасын,-деп  жырлай  келе,  халықты 
сабырға  шақырады.  Ең  бастысы  қазақ  ел  болу  үшін  тілі  мен  дініне, 
діліне берік болуы керектігін айтады.  
Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының 
бірі  мемлекеттік  тіл  саясаты  болатын,  себебі  осы  арқылы  мемлекеттік 
автономия алуға болатынын айқын білген. 
Алаштың  ұлы  тұлғаларының  бірі  Ахмет  Байтұрсынұлы  : 
"Дүниеде  ешбір  тіл  өз-өзінен  пайда  болмайды.  Тіл  деген  нәрсе  қалың 
елдің  күндегі  тұрмыс  қазанында  қайнап,  пісіп  дүниеге  келген",-десе, 
тілін  ардақтап  "Алтын  күннен  белгісіз  бір  белгі  боп,  Нұрлы 
жұлдыз,бабам  тілі,сен  қалдың",-деп  жырлаған  Мағжан  туралы  кейін 
Әлихан Бөкейханов :"Осындай ақыны бар бір жерде тізе қосып отырған 
бес  миллион  қазақтың  тілі  қалай  жоқ  болады?",-деп  ақын  бағасын 
арттырған.  Алайда,ақынның  сонша  дәріптеген  қазақ  тілінің  бүгінгі 
таңда  алып  отырған  деңгейін  өзіміз  де  көріп  отырмыз.  Біреулер  өз 
тілінде  сөйлеуге  арланса,  екіншілері  бодандықтың  салдарынан  әлі  де 
қазақ  тілін  бұрмалап  сөйлейді.  Сонда  ақынның  еңбегі  мен  аманаты 
қайда  қалды?  Жас  толқын  өкілі,айтыскер  ақын  Мейірбек  Сұлтанхан 
айтқан  сөздер  ойыма  орала  кетті.  "Күліп  жүрген  күнінен 
айырмашы,Жылап жүріп тәуелсіздік алған жұртты",-деген Мейірбектің 
бір  ауыз  сөзіне  Мағжанның  халыққа  бостандық  алып  беру  жолындағы 
бар қиыншылығы мен жан айқайы сиып кеткендей көрінеді.  

332 
 
Қазақ  халқының  сол  дәуірде  оянып,  болашағын  бағдарлай 
білуіне  жол  ашып,үлкен  серпіліс  жасауына  "Қазақ"  газеті  себепші 
болатын.  Осы  газет  арқылы  өзі  толғанып  жүрген  ойын  тарқатқан, 
алаштың  көзқарасына  әсер  еткен  жандардың  бірі-  әрине,Мағжан 
Жұмабаев. Мысалға, ақынның қаламынан туған "Мен жастарға сенемін" 
атты  өлеңі  осы  газетте  басылған  болатын.  Бұл  өлең  әуелі  Қызылжарда 
1918  жылы  "Жас  азамат"  газетінің  бірінші  санында  "Жастарға!"  деген 
атпен  жарияланған  болатын.  Өлеңнің  алғы  сөзі  ретінде  Мағжан: 
"Жастар! Алда жүрсең,Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек 
ағалардан  үлгі,өнеге  алыңдар.  Елдіктен,ерліктен  айырылып,екі  жүз 
жылдай еңсесі  түскен елді ойлаңдар.Күнді- түн,жақынды-жат,пайданы-
зиян деп жүрген,толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп,есі кірген 
елді  ойлаңдар!",-деп  насихат  айтады.  Сондықтан  болар,  Смағұл 
Садуақасов 
Мағжанға: 
"Мағжан-қазақ 
жастары 
ой-санасының 
әміршісі",-деген баға беріп кеткен. 
Алайда,  халқының  ауыр  жағдайын  жырлаған  Мағжанның 
басына  да  ауыр  күндер  келді.  1922  жылы  Мағжан  Ташкентке  бас 
сауғалап кетті. Осы жылдары жарық көрген шығармаларының барлығы 
дерлік  бой  тасалап  жүріп  жазылған.  1924жыл  24  қараша  күні  Мағжан 
шығармаларын оқуға тиым салына бастады. Үйде ақынның кітаптарын 
ұстауға да болмайтын. Қызылжарда Ж.Тілеулиннің үйіне дейін тінтіліп, 
Мағжан  кітаптары  айналымнан  алынып  тасталды.    Ал  Мұхтар 
Әуезовтың  :  "Бүгінгі    күнгі  келешекке  бой  ұрып,артқы  күнге  анық 
қалатын  сөз-Мағжанның  сөзі",-деген  сөзі  ел  есінде  сақталып  қана  қала 
берді. 
Мағжан  Кеңестік  диктатура  салдарынан  қудалана  бастайды. 
Себебі,  ол  үкіметтің  сөзін  сөйлемей,  басқа  бағытты  таңдаған  болатын. 
Ол  Кеңестік  дәуірдің  диктатурасын  қос  қолдап  қолдауды  қаламады. 
1929 жылы "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаумен 
Мәскеу  түрмесіне  қамалып,10жыл  айдауға  кесіледі.  М.Горький  және 
Е.Пешкованың араласуымен 1936жылы ақталып,Қазақстанға оралса да, 
1938  жылы  ату  жазасына  кесіледі.  Осы  тұста  Мағжанды  айдауға 
жіберетіндей  "Алқа"  ұйымы  немен  айналысты  деген  сауал  туындайды. 
Алқа-қазақ  жазушыларының  ұлттық  шығармашылық  ұйымы.  Қазан 
төңкерісінен  кейін  қазақ  жазушыларының  көркем  әдебиетте  пайда 
болған  таптық  принципке  қарсы,балама  бағытты  құрған  ұйымы  бұл. 
"Алқаның"  бағдарламасы  1924  жылы  дайындалып  16  данасы  қолдан 
көшірілген. 
Бұл 
ұйымға 
Мағжаннан 
басқа 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов  ,А.Байтасов  сияқты  жазушылар  кірген. 
Ұйым жабылды, Мағжан атылды.  Мағжан қуғын-сүргін құрбаны болып 
кете  барды.  Мағжанды  ақтау  ісі  тек  1958жылы  қолға  алына  бастады. 

333 
 
Осы  жылы  ресми  комиссия  құрылды.  Мағжанды  ақтап  алуға  ҚазМУ-
дың 
профессорлары 
Бейсенбай 
Кенжебаев,Хайролла 
Махмудов,Темірғали  Нұртазин  да  қатысады.  Мағжанның  қадіріне 
жетіп,  ақталуына  өз  үлесін  қосқан  өзге  ұлт  өкілдері  де  болатын. 
Олардың  қатарынан  Иван  Шухов,Александр  Жовтис,  Сәйфи  Құдашты 
көруге  болдаы.  1960  жылы  Түркістан  әскери  трибуналының 
бұйрығымен  Мағжан  толығымен  ақталды.1960  жылы  "Жұлдыз" 
журналының  8-санында  "Үміт  Балқашевқа  хат"  деген  үлкен  мақалада 
Мағжан  Жұмабаевтың  Мемлекет  заңына  сәйкес  ақталғандығы  сөз 
болады.  
Қорыта келгенде,"Қазақ жастарының әміршісі" атанған Мағжан 
пролетариат  құрбанына  айналса  да,  артында  қалған  мол  мұрасымен 
қазақ жастарының ғана емес, жүрегі "қазақ" деп соғатын жандардың ой-
санасының әміршісіне айнала білген.  
Ес білгелі алысамын өмірменен, 
Өмір теңіз,толқыны  тым көп қақты,-деп толғанған Мағжанның 
өмірі шынымен де толқыннан бетер болды. Бар болғаны Алашын сүйіп, 
азаттықты  аңсаған,сол  үшін  аянбай  еңбек  еткен  ақынның  басы  тауға 
да,жарға да соғылды.  
Не көрсем де Алаш үшін көргенім, 
Маған  атақ  ұлтым  үшін  өлгенім,-деген  ол  Алашы  үшін  қара 
дерді жастанды. Осылай білгендіктен болар, "Жан сөзі" атты өлеңінде: 
Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған, 
Болғайсың сыншы болсаң,әділ сыншы, 
Кінәні жүрекке қой,қойма маған. 
Мені атама,бұл жүрек жынды дерсің, 
Ұмтылған  аламын  деп  күнді  дерсің,-деп  артында  қалған 
жұртына  соңғы  аманатын  да  айтып  кеткен  болатын.  Ақын  рухы 
арманын жетті,  халқы  азат  күнді көрді.  Ал ұлт жанашыры  Мағжанның 
есімі  бүгінгі  күні  тарих  беттерінде  алтын  әріппен  жазылып,  тарих 
сахнасынан ойып түріп орын алды. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Жұмабаева  А.А.  "Мағжан  Жұмабаевтың  шығармашылығы 
және білімгердің отаншылдығын көтеру" Алматы 2008 
2."Алаш  және  тәуелсіз  Қазақстан:  идеялар  мен  ұстанымдар 
сабақтастығы"  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция 
материалдары Алматы 2008 
3.Сыздықұлы З. "Мағжантану мәселелері" Таңшолпан ,2009 №2 
4.Р.Сыздықова . Ахмет Байтұрсынов.Алматы,1990 
 

334 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ НӘУБЕТ ЖЫЛДАРЫ 
 
ЕСИМ АКЖАЙЫК 
Алматы университеті, «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті 
Ғылыми жетекшiсі: СЕЛКЕБАЕВА А.Т. 
Алматы университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты 
 
Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық 
жадында  қатты  сақталған.Олардың  алғашқысы  —  1921-1922  жылы 
болған ашаршылық. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін қазақ  елін тағы 
бір  сынақ  күтіп  тұрды.  1921-1922  жылдардағы  ұзаққа  созылған  қарсыз 
қыс  жауынсыз  жазға  ұласты.    Қыста  қардың  ,көктем  мен  жазда 
жауынның болмауы  қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық 
нәубетін  әкелді.  1921  жылдың  жазында  ол  елдің  көптеген  өңірлерін, 
әсіресе  Еділ  бойындағы  аудандарды  жайлады.  Оның  басты-басты  екі 
себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ 
даласындағы  шаруашылықтардың  күйзеліске  ұрынуы  (  Азық-түлік 
отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа 
райы салдарынан орын алған жұт.    
Республикада  1920  және  1923  жылы  жүргізілген  ауыл 
шаруашылығы  санақтарының  және  Қазақстандағы  жерге  орналастыру 
мөлшерін 
белгілеген 
экспедицияны 
басқарған 
профессор 
С.П.Швецовтың  мәліметтері  бойынша  1921  жылғы  ашаршылықта 
Қазақстан  халқы  30%-ға  дейін  азайған.  Кейбір  елді  мекендерде  нәубет 
халықтың 100%-ын қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы 
атамекенінде қырылып қалды.  
Санақ  материалдары  1921—1922  шаруашылық  жылында  Батыс 
Қазақстандағы 
шаруалар 
шаруашылықтарының 
1920 
жылмен 
салыстырғанда  23,8  процентке  қысқарғанын,  Ақтөбе,  Торғай 
аймақтарында  шаруашылықтардың  үштен  бірінің  жойылып  кеткенін 
көрсетеді.  1921  жылғы  ашаршылық  Батыс  Қазақстан  халқының  31,4 
процентін алып кетті. 
Санақ  материалдарының  толық  болмауы  осы  ашаршылық 
жылдарында  қанша  адамның  қырылғанын  нақты  айтуға  әлі  де 
мүмкіндік  бермей  отыр.  Екінші  ашаршылық  1930  —  33  жылы  болды. 
Оның  себебі  —  Қазақстанда  жүргізілген  сталиндік-голощекиндік 
реформа,  содан  туындаған  шаруалардың  жекеменшігін  тәркілеу  мен 
жою,  бас  көтертпес  ет,  астық  т.б.  ауыл  шаруашылығы  өнімдері 
салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай 
және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.  

335 
 
1926,  1937  және  1939  жылдардағы  санақтар  материалдарында 
осы  Ашаршылықта  адамнан  басқа  шығындар  санын  дәл  анықтауға 
кедергі  келтіріп,  ғалымдар  арасында  әр  түрлі  пікірлердің  өрістеуіне 
себеп болды. Дегенмен, осы Ашаршылықта  Қазақстандағы ауыл халқы 
санының  кемуі  туралы  Қазақ  АКСР  халық  шаруашылығы  есептеу 
басқармасының  әр  түрлі  жанама  есеп-статистикалық  құжаттар  (салық 
есебі,  мал  есебі  және  т.б.),  сондай-ақ  1937  жылғы  Бүкілодақтық  халық 
санағының  алғашқы  мәліметтеріне  сүйенген  ресми  дерегі  бар.  Осы 
деректер  бойынша  Қазақстанның  ауыл  халқы  1930  жылдың  1 
маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн. 379,5 мың адамға 
кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып 
тастасақ,  
1930—33  жылдардағы  аштық  құрбандарының  2  млн.  200  мың 
адамнан  асып  түсетінін  аңғарамыз.  1992  жылы  осы  мәселені  арнайы 
зерттеген  Қазақстан  Республика  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының 
комиссиясы  өзінің  қорытындысында  былай  деп  жазды:  “Қазақ  елі 
аштықтан  және  соған  байланысты  індеттерден,  сондай-ақ  табиғи  өлім 
деңгейінің  үнемі  жоғары  болуынан  2  млн.  200  мың  адамнан,  яғни 
барлық Қазақ халқының 48 процентінен айрылды”.  
Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштен бірі ғана қалды. 
Негізінен  жас  балалар  мен  Әйелдер  қырылғандықтан  оның 
демографиялық  зардабы  ауыр  болды.  Қазақтардың  сан  жағынан  өсуін 
қатты  тежеді.  Кейіннен  асыра  сілтеушіліктің  шын  мәні  саяси 
бүркемеленгенімен  бұл“қызыл  қырғын”,“голощекиндік  геноцид”  деген 
тарихи атқа ие болды. 
Голощекиндік  геноцидтің  Қазақ  халқына  алып  келген  шығыны 
әлем  тарихында  (процент  есебімен)  гитлершілдердің  Еуропадағы 
еврейлерге  жасаған сойқанымен пара-пар келіп,  Кампучиядағы  “қызыл 
кхмерлер” зардабынан асып түседі.  
1921-22  және  1931-1933-нші  жылдар.  Қазақтың,  тіпті  адамзат 
тарихында  бұрын-соңды  естіп,  білмеген  қасіретке  толы,  қайғылы, 
зұлмат  жылдар.  Қанды  қол  қызылдардың  қасақана  қолдан  жасаған 
ашаршылығынан  кейбір  дерек  бойынша  4  млн.  100  мың!  қазақ  баласы 
қырылып қалған. Бұл біздің ата-бабамыз. Шыққан тегіміз. Бауырымыз. 
Аяулы  жандарымыз.  Қатарымызда  жоқ  миллиондар.  Үзілген  үміттер. 
Орындалмаған армандар.  
Бұл  зұлмат  20-ғасырдағы  адамзат  баласына  қарсы  жасалған  ең 
өрескел  қылмыстардың  бірі  болып  саналады.  Біз  енді  не  істесек  те,  4 
млн.  100  мың  қазақтың  орнын  ешқашан  толтыра  алмаймыз.  Өсерміз, 
өнерміз  бірақ  орны  үңірейіп  тұра  бермек.  Алайда,  өз  Отанында 
аштықтан көз жұмған Алаш баласын жоқтау біз үшін өмірлік парыз.  

336 
 
Әр  жылдың  31  мамыры  күні  Қазақстан  халқы  осы  “қызыл 
қырғын” құрбандарын еске алады.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.З. Қыстпубаев, Б.Хабдина .Қызылдар қырғыны. Алматы «Өнер» 
1993ж. 
2.Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін)  4-том. 
Алматы.«Атамұра», 2010.  
3.Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов,  Д.А.Махат.Қазіргі  Қазақстан тарихы. 
Оқулық.-Алматы;« Раритет»,2010.-448б 
4.Қазақстан  тарихы.Оқулық(Ред.  бас.Қ.С.  Қаражан)  –  Алматы, 
2009. – 376 б. 
5.Кан  Г.В.,  Шаяхметов  Н.У.  Қазақстан  тарихы.  Оқулық.  – 
Алматы: «Алматыкітап», 2007.– 264 бет. 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ – ҚОН ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ 
ӘДІСТЕРІ 
 
ЕСКОЖАЕВА М. 
Педагогикалық мамандықтар кафедрасы 
4- курс студенті   
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К. 
Алматы университетінің аға оқытушысы, т.ғ. магистрі   
 
Елбасымыз  2010  ж.  халыққа  Жолдауында  2020  ж.  қарай 
республика  халқының  саны  10  пайызға  өсуі  үшін  мемлекет  барлық 
мүмкіндіктерді  жасайды  [1]  деп,  қазіргі  кезеңдегі  еліміздің  дамуының 
басымдылық бағытына ерекше көңіл бөлді. Табиғи өсіммен бірге көші-
қон мәселесінің сабырлы  саясаттың, тұрақты  экономиканың,  құқықтық 
қатынастардың,  ұлтаралық  достық  пен  келісімнің  негізгі  тіректерінің 
бірі  ретіндегі  рөлі  көтерілуде.  Еліміздегі  демографиялық  ахуалда  оң 
өзгерістерге  қол  жеткізу  үшін  көші-қон  мәселесіне  басымдылық  беріп, 
табиғи  өсімді  ынталандыру  –  мемлекетіміздің  демографиялық 
саясатындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. 
ХХ  ғ.  Қазақстанның  демографиялық  дамуындағы  басты 
ерекшелік  –  халықтың  сандық  және  сапалық  динамикасында  табиғи 
өсімнің  емес,  көші-қон  үдерісінің  ықпалының  басты  рөл  атқаруы.  
Сонымен  бірге,  көші-қон  үдерістерінің  көлемі,  бағыттары  мен  негізгі 
үрдістері Қазақстанның жеке  аймақтарының әлеуметтік, экономикалық 
және  демографиялық  даму  ерекшеліктерінің  қалыптасуына  да  әсерін 
тигізді.  Көші-қон  мәселесі  қай  кезеңде  болмасын  өзекті.  «Ұлын  – 

337 
 
Ұрымға,  қызын  –  Қырымға»  аттандырып,  талай  көші-қонды  басынан 
өткізген  қазақ  елінің  тарихи  дамуындағы  жаңа  –  тәуелсіздік 
жылдарындағы сатысы ғаламдану үдерісімен бірмезгілде қатар жүруде. 
Халықтың  әлеуметтік-демографиялық  даму  деңгейі  оның  мекендеген 
ортасы,  географиялық  орналасқан  жері,  өмір  сүретін  елінің  мәртебесі 
мен  саяси-экономикалық  даму  деңгейі,  әлеуметтік-мәдени  ахуалы, 
әлеуметтік-құқықтық  қамсыздандырылуы  және  т.б.  тыныс-тіршілігінің 
барлық салаларымен өзара тығыз байланысты. Осындай кешенді фактор 
көші-қонның  себептеріне,  көлеміне,  бағыттары  мен  салдарларына  әсер 
етсе,  көші-қон,  керісінше  сол  факторлардың  туындауы  мен  кез-келген 
мемлекеттің  ішкі  және  халықаралық  көлемдегі  даму  деңгейінің 
өзгерістеріне  ықпал  етеді.  Жаһандану  кең  қанат  жайған  кезеңде 
Қазақстанда  көші-қон  үдерісінің  жаңа  түрлері  пайда  болып,  көлемі, 
мәні,  барысы,  маңызы  және  салдарлары  күрделенген  сайын  көші-қон 
мәселесін  зерттеудің  қажеттілігі  мен  өзектілігі  күшейе  түсуде.  Бұл 
халықаралық  ЕҚЫҰ  (ОБСЕ)  секілді  ұйымға  төрағалық  етудегі 
Қазақстан Республикасы мысалында анық көрінуде.  
Қазақстандағы  көші-қон  үдерісі  ХХ  ғ.  басындағы  тарихи 
оқиғалармен тығыз байланыста жүрді. С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. 
Сәдуақасов,  Г.Г.  Галузо,  Ә.Б.  Тұрсынбаев,  П.Д.  Верещагина,  А.Б. 
Геллер,  Н.Е.  Бекмаханова,  Д.И.  Дулатова,  Б.С.  Сүлейменов,  Ф.Н. 
Базанова,  М.Х.  Асылбеков,  Н.В.  Алексеенко  және  т.б.  ғалымдардың 
зерттеу  жұмыстарында  қоныс  аудару  саясатының  себептері, 
мақсаттары,  барысы,  салдарлары  талданып,  патша  өкіметінің  қоныс 
аудару  саясатының  отаршылдық  сипаты  көрсетілді.  Осы  зерттеулерде 
Қазақстан халқының сан жағынан өсіп, құрамы бойынша (ұлттық, жас-
жыныстық, әлеуметтік, білім деңгейі және т.б.) өзгерістері ХІХ ғ. екінші 
жартысынан  бүкіл  ХХ  ғ.  бойы  жүрген  көші-қон  үдерістерінің,  оның 
ішінде  сырттан  келген  көші-қоншылар  толқындарының  әсері  екені 
айқындалды.     
Ал,  тәуелсіздік  жылдарында  дүниеге  келген  тарихи  туындылар 
біріктірілді.  М.Х.  Асылбеков,  М.Б.  Тәтімов,  Ж.Б.  Әбілхожин,  М.Н. 
Сдықов, Н.В. Алексеенко, Ә.Б. Ғали, В.В. Козина, М.К. Төлекова және 
т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  кеңестік  кезеңде  шектен  тыс 
идеологияландырылып, саясаттандырылған тарихи демография саласын 
шынайы  ғылыми  жолға  қою,  оның  өзекті  мәселелерін  жаңа 
тұжырымдамалық көзқараспен зерттеу негізгі міндетке айналды. ХХІ ғ. 
басында  көші-қондық  мәселелер  тарихын  зерттеу  «ақтаңдақ»  беттерін 
ашу,  объективтілік  пен  шынайылылыққа,  тарихи  ұстанымдарға 
негізделген өзекті мәселелерін талдау бағытында жүргізілуде. 

338 
 
Көші-қон  үдерістерін  тарихи  демографиялық  аспектіде  зерттеу 
қазіргі  Қазақстан  тарих  ғылымының  ішкі  өзгерістерімен  қатар,  тарихи 
білімді  жаңарту  үдерісін  басынан  өткізіп  жатқан  тұтастай  тарих 
ғылымындағы өзгерістерге қатысты жүруде. Осындай жағдайда ұлттық 
тарихты оқшауламай, мазмұны ұлттық тарихтың шындығын қайта жаза 
отырып,  оны  зерттеуде  қолданылатын  әдістер  мен  әдістемелердің 
ғылымдағы  ортақтығына  көңіл  бөлеміз.  Кеңес  дәуіріндегі  тарихи 
білімдердің  вакуумын  толтыру  объективтілікті,  шынайылылықты, 
тарихилық пен нақтылықты субъективизмнің  жетегіне  кетпей, анықтау 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Сонымен  бірге,  нәтижелері  мен  зерттеу 
әдістерін  пайдалану  үшін  басқа  тарихи  мектептердің  ғылыми  әлемдегі 
танымал  тұжырымдамалары  мен  бағыттарының  жетістіктерін  есепке 
аламыз.  Бұндай  ұстаным  ұлттық  тарихты  әлемдік  құбылыстардан 
оқшауламауға,  ұлттық  деңгеймен  шектелмей,  отандық  тарихтың 
зерттелмеген бос кеңістігін толтыруға мүмкіндік береді.  
Қазақстанның  тарихи  демографиялық  мәселелерін  зерттеудің 
өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  осы  кезеңге  дейін  жарияланған 
зерттеулерде  кеңес  өкіметі  тұсындағы  Қазақстандағы  көші-қон  Одақ 
көлеміндегі  тұтас  үдерістің  құрамдас  бөлігі  ретінде  көрсетілді.  Ал, 
біздің 
зерттеуімізде 
республикадағы 
көші-қон 
құбылыстары 
республикалық  үрдістер  тұрғысынан  ғана  қарастырылды.  Көші-қон 
тақырыбындағы 
маркстік-лениндік 
әдіснамаға 
негізделген 
бағалаулардың  нақты  бейнесі  көрсетіліп,  мәселе  өркениеттілік 
әдіснамаға  [2,  с.  17]  сүйенген  ұлттық  мүдде  тұрғысынан 
қарастырылады.  
        Көші-қон  қозғалысында  ғасыр  бойы  Қазақстанға  келген  ұлт 
өкілдерінің тарихи отанына қайту көші-қоны күшейіп, керісінше, ғасыр 
бойы  сыртқа  қашқан  қазақтардың  тарихи  отанына  кері  көші-қоны 
белсендірілді.  Оралмандардың  Қазақстанға  бет  бұруы  мемлекеттің 
саяси-экономикалық,  мәдени  тұрақтылығы  мен  қауіпсіздігінің  тірегі 
болып  табылатын  халықтың  демографиялық  мінез-құлқындағы  негізгі 
шешуші  ұлт  –  қазақтардың  сандық  және  сапалық  мәнін  көтерді. 
Қазақтардың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты.  
Қазақстанға  көші-қонның    1970-1990  жж.  –  кері  бұрылу  кезеңі 
деп  аталады.  Көші-қон  үдерісі  халықтың  саны  мен  құрамының 
динамикасына,  табиғи  қозғалыстың  негізгі  үрдістеріне  әсер  еткен 
фактор ғана емес, ол қазақстандық қоғамның даму салалары мен ұлттық 
дамудың  құлдыраулар  мен  өрлеулерге  негізделген  ерекшеліктерінің 
қалыптасуына әсер еткен басты фактор болды.  
Кеңес дәуірінің қарсаңындағы көші-қон үдерістерінің дені патша 
өкіметінің  қоныс  аудару  саясатымен  байланысты  жүрді.  Қазақстан 

339 
 
халқының  қазіргі  республика  аумағында  қанша  және  қандай 
ерекшеліктері (ұлт, жыныс, білім деңгейі және  т.б.) болғаны алғаш рет   
Б.С.  Сүлейменовтың  еңбегінде  көтерілді.  Дегенмен,  онда  қазіргі 
Қазақстан  аумағының  шекаралық  межесі  анық  бөлініп  алынбады  [3  с. 
40-41].  1970-жж.  басында  жарыққа  шыққан  еңбектерде  Қазан 
революциясына  дейінгі  көші-қондық  үдерістің  ерекшелігі  түрлі 
деректер негізінде талданғанымен [4], Қазақстан халқының саны нақты 
қазіргі аумағына сәйкес бермеген. 
Қазақстанның  қазіргі  аумағындағы  халқының  саны  алғаш  рет  3 
томдық «История рабочего класса Советского Казахстана» кітабының 1 
томындағы  М.Х.  Асылбековтың  зерттеулерінде  4,147  млн.  деп 
көрсетілсе,  кейін  бұл  сан  М.Х.  Асылбеков  басшылығымен  жүргізілген 
еңбектерде  [5]  нақтыланды.  Соның  нәтижесінде,  Қазақстан  халқының 
құрамының (ұлты, жасы, жынысы, білім деңгейі және т.б.) ХХ ғ. соңына 
дейінгі  өзгерістерін  кейінгі  санақтармен  салыстырып,  демографиялық, 
әлеуметтік дамуын талдауға мүмкіндік берілді. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. бойы 
жүрген  көші-қон  үдерістерінің,  оның  ішінде  сырттан  келген  көші-
қоншылар толқындарының әсері айқындалды.  
Кеңестік  кезеңде  идеологиялық  тыйым  салынған  тақырыптың 
бірі  –  демографиялық  дамудың  барысы,  үрдістері,  негізгі  нәтижелері 
қарастырылған зерттеулердің көшбасшысы болған М.Х. Асылбеков пен 
Ә.Б.  Ғалидың  еңбегінде  Қазақстандағы  әлеуметтік-демографиялық 
үдерістердің  зерттелу  деңгейіне  арнайы  көңіл  бөлініп,  бұл  мәселеге 
жаңа көзқарас тұрғысынан тарихнамалық шолу жасалған. Бірақ, аталған 
еңбектердің  мақсаты  көші-қон  үдерісі  емес,  Қазақстанның  әлеуметтік-
демографиялық  дамуы  мәселесі  болғандықтан,  көші-қон  үдерістері 
кешенді мәселелер ішінде қарастырылады.  
 Осы  бөлімде  сыртқы  және  ішкі  көші-қондағы  негізгі  үрдістер 
аймақтар  мен  этностар  бойынша  сараланады.  1970-1991  жж.  Ресей, 
Украина,  Белоруссия  және  Прибалтика  республикаларымен  көші-қон 
айырбасы  есебінен  республика  1,5  миллион  адамынан  айрылды.  Ішкі 
көші-қонда  1980  жж.  солтүстік  және  шығыстан  оңтүстікке  көшу 
байқалса,  1990-жж.  көші-қон  тасқыны  оңтүстіктен  батыс,  солтүстік 
және шығысқа қарай ағылған.  
Сонымен,  1959-1991  жж.  көші-қон  векторларының  бағыты 
өзгеріп, республика ішіндегі көші-қон ұлғайды.  Халық өсімінде табиғи 
қозғалыстың  шешуші  рөлі  көтерілді.  Демографиялық  үдерістердің 
басты белгісі – Қазақстанның қала халқы құрылымында орыс халқы мен 
тұтасынан алғанда славян өкілдерінің үлесі төмендеп, қазақ және басқа 
да түркi халықтарының үлесі артты.  

340 
 
Ал,  «Қазақстанның  тәуелсіздік  алу  қарсаңындағы  көші-қон 
үдерістерінің 
ерекшеліктері» 
1989-1991 
жж. 
елдегі 
саяси, 
экономикалық,  әлеуметтік  және  демографиялық  ахуал  мен  көші-қон 
үдерісінің  өзара  әсері  қарастырылды.  1968  ж.  басталып,  1980-жж. 
тұрақты  үрдіске  айналған  көші-қон  қозғалысындағы  кері  айырым 
тәуелсіздік  жылдарында  (2004  ж.  дейін)  көші-қон  векторының  сыртқа 
бағытында берік орын алды. 
Шетелдерге  қоныс  аударушылар  саны  кейінгі  жылдары 
төмендегенімен,  мөлшері  әлі  де  қомақты.  Көші-қон  үдерісі 
республиканың  еңбек  күшінің  мамандықты-біліктілікті  деңгейі  мен 
елдің  демографиялық,  этникалық  және  әлеуметтік  дамуына  елеулі 
ықпалын  тигізуде.  Сондықтан,  республикадан  тарихи  отандарына 
қайтудағы  ұлт  өкілдерінің  сыртқа  көші-қонын  тоқтату,  болмағанда 
азайту мемлекеттік маңызға ие. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет