Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет35/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

уәж, уәжділік
теориясы туралы, 
олардың термин ретіндегі ролін, орнын өзге ғылым салаларындағы уәжділіктің 
ұғымдық сипаттарын, сөзжасаммен байланысын, номинация теориясымен 
арақатынасын өсімдік атауларын негізге ала отырып жазған. Зерттеуші өсімдік 
атауларына байланысты уәжділікті төрт түрге бөліп қарастырады: 1) дыбыстық 
уәжділік; 2) морфологиялық-синтетикалық уәжділік; 3) синтаксистік-
аналитикалық уәжділік; 4) лексика-семантикалық уәжділік – деп бөледі де, 
уәжділік ұғымына мынадай анықтама береді: «Уәжділік – атау сөз бен сол сөз 
белгілеп тұрған реалды заттар арасындағы мағыналық байланысты айтады» − 
деген пікірге келеді [65,121 б.]. Мағыналық байланыс нысандардың білім 
қорындағы ақпараттары арқылы жүзеге асады. 
Сөз мағынасының өріске түсуі қоғамның дамуымен бірге жүріп отыратын 
құбылыс. Белгілі тарихи кезеңдер мен уақыт сол кеңістікке сай ұғымдық 
жаңалықтар әкеледі. Жаңадан танылған ұғымдар тілде түрлі тәсілдер арқылы
соның ішінде сөз мағынасының өзгеруі, жаңаруы арқылы іске асады. Сөз 


36 
мағынасының өзгеруін тілімізде соңғы кезеңдерде бұрыннан сөздік қорымызда 
бар атаулардың қолданыс аясы тарылып, бір кездердегі көнерген (архаизм) 
делінген аталымдар жаңа мағынаға ауысып, тілдік айналымға кіре 
бастағанынан да көруге болады. Академик І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев: «Сөз 
мағыналарының көпшілігі семасиологияның белгілі заңдылықтары бойынша 
жасалады. Оның бастылары: ұқсату заңы (метафоралану); функционалдық 
семантика заңы, бөлшектің бүтінге айналу заңы; мағыналардың кеңеюі мен 
тараюы» деген секілді заңдылықтардың негізінде жүзеге асатындығын атайды 
[66, 315 б.]. К. Аханов та жаңа жоқтан пайда болмайтынын, оның байырғы 
тілде бар жалпы халықтық лексикадағы лексемалардың мағыналарының 
өзгеріске түсуінен жасалады деген түйін жасайды [20, 496 б.]. 
Уақыт өте келе сөздің атау болып қалыптасуындағы бейнесі, уәжі 
солғынданып, тіпті, бұрынғы мағынасы тасаланып, ұмытылады. Сондықтан 
көнерген аталымдарды да басқа тілдік құбылыстардан ажырататын негізгі 
белгілерін уәжділік теорияларына сүйеніп, анықтауға болады. 
Аталған 
ақындар 
шығармаларының 
лексикасындағы 
көнерген 
аталымдарды (архаизмдер мен историзмдерді) әңгіме еткенде, объектіге екі 
шамадан қарау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет