37
тәсілдердің бірі» [36, 7 б.], – дейді. Бұл тәсіл зерттеу жұмысымызда да
қолданылған жүйелі тәсілдердің бірі.
Ғалым Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаевтың «Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы» еңбегінде: «сөз мағынасының кеңеюі деп
сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа
қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ал, сөз мағынасының тарылуы
тарихи,
қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір
мағынасының қолданыстан шығуып қалуын білдіреді» деп нақты
тұжырымдайды [67, 86 б.]. Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы
көнерген
аталымдардың
қолданылуын
қазіргі
тіл
қолданысымен
салыстырғанда, сөз мағынасының кеңеюі мен тараюы бірден көзге түсетін
құбылыс.
Мысалы,
Сен хан қызы ханымға, Зайыптың келді қайымы. Әрі батыр, әрі
бек Көрсеткен жауға
зайырды
[Н.К.Іт]
.
Мұндағы
зайыр
қазіргі
ашық,
жарқын
сөзімен еш қатысы жоқ және осы құрамда мағынасы
бұрынғы мағынасынан
алшақтап, көмескіленген, түп-негіз мағынасы – ақындар өмір сүрген тұста
көрнекті, көрсетерлік, мақтанарлық
деген мәнді білдірген.
Кейіннен
зайыр
–
мағыналық дамуға түскен:
анық, тәуелсіз, күмәнсіз
деген мағынада жұмсалған.
Қазақ тілінің сөздігінде «зайыр», «зайыры» және «зайырлы» сөздерінің
мағынасы айтылған:
Достарыңызбен бөлісу: