Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Кеуір –  діни ұғым.  діннен шыққан, құдайға сенбейтін адам, кәпір. Араб тілінде  кафирун



Pdf көрінісі
бет61/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   393
Кеуір – 
діни ұғым. 
діннен шыққан, құдайға сенбейтін адам, кәпір.
Араб тілінде 
кафирун
/покрывать, скрывать; не верить в бога/ 
жасыру, сенбеу; кәпір болу, құдайға 
сенбеу
[71, 887 б.] деген сөз. Осы сөз Н. Кенжеғұлұлының «Қарасай-Қази» 
дастанында кездеседі: 
Шақтанған 
кеуір
шамалап, Жабыла шауып ат қойды,
Кеуірлер
іште даяр тұрған
[Н.К.ІІт]. 
Мына жүрген 
кеуірлер
Құранды, дінді 
қорлады. Мұсылманның баласы Нақақтан талай жылады
[Н.К.ІІт]. 
Жанқожа 
жаулық қылды ғайыр дінге, 
Кеуірдей
 халық дұшпанын зар жылатқан
[Е.К]

Үзінділерде келтірілген 
«кеуір»
қазір диалект сөз ретінде «кәпір» болып 
айтылып, 
жаны қаламау, жек көру
мағынасында, адамға не затқа қатысты 
айтылады. 
Ерімбет пен Нұртуған шығармаларында діни ұғымда қолданылған 
«махшар»
сөзі кездеседі. 
Мақшар
– 
заманның ақыры болып, өлген адам
баласының қайта тірілгеннен кейін күнәсі тексерілетін орын деген наным.
Ал, Мұхаммед пайғамбардың айтуы бойынша: жер жаратылғаннан бергі 
барлық өлген адамдардың қайта тірілгеннен кейінгі жиналатын орны. «Мұнда 
ата-баба, үрім-бұтақ бірін-бірі таниды», − дейді. 
Нұртуғанның «Қарасай–Қази» дастанында Қарасай мен қалмақ қызы
Күнқияш біраз айтысады. Содан соң Күнқияштың ақырғы жауабы:
Махшарда
кетпес дақ болар, Балқыған күндей жүзіме. Өтірік ұрыс 
салмайық Халқымның кіріп сеніміне
[Н.К.ІІт]. Бұл жерде Нұртуған 
«махшар»
сөзін 
о дүние деген 
ауыс мағынада қолданып отыр. Ал, Ерімбетте: 
Үммет
қылдым! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет