ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет136/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
89 
Федерациясынан ауру әкелу қаупі сақталуда. Ақтөбе облысы арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" 
халықаралық автодәліз өтеді, ондағы жүк ағыны үнемі артып келеді [3]. 
Осыған байланысты Ақтөбе облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды 
зерттеу қызығушылық тудырады. 
Жұмыстың мақсаты:
Ақтөбе облысы бойынша пандемия кезеңінде COVID-19 ауруының 
динамикасын зерттеу. 
Зерттеу материалдары мен әдістері:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облыстық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау 
департаментінің материалдары бойынша Ақтөбе облысындағы COVID - 19 ауруы мен өлімі бойынша 
статистикалық деректер, сондай-ақ коронавирус бойынша ресми сайттардан алынған материалдар. 
Нәтижелер және талқылау: 
Қазақстанда ауру жағдайлары 2020 жылдың 13 наурызынан 
бастап тіркеле бастады, Ақтөбе облысында шетелден алғашқы әкелінген жағдай 22.03.2020 жылы 
тіркелді, пандемия басталғаннан бері Ақтөбе облысында COVID-19 жұқтырудың 34649 (2021 
жылдың 13 қарашасына) жағдайы тіркелді. COVID-19 ауруының таралуы мен деңгейі Қазақстанның 
облыстары арасында біркелкі емес болды. 
 
Ақтөбе облысында 2020 жылы жағдайлардың ең көп саны маусым және шілде айларында 
тіркелді, сәйкесінше 1173 және 1534 жағдай тіркелді, аурудың шыңы 6 және 8 шілдеде болды, бұл 
күндері Ақтөбе облысында тәулігіне орта есеппен 86-90 жағдай тіркелді. 
2021 жылы Ақтөбе облысында індеттің дамуы наурыз айынан бастап науқастар санының 
тұрақты өсуімен көрінді. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жүздеген инфекция тіркелді, ал 
наурыздан мамырға дейін жағдайлардың саны мыңға жетті. Деректерді талдау көрсеткендей, 2021 
жылғы наурызда жағдай санының өсуі халықтың қарапайым алдын-алу шараларын сақтамауымен, 
отбасыларда Наурызды тойлаумен байланысты. 
2021 жылдың қаңтарынан бастап жағдай санының өсуі тіркелді, ал 2021 жылдың тамызында 
жыл басымен салыстырғанда жағдай санының 40 еседен астам (10514) өсуі байқалды. 2021 жылдың 
жазғы кезеңінде жағдайлардың ең көп саны 2021 жылдың тамызында тіркелді, аурудың шыңы 20 
және 26 тамызда болды, осы күндері Ақтөбе облысында тәулігіне орта есеппен 450-ге жуық науқас 
тіркелді. Биылғы жылы пандемияның жаңа өршуіне себеп болган SARS-CoV-2 дельта вариантының 
айналымына байланысты болды [4].
Бүкіл әлемде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті 
шаралар, оның ішінде халық арасында ұжымдық иммунитетті құру шаралары қабылдануда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсынымдары бойынша ұжымдық иммунитеттің 
оңтайлы деңгейіне қол жеткізу үшін ел халқының кемінде 70% - ын COVID-19-ға қарсы 
вакцинациялаумен қамту қажет [5]. 
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда COVID -19-ға қарсы ерікті вакцинация науқаны 
басталды. Вакцинациямен медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 
қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептер, ЖОО, мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі балалар 
мекемелерінің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылды. Алайда, ҚР 
Денсаулық сақтау министрлігінің 11 тамыздағы ресми деректеріне сәйкес вакцинациялауға жататын 
халықты қамту: республика бойынша – I компонентпен - 59%, II компонентпен - 45%; Ақтөбе 
облысы бойынша - I компонентпен -53%, II компонентпен -39% құрады. 2021 жылғы 2 қыркүйекте ҚР 
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен вакцина алмаған адамдарды күндізгі режимде 
жұмысқа жіберуге шектеу қойылды [6]. 2021 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 
коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 8 539 432 (75%) адам, екінші 
компонентімен 7 817 732 (68,6%) адам егілді, ал Ақтөбе облысы бойынша вакицнациялаудың I 
компонентімен - 75%, II компонентімен - 69,3% егілді. Демек, вакцинаның 2 компонентімен де 
вакцинациялау пайызының жоғарылағанын көруге болады [7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет