ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет28/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
17 
Материалдар мен әдістері
. Зерттеу Шымкент қаласында орналасқан Облыстық клиникалық ауруха-
наның «Инсульт орталығында» жүргізілді. Негізгі міндет: ишемиялық инсульт алған науқастардың оңалту-
дың алғашқы күндерінде және оңалту іс-шаралары аяқталғаннан кейін науқастардың өмір сүру сапасын 
Бартель шкаласының көмегімен салыстырмалы бағалау. Зерттеуге инсульттің жедел кезеңіндегі 30 науқас 
(17 әйел, 13 ер адам) қатысты. Жас аралығы 42 мен 78 жас. Оның ішінде: 40-50 жас – 3 науқас (10%), 51-60 
жас – 5 науқас (16,6%), 61-70 жас 8 науқас (26,6 %), 71-80 жас 14 науқас (46,6%) Зерттеу ұзақтығы 10-12 
күн. Оңалтуға дейін Бартель шкаласының электронды есептеуіш көмегімен науқастың жағдайын бағалау 
жүргізілді. Инсульттен кейін әр 4 сағат сайын АҚҚ тұрақты өлшеніп тұрды. Оңалту бағдарламалары 
ретінде:емдік дене шынықтыру, медициналық массаж, физиотерапевттік емшаралар, электр ынталандыру 
әдісі, механотерапия, еңбекті терапия, эрготерапия, логопедиялық оңалту, тұрмыстық және әлеуметтік 
оңалту қолданылды. Науқастардың оңалту кезіндегі жағдайы бағалана отырып: электр ынталандыру әдісі 
жүргізілді. Барлық науқастарға мақсаттарға қол жеткізуді масштабтау әдісі ұсынылды. Науқастарға
күнделікті дағдыларды қалпына келтіруге қатысты 76 қысқа мерзімді мақсаттар қойылды. Науқастарды 
оңалту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: Қозғалыс дағдыларын және қозғалыс 
функцияларын қалпына келтіру. Науқастармен жаттығу терапиясы, еңбек терапиясы жүргізілді. Толық 
сөйлеуді қалпына келтіру. Оңалтудың бұл бағыты инсульттен кейін сөйлеу қабілеті бұзылған науқастардың 
басқалармен қалыпты қарым-қатынасын қалпына келтіруге ықпал етеді. Логопедпен жеке сабақтар өткізілді. 
Көру және қабақ қызметін қалпына келтіру. Оңалту офтальмологтың, реабилитологтың, жаттығу терапиясы 
нұсқаушысының және физиотерапевтің жетекшілігімен орындалатын шаралар кешенін қолдану арқылы 
жүзеге асырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет