Жедел коронарлы синдромның негізгі клиникалық синдромдарын, диагностикалау әдістерін, ЭКГ оқи білу ;
Жедел коронарлы синдром кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
Клиникалық жағдай
Клиникалық жағдай
Науқас К., 55 жаста. Шақыру себебі: тыныс алудың қиындауы. Шағымдары: ауаның жетіспеу сезімі, тыныштық кездегі ентігу, төс артындағы қысып ауырсыну, ауырсыну сол жақ иыққа, жауырынға беріледі, өлімнен қорықу сезімі, әлсіздік.
Ауру тарихынан: 2-3 апта бойы тұншығу ұстамалары қайталанған. Науқастың жағдайы соңғы 2 сағатта нашарланған. Өз бетімен нитроглицеринді қабылдаған, бірақ науқастың жағдайы жақсармады, ауырсыну интенсивтілігі артуда.
Ауру тарихынан: 2-3 апта бойы тұншығу ұстамалары қайталанған. Науқастың жағдайы соңғы 2 сағатта нашарланған. Өз бетімен нитроглицеринді қабылдаған, бірақ науқастың жағдайы жақсармады, ауырсыну интенсивтілігі артуда.
Өмір анамнезі: Анасы артериальды гипертензиямен ауырады,әкесі 55 жаста миокард инфарктісінен қайтыс болған.
Қарау кезінде: Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, айқын ауырсынуға байланысты. Науқас қозғыш, мазасыз.
Науқас гиперстеник, бойы 168 см, салмағы – 102 кг.Тері жабындысы ақшыл,ылғалды, маңдайы суық . Перифериялық ісінулер жоқ.
Кеуде клеткасы қалыпты формалы. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет минутына.
Жүрек аймағында өзгерістер жоқ. Пальпациялағанда жүрек түрткісі – сол жақ бұғана орта сызығынан 1,5 см сыртқа 5-ші қабырға аралығында. Аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, қолқа бағаны устінде ІІ тонның акценті. ЖЖЖ 90 рет минутына.АҚҚ 130/80 мм.сын.бағ.