9. Бақылау (тесттер, есептер): 1. Эпидемиологиялық талдау - бұл:
| эпидемиялық барысты оқыту мақсатында жүргізілетін әдістердің
жиынтығы
| эпидемиологиялық жағдайды бағалау
| эпидемиологиялық диагноз қою
| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі
| нақты анықталған аумақта аурудың эпидемиялық барысын бақылау
жүйесі
2.Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты:
| эпидемиялық барыстың пайда болу, ағымын және жойылу себептерін
зерделеу
| эпидемиологиялық диагноз қою
| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі
| эпидемиологиялық жағдайдың пайда болуын, таралу механизмінің
себептерін зерделеу
| басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету
3. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:
| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау
| зерттеу бағдарламасын құру
| біріншілік ақпаратты өңдеу
| алдын алу шараларын жүргізу
| шұғыл хабарламаны толтыру
4. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың бастапқы жүргізу сатысы:
| біріншілік ақпаратты өңдеу
| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау
| зерттеу бағдарламасын құру
| алдын алу шараларын жүргізу
| шұғыл хабарламаны толтыру
5. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдауды жүргізу үшін қажетті есеп беру-есеп алу құжаты:
| ф.№60
| ф.№6
| ф.№112
| ф.№5
| ф.№135
6. Сырқаттылықтың интенсивті көрсеткіші бейнелейді:
| нақты саны белгілі топтағы сырқаттылықтың жиілігін
| сырқаттылық деңгейінің тенденциясының бағытын
| сырқаттылықтың максимальді деңгейін
| сырқаттылық деңгейінің қарқынын
| уақыт аралығындағы сырқаттылықтың таралу дәрежесін
7. Экстенсивті эпидемиологиялық көрсеткіштер бейнелейді:
| бүтін санының бөлшектенуін
| көріністің таралу деңгейін
| дамудың негізгі тенденциясын
| екі көріністердің арақатынасын
| абсолюттік өсудің алдындағы деңгейге қатынасы
8. Эпидемиологиялық көрсеткіштердің интенсивтілігін көрсететін өлшем?
| 10-4 | 10-2 | 10-5 | 10-3 | 10-1 9. Көпжылдық динамикасының жұқпалы аурулардың тенденциясын есептеу үшін алгебралық тәсіл қолданылады:
| ең кіші квадраттар
| жылжымалы орташа
| кезеңділікті нақтылау
| қызу белгілерін анықтау
| нақтылықты бағалау
10. Бірнеше аудандарды ауру қауіпі бойынша бөлу үшін қанша шаманы қолдану ыңғайлы:
| келесі жылға болжамдық интенсивті көрсеткіштерін
| есеп беру жылындағы экстенсивті көрсеткіштерін
| 10 жылдық медианалық интенсивті көрсеткіштерін
| есеп беру жылындағы интенсивті көрсеткіштерін
| келесі жылға болжамдық экстенсивті көрсеткіштерін
11. Аурудың жылдық динамикасына қандай эпидемиологиялық көрсеткіштер
сипатталады:
| маусымдылық
| эпидемиялық тенденция
| циклді тербелу
| ретсіз тербелу
| маусым аралық кезең
12. Ретроспективті эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:
| эпидемиялық процестің даму тенденциясы мен жағдайын бағалау
| масштабтарды бағалау, аурудың таралу сипаты
| жұмыс болжамын жүргізу
| эпидемиологиялық жағдайды таныту
| эпидемияның басталуын анықтау
13. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдау жүргізудің соңғы мақсаты:
| эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау
| сырқаттылықтың динамикасының циклділігін анықтау
| сырқаттылықтың құрылымын анықтау
| әртүрлі аумақтағы сырқаттылықтың деңгейін салыстыру
| сырқаттылықтың тенденциясын анықтау
№1 жағдайлық есеп С. қаласында 200…ж. былтырғы жылға қарағанда желшешекпен науқастанғандар саны 2 есе көбейді. Осы мәліметтерге сүйене отырып талдау жүргізуге және эпидемиялық процесс динамикасының тениденциясы бойынша нәтиже шығаруға бола ма?
№2 жағдайлық есеп С. қаласында жылдың 35-ші аптасында ЖРВИ-лардың 1405 жағдайлары тіркелді. Олардың арасында 889 ересек және 516 бала тіркелді. Әр түрлі жас тобындағы балалар саны құрады: 0-2 жас – 133 жағдай, 3-6 жас – 177, 7-14 жас – 206. Қала тұрғындарының саны 280705 құрайды, соның ішінде ересектер - 234736, балалар - 45969, олардың ішінде 0-2 жас – 8006, 3-6 жас – 8972, 7-14 жас – 19440. Осы аптадағы аурушаңдықтың бастапқы деңгейі 92,9 10 мың халық құрады.
1.ЖРВИ-мен аурушаңдықтың дәрежесіне баға беріңіз.
2.Эпидемиялық процеске қай жас топтағы адамдар басымырақ кірді?