Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу
7. Әдебиет: негізгі: 1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша: 1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
8. Бақылау (тесттер, сұрақтар, есептер): 1. Сырқаттанушылық көрсеткішін формула бойынша есептеледі:
| J = А х 100 000 (халық саны)
| J = А х 100 000
| J = А х халық санына (А – абсолютті көрсеткіш)
| J = А х халық санына / 100 000
| J = халық санын х 100 000 / А
2. Өлімділік көрсеткішін формула бойынша есептеледі:
| J = өлімділік санына х 100 000/ халық санына
| J = А х 100 000
| J = А х 100 000 ( халық саны )
| J = А х халық санына / 100 000
| J = халық санын х 100 000 / А
3. Өлім-жітім көрсеткішін формула бойынша есептеледі:
| J = өлімділік санын х 100 000 /сырқаттылық санына
| J = А х 100 000
| J = А х халық санына (А – абсолютті көрсеткіш)
| J = А х халық санына / 100 000
| J = халық санын х 100 000 / А
4. Ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізу барысында жиі қолданылатын негізгі салыстырмалы көлем:
| сырқаттылық көрсеткіші
| экстенсивті
| циклділік
| өлімділік көрсеткіші
| интенсивті
5. Эпидемиологиялық талдауда жиі қолданылатын интенсивті көрсеткіштер:
| сырқаттылық көрсеткіші
| үлес салмағы
| ошақтық көрсеткіші
| маусымдылық көрсеткіші
| экстенсивті
6. Эпидемиологиялық талдауда қолданылатын экстенсивті көрсеткіштер:
| маусымдылық көрсеткіші
| өлімділік көрсеткіші
| экстенсивті
| циклділік
| интенсивті
7. Өлімділік көрсеткіші есептеледі:
| барлық халық санымен
| барлық жұқпалы аурулардан өлгендер санымен
| экономикалық белсенді жастағы халық санымен
| ұжымдағы өлгендердің тіркелген санымен
| ауырғандардың санымен
8. Өлім-жітім көрсеткіші санымен есптеледі:
| осы дертпен ауырғандар
| жұқпалы аурулар
| жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар
| барлық халық
| белгілі жұқпадан жазылғандар