1. Тақырыбы №30: Алынған мәліметтердің нәтижелерін талқылау.
Алынған нәтижелер бойынша қорытындыларды толтыру.
Алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша тұжырымдау.
РЭТ нәтижелері бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу.
Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдау қорытындылары бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу.
Сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын талдау қорытындылары бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу.
Сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық белгілері бойынша талдау қорытындыларына байланысты алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу. Курстық жұмысты қорғау.
2. Мақсаты: студенттерде эпидемияға қарсы шаралар туралы, оны ұйымдастыруды және құқықтық негіздері тұрғысындағы білімдерін жетілдіру. Жұқпалы емес аурулар эпидемиологиясының өзекті мәселелерін талқылау.
3. Тапсырма:
«Жеке жұқпалы және паразитарлы аурулар бойынша есеп» айлық және жылдық үлгілерін толтыру
таңдамалы зертханалық зерттеулердің мәліметі бойынша халық арасындағы залалдану дәрежесін анықтау және эпидемиологиялық баға беру
сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасын ескере отырып келесі жылғы сырқаттанушылықтың дәрежесін болжамдай білу
эпидемиологиялық талдаудың нәтижелерін көрсету үшін диаграммаларды құрастыру
жылдың айлары бойынша сырқаттанушылықтың диаграммасы мен сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын анықтау және бағалау
әр түрлі жас және мамандандырылған топтардың сырқаттанушылықты талдау нәтижелеріне сүйене отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралардың өңдеу бойынша дағдыларды меңгеру
эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау кезеңдерін құрастыру
жұқпалы аурулардың нозологиялық түрі және топтар бойынша сырқаттанушылықтың құрылымы мен дәрежесін талдау негізінде алдын алудың мәселелерін бағалау әдісімен танысу