Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет11/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125
9 Пәннің саясаты

  • Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі

  2. Түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік-зертханалық сабақтарға қатысу;

  3. Сабаққа кешікпеу;

  4. Сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);

  5. Сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;

  6. Жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

  7. Оқу процесіне белсенді араласу;

  8. Академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

  9. Үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;

  10. Дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

  11. Оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

  12. Кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;

  13. Кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі.

  14. Дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.



2. Бағдарлама:
1. Кіріспе
Фармация мамандығының студенттеріне арналған биологиялық химия пәнінің негізгі мазмұны – биохимиялық процестерді молекулалық деңгейде оқып үйрену, оның негізінде тірі организмдердің тіршілігі, метаболизм ерекшеліктері және оның адам ағзасы мен тініндегі реттелуі; сондай - ақ, ауруларды диагностикалаудың биохимиялық принциптері және дәрілердің ферменттік айналымын құрайды.
Қазіргі биохимия іргелі медициналық - биологиялық ғылым, өйткені, ол фармацевттің болашақ кәсіби қызметінде адам организмдегі қалыпты және патологиялық көрсеткіштерді сипаттау үшін қажет, молекулалық процестерді түсінуге, дәрілердің, улардың әсерлерін және фармакотерапияның принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама статикалық, динамикалық және функциялық биохимиялар бөлімдерінен тұрады, және де «Фармация» мамандығы бойынша оқитын студенттердің білімін жетілдіруге қажетті сұрақтарды қарастырады (клиникалық және фармацевтикалық биохимия).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет