Кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі.
Дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.
2. Бағдарлама: 1. Кіріспе Фармация мамандығының студенттеріне арналған биологиялық химия пәнінің негізгі мазмұны – биохимиялық процестерді молекулалық деңгейде оқып үйрену, оның негізінде тірі организмдердің тіршілігі, метаболизм ерекшеліктері және оның адам ағзасы мен тініндегі реттелуі; сондай - ақ, ауруларды диагностикалаудың биохимиялық принциптері және дәрілердің ферменттік айналымын құрайды.
Қазіргі биохимия іргелі медициналық - биологиялық ғылым, өйткені, ол фармацевттің болашақ кәсіби қызметінде адам организмдегі қалыпты және патологиялық көрсеткіштерді сипаттау үшін қажет, молекулалық процестерді түсінуге, дәрілердің, улардың әсерлерін және фармакотерапияның принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама статикалық, динамикалық және функциялық биохимиялар бөлімдерінен тұрады, және де «Фармация» мамандығы бойынша оқитын студенттердің білімін жетілдіруге қажетті сұрақтарды қарастырады (клиникалық және фармацевтикалық биохимия).