7. Әдебиеттер: Негізгі: Қазақ тілінде: 1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша: орыс тілінде: 1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру:14 мин
Ревматизмдік аурулар Дәнекер ткань жүйесінің аурулары қазір ревматизмдік аурулар деп аталатын болды. Бұдан біраз жылдар бұрын олар коллагеноздар [Клемперер П.,1942] деп аталатын. Бұл атау олардың мәндік мазмұнын дұрыс бейнелемейді. Ревматизмдік арулар дәнекер ткань мен тамырлар жүйесін және иммундық гомеостазды зақымдайды. Сондықтан оларды дәнекер тканьнің иммунитетті зақымдайтын аурулар деп те атайды. Бұл топқа ревматизм, ревматоидтық артрит, Бехтеров ауруы,жүйелік қызыл ноқта(системная красная волчанка), жүйелік склеродермия, түйіншекті периартериит және дерматомиозит жатады.
Ревматизмдік аурулардың даму барысында дәнекер ткань жүйесі өршімелі ыдырап (дезорганизация), мынадай 4 фазадан өтеді: мукоидты ісіну, фибриноидтық өзгерістер, клеткалы қабыну және склероз. Бұл сырқаттардың ағымын созылмалы және толқымалы. Ревматизм Ревматизм (Сокольский –Буйо ауруы) – қайта- қайта асқынып (рецедив), бәсеңдеп (ремиссия) отыратын, ағымы толқымалы, негізінен жүрек пен тамырлар жүйесін зақымдайды, инфекциялы- аллергиялық сырқат. Ол үнемі асқынып, бәсеңдеп, көптеген айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін; кейде білінбей де дами береді.
Этиологиясы. Ревматизмді β- гемолиздік стрептококтардың А тобы дамытатыны, олар организда сенсибилизациялайтыны дәлелденген (мысалы, қайталамалы ангинада). Адамның жас шамасы мен генетикалық факторларға едәуір мән беріледі (ревматизм – тұқымқуалайтын полигенді сырқат).