«Тіл біліміне кіріспе» пәнінен лекция-семинар сабақтарының мазмұны. 1-дәріс. Тілдің шығуы мен дамуы. Тілдің шығуы туралы теориялар Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі
проблеманы бір – бірінен ажыратып алу қажет: оның бірі – жлпы адам
баласы тілінің (речь) шығуы алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып
жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы
тілдердің, мысалы, орыс тілі, ағылшын тілі, арап тілі, испан тілі, француз тілі
немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –
бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы
сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу
заманына барып тірелсе, нақтылы тілдердің құрылуы жалпы адамзат тілінің
шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған.
Тілдің шығуы туралы мәселн тіл білімінің ең күрделі және өте – мөте
принципті мәселелерінің бірі болып саналады. Бүл мәселе туралы әр түрлі
жорамалдар мен пікірлер де ертеден айтылып келеді. Мұның өзі түсінікті де.
Адамның тілсіз өмірі жоқ. Тіл адамдардың өмірінің барлық саласында,
олардың күллі іс - әрекетінде қолданылады. Ол – адам баласы қоғамымен
бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс.
Тіл білімі (Lingua- лат. Тіл)- тілдерді зерттеуші ғылым, яғни барлық бар
тілдерді, бір кездері болған тілдерді- жалпы адамзат тілін зерттейді. Тілдер
арасында зор айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы бір ғана
«адам тілі» деген атауға ие болады. Кез келген ғылым сияқты тіл білімі де
практикалық қажеттіліктен туып, бірте-бірте дамып, күрделі тармақталған
жүйеге айналды.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1.Тіл білімі нені зерттейді?
2. Тіл білімінің ғылым ретіндегі сипаты
3. Тілдерді синхрониялық және диахрониялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімі: 1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 213-217 б..
2. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975,
219-223 б..