туғызады». Алдыңғы пікір сияқты бұл да қате көзқарас. Егер тіл рухтың
туындысы болса, онда әр адамның жеке-жеке тілі болар еді. Біртұтас
халықтың ұлттық тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қоғамда
жасалады,
қоғамда дамиды. Ол қоғамдық ортамен байланысты қалыптасатын
құбылыс.Тілдің табиғаты туралы негізгі концепциялар: 1.
Биологиялық
концепцияға сәйкес тіл – адамның туа бітті физиологиялық қабілеті. 2.
Натуралистік концепция бойынша тіл – табиғи құбылыс
материалдық
дыбыстар арқылы сыртқа шығатын, жеке адамның еркімен байланысты емес
ағза. 3. Психологиялық концепция бойынша тіл – жеке психикалық акт.
Адамның немесе халықтың психологиялық әрекетінің нәтижесі. 4.
Әлеуметтік концепция
бойынша тілдің пайда болуы, дамуы, қызмет атқаруы
қоғаммен ғана анықталады. Дәстүрлі лингвистикада
тілді қоғамдық құбылыс
деп таниды.
Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс.
Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды.Тіл жоқ жерде
адамдардың
қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны
ұйымдастыруы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың
бірлесіп еңбек етуі етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл
қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және
дамуының қажетті
шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның
өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет
болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Тілдің табиғаты туралы негізгі концепциялар.
2. Тілдің қызметі дегеніміз не?
3. Тілдің қоғамдағы мәні.
Әдебиеттер тізімі:
1. Б.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым.
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым.
4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999
Достарыңызбен бөлісу: